Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Жылжымайтын мүлкіңіздің сізге тиесілі екеніне сенімдісіз бе?

Кейбір клиенттер жылжымайтын мүлікті (пәтер т.б) сатып ала отырып, оны өз меншігіне рәсімдеуге асықпайды. Оның қандай қаупі бар, бұл туралы Клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы Зарина Келімбетова айтып берді.

Сіздің қолыңызда Сатып алу-сату шарты немесе Үлестік қатысу туралы шарт (ДДУ) болуы мүмкін, бірақ бұл құжаттар сіздің меншік құқығыңызды растамайды. Сонымен, оның бірнеше себептерін айтып өтейік.

Сіз өзіңізге тиесілі жылжымайтын мүлікті өз қалауыңызша иелену, пайдалану, біреуге сыйлау немесе сату үшін оның ресми түрде меншік иесі болуы тиіссіз, яғни Меншік құқығын тіркеу керек. Ал Сатып алу-сату шарты немесе Үлестік қатысу шарт Меншік құқығын тіркеу үшін қажет.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу оның толыққанды иесі болу үшін қажет. Егер меншік иесі өмірден өткен жағдайда оған тиесілі мүлікке Меншік құқығы өсиетпен немесе заңмен сәйкес басқадай тұлғаға мұрагерлік бойынша ауысады.

Пәтерді рәсімдемей, салық төлемеуге болады деген пікір бар. Бұл дұрыс емес! Жылжымайтын мүлікке салық толық көлемде, кез келген жағдайда да төленеді, ал уақытында рәсімделмеген үшін ҚР заңнамасымен айыппұл төлеуге тура келеді.

2007 жылдың 29 шілдесіндегі № 310 ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті делінген.

ҚР ӘҚБтК-нің 460 бабымен жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің заңмен белгіленген мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Бұл: жеке тұлғаларға — 10 АЕК мөлшерінде; заңды тұлғаларға — 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мүлікті рәсімдеумен уақыт созудың қажеті жоқ, тиісті түрде рәсімделген құжаттардың болмауы шын мәнінде сізді өз мүлкіңізді еркін пайдалану мүмкіндігінен айырады, тіпті бұл күтпеген алаяқтық жағдайларға да әкеліп соғуы мүмкін.

Kn.kz ақпарат қызметі

Читайте также

Ответственность созаёмщика и гаранта при ипотеке
Когда и как расплатиться при покупке недвижимости?
Несовершеннолетний владелец недвижимости: нюансы сделки
kn.kz
>
Статьи