Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Тұрғын үй таңдау кезіндегі қосалқы факторлар

Жылжымайтын мүлік таңдау кезінде сатып алушы көбіне 3 факторды негізге алады: шаршы метрдің құны, ауданы және орналасқан орны.

Бұл ретте ол негізгі факторлармен қатар болашақта өзінің жайлы тұруына ықпал ететін, көптеген қосымша –нюанстардың да бар екендігін ұмытып кетеді. Сондықтанда біз бүгін жылжымайтын мүліктің пәтер сатып алу кезінде мейлінше назар аудару қажет болатын, «қосалқы белгілерін» қарастырғымыз келіп отыр.

Келісімдердің белгілі бір бөлігі сезімнің ырқымен, яғни жылжымайтын мүлік нысаны шынымен де ұнаған немесе сатып алу үшін жоспарланған бюджетке сай келген кезде жасалады. Бұл жағдайда адамдар жылжымайтын мүліктің кейбір кемшіліктеріне көз жұма қарап, оны көбіне баламалы бағалайды. Ал түптеп келгенде дәл осы қосалқы факторлар болашақта жаңа пәтерде жайлы тұру үшін кедергі келтіретін, негізгі проблемаға айналатын болады.

Қабат бойынша жайлылық

«Биік үйлер» туралы әңгіме болған кезде пәтердің қабатына назар аудару қажет болады. Әдетте ортаңғы қабаттар жайлы және ең қымбат болып есептеледі. Алайда соңғы немесе төменгі қабаттардан пәтер алу туралы ойды бірден сырып тастауға да болмайды.

Егер үйдің жанында жеке сектор орналасқан болса, онда соңғы қабатта орналасқан пәтерлерде түтін және иісті газ қатты сезілмейтін болады.

— Соңғы қабатта орналасқан пәтерлердің өзінің артықшылықтары бар, — дейді «Столичное» жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Жани Тұрысов. —Мәселен, шулы көшеде және тораптарда орналасқан, үйлердің соңғы қабаттарындағы пәтерлер шуылдың аз болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ экологиялық және эстетикалық артықшылықтар сияқты факторларды да естен шығармаған жөн. Егер үйдің жанында жеке сектор орналасқан болса, онда соңғы қабатта орналасқан пәтерлерде түтін және иісті газ қатты сезілмейтін болады. Және терезеден қараған кезде үйіңіздің жанында орналасқан көп қабатты үйлердің немесе әкімшілік ғимараттың терезелерін емес, қаланың көз тартатын әдемі көрінісін тамашалау мүмкіндігіне ие боласыз.

Бірақ, соңғы қабаттан пәтер сатып алумен байланысты, белгілі бір қауіптер де  бар. Мұндай пәтер биіктіктен қорқатын немесе денсаулығы нашар адамдар үшін жайсыз болады. Жеделсаты сынып қалған жағдайда жаяу көтерілуге тура келеді де, үлкен қиындық туындайды. Сондай-ақ  пәтер мен төбенің арасында техникалық тұрғын жайдың немесе шатырдың бар-жоғын міндетті түрде ескеру қажет. Егер мұндай жоқ болатын болса, онда ол пәтерді сатып алудан бас тартқан дұрыс. Үйдің шатырына байланысты туындайтын кез келген мәселе сіздің жайлы тұруыңыз үшін әсерін қатты тигізетін болады.

Тұрғын үйлік қорқыныш: меншікті неден қорғауға болады? >>>

Төменгі қабаттардың технологиялық мәселелерге тәуелділігі шамалы, алайда оларға қатысты да жертөледен келетін ылғалды ауа, терезенің алдында тұратын көліктер сияқты бірқатар әдеттегі шағымдар болады. — Сондай-ақ төменгі қабаттан пәтер сатып алған кезде сіздің астыңызда не орналасқандығын да ескеру керек, — дейді Жани Тұрысов. — Коммерциялық жылжымайтын мүліктің үстінде орналасқан, тұрғын жай өтімсіз болып есептеледі. Бұл нақты ыңғайсыздықтар тудырады. Біріншіден, егер коммерциялық жылжымайтын мүлік бос тұрған болса, онда тиісінше ол толық көлемде жылытылмайды. Қысқы уақытта еден үнемі суық болатындықтан, үстіндегі көршілерге ыңғайсыздық тудырады. Екіншіден, коммерциялық жылжымайтын мүлікпен көрші болу тыныштықты бұзады. Мәселен, сіздің астыңызда үлкен қиындық тудырмайтын, шағын дүкен орналасқан еді, алайда біраз уақыт өткеннен кейін жалдаушылар ауысып, сауда нүктесінің орнына мейрамхана ашылды делік. Енді шу, музыка және жағымсыз иістің сіздің тынышыңызды алатындығына кәміл сене беруіңізге болады. Сондықтанда коммерциялық жылжымайтын мүлікпен көршілес пәтерді сатып алған кезде абай болыңыз.

Алайда ортаңғы қабаттарда орналасқан, жылжымайтын мүлік те ең қолайлы нұсқа болмауы мүмкін. Кейде хабарландыруларда пәтер 4-5 қабаттарда орналасқан деп атап көрсетеді. Қарау кезінде тұрғын жай аулаға кіретін арканың үстінде орналасқан болып шығады. Шындығына келгенде мұны бірінші қабат десе де болады. Қыста мұндай пәтер нашар жылынады.

Кейбір сатып алушылар жайлылыққа ықпал ететін, қосымша өзгешеліктерді естен шығарып, келісімді сезімнің ырқымен жасайды.

Терезенің бағытын ескеру

Пәтер таңдау кезінде терезенің жарықтың қай жағына қарайтындығына назар аудару қажет. Өйткені жарық болашақта үлкен рөл атқаратын болады.Терезелері шығысқа қараған пәтерлерге күн сәулесінің таңертең сағат 11-ге дейін түсетіндігін айта кету керек. Терезелері батысқа қараған пәтерлерге күн сәулесі түстен кейіннен бастап күн батқанға дейін түседі. Үйдің оңтүстік жағына күн сәулесі күні бойы түседі, ал солтүстік жағына аз мөлшерде түседі.

— Пәтер таңдаған кезде үйдің жанында не орналасқандығын байқастау керек. Мәселен, ағаштар мен қасында орналасқан ғимараттан түсетін көлеңкенің салдарынан төменгі және ортаңғы қабаттардағы пәтерлерге жарық аз түседі,- деп кеңес береді риелтор. — Егер мүмкіндік болса, үйдің екі жағында да терезесі бар пәтерді таңдаған дұрыс. Бұл күн сәулесінің тең түсуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда пәтерді толық желдетуге мүмкіншілік береді.

Дегенмен, күн тек жарық емес, жылудың да көзі болып есептеледі. Пәтерлердің оңтүстік және оңтүстік-батыс жақта орналасуы пәтердің үнемі жылы болатындығына кепіл болады, ал жылдың жылы мезгілінде тіпті ыстық та болады. Сол себепті ауа баптағыш алу туралы да ойлаған жөн.

Сонымен қатар, терезелердің орналасуы ішкі көріністі әрлеу кезінде де маңызды. Егер пәтер өте жарық болса, онда мұндай тұрғын жайларда тұсқағаз бен жиһаздардың түсі мен суреттерін үйлестіру мүмкіндігі өте үлкен болады. Ал солтүстік және батыс жақта орналасқан, қараңғы пәтерлерде мұндай мүмкіндік жоқ.

— Терезенің қай жаққа шығатындығын ескеру қажет болатын, тағы бір маңызды фактор, — дейді Жани Тұрысов. — Егер отбасында балалар болса, онда тым болмағанда бір терезенің балалар ойнайтын алаң орналасқан, аула жаққа қарағаны дұрыс. Бұл ата-аналардың балаларын үйден шықпай-ақ бақылауына мүмкіншілік береді. Егер отбасында бала болмай, бірақ терезе ойын алаңына қарайтын болса, онда жазғы уақытта ол нағыз шудың көзіне айналады. 

Сатыпалу-сату мәмілесі заңды тазалығының 6 жағы >>>

Орналасуындағы ерекшеліктер

Риелторларда пәтерлердің орналасуын таңдау бойынша да кеңестер бар. Бұл жерде де өзінің айласы бар. Риелтор Жани Тұрысовтың кеңесі бойынша пәтер сатып алған кезде ең алдымен орналасуына емес, пайдалы көлеміне назар аудару қажет. Бос шаршы метрдің болуы отбасы үшін өте маңызды. Сондықтанда пәтер көлемінің жартысын алатын үлкен және ұзын дәліздер соншалықты өзекті емес.

Азық-түліктердің стратегиялық қоры және сол кезеңге қажет емес заттар сақталатын, қосымша қойма қызметін атқаратын, балкондар мен лоджиялар жақсы бағаланады. Мысалы, жазда ол жерге қысқы шана, аяқ-киім және басқа да заттар қойылады.

Соңғы кезде сәнге айналған, асүй мен қонақ бөлмесі біріктірілетін, студиялардың да отбасылық жұптар үшін қажеті жоқ. Бұл асүйде көп болмайтын, бойдақтар үшін өте ыңғайлы. Ол үшін салмақ түсетін конструкциялары аз еркін жоспарланған жобалар көбірек лайықты. Көлемі шағын болғандықтан мұндай студияларда коммуналдық қызметтер екі есе аз болады, ал қабырғаның болмауы пәтерді жинастыруды жеңілдетеді.

Шағын пәтерлер қарастыратын, сатып алушылардың терезелері көп нысандарға басымдық бергені жөн. Бұл кезде қажет болған жағдайда тұрғын жайдың бір бөлігін қалқалап жеке бөлме жасауға мүмкіндік болады. Мәселен, балалары жоқ жас жұбайлардың отбасына үшінші адам қосылған кезде пәтерді оңай қайта жоспарлау арқылы сәбиге арнап шағын жеке жатын бөлмесін жасап алуына болады.

Алайда пәтерге қатысты өзгешеліктердің барлығының аса дербес және де үй иесіне және оның қажеттіліктеріне байланысты екендігін есте сақтау қажет. Кейбіреулер үшін күн сәулесінің болмауы ешқандай рөл атқармайды, ал енді біреулер үшін терезе ойығы үлкен проблемаға айналады. Сондықтанда, пәтер іздеуге кіріспес бұрын, қандай жылжымайтын мүлік алғыңыз келетіндігін, оның қандай параметрлерінің міндетті түрде болуы керек екендігін, және де қандай кемшіліктеріне көз жұма қарайтындығыңызды жіті ойластырып алғандығыңыз жөн. Ең дұрысы — үй қарау кезінде ол туралы ұмытып кетіп пәтерді сезімнің ырқымен сатып алмау үшін қағидатты must have 5-6 тармағын айқын белгілеп, тізім құрып алу.

Тағы оқитындарыңыз:

Үй жанындағы аймақтың шекарасы қайдан аяқталады?

Жылжымайтын мүлік құжатын қалай қалыптастыруға болады?

Пәтерді жалға аламыз: сәтті мәміленің 7 ережесі

kn.kz
>
Статьи