Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Жеке үйдегі бизнес

Егер жеке үйде тұрсаңыз, оны пайда көзіне айналдыруға болады деп санайды көпшілік. Бірақ та, өкінішке орай, бизнесті ашудағы ең басты проблема таусылмайтын әкімшілік кедергілері де және оны жария ету үшін құжаттар жинау да болады, бола бермек.

Оған қосымша істі енді-енді бастаған кәсіпкерлердің осы бизнес туралы білімдерінің жоқтығы болып табылады.

Ұйымдастыру идеясы, шамамен, көптеп, мыңдап саналады: шағын-өндіріс (терезе, жиһаз), бір нәрсені жөндеу, көлік жуу, шиномонтаж, көлікті сырлау, сауна, монша, мереке тойлайтын орын, дүкеншік, шағын-балабақша, нақты білім беретін курстар, аквариумдер үшін балдырларды өсіру, қояндарды, құстарды өсіру, жемістерді-көкөністерді өсіру. Талай істердің есімдері бұл тізімге енген жоқ.

«Жеке үйден қандай бизнес ашуға болады?», — деп Интернетке салмақты сұрақ қойсаңыз, толымды, тұщымды жауап аласыз. Барлық әзілкеш ұсыныстарды және атап өтуге болады, мәселен, «Самогон қайнату» немесе «бордель» сияқтылар өте тартымды варианттар. Бүкілі сондай күрделі емес қарапайым, тек ынтамен шын жүректен жұмыс істеу керек, сонда бәрі оңғарылады. Тағы бір ұнамды ерекшеліктер: орташадан жоғары жалақы, үйдегі жұмыстар, басшылықтың болмауы, еркін әрекет ету, өз қалауымен уақытпен есептесу мүмкіндіктері және жетістікке тікелей қызығушылық.

Істің ең күрделісі — қызмет бағытын нақты анықтау және әрекеттің жоспарын тиянақты әзірлеу. Қалай айтсақ та, көңілге күн ұялататын, бойға күш-қуат беретін бұл нағыз тартымды тірлік, бөлік.

 «Нұр Отанның» ақыл-кеңестері

Франция, Ұлыбритания, Германия мемлекеттерінде кіші кәсіпкерлер елдің ЖІӨ-інің 40-50%-ын береді. Бүгінгі таңда жалқаулардың күні емес, оны дамыту, өркендету керек және көмектесу керек. 2011 жылы «Нұр Отан» партиясы «Жанұялық бизнестің 100 түрі» атаумен бағдарламаны жарыққа шығарды. Өздерінің ісін ашу үшін жеке үйді қалай пайдалану керектігі туралы мұнда мәлімет жоқ. Бірақ, бұл бағдарламада көрсетілген ойлар оған сәйкес, сай келеді. Мысалы, ауылдық мекеннің артықшылықтары мынадай: әдемі бүлдіргендерді, құлпынайларды өсіру, азық-түлікті, шалқамдарды, күнбағыстарды, қақтамаларды және тағы басқаларды нақты құлпырту мәдениетін биікке көтеру. Қалалық мекендерде тұратындар үшін қайшы-пышақтарды, құрал-саймандарды қайраумен, көктерді өсірумен және жеке балабақшаны, шеберханаларды және тағы басқаларды сауатты да салауатты ұйымдастырумен айналысуға дұрыс бағыт көрсетіліп, ақыл беріледі.

Барлық көрсетілген игілікті жұмыстар үшін жеке үйдің аймағында емін-еркін пайдалануға болады. Мұндай жылжымайтын мүлікті иеленудің пайдасы — кәсіпкер жалға ешқандай ақы төлемейді. Саудалық мақсатта ғимаратты пайдалану көптеген азаматтардың түсіне де кірмейді. Сонымен, жалпы, шығындалатын бөлік үшін (қолайлы алаң іздеу), бірінші кезекте уайымдап, бас ауыртылмайды. 

Еркін жоспарланған пәтер: жағымды және жағымсыз жақтары >>>

Осынау байламды, пайдалы бағдарламамен жан-жақты нақты жұмыс істеген редакция алқасы партияның басқарушы хатшысымен, еңбек және әлеуметтік қорғау министрімен, мәжілісмендермен біріге отырып, оңды шағын-өндірістік процестерін жазуға ат салысты. Мысалы, ұлттық асхананың өнімдерін тиянақты әрі ыждағатты дайындау туралы бизнес-идеясы. Цитат: «Сары маймен талқанды дайындау үшін 100 г тары, 100 г сары май керек. Әрі қарай рецепті және экономикалық есептеулер жазылады: «жент үшін — 1 кг талқан (бидайды ұсақтау) = 400 теңге, 200 г қант, 500 г сары май = 500 теңге, сонымен қатар жүзімдер мен дәндерді тәптіштеп сапалы әрі сауатты қосуға болады».

Сонымен көптеген орындар бойынша. Мысалы, жеке тәтті тағамдар сататын орынды ашар кезде қамыр илеу үшін қандай миксерлерді пайдалануға болады? Бірақ, осындай ақпараттарды өз бетінше табу қиын емес. Оның үстіне бір қамырдың түрінің он түрлісін жасау араластыру тәсілі — жеке ғылым. Бағдарламада барлық рецептерді жазу мүмкін емес ғой.

Бірақ, онда мыналар жоқ — өзінің бизнесін қалай жария рәсімделетіні, қандай құрылымнан кеңес алынатыны, қандай құжаттар керектігі және оларды қандай мемлекеттік ұйымдарда рәсімдеу қажеттігі. Егер рұқсат берілетін инстанцияларда кәсібилік болмаса, сыбайлас жемқорлық орын алса сауатты түрде не істеуге болады? Істерін енді-енді бастаған бизнесмендер ЖК-ті салық комитетіне тіркесе толық жететіне, шаруаның біткеніне сенімді. Архитектурамен, қалалық әкімдікпен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен және де ТЖ департаментімен, басқа да инстанциялармен (бизнес түріне байланысты) келісуден өту керектігін кейбіреулер білмейді. Бұл тесті араластырғаннан орасан күрделірек болады. Кәсіпкер заңдардың барлығын өзі оқып-тануы, білуі қажет және рұқсат берілетін, бақылайтын процедураларға байланысты даулардың басы-қасында өзі жүреді.

«Болмаған жағдайда» дүкеншік

Өз үйіңде дүкен ашу — ең көптеп кездесетін тірлік ойы. Дегенмен, бұл жаманшылықтың нышаны емес. Жеке үй жақын төңіректе үлкен дүкендер жоқ жеке алаңда орналасқан. Сондықтан адамдардың легі мұнда көп болмайды. Бүгінгі таңда супермаркеттерден бір аптаға жетерлік заттар сатып алынады, тек ұсақ-түйектерді қожайын күн сайын сөмкесіне салады: нан, сүт, май, қатық және тағы басқа күнделікті азық-түліктер. Мұндай дүкеншіктерде басқа да ұсақ-түйектер мол сұраныспен пайдаланылады: тұрмыстық химия, жеке гигиена заттары, балалар үшін ойыншықтар, кеңсетаурлары немесе ине-жіптер. Жеке үй — бұл тағы жер участогы, сондықтан мұнда бақшалық-саяжайлық инвентарды, тыңайтқышты, тұқымдықты, жемді және хайуандар үшін нәрселерді сатуға болады.

Қарағандылық Қайша Тәжібаева өз үйінің бір бөлмесінен дүкеншік жасады. Бұрынғы «Қайрат» дүкені ұлдарының жатын бөлмесінде болды. Балалары бөлмені бизнес жасап икемдеуді өздері апасына айтты. Қайша Айтманқызы бұрынғы математика мұғалімі істі сауда дүңгіршегінен бастады. «Бірақ, тапқан табыс жетпеді, балаларды оқыту керек еді», -- дейді налып әйел. Сондықтан дүңгіршекті дүкенге айналдырдық. Мұндай бизнес ғимаратты қайта жабдықтау мақсатында көп шығынды қажет етпейді.

— Жалға алушылар менен сұрайды: «Адамның көптігі қалай?» — деп.  Мен жауап беремін: — әрбірінің өз тапсырыскері бар. Адамның психологиясы мынадай: бөгдеден алмау керек. Мен осылай істеймін. Бізге бәз-баяғы сатып алушылар келеді. Жалға алушыларға айтамын: тауар өтеді, қорықпаңдар! Ең бастысы ассортимент тәуір тұрса ғанибет. Қымбат болсын, мейлі арзан болсын, таңдау болса тамаша: біреу арзанын, біреу қымбатын қалайды. Тұтынушылармен тіл табысқан дұрыс. Сатып алушының ыңғайына көнген жөн. Менің бір сатушым кісілерден ұсақ тиын алмайды. Мен: «Неге алмайсың?» — деп сұрадым, — тиын да ақша. Тапсырыскерді жоғалтпау үшін бергенін алған абзал». 

Қазіргі күнде Қайша Тәжібаеваның жасына байланысты дүкен шаруасымен айналысуға — тауар әкелуге, сауда жасауға күш-қуаты шамалы. Бірақ, бүгінде «Қайрат» әйелге табыс әкеледі, ол оны жалға береді. «Жалға алушылармен проблема жоқ», — дейді, — біреуі кетіп еді, басқасы 4 күннен кейін келді.

Әлия Ғалилова үйден өзінің азық-түлік дүкенін осыдан 12 жыл бұрын ашыпты. Бұған дейін сауда саласында жұмыс істеген. Жалғызбасты әйел 40 жасқа толғанында, жалақысы өмір сүруіне жетпегендіктен, өз меншіктік бизнесі туралы ойланған. Әйел игілікті ісін қарапайым заттарды сатудан бастаған: картоп, ұн, май. Дүкенде зат ассортименттері біртіндеп көбейген үстіне көбейді, ол тіпті балалардың ұсақ тілектерін орындамаған. Ешкімнен қарыз ақша алмау үшін әр нәрсені ұқыптап үнемдеуге тырысты Әлия Ғалилова. Қысқасы, осындай әрекет істі енді-енді бастаушыларға өнеге деп есептейміз.

— Егер істі тезірек дамытқыңыз келсе, несие керек, бірақ, оның көлеңке тұсы бар, — деп қарапайым түсіндіреді кәсіпкер. — Оны алу үшін пайда түсіретін, адам келіп-кетіп тұратын орын болуы тиіс. Жұмсағанды қайтаратын сенім мол болса абзал. Егер бұлай болмаса, несие төлеп, «құрдымға кетуіңіз» мүмкін.

Қорғалатын аумақ: өз үйіңізді және мүлкіңізді қалай қорғау керек >>>

Малдарды өсіру

Мұнда шығармашылық өрістеу үшін мүмкіндік бар: сиырлардан, шошқалардан, қояндардан бастап, мысықтар мен иттерден аяқтағанда. Кейбіреулер тіпті түйеқұстарды бағумен шұғылданады.

Бизнестің бұл түрінің күрделілігі оның шығыны мен маңызында жатыр, мал шаруашылығын жан-жақты жете меңгеру керек. Дүкенде сауда бұған қарағанда тым жеңілірек. Оның үстіне тәжірибелі фермерлер кіп-кішкентай шаруашылықтың табысты мол әкелмейтініне сенімді. Ол жәй қосымша кіріс көзі болуы мүмкін, болмаса жанұя үшін азық-түлік (сүт, ет, жұмыртқа).

Қарқаралы ауданының фермері Бақытжан Омаров сиыр мен қойды көбейтумен айналысады. Оның шаруашылығы айтарлықтай, айналымның 70 пайызы шығынның орнын толтырады екен: жем сатып алу, жұмысшыларға жалақы және салық төлеу. Үстіміздегі жылы іскер кәсіпкер шығынға батыратындықтан, ұсақ малдарды ұстаудан бас тартып отыр. Оған көп шөп кетеді екен, ең басты мәселе — бақташы табу. Бақытжан Омаров сиыр бағуды пайдалы деп есептейді, тек қалалық жағдайда емес.

Қазақстандық баспана

Дариға Ыбыраеваның жоғары білімі бар және де өмір бойына қаржы-экономикалық бөлімінде шебер маман болып үзбей жұмыс істеді. Кенеттен жұмыссыз қалған сәтте өзінің бай тәжірибесімен және мол білімімен далада қалмайтынына сенді. Бірақ, уақыт өте бара жұмыс іздеуі түк нәтиже бермеді.

— Міне, мен не істеу керек екенін білемін, — дейді ол. — Ақша деген тоқтамай суша ағады, Интернетке кірдім, аз шығын жұмсалатын бизнес варианттарын талмай іздеуді бастадым. Түрлі ақпараттар көп болды, іздедім, ақылдастым, аз шығындық және өз-өзін өтейтін іс — тұрғын үйді жалға беру деп ұқтым, түсіндім. Сосын ойландым — менің моншам бостан-босқа тұр!

Дариға Ыбыраеваның моншасының негізі бар: бөлмесі, әжетханасы душымен, саунасы. Жалпылама, ол құрылыс жағынан көңілге қонады. Әйел құрылысшыларды шақырды, олармен бірге шағын үйін жөндеудің қанша тұратынын есептеп шығарды. Ақырында шығын 2-3 айда өтеледі екен.

Ғимаратты ретке келтіремін дегенше кәсіпкер қажеттерді әдебиеттерді жалықпай оқып, миына тоқыды: өз тұрғын үйін қалай жарнамалауға болады, тапсырыскермен қалай сөйлесу керек, соңында алаңды күнбе-күнге емес, ұзақ мерзімге жалға беруді ойластырды. 

Дариға Ыбыраева өзінің ең алғашқы табыстарын бірден кідірместен ғимаратты жаңартуға жинақтады: жаңа жиһаз сатып алды, кір жуғыш машинканы иеленді.

Жерді қалай сатып алу керек >>>

— Қонақжай үйді жалға бергеннен кейін оның кіріс көзі екенін ұқты. «Менде тағы екі тәуір ғимарат босқа тұрды: жаздық асхана және ағаш шеберхана. Ақша түсе бастағаннан оларды жөндеуге кірістім, ол жаққа су мен жылу келтірдім. Міне, біртіндеп менде қонақжай бизнес түрі пайда болды». 

Мұндай «қонақ үйлер» Алматыда және бас қалада кеңінен етек алған (әсіресе, базар маңындағы жеке үйлерде). Астанада осындай шағын қонақжай үйшіктерді үлкен үйді жақсы күйде ұстап тұру үшін жасайды.

Дариға Ыбыраева оның мекемесіне табыс жүріп-тұруға тәуір жағдайдың жасалуымен және қолайлы бағаның арқасында келді деп санайды. «Қалада мұндай сомаға, — дейді ол, — күйі тайған пәтерлерді ұсынады». 

Жеңіл буыңызбен!

Болат Иманов өз үйінің аймағына әдемі монша салды. Оның бизнесінің тарихы коммуналдық қызметпен дауласудан басталды. Бұл еркекте екі жер учаскесі болды, оған суды қосу үшін бірдей техшарт беруден бас тартылды. Жердің қожайыны бір адам болғанына қарамастан екі құжаттың рәсімделуін талап етті олар. Болатқа техшартты бірлестіруге болатынын жылдам түрде хабарлады, дегенменен, оны бақандай үш ай күту керек екен.

— Олармен енді байланыс жасамау үшін бардым да, ақысын төлеп, өзіме скважина жасап алдым. Жұмсалған ақшаның орнын толтыру үшін монша салдым, жаман емес, ол табыс әкеле бастады. Сұранысқа ие болды. Әсіресе, маңымдағы үйлерде су тоқтағанда, моншаға кезек көбейеді. 

Бизнес негізінен адамның меңгеретін, білетін саласынан бастау алады. Еркектердің арасында, мысалы, автокөлік жағдайын жасау қызметі өте кең тараған. Жеке үйлердің гараждары шиномонтажға, ТҚС-на пайдаланылады. Қарағандылық Дмитрий Сикольский көлікті сырлаумен шұғылданады. Бар тапсырыскерлері — оның таныстары. Дмитриге оның қызметі арзан болғаны үшін және әр көлікті балаша күткені үшін көп адам топырлап келеді екен. Бұл жұмыстың бір қолайсызы — сырдан шығатын химиялық жағымсыз иістің болуы. Үлкен ТҚС-да жабдық мол, бірақ, Дмитрий әлі құрал-саймандарын толықтаған жоқ.

Жеке балабақшаны ашып, нақты жұмыс істеу бизнесінің болашағы зор. Кейбір балаларға балабақшада орын болмайды, өйткені, өз кезектерін күтуге кейде сабаудай 4 жыл кетеді. Жеке үйді балабақшаға ыңғайлауға әбден болады. Бірақ, бұл шығынға шашетектен батырады. Себебі, балалар мекемелеріне талап өте қатаң қойылады: тамақ блоктары, ұйықтайтын орын, бет жуғыш, әжетхана, қыдыратын мекен және басқалар сақадай-сай болуы керек. Басқа да варианттарды ойластыруға болады, мысалы, мектепке дейінгі орталық — мұнда балалар толық күнді өткізбейді, талап анау айтқандай мықты емес. 

Көлеңкеден шығу

Өздері туралы толыққанды айтуға келіскен кәсіпкерлердің көпшілігі өз бизнестерін арнайы жүргізбейді екен. Оның себептері жетіп артылады. Мысалы, үйін жалға беретін Дариға Ыбыраева салық комитетінде ЖК ашады, ал, қайта жабдықтауды (моншаны, жаздық асхананы, ағаш шеберхананы қайта салу) заңдастырмады.

— Егер мен несие алу үшін банкке жүгінгенімде, құжаттарды толтыру барысында, мысалы, бұның бәрін жасау керек деп ойлаймын. Әсіресе, сату немесе айырбас мәселесі көтерілгенде. Келешекте дүкенмен айналысқанда заңда көрсетілген барлық ережелерді оқып білемін. Мәселені ойластырып шешсем, қиындықты жеңемін, іспен шұғылдануды бастаймын. Бірақ, мемлекеттік ұйымдар кедергі жасайды деп қауіптенемін. Бізде қалай? Бизнес бар жерде, демек, ақша бар. Мүмкін, сен соңғы ақшаңды салған боларсың, олар оған қарамайды. 

Дариға Ыбыраева оның қонақжай үйшіктері орналасқан жерді тұрғын үй қорынан ауыстыруды білмейді екен. Ол үшін жергілікті әкімдіктен міндетті түрде рұқсатнама алу қажеттігі және бар.

Монша қожайыны Болат Иманов та тек салық комитетіне тіркелген. Ол моншасы ойып орын тепкен жерді мақсатты бағытпен заң бойынша өзгерту керектігін біледі. Алайда оны әлі жасамаған. 

— Біздің ауданда жердің бір шаршы метрі шамамен 4000 теңге тұрады. Моншаның жері менде 100 шаршы метрді алып жатыр. Сонда бас-аяғы төрт жүз мың ақы төлеуім қажет. Заң бойынша жерге төлемақыны бөліп төлеуге болады екен. Бірақ, мен білемін, әкімдікте маған айтады — болмайды деп! Мен заңсыз жұмыс істеуге бел будым. Алдымен ақшаны молдап табу керек, сосын кез келгенді сатып алуға болады. Мен айыппұлдардан қорықпаймын. Бүгінде инстанцияларға барғанша, заңсыз құрылыс үшін айыппұл төлеген қолайлы. Онда 50 АЕК-тен басталады. Көп болмаса, аз емес сонша соманы арнайы рәсімдеу үшін құрылымда отырған адамдардың қалтасына саласың. Егер бәрі оңтайланса, істің тездетілгені үшін де бір нәрсе төлейсің. Қысқасы, мен бұдан бас тартпаймын, бәрібір айыппұл төлеген пайдалы.  

Болат Иманов қала бойынша көптеген моншалардың құжатсыз жұмыс істеп жатқанын білетінін айтады. Оның үстіне тағы техшартты бергені үшін коммуналдық қызметке ақы төлеу керек. Бұл тек бәрі арнайы ашық жасалса. Бірақ, коммуналдық ұйымындағылар білдіріс жасайды — техшарттар тегін беріледі екен. Алайда, әрбір кәсіпкер айтады: қосуға рұқсатнаманы күтіп, өзегің талады. Одан да «сыйлық» ұйымдастырсаңыз, техшарт бірден қалтаңа түседі. Түрлі мәліметтерге сүйенсек, Қарағандыда суды қосу үшін 65-70 мың, жарық үшін — бір киловаттқа 65 мың төленеді екен. Болат Иманов жеткілікті қаражатты жинаған соң, «көлеңкеден шығуға» дайындалып отыр.

Авто көліктерді сырлайтын Дмитрий Сикольскийдің ЖК-і тіпті салық комитетінде тіркелмеген:

— Мен жария түрде жұмыс істемеймін, өйткені, менің ісімнің көлемі анау айтқандай көп емес. Мұның бәрін рәсімдеу өте күрделі. Одан да тыныш қана таныстарыма қызмет жасасам жетіп жатыр. Рәсімдеудегі қиындықты сезінгенде, маған шенеуніктер жергілікті жерде бизнестің дамуын қаламайтындай көрінеді де тұрады. Өзіме жарнаманы адамдар арқылы таратамын: егер бәрі сапалы болса, тапсырыскерлер өздері топырлап келеді. 

Дүкендердің қожайындары Қайша Тәжібаева мен Әлия Ғалилова өз объектілерін осыдан он жыл бұрын рәсімдегенін қоса айтқым келеді. Оған олардың бір жыл уақыты жұмсалды. Екі әйел де бизнеске жолағандарына өкініш те білдірді. Алайда, сосын барлық ауырлықтар артта қалған кезде істері табыс әкеле бастағанда, бұрынғы ойларынан тез айныды.

Қайша Тәжібаева:

— Кәсіпкерлер көлеңкелерінен қорықпасын, ойға алғанын іркілмей бастау керек. Бүкілін рәсімдеу оңай шаруа емес, шыдамдылық пен қаражат қажет. 

Әлия Ғалилова:

— Бұл психологиялық жағынан қиын. Алайда, заңға қарсы шыға алмайсың: оларға бәрібір құжатты рәсімдеуің керек, ешқайда қашып кету жоқ. Біз кәсіпкерлер сабырсызбыз, бәрі жылдам істелсе дейміз.

Бизнес ақыл-кеңестері

Барлығы бизнестің түріне байланысты. «Егер бұл мектепке дейінгі мекеме болса, онда бұл кәсіпкердің нақ «әкесі мен шешесі» санитарлық-эпидемиологиялық дәрігерлер, өрт сөндірушілер, білім ұйымдары болады», — дейді мамандар. Яғни, осы құрылымдармен бизнесмен мықты тіл табысуы тиіс. Әр қызметтің өз нұсқауы мен өзгешеліктері бар. Бірақ, ісін енді-енді бастаған кәсіпкерге белгілі бір ұйым ақыл-кеңес беруі ықтимал. 

Кәсіпкерлер ассоциациясы. Ол әр қалада бар. Барлық ассоциацияларға түсініктеме алу үшін біз хабарласқанымызда, олар бір ауыздан әрқашан ұғындыруға және оң бағыт көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Оның үстіне қандай да бір кезеңде кәсіпкердің құжаттары тоқтап қалса, бұндай ұйымдар көмектеседі екен. Егер сізге бір ассоциация жәрдемдеспесе — басқасын іздеңіз. Олармен байланыс жасаудың мағынасы бар, өйткені, кәсіпкерлерге қолдау жасау — олардың тікелей міндетті істері.

Әділет Министрлігінің ақпараттық Call-орталығы. Бұл әрекеттің мақсаты — мемлекеттік қызмет туралы барынша көп қолжетімді ақпарат беру. Сіздің құжатыңыз рәсімдеудің қандай кезеңде жатқанын айта аламын. Біртұтас тегін нөмір 58-00-58. Барлық облыстық қалаларда және Алматы мен Астанада жұмыс істейді. Расында, сөйлесу уақыты шектеулі — 10 минут. Хабарластыңыз, тексердіңіз, қызмет жасалады екен. Сіз квас сатуды бастағыңыз келетіні және жеке үйде білім орталығын ашуды қалайтыныңыз туралы сұрақтарыңызды қойдыңыз ба? Бірден кеңес беріліп, іс оңғарылмауы мүмкін, алайда, шыдамдылық танытып, мәселе жөнінде ақпарат алуыңызға болады.

Аудандық және қалалық әкімдіктердегі кәсіпкерлік басқарманың бөлімдері. Бұл бөлімдердің нақты өкілдері бизнес ашуға қатысты барлық, бүкіл мәліметтерді жан-жақты білулері тиіс.

Мемлекеттік ұйымдардың арнайы сайттары. Мұнда әркез, әрдайым заңдардың, қаулылардың, актілердің мәтіндерін тез табуға болады. Мысалы, ішімдікке лицензияның қалай рәсімделетінін, арнайы ұйымдар қандай мерзім аралығында жауап беруге тиіс екендіктерін және тағы басқа мәселелерді білуге болады. Интернетте юристер тегін кеңес беретін сайттар көп. 

Бизнесті тіркеудің барлық сатыларын тізбелеп жазу мүмкін емес, бірақ, кейбір маңыздыларына тоқталуды жөн санадық.

Егер де жеке үйдің аймағында саудалық объектілер (сауна, шиномонтажка, дүкен) ашылатындай болса, онда міндетті түрде жерді тұрғын үй қорынан нақты ауыстырған дұрыс болады. Мысалы, балабақшасымен бірге үй жалпы 500 шаршы метрді алып жатыр делік, ал, бір бөлмені сіз дүкен қылғыңыз келеді. Осы жер учаскесіндегі бөлмені басқаша етіп мақсатты белгілемеде өзгерту керек. Бұл дегеніңіз, техпаспортты қайтадан жаздыру керек. Бұрын ол 500 шаршы метрді алып жатты, енді, мысалы, 450 метр болады (бір бөлме кем). Ол алғашқыда сенікі болса да, дүкен орналасқан жерді қайтадан сатып алу керек. Бұрын ол тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылды, енді саудалық мүдде үшін сатып алынады. Мақсатты белгілемеде өзгерту үшін сәулет ұйымдарына (әкімдіктегі) міндетті түрде хабарласып жүгіну керек.

Салық ұйымдарына қалай дұрыс тіркелу керектігіне тиянақты талдау жасаңыз: ЖК, ЖШС немесе патент. ЖК-мен мәселе қарапайым көрінеді, негізі олай емес. Бизнес формасының осындай түрі (ЖК)  бухгалтерлік есептеу жүргізу міндеттемесінен кәсіпкерді босатпайды. Заң бойынша жеке кәсіпкер мемлекет алдында өзінің жеке мүліктерімен, ал, ЖШС-тің қожайыны — тек ғана активтерімен және компанияның жарғы капиталымен жауап береді. Бұл өте орасан айырмашылық.

Бизнесті бастамас бұрын сіздің әрекетіңізді салық комитетінен басқа тағы қандай ұйымдар бақылайтынын анықтап алыңыз. Мысалы, әрбір ғимарат нақты санитарлық мөлшерге сай болуы керек. Кейін екі жұмыс қылмау үшін жөндеу мен қайта жабдықтауды жасау мақсатында олардың бәрін оқып білгеннің артықтығы болмайды.

Өзіңіздің қалаңыздың коммуналдық қызметіне хабарласыңыз. Заңды тұлға болғаннан соң, су мен жарық энергиясына басқа тарифпен төлеу белгіленеді. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеудің, қосымша құралдардың монтаждық есебінің нақты қажеттілігінен тасып-түсіру есептемесі жүргізіледі.

kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Гаражды жалға беру: келісім шартты қалай құруға болады?

Үй жанындағы аймақтың шекарасы қайдан аяқталады?

Қайта жобалау, қайта құру және тұрғын үй қорынан пәтерді шығару

kn.kz
>
Статьи