Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Қосалқы меншік иелері: үлес туралы дау

Екі немесе одан да көп адамдардың меншігіндегі, мүлік оларға ортақ үлестік меншік (егер әрбір қосалқы меншік иелерінің үлестері белгіленген болса) немесе ортақ бірлескен меншік (үлестері белгіленбеген) құқығында тиесілі болады. Өзіңнің үлесіңе билік етпес бұрын, мүліктің нақты қандай бөлігіне құқығыңыз бар екендігін анықтап алу қажет.

Інімнің, егер ол онда тұрмайтын болса, ата-анамыздың пәтерінің бір бөлігіне құқығы бар ма?

Сұрақ:

Мен ата-анамның пәтерінде 11 жылдан бері жалғыз тұрып келемін. Ата-анам басқа қалада тұрады. Жекешелендіру шартында отбасымыздың барлық мүшелері көрсетілген, басты пәтер жалдаушы — әкем. Қазір менің кіші інім пәтердің бір бөлігін алу үшін таласып отыр. Бұған оның құқығы бар ма? Мен оған қарсы тұра аламын ба? 

Жауап:

Егер сіздің ініңіз жекешелендіру шартында көрсетілген болса, онда әрине, оның, ондағы өзінің үлесіне құқығы бар. Бұл ретте оның сол пәтерде тұру фактісінің ешқандай маңызы жоқ. Сонымен қатар, тіпті егер сіздің ініңіз жекешелендіру шартында көрсетілмеген болса да, оның бәрібір  пәтердің бір бөлігін алу мүмкіндігі бар, өйткені заңнамаға сәйкес жалдаушымен бірге тұрып жатқан және оның отбасы мүшесі болып есептелетін, кәмелетке толмаған тұлға тұрғын үй-жайды жалдау шартынан туындайтын, тең құқыққа ие болады. Тұрып жатқан үй жай жекешелендірілген жағдайда олар кәмелетке толған тұлғалармен бірге ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларына айналады.

Тұрғын  үй жайды оның пайдаланушыларының біреуінің меншігіне өткізу шартының заңдылығы туралы дау туындаған жағдайда, мүдделі тұлғалардың талабы бойынша осы тұрғын жайға құқық белгілеуші құжаттар сотпен толықтай немесе ішінара жарамсыз болып танылуы мүмкін.

Үй жанындағы аймақтың шекарасы қайдан аяқталады? >>>

Тұрғын жайды қосалқы меншік иелерінің арасында қалай бөлуге болады?

Сұрақ:

Біз жекешелендірілген 4 бөлмелі пәтерде тұрамыз. Жекешелендіру шартында менің әкем, оның әйелі, мен және менің кәмелетке толмаған ұлым көрсетілген. Менің  жеке кеткім келеді, бірақ әкем пәтерді айырбастағысы келмейді. Пәтерді қалай бөлсем болады? Үлестер қалай бөлінеді?

Заттай бөлу мүмкіндігі болмағанда құқықтық меншіктегі тұрғын — жайдағы үлестің ақшалай өтемі тараптардың келісімімен анықталады.

Жауап:

Жекешелендіру тәртібінде сатып алынған тұрғын жай осы үй жайда тұратын, адамдардың бірлескен меншігіне өтеді. Оның жекелеген қатысушысының осындай меншіктің бір бөлігін сатуы тек әрбір қосалқы меншік иесінің үлесі анықталғаннан кейін мүмкін болады.Үлестік арақатыс тараптардың келісімімен немесе сот тәртібінде анықталуы мүмкін. Ортақ үлестік меншік қатысушыларының бірінің жекешелендірілген пәтердегі өзінің үлесін бөтен адамға сатуы, қалған қосалқы меншік иелері өзінің басымдықпен сату құқығынан бас тартқан, не осы құқықты бір айдың ішінде іске асырмаған жағдайда мүмкін болады.

Ортақ үлестік меншіктегі тұрғын жай бұдан кейін оның қатысушыларының арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлінуі мүмкін. Егер келісімге қол жеткізе алмаса, тұрғын үйдің қосалқы меншік иелерінің кез келгені өзінің үлесін заттай бөлуді талап етуге құқылы.

Қосалқы меншік иесіне оған тиесілі үлесін бөлу - оның меншігіне үйдің оның үлесіне сәйкес белгілі бір бөлігін және шаруашылық-тұрмыстық бағыттағы құрылыстарды беру болып табылады әрі бұл ортақ меншік құқығын жояды.

Үлесті заттай бөлудің нақты мүмкіндігі болған кезде, тұрғын үйдің бір бөлігі үшін ақшалай өтем бөлініп шығушының да, қалған қосалқы меншік иелерінің де пайдасына өндірілмеуі тиіс (егер олар оның алынуына қарсы болса), өйткені мүлікке билік жүргізу құқығы тек меншік иесінің өзіне тиесілі, әрі ол бұл құқықтан заңда көрсетілген жағдайларда және тәртіпте ғана айырылуы мүмкін.

Үлесті заттай бөлу мүмкін болмағанда, тұрғын үйге меншік құқығындағы үлес үшін ақшалай өтем тараптардың келісуімен белгіленеді.

Егер келісімге қол жеткізілмесе, онда бөлінуші меншік иесінің талабы бойынша, тұрғын үйдің дау шешіліп жатқан кездегі нарықтық құнын негізге алып, сот өтемақы көлемін белгілейді.

Ол кезде тараптардың түсініктемелері, сарапшылардың қорытындылары, құрылыс материалдарының бағалары, оларды тасып-жеткізу тарифтері, осы жердегі бағаларға қарай жұмыс күшін төлеу шығындары, қолайлылығы, орналасқан орны (қала, ауыл, демалыс аймағы және т.б), оның тозу дәрежесі, сондай-ақ тұрғын үйді дұрыс бағалау үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар есепке алынады. Ақшалай өтем алған адам тұрғын үйге меншік құқығынан, сондай-ақ қалған қосалқы меншік иелерінің келісімі болмаса онда тұру құқығынан айырылады, соған байланысты ортақ меншікке қатысушылардың кез келгенінің талабы бойынша одан шығарылуы мүмкін.

Мүгедек үшін мұрадағы міндетті үлеске не кіреді

Сұрақ:

Мүгедек мұраға пәтердің 1/2 бөлігінің мөлшерінде үлес алды. Егер мұра бойынша пәтердің 1/2  бөлігін құрайтын, басқа туысқанының үлесі азайып қалуы мүмкін болса, онда ол заң бойынша міндетті 1/4 үлесін тағы да талап ете ала ма?

Жауап:

Азаматтық кодекстің 1069 бабына сәйкес мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң кемінде жартысын мұраға алады.

Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның iшiнде әдеттегi үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүлiктiң құны және мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi үлеске кіреді.

Яғни міндетті үлес дегеніміз — бұл тіпті егер оны мұра қалдырушы қаламаса да, міндетті мұрагерге бөлінуі тиіс болатын, мұрадағы заңмен кепілдендірілген минимум.

Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн өсиетте белгіленген, кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның мiндеттi үлесiнен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады.

Аталмыш жағдайда екі мұрагердің әрқайсысы ортақ мүліктің 1/2 — не таласады. Мүгедектің міндетті үлесі заң бойынша мұрагерлік кезінде олардың әрқайсысына тиесілі болатын, үлестің кемінде жартысын, яғни 1/4 бөлігін құрайды.

Сондықтанда, мұра бойынша мұрагер-мүгедекке тиесілі болатын үлес (барлық мұраның 1/2) оның міндетті үлесінің (барлық мұраның 1/4) мөлшерінен артық болғандықтан, үлестерді бөлу өзгермейді.

Бала қайтыс болған әкесінің үлесіне таласа ала ма?

Сұрақ:

Менің ұлымның әкесі 2005 жылы маусым айында қайтыс болды, жылжымайтын мүлкі болған жоқ, бірақ өзінің ата-анасының пәтерді жекешелендіру шартында көрсетілген. Мен ұлымның әкесімен азаматтық некеде болдым. Талап қою мерзімінің өтіп кеткендігіне қарамастан, біздің ұлымыз сол пәтердегі оның үлесінің бір бөлігіне таласа ала ма?

Жауап:

Егер баланың әкесі өзінің ата-анасының пәтерді жекешелендіру шартында көрсетілген болса, онда ол сол пәтердің қосалқы меншік иесі болды деген сөз. Сіздің сотқа жүгіну арқылы, өзіңіздің ұлыңызға тиесілі оның әкесінің мұралық үлесін алу мүмкіндігіңіз үлкен.

Азаматтық кодекстің 180 бабына сәйкес талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Сіз сотқа кеш жүгінгендігіңізді ұлыңыздың жекешелендірілген тұрғын үйдегі мұралық үлеске құқығы туралы білмедім және ол жайлы жуырда, мысалы, қорғаушының жазбаша консультациясын алғанда ғана білдім деп дәйектей аласыз.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады?

Ажырасу және ипотека

Жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық: көп тараған желілер

kn.kz
>
Статьи