Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Қосалқы қарыз алушы — банктік қарыздың «екінші ұшқышы»

Банктен қарыз алу сәтінде клиенттің табысы көбінесе жеткіліксіз болып жатады. Банк алдындағы өзінің төлемге қабілеттілігін дәлелдеу үшін қосалқы қарыз алушының бір емес, бірнешеуін тартуға болады. Оның міндеті, құқы, несиелеу кезіндегі тапсырмасы қандай, аманаттаушыдан қосалқы қарыз алушының ерекшелігі қандай?

«Қосалқы қарыз алушы» термині банктік тәжірибеде пайда болды, ол әлі күнге дейін қолданылып келеді. АТФБанкі сараптамашысының айтуынша, қосалқы қарыз алушы — қарыз алушымен бірге банктің қарызының шартына қол қоятын, қарыз алушымен бірдей міндеттері менен құқықтары бар, алынған ақшаны, қаражатты қайтару бойынша, сонымен бірге несие мәселесінде сыйақы мен басқа төлемдерге қатысты кәдімгідей ауыр жауапкершілік арқалайтын жеке тұлға.  

Үкіметтік қаулыға сәйкес «қосалқы қарыз алушы — күйеуі (әйелі), қарыз алушының жақын туыстары, ағайындары (ата-аналары, балалары, баланы асырап алғандар, асырандылар, толыққанды және де толыққанды емес інілері мен қарындастары, аталары, әжелері, немерелері), сонымен қатар бірігіп қарыз алушы және де қарыз алушымен бірге оның қайтарылуына жауаптылар».

Қосалқы қарыз алушыны іске тарту ұзақ мерзімге ресімделетін ипотека, көлік несиесі және басқа ірі несиелер алу уақытында әбден керек болады.

«Қарызды алу үшін қарыз алушының табысы жеткіліксіз болса, қосалқы қарыз алушы тартылады. Әдетте, қосалқы қарыз алушылар кепілдік қарызды ресімдеген кезде тартылады», — дейді «АТФБанкі»-нің сараптамашысы.

Қосалқы қарыз алушыға кімді алуға болады?

Әрине, қосалқы қарыз алушылыққа несиені жабу мәселесі кезінде сіз үшін «екінші ұшқыш» болып саналатын сенімді адамды алу қажет. Ең жақын деген достың өзі басқа несие болғандықтан, мұндай жауапкершілікті әрдайым да мойнына ала бермейді, көбінесе қосалқы қарыз алушы тым жақын туыстар: жұбайлар, ата-аналар, қандас інілер мен қарындастар болады.

Туған-туысқандардан басқа жақын достар, жұмыстағы әріптестер мен азаматтық жұбайлар тәрізді өзге адамдар қосалқы қарыз алушы бола алады.

Сонымен қатар банкте ипотекалық қарызды ресімдеген уақытта заңды некеде тұрған адамдар қосалқы қарыз алушы болуға міндетті. Мысалы, несие күйеуінің атына ресімделді делік, күтпеген жерден ажырасқан жағдайда аталған осы тұрғын үй көлеміне күйеуімен бірге құқы бар өзінің жұбайымен несиелік қарыздың барлық ауыртпашылығын ол бірге бөліседі. Көптеген банктер үшін қосалқы қарыз алушыларды іске тарту шарты міндетті болып саналады.

Алайда, туған-туысқандардан басқа да жақын достар да, жұмыс бойынша әріптестер және азаматтық некедегі жұбайлар қосалқы қарыз алушы бола алады.

Азаматтық некеде тұратын жұбайлар туралы тоқталып айтқымыз келеді. Ірі банктік қарызды ресімдеген уақытта азаматтық жұбайлар қосалқы қарыз алушы рөлінде түсуге міндетті емес, дегенменен, егер жұбайлардың бірі қарыз алушының төлем қабілеттілігіне кепіл болғысы келсе, банк жекелеген тәртіппен аталған жағдайды тиянақтап, мықтап тұрып қарай алады.

Үшеуден көп емес

Заңнамада қосалқы қарыз алушының рөліне айқындап та тартылатын адамдардың нақтыланған түрде саны тиянақтыланып жазылмаған.

АТФБанкінің маманы былай деп түсінік береді, «қарыз алушының санын банк өздерінің жағдайына сәйкес қарастырады». Алайда, 3-ге дейін ауызша тәртіп бар, яғни, іздеушілерге 3 қосалқы қарыз алушыны тартуға нақты рұқсат беріледі.

Қосалқы қарыз алушыны тарту клиентке тым қолайлы болады, ипотекаға әлеуетті қарыз алушының төлемге қабілеттілігін бағалау кезінде банктер клиенттің өзінің табысының жартысын ай сайынғы төлемақы жасайтынын есепке алады. Демек, нәтижесінде өте қымбат пәтерді ипотекаға қарызға алуға әбден болады.

Банктер тәрізді қаржылық институттар әлеуетті қарыз алушыларға жеткілікті түрде тиянақты және ықыласпен көңіл бөліп, назар да аударады. Егер де тек қана сіздің несиелік тарихыңыз ертерек қаралып аса зерттелсе, онда әлеуетті қосалқы қарыз алушы бақылауда болады.

Мәселен, сіздің несиелік тарихыңыз егер керемет болса, сіз ешқашан да қарыз болмасаңыз, несиені жабу уақытында мерзімі өтіп кетпесе, бірақ, сіздің қосалқы қарыз алушыңыз бұрын банкпен проблемаға ұрынса, онда сізге қарыз беруден бас тартылады.

Қосалқы қарыз алушыға талаптар несиелеуге тапсырысты қарау кезінде қарыз алушыға қойылатын талаптармен ұқсас болады.

Басқаша айтқанда, тапсырыстарды және әлеуетті қосалқы қарыз алушыларды қарау кезінде ипотеканы қолдау немесе бас тарту туралы шешім «нашар» қосалқы қарыз алушыларды бағалау негізінде қабылданады. Банк несиеге талапкердің әрбірінен толық мәлімет жинайды.

Қосалқы қарыз алушыға талаптар несиелеуге тапсырысты қарау кезінде қарыз алушыға қойылатын талаптармен ұқсас болады. Яғни, банк сонымен қатар оның төлемге қабілеттілігін бағалайды, несиелік тарихқа, оның ай сайынғы табысын растайтын құжат зейнетақылық жинақтау анықтамасына сұрау салады. Сондықтан басқа біреудің қарызы бойынша қосалқы қарыз алушылыққа түсер кезде тым тиянақты болған дұрыс, осындай жауапкершілікті өзінің мойнына аларда жақсылап ойланған артықтық етпейді.

Тең бөлінген жауапкершілік

ҚР Азаматтық Кодексінің 287 бабына сәйкес көптеген тұлғалардың міндеттері күшінде болады, мысалы, әрбір несие берушінің талап етуі, ал, әрбір борышкердің міндеттемені толыққанды және жан-жақты уақытысында орындауы ынтымақтастық міндеттеме деп танылады.

Борышкерлердің ынтымақтастық міндеттемелерінің кезінде де несие берушінің барлық борышкерлерден және жекелеп олардың кез келгенінен қарызды толықтай және жарым-жартылай жабуды орындауды талап етуге құқы бар. Ынтымақтастық борышкерлердің біріне несие беруші толық қанағаттанбаса, қалған ынтымақтастық борышкерлерден алынбаған нақты соманы ол талап ете алады. Ынтымақтастық борышкерлер қойылған міндеттемені толықтай орындамайынша міндетті болады. 

— Яғни, несие бойынша қосалқы қарыз алушы болуға келісімін берген әрқайсысы несиелік келісімшартқа қол қойғаннан кейін қарыз алушының өзі сияқты несиелік шарттың қатысушысы екенін естен шығармауы керек, — дейді Казкоммерцбанктің атқарушы директоры Әділ Батырбеков «КазкоммерцNews» корпоративтік газетке берген сұқбатында. — Қосалқы қарыз алушылар толықтай және уақытысында несиелік төлемінің жасалуына жауап береді. Егер де қарыз алушы бұлай істемесе, ендеше ол мерзімі өткен қарызды банктің есепшотына салуға тиісті, бұны қосалқы қарыз алушы салады. Егер де мерзімі өткен қарызды өтеу келіссөздердің қорытындысында жүзеге асырылмаса, онда банк талаптық-тапсырмалық төлемдерді қарыз алушының өзінің есепшотына да, басқа ЕДБ-тегі қосалқы қарыз алушының есепшотына салады да. Ерікті түрде мерзімі өткен қарызды төлеу іс-әрекеттері ешқашан да болмаса, банктің сотқа талап арызды дер кезінде жазуына тура келеді. Алынған, берілген сот шешімінің жан-жақты орындалу барысында өндіру қосалқы қарыз алушының да, қарыз алушының өзінің де мүлкіне жүгініледі.

Сенімді банкті қалай таңдауға болады?

Қосалқы қарыз алушы бірақ кепілші емес

Бұл түсінік қандай да бір шамада ұқсас: оған да, бұған да қарыз алушымен бірге несиеде ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі, яғни, оның табысты өтеуіне кепіл болады. Алайда, бәрібір олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар — құқық жағынан да, міндеттеме жағынан да.

Аманаттаушы — бұл адам сонымен қатар несиелік төлем бойынша банктің де алдында жауапкершілік арқалайды, ұлғайып жатқан пайыздар мен басқа да несие берушінің шығындарын да төлейді, егер де форс-мажорлық жағдайда қарыз алушы өзінің міндеттемелерін орындай алмаса, айыппұл салынған қарыз алушының да, аманаттаушының да несиелік тарихы бүлінеді. «Аманаттаушының» «қосалқы қарыз алушыдан» айырмашылығы меншік құқының болуы.   

Қосалқы қарыз алушы бірінші кезекте несиелік операцияның толық құқықты қатысушысы болады, яғни, қарыз алушының өзіне тиісті құқық пен міндеттемеге иелік етеді. Мысалы, ипотекалық несие ресімделген жағдайда оның барлық шаршы метрге құқы болады және тұрғын үйдің меншік иесі болып табылады.

АТФБанкте «заңнамада жан-жақты қарастырылған жағдайда ғана меншік құқы пайда болатынын (мысалы, егер де жылжымайтын мүлік қосалқы қарыз алушының атымен иеленілсе, егер ресімделетін жылжымайтын мүлікке қосалқы қарыз алушы болып, күйеуі (әйелі) түссе және т.б.)» сеніммен нақтылады.

Егер де ипотекалық несиеде бір уақытта аманаттаушы да, қосалқы қарыз алушы да болса, онда қарыз қайтарылмағанда, оның төлеміне сай жауапкершілік алдыменен қарыз алушыға, сосын ғана — аманаттаушыға жүктеледі.

Кn.kz ақпараттық қызметі

kn.kz
>
Полезная информация