Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

ҚИК-дан пәтерлер: мемлекеттік бағдарламада не өзгерді?

«Қазақстан ипотекалық компания» АҚ мемлекеттік тұрғындық бағдарлама операторы ретінде соңғы уақыттарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қарағанда көп тілге тиек болып жүр. Бұның бәрі ҚИК-на салынған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат аясындағы әлеуметтік үйлерді жүзеге асыру тапсырмасына байланысты.

 Өткен жылдың соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде сөз сөйлеп, өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында 2015 жылдан әлеуметтік жағынан нашар қамтылған тұрғындарға жеңілдік жағдайында — жылдық 1-2% алғашқы жарнапұлсыз арендалық тұрғын үй ұсынылатынын хабарлағаны мәлім. 

Сонымен, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» AҚ тұрғын үйдің жалдау секторын дамыту бойынша 2020 жылға дейін аймақтарды өркендету аясындағы жобаларды іске қосуды да жүзеге асырады (құқықпен және құқықсыз сатып алу), жаңа механизмді есепке алып, оған жеңілдікпен әлеуметтік арендалық тұрғын үйді иелену, құрылыс бойынша жұмысты атқару тапсырылған.

29 мың жанұя тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Компания жұмысының нәтижесі бойынша да 2015 жылы І тоқсанның соңында Алматыда мына мекен-жайларда: дақша-23-те, дақша-24-те және Алатау ауданы Алғабас шағынауданында, ТЭЦ-2-ның шығысында екі 9-қабатты үй пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген 108 пәтердің жалпы көлемі 6 мың ш.м құрайды.

Мегаполисте тағы 803 пәтер құрылыс салушылардан нақтыланып, тиянақты да иеленіп алынды: 95 пәтер — Түрксиб ауданында және 708 — Алматы облысы Қарасай ауданы «Асыл Арман» ТК-де. Пәтерлердің жалпы көлемі — 43,7 мың ш.м.

Сонымен қатар ипотекалық компанияның кезекке тұрушылары үшін тұрғын үй көлемі Қостанайда иеленілді — жалпы көлемі 749 ш.м «Арман» ТК-дегі 11 пәтер.

2020 жылға дейін аймақтарды дамыту Бағдарламасы аясында Қазақстандық ипотекалық компанияның жалпы тұрғын үй қоры 1,4 миллион ш.м-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр, бұл 29 мың жанұяны тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2015 жылы — 487 мың ш.м, 2016 жылы — 428 мың ш.м, 2017 жылы — 232 мың ш.м, 2018 жылы — 153 мың ш.м және 2019 жылы — 183 мың ш.м.

Тұрғындық мәселелерді шешу үшін ҚИК тек үйлерді салып қоймайды, құрылыс салушылардан дайын пәтерлерді сатып алады.

Құрылыс басталды…

Шенеуніктер де болжағанындай, еліміздегі күрделі экономикалық жағдайлар құрылыстағы қолжетімді тұрғын үйге соншалықты әсер еткен жоқ. Бүгінгі таңда ҚИК саласымен Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар, Семей, Тараз және Шымкент қалаларында басталып кетті. Көбінесе:

Астанада екі 5-қабатты үй салынуда — Абайдың 150 жылдығы көшесі мен Шұғыла көшесі бұрышында, Лепсі көшесі Оңтүстік-Шығыс үй массивінде (сол түстік жағы).

Қарағандыда 12, 14, 15 шағынаудандарда 5 қабатты үй салынбақшы. Шахтерлер астанасында барлығы 20 177 ш.м жалпы көлемі да бар 325 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Павлодарда Майра көшесінде жалпы көлемі 9457,92 ш.м 180 пәтерлі 9-қабатты үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

ШымкенттеНұрсат шағынауданында бірден сегіз 9-қабатты жаңа тұрғын үй пайдалануға берілмекші. Жалпы көлемі 56196 ш.м 1080 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Семейде екі 9-қабатты үй пайдалануға берілмекші. Осы құрылыс аяқталғаннан кейін 126 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қызылордада 280 жанұяны бес 5-қабатты тұрғын үйдің пәтеріне қоныстандыру жоспарлануда. Ипотекалық компания саласымен салынып жатқан қолжетімді тұрғын үйдің жалпы көлемі осы қалада 17 219 ш.м құрайды.

Таразда Бәйтерек шағынауданындағы №13 участкеде жалпы көлемі 10 390,8 ш.м екі 5-қабатты үйлердің құрылысы басталды. Пайдалануға 200 пәтер беріледі.

ҚИК пәтерлерді сатып алады

Қазақстанда тұрғын үй мәселесін тым тезірек шешу үшін тек қана шаршы метрлер пайдалануға берілмейді, сонымен қатар қолайлы бағамен тікелей құрылыс салушылардан салынған тұрғын үйлер сатып алынады.

Қазақстандық ипотекалық компания Астана, Қостанай, Көкшетау, Семей, Тараз, Қызылорда қалаларында дайын тұрғын үйлерді (пәтерлерді) иелену үшін шарттар жасасты.

Ипотекалық компания ұсынған ақпараттар бойынша Астанада Сығанақ көшесіндегі жалпы көлемі 7,6 мың ш.м. тұрғын үй кешеніндегі 86 пәтерді иеленуге келісімшартқа отырды. Тағы жалпы көлемі 2,9 мың ш.м 52 пәтер Байтұрсынов көшесіндегі ТК-де иеленіледі. Қобыланды көшесінен мемлекет жалпы көлемі 8,3 мың ш.м 161 пәтерді келешекте сатып алмақшы. Бұған қоса айтар болсақ, астанада әлеуметтік арендалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша бір шаршы метрдің бағасы 1110 теңгені құрайды.

Қостанайда жалпы алаңы 5,1 мың ш.м болатын 80 пәтерді «Арман» ТК-нен иелену үшін тиянақты келісімшарт жасалды.

Тағы жалпы көлемі 4,9 мың ш.м болатын 70 пәтер ҚИК линиясы бойынша қолжетімді тұрғын үйді жүзеге асыру үшін Ақтөбедегі Сәнкібай-батыр көшесінде иеленіледі.

Көкшетауда жалпы көлемі 19,5 мың ш.м болатын «Жансая» ТК-нен 337 пәтер иеленілді. Осынау аталған қалада бір «шаршының» құны 923 теңгені құрайды.

Қосымша айтсақ, құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді иелену, механизмі, ҚИК басшылығының пікірінше, мемлекеттік масштабтағы тұрғын үй мәселесін шешудегі жаңа өзгеріс болып табылады.

— Біз жаңалық кіргіземіз. Бағдарлама ең жоғары дәрежеде тезірек жұмыс істеуі үшін біз еліміздің барлық аймақтарынан дайын тұрғын үйді сатып аламыз. Бірінші кезекте бұл дегеніңіз агломерация — Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент, — деп хабарлады Алматыдағы брифингте «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» AҚбасқармасының төрағасы Азамат Ибадуллаев.

ҚИК жалға алушы нақтылы үйді сатып аламын дегенше (сатып алу кезінде) салынған/иеленілген тұрғын үйдің объектісінің меншік иесі және сатып алу құқынсыз арендалық тұрғын үйдің меншік иесі болып табылады.

Мемлекеттен пәтерлер: сұрақтар мен жауаптар >>>

Аренданың болжамды түрдегі бағасы

Шамасы, барлық қазақстандықтарды толғандыратын мәселе — Қазақстандық ипотекалық компанияның саласы бойынша жүзеге асырылатын қолжетімді тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасына 2015 жылы өзгерістердің енгізілетіні. Ведомствода түсіндіргеніндей, әзірге үйлер салынған немесе салынып жатқан тек қана аймақтарда пәтер арендасының болжамды құны анықталды.

Мысалы, Алматыда 1 ш.м арендасының бағасы шамамен 1120 теңгеге тең екен. Астанада көлемнің бірлігіне арендалық ставка шамамен 1100 теңгені құрайтын көрінеді. Көкшетауда бұл цифр тиянақты түрде 923 теңгені көрсетеді. Қостанайда — 862 теңге. Семейде аренданың бағасы «шаршы» үшін 756 теңгені құрайды.

Астанада және аймақтарда әрі қарай сатып алумен арендалық тұрғын үй үшін 20 жыл ішінде төлемақының қалай жүзеге асырылатынын көз алдымызға нақты, тиянақтылап елестету мақсатында біз төмендегі жағдайларды барымызша айқын қалыптастырдық.

Мысалға, жұбайлардың жастары 29-ға жетпеген, екі баланы мәпелеп керегінше тәрбиелеп отырған жас жанұя 80 ш.м көлемі бар үш бөлмелі пәтерді (немесе көлемі кішкентайлау екі бөлмелі) ҚИК саласы бойынша арендаға уақытысында алды да делік. Күйеуі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, ал, әйелі — бюджеттік саланың қызметкері. Жас жұбайлардың ай сайынғы ортақ табысы 150 мың теңгені нақты құрайды.

Ай сайынғы арендалық төлемақының есептеу формуласы төмендегідей болып табылады:

  • пәтердің көлемі * жалға берілетін тұрғын үйдің 1 ш.м нақтылы бағасы =ай сайынғы арендалық төлемақы.

20 жылдық аренда үшін төлемнің сомасын есептеу үшін керектер:

  • ай сайынғы арендалық төлемақы * айлар саны = төлемақы сомасы.

Соныменен, Көкшетауда 80 ш.м көлемі бар 3-бөлмелі пәтер үшін жас жанұяның ай сайын 73 840 теңге арендалық төлемақы төлеуіне тура келеді. Бұған қоса 20 жылға төлемақы сомасы 17 721 600 теңгені тиянақты құрайды:

  • 80*923=73 840 — ай сайынғы арендалық төлем;
  • 73 840*240=17 721 600 — 20 жылға төлемақы сомасы.

Семейде көлемі 53 «шаршы» болатын екі бөлмелі пәтердің арендалық құны айына 40 068 теңге болады, ал, 20 жылға төлемақы сомасы 9 616 320 теңгелей құйылады:

  • 53*756=40 068 теңге — ай сайынғы арендалық төлемақы;
  • 40 068*240=9 616 320 теңге — 20 жылға төлем сомасы.

Егер де жоғарыда көрсетілген жағдайларды, әрине, ай сайынғы өзіндік табысты 250 мың теңгеге көтеріп, өсіріп, Астанада немесе Алматыда тұрып жатқан жанұяға қолдансақ, онда есептемелер төмендегідей көрініс береді.

Астанада 80 «шаршы» көлемі бар 3 бөлмелі пәтердің арендасы үшін 88 000 мың теңгені жанұялы қосақ үздіксіз төлейтін болады, 20 жылда төлемақы сомасы 21 120 000 теңгені құрайды:

  • 80*1100=88 000 теңге — ай сайынғы арендалық төлемақы;
  • 88000*240=21 120 000 теңге — 20 жылда төлемақы сомасы.

Алматыда 70 ш.м көлемі бар 3-бөлмелі пәтер үшін жұбайлар айына 78 400 теңге төлейді. Сонда қорытындысында 20 жылда төлемақы сомасы 18 816 000 теңгені құрайды.

  • 70*1120=78 400 теңге — ай сайынғы арендалық төлемақы;
  • 78 400*240=18 816 000 теңге — 20 жылда төлемақы сомасы.

Әлеуметтік арендалық тұрғын үйді нақты бөлу уақытысында көп балалы және толық емес жанұяларға және де мүгедек балалары бар жанұяларға, ата-аналарының қарауларынсыз қалған жетім балаларға да, мемлекеттік қызметкерлерге де, әскери қызметшілерге, арнайы мемлекеттік органдардың және де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне артықшылық берілетіні компанияда түсіндірілді. Сонымен бірге тұрғын үйдің 50%-ы екі баласы (нәрестесі) бар, 3 жылдан кем емес некеде тұрған, жергілікті атқару органдарында кезектегі жас жанұялардың арасында (жұбайлардың жасы — 35 жасқа дейін) бөлінеді.

1 кесте. 20 жыл ішінде сатып алумен жалдық тұрғын үйге төлем есептемесі

(«ИҰ «КИК» АҚ ұсынған мәліметтердің негізінде) 

Қала

Бөлмелер саны

Пәтер көлемі

1 ш.м үшін аренданың бағасы

Ай сайынғы төлем

20 жылға төлем сомасының нәтижесі

Астана

3­-бөлм.

80 ш.м

1100 тг

88 000 тг

21 120 000 тг

Алматы

3-­бөлм.

70 ш.м

1120 тг

78 400 тг

18 816 000 тг

Көкшетау

3-­бөлм.

80 ш.м

923 тг

73 840 тг

17 721 600 тг

Семей

2­-бөлм.

53 ш.м

756 тг

40 068 тг

9 616 320 тг

Қостанай

2-­бөлм.

68 ш.м

862 тг

58 616 тг

14 067 840 тг

Жастың сатысы 35 жасқа дейін көтерілді

Жас жанұялар үшін жастық сатыны да 35 жасқа дейін тұрғын үйлік мемлекеттік бағдарламаның аясында көтерілетінін өткен жылдың соңында шенеуніктер хабарлады. Бұны арнайы растау мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауының мәтінінде де айтылды. Алайда, жергілікті атқару органдарында тұрғын үйді алу кезегінде тұрған тек  қана жанұялар үшін жастары ұлғайтылды.

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында» некеде тұрған, қос жұбайдың жастары 35 жастан аспаған (Бағдарламаға қатысуға арызды берген уақытта) тұлғалардың жергілікті атқару органдарында кезекке тұрғандардың арасында артықшылықтары болады. Жасы 35-ке жетпеген ата-ананың бірі және де жесір, ажырасқан адам баланы (сәбиді) тәрбиелейтін толық емес жанұя да басымға ие. Дәлірек айтсақ, жас жанұя туралы емес, әңгіме жұбайлардың жастары 35 жасқа толмаған жанұялар туралы болып отыр», — деп жан-жақты түсіндіреді ҚР экономика Министрлігінде.

2015 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №15 қаулысына сәйкес «2020 жылға дейін аймақтарды дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» 2014 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №728 Қаулысына өзекті өзгертулер енгізілгені Қазақстандық ипотекалық компаниясында да қадап айтылды. Көбінесе, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй» бағыттамасы бойынша бағдарламада жас жанұя тобында жұбайлардың да шектеулі жасы 29 жастан 35 жасқа дейін көтеріледі. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-ның сайтында арнайы құжаттармен еркін танысуға болады.

Жас жанұялар үшін жастық сатының орасан көтерілуіне байланысты мемлекеттік арендалық тұрғын үйге талапкерлердің саны шамадан тыс өсіп кетпей ме, негізінен жастары 30-дан асып кеткендер пәтерді алып кетпей ме деген толғақты сұрақтарға бұл жерде барлық жауапкершілік жергілікті әкімдікке түсетінін компанияда баса айтты. Сөйтіп, 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту Бағдарламасына қатысу үшін кезекке тұрушылардың тізімдерін сол жергілікті атқару органдары жасайды. ҚИК саласы бойынша пәтерлерді бөлу механизміне де аталған факті кері әсер етпейді, оған әзірге өзгерістер енгізілмейді.

Осы жаңалық әзірге жан-жақты да талқылану үстінде. Қазақстандық ипотекалық компания мемлекеттік бағдарламадағы арендаторлардың салық төлемінің бір бөлігіне өзгерістер енгізуге ұсыныс жасады. Егер осы ұсыныс қабылданса, онда арендалық төлемнің төмендетілуі күтіледі.

2015 жылы пәтер сатып алу керек пе? >>>

Қатысушыларға талаптар

Компанияның қызметкерлерінің ұсынған нақ ақпараттары бойынша «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй» бағыттамасы бойынша Бағдарламаға жергілікті атқару органдарында да кезекте тұрған, төмендегі санаттарға қатысты тұлғалар қатыса алады:

  • көп балалы жанұялар;
  • толық емес жанұялар;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін жанұялар;
  • ата-аналарының қарауларынсыз қалған жетім балалар;
  • оралмандар;
  • мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары.

I топ:

  • 1 топтама — қос жұбайдың жастары 35-ке де толмаған (Бағдарламаға қатысуға арызды берген уақытта) балалары (сәбилері) бар,3 жылдан кем емес некеде тұрған санаттары көрсетілген ЖАО-да кезекке тұрғандар, сонымен қатар жасы 35-ке жетпеген ата-ананың бірі және ажырасқан, жесір адам баланы (сәбиді) тәрбиелеп жатқан толық емес жанұя;
  • 2 топтама — 1 топтамаға кіре қоймайтын көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекке тұрғандар.

«Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санатына мемлекеттік мекемені және қазыналық өндірісті шаруашылық енгізу құқындағы мемлекеттік мекемеге қайта ұйымдастыру кезінде аталған санат бойынша тұрғын үйді қажет ететіндер есебіне тұрғандар нақтыланып та теңестіріледі.

IV топ:

  • «ИҰ «КИК» АҚ-мен келісім/меморандум жасасқан қызметкерлер, мемлекеттік заңдылы тұлғалар;
  • құрылысты және/немесе өзінің қызметкерлері үшін тұрғын үйді иеленуді жан-жақты, тиянақтылап ұйымдастыратын, «ИО «КИК» АҚ-мен келісім/меморандумға отырған ауылдық елдімекендерді және кіші қалаларды қалыптастыруда, майталман, іскер мамандарды жүйелеп, кім-кімге де пайдалы, қолайлы етіп реттеп отыратын, мағынасын келтіріп отыратын мемлекеттік емес заңдылы тұлғалар. Соныменен қатар жоғарыда айтылған, көрсетілген заңдылы тұлғаның мемлекеттік-жекелік серіктестің негізінде құрылысты ұйымдастыруға және/немесе тұрғын үйді иеленуге құқы бар.

I топқа ұсынылатын негізгі талаптар

  • тұрғын үйді қажет ететіндерді есепке қоюды және Заңға сәйкес тұрғын үйді қажет ететіндердің мәртебесін нақтылы растау;
  • тиісінше табыстарымен тұрғын үйді жүзеге асырудың шарттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау.

I топтағыдай бір адамға 15-тен кем емес және 18-ден артық емес шаршы метрлі пайдалы алаңы бар мөлшердегі тұрғын үйі, бірақ та, бір бөлмелі пәтері немесе жатақханада бөлмесі бар болып, тұрғын үйді жақсарту мақсатыменен тұрғын үйді қажет ететіндер есебінде тұлғалар Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

IV топтағы Бағдарламаға қатысушыларға талаптар, ережелер және де тәртіптер «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен келісіп пішілген «ИҰ «ҚИК» АҚ-ның ішкі құжаттарымен және келісім/меморандумдармен жан-жақты анықталады.

Анықтама алу үшін қайда хабарласуға болады?

Қазақстандық ипотекалық компанияда түсіндіргеніндей, Астанада және облыс орталықтарында, еліміздің қалаларында компанияның аймақтық өкілдері бар, онда ҚИК саласымен тұрғын үйді иелену мүмкіндігіне байланысты анықтама аласыз.

Айтар болсақ, Астанада Тұран көшесі, 18, 1004/1 офисте аймақтық өкілдік орналасқан.

Kn.kz ақпарат қызметі

 Тағы оқитындарыңыз:

«Самұрық-Қазынадан» тұрын үй: есептеме мен талап

Ипотеканы қалай қайта қаржыландыруға болады

Жас жанұяларға мемлекеттен тұрғын үй: арман ба әлде шындық па?

kn.kz
>
Статьи