Сенімді банкті қалай таңдауға болады?

Біздің сенімге жарнама салғандай сенімді банкті таңдау оңай емес. Алдымен, сізге не керек екенін білген дұрыс: салым салу ма, несиеге немесе ипотекаға алу ма?

Әрбір банктің әлсіз және мықты тұстары болады. Сіз мақсатыңызды жан-жақты анықтағаннан кейін қолайлы нұсқаны іздеуге кірісу керек. Банкті таңдай отырып, мұндай ерекшелікке нақты назар аударыла ма?

Рейтинг және қаржылық есептеме

Рейтинг және қаржылық есептеме сияқты көрсеткіштер сіз таңдаған қаржылық институттың сенімділігі туралы да куәлік жасайды. Банктердің арнайы сайттарында жарияланған қаржылық есептемелерді негізге ала отырып, олардың да жағдайлары туралы дәйекті ақпарат жинау қажет. Мұндай ақпаратты «Қаражатқа есеп берушілік», «Есеп беру» немесе «Аналитика» тарауынан табуға болады.

— Банкті таңдаған уақытта оның рейтингтік агенттікпен (дұрысы халықаралық дәрежеде мойындалған) нақты бағаланғанына, инвестициялық дәрежелік рейтингінің (Ұлттық банк банк-мүшелерге үздіксіз тексеру жүргізіп отырады да) бар екеніне көз жеткізіңіз, — деп те түсінік береді Қазақстан институты экономика менеджменті және де жобалаушы құқы (ҚИЭМЖ) бойынша профессорының ассисенті Кристофер Нгуен. — Аудиторлық ақпарат Ұлттық банктің сайтында орналасқан. Банкті таңдау кезінде депозиттерді сақтандыру ерекшелігіне, қаржылық жағдайының рейтингіне және банк өткізген ағымдық қаржылық аудитіне жан-жақты көңіл бөліңіз.

Әдетте, қаржылық жағынан тым тұрақты мекеме борышкерлерді алдап, арбап, өздеріне тартпайды, керісінше, олар өздерінің сайттарында да немесе ақпараттық қабырғаларында да барлық қажетті ақпараттарды ашықтан-ашық жеткілікті түрде орналастырады. Егер қандай бір себеппен мұндай ақпаратты жұртқа жеткізе алмаса, демек, онда қаржылық проблема бар, сондықтан олармен байланысып, іс қылудың қажеті аз.

Бірақ, осы және де басқа банктің сенімділігін тексерудің мұндай тәсілі қаржы саласындағы майталмандарға тура келеді, өйткені, олар құжатты қарап, ешқандай қиындықсыз банктің қарызы, активтер және басқа да маңызды көрсеткіштер туралы тиісті қорытындылар жасайды.

Пайыздық ставкалар

Жекелеген кейбір банктердің барлық жағынан мықтырақ екенін, демек, онда депозит бойынша тәуір ставкалардың және несиелеу үшін төмен пайыз бар екенін  еш ұмытпау керек.  

— Банктердің әлсіз және мықты, жақсы тұстары болады. Көптеген банктер жаңа салымшыларды молынан тарту мақсатында өздерінің клиенттеріне қызметтің барлық түрлерін жасауға бүкіл жан-тәндерімен тырысады. Депозиттік ставкалар (пайыздық ставкалар) туралы тілге тиек ету банктің қаржылық жағдайының көрсеткіші болып табылады да. Банкте депозит ашатын клиенттердің саны артқан сайын оның несиелік  портфелі жоғары болады, табыстары молаяды, ол жоғары ставкаларды да емін-еркін ұсына да алады. Кейбір банктер жаңа клиенттерді тарту үшін жоғары депозиттік ставкаларды ұсынады. Бұл клиенттер үшін жақсы, бірақ, қаржылық мәселені шешуде банктің тұрақты екеніне мықтап көз жеткізу қажет, — деп түсінік береді профессор.

Банктің салымдарды міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы екенін тиянақтап анықтап алыңыздар. Бүгінде « Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ы кепіл беретін салымның ең жоғары сомасы бір банктегі бір салымшыға, нақтылы 10 миллион теңгені құрайды.

Банктің «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ы салымдарды міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы екенін анықтап алыңыздар.

Бедел

Әрине, қазіргі таңда өз-өзін құрметтейтін әрбір банкте кез келген тығырықтан жол тауып шығып кететін жарнама бойынша менеджерлердің мол штаты болады. Сондықтан ақпараттарды жинауға кіріскен уақытта салымшылар теріс және оң тұстарды емін-еркін, ашықтан-ашық жазатын тәуелсіз форумдарды нақтылап білуге көңіл бөліп тырысыңыз. Достарыңыздың өз ақшаларын қайда сақтайтынын біліңіз.

Орасан ірі көлемдегі жарнамалық акциялар көбінесе мол ақпаратпен, қаржылық терминдермен және цифрлардың көптігімен әлеуетті салымшыларды шатастырып қатырып жіберетінін есте ұстаңыз. Сонымен қатар жарнамаға сақтықпен қарау қажет.

— Барлық банктер тынбай жарнама жасайды және өздерін өз беттерінше «сатады». Қаржылық жағынан қарағанда, бұл тәуір немесе жаман банктің кепілі және көрсеткіші болып табылмайды. Ең жақсы банктер клиентерінің ақша қозғалысының қауіпсіздігіне, банкті оңай пайдалануға және мықты қызмет етуге көңіл бөледі. Дәл осындай жәйттарға жан-жақты назар аударған дұрыс, — деп санайды Кристофер Нгуен.

Суасты тастары

Несиені алу мақсатында банкті таңдар кезде сізден құжаттардың ресімделгеніне комиссия алмайтынына мықтап көз жеткізіңіз, ал, егер оны алған жағдайда сомасын біліңіз. Мерзімінен бұрын қарыз жабу туралы ақпаратты да міндетті түрде біліңіз. Сонымен қатар несиені қайда төлейтініңізді анықтаңыз. Бұл мәселеде сізге қолайлы мекен болғаны дұрыс, өйткені, сіз ай сайын ақы төлейсіз. 

— Маркетингтік кампаниялардың банктің қызметінің тек қана жақсы, тәуір жақтарын көрсететінін есіңізде ұстаңыз, — дейді Кристофер Нгуен. — Әрбір клиент банктік есептеме бойынша комиссиялық жинақтаулар, транзакция бойынша комиссиялар, басқа банктердің банкоматтарын пайдалану, кассирдің қызметін пайдалану, несие бойынша мерзімі өткен төлем, несиені мерзімінен бұрын жабу, құжаттарды реттеу және т.б. сияқты банктің қаржылық қызметтерін сізге анықтап білу қажет. Аталған комиссиялар ашылып айтылмайды да, ал, клиенттер олардан  хабарсыз болып шығады. Банктер кеткен шығынның орнын толтыруға тырысады — жалақы төлемдері, маркетингтік және жарнамалық шығындар. Оған белшеден батпау үшін олар әрекетке барады.Табысты табудың айтарлықтай қайнар көзі, ұтымды тәсілі — комиссияны қайта бағалау.

Әрбір клиент банктік есептеме бойынша комиссиялық жинақтаулар, транзакция бойынша комиссия, басқа банктердің банкоматтарын пайдалану және басқа комиссиялар сияқты банкінің қаржылық қызметіне назар аударуы тиіс.

Банк проблемаларының дабылды белгілері

Банкте болуы ықтимал проблемаларды қалай тиянақтылап бір түсінуге болады? Профессор Кристофер Нгуен төмендегідей дабылды белгілерді нақ ұсынады, бұлар үлкен проблемалар туралы жеке-жеке хабардар етпеуі әбден мүмкін, бірақ, тиісті қорытындылар шығаруға көмектеседі.

Рейтингтің төмендеуі

Moody’s и S&P сияқты компания банктердің несиеге қабілеттілігін (қаржылық тұрақтылығын) бағалайды. Рейтингтік агенттікті пайдаланудың басты кемшіліктерінің бірі олардың банкті бағалауды нақты бір уақытта өткізетіні, сондықтан мәліметтердің ескіретіні болып табылады.

Ешбір себепсіз несиеден бас тарту

Бірақ, несиеден бас тартудың заңды негізі болуы мүмкін, мысалы, борышкердің тарапынан жаман несиелік тарих болады.

БАҚ-тағы дабылды хабарлама

Олар тек сенімді қайнар көздерден алынса, тым пайдалы болады. Тек мемлекеттік өкімет органдарына немесе банк өкілдерінің жазған арыздарына сену керек.

Ұлттық банктегі қарыз беру дәрежесінің өсуі

Бұл дегеніңіз банктің қаражатты қажет ететінін, жеке өзінің талабын қамтамасыз ету үшін резервтерінің жоқтығын нақтылы білдіреді. Аталған белгі өте, тым көрнекті болса да, мұндай ақпарат әрқашан да жұртшылыққа толыққанды жете бермейді.

Ақшаның санына күтпеген шектеудің қойылуы

Клиенттің алатын немесе бір жаққа аударатын нақтыланған сомасына аяқ астынан шектеу қойылады, яғни, адам кенеттен толық көлемде емін-еркін өзінің жекебасты қаражатын пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

Kn.kz ақпараттық қызметі

Подождите, идет загрузка ...