Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

ҚТҚЖБ-нен кейіннен сатып алу арқылы жалдау: шарттары және есеп айырысу

Қазақстанның kn.kz жылжымайтын мүлік туралы порталының «Сұрақтар мен жауаптар» айдарына күнсайын түсіп жатқан сұрақтардың көпшілік бөлігі мемлекеттік бағдарламаның аясында жүзеге асырылатын, жалға берілетін тұрғын үйге қатысты. Қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында мыңдаған қазақстандықтар үшін үй сатып алу қол жетпес арман болып отыр. Міне, осы тұрғыдан алғанда тұрғын үйді кейіннен сатып алу арқылы жалдау — пәтер мәселесін шешудегі мемлекеттен  беріліп отырған нақты балама.

«Жалдау» деген сөз азаматтарда жағымсыздау ой тудырады. Ай сайын біреуге тектен-тек ақша беріп отыру, шын мәнінде алғанда, ақшаны желге ұшырғанмен бірдей. Одан да ақшаны біреуге емес, өз игілігіңе беру үшінипотека ресімдеген дұрыс, деп ойлайды кейбіреулер. Алайда қарыз алушыға қойылатын, жыл өткен сайын қатайып келе жатқан талаптар  ипотеканы жылжымайтын мүлік сатып алудың оңайлықпен қол жетпейтін құралына айналдырып отыр.

Ал егер жалдық төлемдер депозитке аударылып, әрі жинаққа пайыз есептелетін болса ше? Яғни ақша тектен-текке кетпейді, керісінше бірнеше жылдан кейін жалға алушының меншігіне өтетін, тұрғын үйге салынады. Біз жан-жақты қарастырайын деп отырған, ҚТҚЖБ арқылы жалдамалы тұрғын үйді өткізу механизмі тап осындай болады.

Жалдамалы «шаршы көлемдерді» өткізу шарты

Мемлекет алғашқы жалға берілетін үйлерді 2014 жылы пайдалануға берді. Бағдарламаға жергілікті атқару органдарында (ЖАО) есепте тұрған, азаматтар, яғни мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке тұрғын үй қорындағы ЖАО-мен жалданған, тұрғын үйге мұқтаждар қатысты. Сондай-ақ, жалға берілетін, «шаршы көлемге» ЖАО-да есепте тұрмағандар да үміткер болды. Жалға берілетін тұрғын үй «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» және «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жүзеге асырылады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының кеңесшісі Ажар Абдрахманова айтқандай, банктен жалдамалы тұрғын үй талап ету үшін жас отбасының тұрғын үй құрылыс жинағының болуы міндетті емес. Бірақ егер олардың депозиті болса, және де жинау мерзімі 2,5 айды құраса, онда банк төлемқабілеттілікті автоматты түрде растайды.

Қалғанының барлығында қатысушыларға қойылатын талаптар мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға үміткерлерге қойылатын, жалпы талаптардан еш ерекшеленбейді:

  1. Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы немесе оралман мәртебесі болуы тиіс.
  2. Азаматтың және онымен бірге тұрып жатқан отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылдың ішінде және өтініш берген кезде Қазақстанның аумағында меншікті, не кейіннен сатып алу құқығымен жалдаған тұрғын үйі болмауы тиіс.
  3. Астана және Алматы қалаларынан тұрғын үй алу үшін бағдарлама қатысушысы соңғы 2 жыл бойы осы қалаларда тіркеуде тұруы тиіс.
  4. Төлемқабілеттілікті растау қажет.
  5. Қатысушы «жас отбасы» санатына, не халықтың келесі санатына жатуы тиіс:
  • көп балалы отбасы;
  • толық емес отбасы;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы;
  • жетім балалар;
  • ата-ана қамқорлығынсыз қалған, балалар;
  • оралмандар;
  • мемлекеттік қызметкерлер; 
  • әскери қызметшілер;
  • арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  • бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Бұл бағытқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын, құжат;
  • неке қию (некенің бұзылуы) туралы, ерінің/әйелінің қайтыс болғандығы туралы, балаларының тууытуралы куәлігі, өтініш берушінің некеде  тұрмайтындығы жайлы мәлімдеме;
  • өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында оларға меншік құқығында тиесілі немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
  • өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы мекенжай анықтамасы.

Өтініш екі түрлітәсілмен ұсынылады:

  1. Дәстүрлі — құжаттардың толық пакетімен жергілікті атқару органына, яғни әкімдікке баруға болады.
  2. Онлайн — кезекке тұру үшін құжаттар тапсыру барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі. Аталған мемлекеттік онлайн қызметін  egov.kz порталынан алуға болады. Ол үшін порталға кіріп, қажетті құжаттарды тіркеп және сұранысқа электронды сандық қол қою қажет.

Дағдарыс кезінде жылжымайтын мүлік сатып алуға бола ма? >>>

Өтініш берушінің ай сайынғы табысына қойылатын, талаптар

Egov.kz деректері бойынша өтініш берер алдындағы соңғы жарты жыл үшін отбасының жиынтық ай сайынғы таза кірісі зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және жары мен баласына (балаларына) жұмсалатын ай сайынғы шығындарын есептемегенде мыналар шегінде:

  • ең төменгі — Астана, Алматы қалалары үшін — күнкөріс минимумының ЕТАЖ 4 еселенген мөлшері (79 864 теңге), қалған қалалар үшін –3 еселенген ЕТАЖ (59 898 тенге);
  • ең жоғары — 12 артық болмайтын ЕТАЖ (239 592 теңге)болуы қажет.

Ерлі-зайыптылардың ай сайынғы шығыны бір адамға шаққанда 15 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) = 27 780 теңге, кәмелетке толмаған бір бала үшін — 7,5 АЕК = 13 890 теңгені құрайды. 

Тұрғын үй құны 6 000 000 теңге (тұрғын үй ауданы — 60 ш.м, 1 ш.м үшін 100 000 теңге) болған кезде кейіннен сатып алатын жалдамалы тұрғын үй алудан үміткер, отбасының ең төмен ай сайынғы жиынтық кірісі:

  • 4 адамға (2 ересек адам және 2 бала) — 112 мың теңге;
  • 3 адамға (2 ересек адам және 1 бала) — 87,5 мың теңгені құрауы тиіс.

Қарағандылық тұрғын Әсем Досжан ЖАО-да кезекте тұрмай-ақ, жалдамалы пәтердің иесі болдым дейді. 

— Біз еріміз екеуіміз пәтерді өткен жылы алдық. Бұл Майқұдықтағы алғашқы жалдамалы тұрғын үйлер еді. Құжаттардың қабылданатындығы хабарланған кезде, біз оларды тапсырдық және өттік.

Әсем ері екеуі жас отбасы (26 және 27 жаста), олардың екі баласы бар, құжаттарды тапсырған кезде ері мемлекеттік қызметші болып істеген. Отбасы алған жалдамалы тұрғын үйлеріне риза.

— Біздікі кірпіштен салынған 5 қабатты, 4 кіреберісті үй. Сапасы жақсы, қыста жылы. Инфрақұрылымы жеткілікті дамыған, жанымызда емхана, екі балабақша, мектеп бар, — дейді Әсем.

Жалдамалы «баспана» қанша тұрады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұжырымдамасына сәйкес үміткер алдымен шарт сомасына, яғни нәтижесінде өзі төлеуі қажет болатын, сомаға депозит ашуы тиіс. Содан кейін банк қатысушының төлемқабілеттілігін тексереді және растайды.

«ҚТҚЖБ» АҚ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйдің 1 ш.м бағасы:

  • жайлылығы 4 сыныпты — Астана және Алматы қалаларында 142,5  мың теңгеге дейін, Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 110 мың теңгеге дейін, қалған аймақтарда — 90 мың теңгеге дейін.
  • жайлылығы 3 сыныпты— Астана және Алматы қалаларында 120 мың теңгеге дейін, Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 110 мың теңгеге дейін, қалған аймақтарда — 100 мың теңгеге дейін құрайды.

Жалдамалы тұрғын үйді сатып алу тетігі мынадай түрде жүргізіледі: бағдарлама қатысушысы 8 жыл бойы пәтерде тегін тұрады және тек коммуналдық төлемдерді төлейді. Бұл кезде ол жыл сайын  20% —200 АЕК-тен артық болмайтын сомаға  мемлекеттен сыйақы есептелетін, депозитке ай сайын жарна енгізіп отырады.

8 жыл өткеннен кейін пәтер құнының 50%-ы жинақталған кезде, жалға алушы өзінің қаржылық мүмкіндіктерін салмақтап, ҚТҚЖБ-нің келесі бағдарламаларын таңдай алады:

  • «Кемел» — жылдық 4%-бен 8 жылға;
  • «Өркен» — жылдық 4,5% -бен  5 жылға;
  • «Болашақ» — жылдық 3,5%-бен 15 жылдан 25 жылға дейін.

ҚТҚЖБ-нің кеңесшісі Ажар Абдрахманованың айтуынша бағдарлама қатысушысы жинау және қарыз мерзімін қысқарта алады. Қоныстанар алдында 6 еселенген жалдық төлемнің мөлшерінде кепілдік жарна енгізу қажет.  Жалдық төлем мөлшерін сіздің елді мекен бойынша Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі үйді тапсырған кездің өзінде — ақбелгілейді.

Астанадан жалдамалы пәтерсатыпалуғаарналғанмысал

«Кемел» тарифтік бағдарламасының аясында (жылдық 4%-бен 8 жылға) Астанадан көлемі 80 ш.м., 2 бөлмелі пәтерді кейіннен сатып алу арқылы жалға алудың қаншаға түсетіндігін, нақты мысалда қарастырып көрейік.

Қосымша комиссиялар:

  1. Депозит ашқаны үшін комиссия — шарттық соманың 0,55%- ы (33 000 тг);
  2. Кредиттік өтінімді қарағаны үшін комиссия — 5000 тг;
  3. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру — 0,2% (12 000);
  4. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру — 0, 25% (15 000 тг);
  5. Титулдық сақтандыру — 0,3% (18 000 тг);
  6. Заемды ұйымдастырғаны үшін комиссия — 0,5% заем сомасынан 50%  (ең көбі 100 000 тг);
  7. Қолма-қол ақшамен алғаны үшін комиссия — заем сомасынан 0,5% (ең көбі 50 000 тг);
  8. Сатып алушының есебіне аударғаны үшін комиссия — заем сомасынан 0,3%  (1500-5000 тг).

Астанадағы 2 бөлмелі пәтерді кейіннен сатып алу арқылы жалдау есебі

Пәтер құны

11 400 000 тг

Жинақтау мерзімі

8 жыл

Жалдау түріндегі жинақтау бойынша жарна сомасы

60 420 тг

Заем сомасы

15 жыл

Кредит бойынша өтеу сомасы

60 420 тг

Комиссиялар

308 000 тг

*Есептеулер мысал ретінде берілген және көптеген параметрлерге (пәтердің түпкілікті көлеміне, жинақтау сомасына, тарифтік бағдарламаға) байланысты болады

Жалға алушыны қай кезде шығарып жібере алады?

Егер жалға берілетін тұрғын үйді алушы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 3 ай бойы жарна салмайтын болса, онда мұндай жалға алушы шығаруға жатқызылады.

Егер ол шарттағы міндеттемелерін орындамайтын болса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жалға алушымен жинақталған және/немесе кепілдік жарнадан оның жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін өтемақы сомасын есептеп ЖАО-на аударады.

Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған күнінің әрбір айы үшін 8 жыл бойғы жинақтаған жинақтарының стандартты жағдайларына қарай есептелетін, салымға бір реттік айлық жарна мөлшерінде есептеледі.

Жалға алушыны тұрғын үйден шығару немесе шығуы туралы, соның ішінде ЖАО-на өтемақы аудару үшін тұрған айларының саны туралы ақпарат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі ЖАО-на ұсынылады.

Жалдау шартының және/немесе тұрғынүйқұрылысжинақтары туралы шарттың талаптары орындалмаған жағдайда қабылданатын, шаралар ЖАО-да іске асырылады.

Құрылыс нәтижелері және болашағы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов хабарлағандай, қаржы бөлінетіндіктен, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын тұрғын үй құрылысының жыл сайынғы көлемі тұрақты болып қалады. «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша шамамен 5 мың пәтер тапсырылды және жас отбасылар үшін тағы 2-3 мың пәтер салынды.

2015 жылы қазақстандықтар ҚТҚЖБ желісі бойынша 17 қаладан шамамен 10 мың пәтер алатын болады. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасымен тек ірі мегаполистер ғана емес, Қазақстанның облыс орталықтары мен шағын қалалары да қамтылған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша құрылыс мерзімі сақталған жағдайда, барлығы 570 мың шаршы метр тұрғын үй тапсыру жоспарланып отыр.

Егер кейбір қалалар бойынша жеке қарастыратын болсақ, жалға берілетін тұрғын үй 2015 жылы мынадай мөлшерде пайдалануға берілетін болады:

  • Астана қаласы бойынша — 3, 847 мың ш.м. (72 пәтер) Сарыбұлақ бұлағының бойындағы Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан тұрғын үй кешендерінен;
  • Алматы қаласы бойынша — 10,5 мың ш.м. (138 пәтер) Алатау ауданындағы «Шаңырақ-5» шағын ауданында, 8 мың ш.м. (107 пәтер) бұл да сол ауданда;
  • Қарағанды қаласы бойынша — 4,9 мың ш.м. (108 пәтер) Белинская көшесі, 2 тұрғын үйде.

Бағамның құбылуына байланысты жалға берілетін тұрғын үй құны қымбаттай ма?

Құбылмалы бағамға өтумен байланысты елдің валюталық нарығындағы соңғы оқиғалар тұрғысынан қарастыратын болсақ, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік құны  ең маңызды мәселенің біріне айналып отыр. Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін үйлерді бөлу де қауіп тудырып отыр: мемлекеттен берілетін, «шаршы метрдің» құны бұрынғысынша қала ма, әлде... деген сауал әркімнің көкейінде тұр. 

Ұлттық экономика министрлігі kn.kz порталының сауалына берген жауабында, «мемлекеттің жаңа ақша-несие саясатына өтуімен байланысты қазіргі уақытта бюджеттік қаражаттың есебінен салынып жатқан, тұрғын үй құрылысының бір шаршы метрінің құнының өзгеруі болжанып отырған жоқ. Сонымен қатар өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының аясында инфляцияны ескере отырып, бағаны жыл сайын индексациялау көзделіп отыр», — деп азаматтарды сендірді.

Жалға алушының құқықтарына қандай шектеулер бар?

1. Мемлекеттік бағдарлама аясында 1 бірліктен артық емес жеке меншік тұрғын үй немесе кейіннен сатып алу арқылы алатын тұрғын үй алуға рұқсат беріледі. Осы талаптың орындалуын бақылау тұрғын үйді бөлетін, операторларға жүктеледі.
2. Тұрғын үйді иеліктен айыруға жол берілмейді:

  • кепілге салынған тұрғын үйді мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, тәртіпте соттың шешімі бойынша сатып алу жағдайларын қоспағанда, бағдарлама қатысушысы оны сату-сатып алу шарты бойынша меншікке алған күннен бастап екі жыл бойы;
  • Бағдарлама қатысушысы тұрғын үйді жалға алған күннен бастап 10- жыл мерзімнің ішінде жалдамалы тұрғын үйді өз меншігіне сатып алған жағдайда үш жыл бойы;
  • Бағдарлама қатысушысы жалға алған тұрғын үйді меншігіне сатып алған жағдайда кейіннен сатып алу арқылы жалға алған мерзімі өткеннен кейін екі жыл ішінде

3. Жалға алған тұрғын үйді  жалдау шартын қайта табыстау жолымен қосалқы жалгерлікке табыстауға, сиға тартуға немесе айырбастауға тиым салынады.

Жалдау шарттары жылжымайтын мүлікке құқықты тіркейтін, уәкілетті органдарда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Егер жаңа құрылыстағы пәтерді кешеуілдететін болса

Еркін жоспарланған пәтер: жағымды және жағымсыз жақтары

Қосалқы меншік иелері: үлес туралы дау

kn.kz
>
Статьи