Қазіргі таңда кейіннен сатып алу арқылы пәтерлерді жалға беруді мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының барлық үш операторы да ұсынады: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры, Қазақстан ипотекалық компаниясы.
Олардың әрқайсысының өздерінің қатысу талаптары және тұрғын үйді бөлу ерекшеліктері бар. Бұл ретте Қазақстан бойынша жалдамалы әлеуметтік тұрғын үйді бөлудің ең үлкен жүгі ҚИК-ның еншісіне тиді.
Қазақстанда мемлекеттен берілетін алғашқы жалдамалы пәтерлер 2014 жылы тапсырылған болатын. Жалдамалы «шаршы көлемдердің» қоныстанушылары Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының тұрғындары болды. Оның жүзеге асуына Қазақстан ипотекалық компаниясы жауапты болды. Сол жылдың соңында мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселесінің оң шешімін табуды қайта қарастыруды тапсырып, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы хабарлады. Ол халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін бастапқы жарнасыз жылдық 1-2%-бен тұрғын үйлерді жалға беруді ұсынды.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша ҚИК-нан жалдамалы пәтерді кімнің алуына болады?
«Қолжетімді баспана — 2020», және «Нұрлы жол» жаңа бағдарламалары кіретін, Аймақтардың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының аясында берілетін пәтерлердің тек әкімдікте кезекте тұрғандардың арасында бөлінетіндігін, ҚИК-нан жалдамалы тұрғын үйге қоныстануды қалайтын, қазақстандықтардың бәрі білуі тиіс. Яғни бұл бағыт халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына есептелген. Сонымен қоса, ҚИК-ның мемлекеттік тұрғын үйден үміткерлердің тізіміне енбей қалғандар қатысатын, өзінің тұрғын үйді жалға беру бағдарламасы бар. Бірақ ол жайлы сәл кешірек сөз қозғаймыз.
Ипотекалықкомпаниядандайынтұрғынүйалуқұныбіршаршыметрүшін 165 мыңдықұрайды
Сонымен егер сіз жергілікті атқару органында тұрғын үйдің кезегінде тұрған болсаңыз, онда сізге тек өз қалаңыздың әкімдігінен ҚИК желісі бойынша құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарландыруды күту ғана қалады. Ал егер сіз тұрғын үйге мұқтаждардың ресми қатарын толықтыруға әлі үлгермеген болсаңыз, онда әкімдікке кезекке кімдердің тұра алатынын есте сақтаңыз:
- көп балалы отбасылар;
- толық емес отбасылар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасылар;
- жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
- мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;
- әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
- оралмандар.
Бұл ретте, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ басшысы Қуандық Бишимбаевтың сөзі бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында тұрғын үйлердің 50%-ы жастары 35-ке толмаған және 3 жылдан кем емес уақыттан бері некеде тұрған, жас отбасылар болып саналатын, кезекте тұрғандар беріледі.Үйді беру кезінде де тиісті санаттардың кезектілігі ескеріледі.
ҚИК-дан пәтерлер: мемлекеттік б;ағдарламада не өзгерді? >>>
Kn.kz жылжымайтын мүлік туралы порталының тиісті айдарына күн сайын сауалдарын қалдыратын, көптеген оқырмандар жас отбасыларға жас межесін ұлғайтқан екен, ендеше ерлі-зайыптылардың жасы 35 ке толмаған кез келген отбасы ҚИК-нан жалдамалы пәтер алуына болады деп ойлайды. Тағы да қайталап айтамыз, бағдарламаға, тек әкімдікте кезекте тұрғандар, яғни мәселен ерлі-зайыптылар мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, дәрігерлер болып жұмыс істейтін, мүгедек бала асырап отырған және тағы басқа болып табылатын отбасылар ғана қатысады.
ҚИК-нан жалдамалы тұрғын үй қанша тұратын болады?
Мемлекеттің теңгенің еркін құбылмалы валюталық курсына өтуімен байланысты тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларын: «құрылыс құны өсті, енді операторлардың тұрғын үйлері де қымбаттамай ма» — деген сауал мазалады. Ұлттық экономика министрлігі kn.kz порталына берген ресми жауабында: «Қазіргі уақытта бюджеттік қаражаттардың есебінен салынатын, тұрғын үйдің бір шаршы метрінің салу құнын мемлекеттің жаңа ақша-кредит саясатына өтуімен байланысты өзгерту болжанып отырған жоқ. Сонымен қатар Аймақтардың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының аясында инфляцияны ескере отырып бағаны жыл сайын индексациялау көзделіп отыр», — деп хабарлады.
ҚИК-нан таза әрленген тұрғын үй құрылысының құны:
- Алматы және Астана қалаларында 185 мың тг/ш.м дейін;
- қалған аймақтарда 150 мың тг/ш.м дейін құрайды.
ҚИК-нан дайын тұрғын үй алу құны:
- Алматы және Астана қалаларында 200 мың тг/ш.м дейін;
- қалған аймақтарда 165 мың тг/ш.м дейін құрайды.
Көлемі 50 ш.м пәтер үшін жалдау құнын есептеу
ҚИК-нан жалға берілетін пәтерлер көлемі әдетте, 35-тен 75 ш.метрге дейін құрайды.
Біз компания мамандарынан астана және ел аймақтарының бірінің тұрғындары үшін ай сайынғы төлем есебін жасауды өтіндік (1 кесте).
- Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша сыйлықақы мөлшерлемесі, комиссиялар, кепілдік төлем және алғашқы жарна жоқ.
- Жалдау ақысын төлеуді кез келген банк арқылы жүргізуге болады.
- Тұрғын үй 20 жылдан кейін меншікке өтеді.
- Төлемқабілеттілігін бағалау құжаттармен расталған табыстардың негізінде іске асырылады. Ол үшін жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтаманы және еңбек кітапшасының көшірмесімен бірге жұмыс өтілі туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.
- Ықтималды жалдаушының ай сайынғы табысы шектелген. Астана және Алматы мегаполистерінің тұрғындары үшін оның жиынтығы күнкөріс минимумының 15 еселенген мөлшерінен, ал қалған қалалар үшін күнкөріс минимумының 12-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
- Ықтималды қарыз алушы бюджетке қарыздық жүктеменің айлық жалақының 50%-нан аспауы тиіс екендігін есінен шығармауы керек. Егер құжатпен расталған, ресми жалақы талап етілген сомадан аз болса, онда қосалқы жалға алушыны тартуға болады.
1 кесте. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін, көлемі 50 ш.м пәтерді жалдау құнын есептеу
Қалалар |
Көлемі |
1 ш.м үшін төлемақы |
Пәтер үшін ай сайынғы төлем |
Астана |
50 ш.м |
1120 теңге |
56 000 теңге |
Қарағанды |
50 ш.м |
923 теңге |
46 150 теңге |
Осы жылы қандай өзгерістер болды?
2015 жыл Қазақстандағы мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйдің дамуындағы белгілі кезең болды. «Нұрлы жол» бағдарламасы үлкен қозғаушы күш болды.
Жалдамалы тұрғын үй жаңа бағдарламасының артықшылықтары — бұл алғашқы жарнаның болмауы және жас отбасылардың жасын 35-ке дейін ұлғайту.
ҚИКның баспасөз қызметі хабарлағандай,жалдамалы тұрғын үй жаңа бағдарламасының артықшылықтары — бұл алғашқы жарнаның болмауы және жас отбасылардың жасын 35-ке дейін ұлғайту болды. Осы бағыттың шеңберінде тұрғын үй алу құны да ұлғайды, соған орай біршама адал ниетті жеткізушілерді тарту мүмкіндігі пайда болды, тұтастай алғанда бағдарламаны жүзеге асыруға бұл да жағымды ықпалын тигізеді.
ҚИК-сы kn.kz порталына бағдарлама қатысушыларын келесі жылы жаңа не күтетіндігін де әңгімеледі. 2016 жылғы қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы мүлікке салық төлеуге қатысты өзгеріс күшіне енеді. Қазіргі уақытта ұсынылып отырған жалға берілетін тұрғын үйге мүлікке салық заңды тұлғаға ретінде анықталады және пәтер құнының 1,5%-ын құрайды. Бұл тұрғын үйдің меншік иесі заңды тұлға ретіндегі «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ болып табылуымен байланысты.
2016 жылғы қаңтардан бастап Аймақтарды дамыту бағдарламасының аясында жалға берілетін тұрғын үйді алған, жеке тұлғалар Салық кодексіне қабылданған түзетулерге сәйкес, компанияны тиісті тізімге енгізгеннен кейін, жеке тұлғаларға арналған салық мөлшерлемесі бойынша мүлікке салық төлейтін болады. Қабылданған шаралар жалға берушілердің қаржылық жүктемесін елеулі төмендетуге мүмкіндік береді.
Дағдарыс кезінде жылжымайтын мүлік сатып алуға бола ма? >>>
2015 жылғы нысандар және құрылыс жоспарлары
Қазақстан ипотекалық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2015 жылы Аймақтардың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы ҚИК желісі бойынша 401 мың шаршы метр немесе шамамен 7000 пәтер салу және алу жоспарланды.
Соның ішінде қазіргі таңда 2015-2016 жылғы нысандар бойынша 633,5 мың шаршы метрге (11 016 пәтер) шарт жасалды.
Астана қ. бойынша 2015 жылы 23,114 мың ш.м (394 пәтер) алынды:
- 7,62 мың ш.м (86 пәтер) Сығанақ көшесі бойынша ТК;
- 2,88 мың ш.м (52 пәтер) Байтұрсынов көшесі бойынша ТК;
- 1,187 мың ш.м (23 пәтер) Қосшы ауылында;
- 8,327 мың ш.м (161 пәтер) Қобыланды көшесі бойынша ТК;
- 3,1 мың ш.м (72 пәтер) Қосшы ауылында.
Жалға берілетін тұрғын үйді алу механизмі:
1) Нысан құрылысы аяқталғаннан кейін ипотекалық компания пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі туралы қала әкімдіктеріне хабарлайды.
2) Жергілікті атқару органдары алынған ақпаратты өздерінің интернет-сайттарында немесе БАҚ-да жариялайды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінде түсіндіргендей, хабарландыруда бағдарламаның бағыты, тұрғын үй талап ету құқығы бар, азаматтардың санаттары, тұрғын үйдің сипаты, құжаттарды қабылдау орны және мерзімі көрсетілуі тиіс.
3) Әкімдіктер пулдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді және сондай-ақ тұрғын үйден үміткер кезекте тұрғандардың тізімін олардың төлемқабілеттілігін растау үшін Қазақстан ипотекалық компаниясына жібереді. ЖАО мұны тұрғын үйді өткізу талаптары және көлемі туралы ақпарат алынған сәттен бастап 6 айдан кешіктірмей жасауы тиіс.
4) Егер ықтималды жалға алушының кандидатурасы мақұлданса, онда ол хабарлама алады. Бұдан кейін әкімдіктер қатысушылардың түпкілікті тізімін бекітумен айналысады, ал ҚИК жалдау және қоныстандыру шартын жасасады.
Астанадан ҚИК-нан көлемі 50 ш.м пәтер алу үшін ай сайынғы төлем 56 000 тг құрайды.
ҚИК-ның өзінің бағдарламасы
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Қазақстан ипотекалық компаниясында жалға берілетін тұрғын үй бәріне бірдей, тіпті ипотекалық тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының тізіміне енбеген, үміткерлерге де қолжетімді болатын, бағдарлама бар. Ол үшін тек қана тиісті төлемқабілеттілікті бағалаудан өту қажет.
Ипотекалық компания басқармасының төрағасы Азамат Ибадуллаевтың сөзі бойынша жалдық төлемге кіріктірілген, пайыздық мөлшерлеме шамамен жылдық 10%-ды құрайды. «Нұрлы жол» аясында жалға берілетін тұрғын үйдің көлемі мынадай болады деп болжанған: бір бөлмелі пәтер — 30 шаршы метр, екі бөлмелі пәтер — 50 ш, м, үш бөлмелі пәтер — 80 ш.м. Оның ішінде 40%-ы бір бөлмелік, сондай шамада — екі бөлмелік және 20% үш бөлмелік пәтерлер.
Аймақтардағы шаршы метрлердің құны 150 мың теңгені, Алматы және Астана қалаларында — 185 мың теңгені құрайды. Сатып алу бойынша Ақтөбе мен Шымкентте 165 мың теңге, Алматы мен Астанада — 200 мың теңге.
Бағдарламаның негізгі мақсаты — кезексіз тұрғын үй беру. ҚИК жергілікті атқару органдарынан өздерінің кезегін күтіп отырған, адамдардың аты-жөндерін алады.
— Мемлекет басшысы біз кеңес кезіндегі кезекті ұмытуымыз керек деп баса айтты. Сондықтанда бұл мәселе шешілді деп ойлаймын. Сонымен қатар, тиісті құжаттарды ұсынуы бойынша біз тегін, не ең аз төлеммен еңбектері сіңген адамдарға, яғни ардагерлерге, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге тұрғын үй береміз, — деп атап өтті өзінің бір сұхбатында мемлекет басшысы.
Үй иелері 5 жыл өткеннен кейін пәтерді мерзімінен бұрын сатып алуына болады, не қандай да бір себептермен үйінен айырылып қалған, адамдар өздерінің барлық салған қаражаттарын қайтарып алады.
Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар
1,2 бөлімдердің талаптарына сәйкес келетін, І топтағы үміткерлер бағдарламаның белгіленген бағыты және берілетін тұрғын үйдің сипаттамасы бойынша ЖАО-да хабарландыру жарияланған кезде пәтердің нақты типіне өтініш береді және келесі құжаттарды тапсырады:
1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын, құжат;
2) неке қию (некенің бұзылуы) туралы, ерінің/әйелінің қайтыс болғандығы туралы, балаларының туу туралы куәлігі, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы жайлы мәлімдеме;
3) өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында оларға меншік құқығында тиесілі немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
4) өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы мекенжай анықтамасы;
5) өтініш берушінің («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67 бабы, 1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, адамдардың І санатындағы топтар үшін) жұмыс орнынан анықтама;
6) отбасы мүшелерінде мүгедектіктің немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің бар екендігін растайтын, анықтама;
7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде кезек нөмірі көрсетілген тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрғаны жөніндегі мәлімет (І топ үшін);
8) өтініш берушінің табыс алатындығын растайтын, анықтама.
Kn.kz ақпарат қызметі
Тағы оқитындарыңыз:
«Самұрық-Қазынадан» пәтерді қалай сатып алуға болады?