Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Қорғалатын аумақ: өз үйіңізді және мүлкіңізді қалай қорғау керек

Әрине, адамдарды жинап-терген дүние-мүлкін қалай сақтау жайлы ойдың толғандыратыны ақиқат. Алайда қауіпсіздік жүйесінің жетілуімен қатар пәтер тонаушылардың да өз шеберліктерін шыңдай түсетіндігін, есіңізде сақтаңыз. 

Тәжірибелі үй тонаушыны қазір не айлалы құлыппен, не торлы тереземен, не темір есікпен тоқтату мүмкін емес. Сондықтанда пәтер және жекеменшік үй иелері күзет фирмасынан жиі көмек сұрайды. Ең жақсысы, олар нарықта өте көп. Ал ең бастысы — олардың қызметінің құны ауқаты орташа адамдар үшін де әбден қолжетімді.

Күзет дабылдамасы немесе күзетшілер?

Пәтерге немесе жекеменшік үйге дабыл беру жүйесін орната отырып, өзіңізді қажетсіз кіріп-шығу, ұрлық, тонау немесе үйге қарақшылық шабуыл жасау, мүлікті құртып жіберу және техникалық құралдарды істен шығару сияқты ұнамсыз сәттерден сақтандыруға болады.

Егер тұрғын үйге күзет қою қажеттілігіне сенімді болсаңыз, ведомствадан тыс күзет қызметін ұсынатын, фирмаға тікелей хабарласуыңызға болады. Алдымен тұрғын жайға дабыл беру жүйесін орнату талап етіледі. Қандай екендігі — клиенттің қалауына немесе дәлірек айтқанда, мүлкінің бүтіндігі үшін қаншалықты алаңдайтындығына байланысты болады.  

Дабыл беру жүйесі айсайын, тоқсан сайын не қажеттілікке қарай іске асырылатын, техникалық қызметті талап етеді.

Пульттік дабыл сигналы

Егер өзіңіздің үйіңізді сырт көзден қорғағыңыз келсе, ең дұрысы — күзет дабылын орнату. Өрттен қорғау жүйесін орнату да артық болмайды. Бұл — дабылдың әр түрлі түрлері, бірақ оларды қатар жүргізуге және басқарудың бір бақылау панеліне түйістіруге болады.

Астанада дабылдың сымдық пульттік жүйесін құрастыру екі-, үш бөлмелік пәтердің иесіне 50-70 мың теңгеге түседі. Қарағандылық та осы қызмет үшін шамамен сондай төлейді: кеншілер қаласында бағаның ауқымы 40-70 мың теңгенің шегінде құбылады. Егер әңгіме жекеменшік үйдің қауіпсіздігі туралы болса, онда төлем мөлшері біршама өседі, өйткені оның көлемі үлкен, терезелері мен кіру есіктері де көп. 

Аталмыш сомаға монтаждау жұмыстары және жабдықтың құны кіреді. Алайда пульттік дабыл, жабдықтар мен монтаждау жұмыстарының төлемінен басқа, абоненттік, яғни күзет үшін айсайынғы төлемді қарастырады. Астанада ол айсайын 10-15 мың теңгенің шегінде құбылады. Қарағандыда екі есе аз — 5-тен 7 мың теңгеге дейін бағаланады.  

Қоңырау арқылы берілетін дабыл

Бұл әшейін пультке шығарылмаған, қоңыраулы датчик. Үйдің құлыпы бұзылған жағдайда пәтер иесінің ұялы телефонына ескерту жасалған СМС-хабарлама келеді. Мұндай дабылды құрастыру астаналық клиентке 35-40 мың теңгеге түседі.

— Қоңырау арқылы берілетін дабыл жүйесін орнатуға бізде көбіне қару-жарақ иелері тапсырыс береді, — дейді «Рубеж-НС» Күзет фирмасы» ЖШС директоры Галина Баталова. — Қазақстан ішкі істер министрлігі қарулары бар, азаматтарды жабдықтар сақталатын, сейфті ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін дабылмен жабдықтауға міндеттеді. Әрі күзет жүйесінің мұндай түрі аталмыш жағдайда өте ыңғайлы. 

Қарағандыдағы күзет фирмалары қоңыраулы дабылды пульттік дабылмен бірге орнатады және тек абоненттік төлемге осы қызмет үшін мың теңге қосады.

Тұрғын үйлік қорқыныш: меншікті неден қорғауға болады? >>>

Дабыл түймесі

Күзет жүйесінің тонау жайлы фильмдер бойынша халыққа әйгілі болған, тағы бір элементі — бұл дабыл түймесі. Ол сұғанақтар тұрғын жайға онда адамдардың бар екендігіне қарамастан, кірген жағдайда көмектеседі.  

— Күзетті пәтерге немесе кеңсеге жылдам және байқатпай шақыру тәсілі клиенттер үшін өте пайдалы, — деп сендіреді Галина Баталова. — Жеке меншікке заңсыз ену немесе осы жүйе орнатылған, адамға қатысты заңсыз әрекет жағдайында бұл факті туралы мемлекеттік немесе ведомствадан тыс күзет органдарына дереу хабарланады. 

Дабыл жүйесі техникалық қызмет көрсетуді талап етеді, ол айсайын, тоқсан сайын не қажеттілік бойынша іске асырылады және клиентпен жеке төленеді. Барлық датчиктердің жұмысын үнемі тексеру, оларды шаңнан тазарту қажет, сондай-ақ электр қуатынан ажыратқан кезде іске қосатын, аккумуляторларды тексеру де маңызды. Астанада техникалық қызмет көрсету маманның барғаны үшін орта есеппен 8-10 мың теңгеге бағаланады.

Мысалға, «Рубеж­-НС» күзет фирмасы бір жылға кепілдік және тегін техникалық қызмет ұсынады. Осы мерзім аяқталғанда клиенттер жүйеге техникалық қызмет көрсету шартына қол қоя алады.

Қарағандылық күзет фирмаларының қызметкерлері қауіпсіздік жүйесіне айсайын қызмет көрсетудің қажеттілігі жоқ, жабдық істен шыққан жағдайда шеберді шақырып, оған қызметі үшін 1-3 мың теңге төлесе жеткілікті деп есептейді.

Коммерциялық объектілерді өрттен қалай қорғау болады >>>

Стационарлық күзет

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стационарлық күзет сияқты түрі де бар.

— Егер сізге өзіңіздің қауіпсіздігіңізді немесе қандай да бір жаппай іс-шараны жүргізу орнындағы тәртіпті қамтамасыз ету қажет болса, онда сіз стационарлық күзетке тапсырыс бере аласыз, — дейді «Рубеж-­НС» күзет фирмасының директоры. — Сондай-ақ біздің қызметкерлер меншіктегі, пайдаланудағы, шаруашылық жүргізудегі, иеліктегі, оралымды және сенімді басқарудағы мүлікті сақтауға, сондай-ақ жүктер мен құнды заттарды тасымалдау кезінде ілесе жүріп, оларды сізге қажетті орынға дейін бүтін және түгел жеткізуге көмектеседі.

Астана фирмаларындағы бір стационарлық постының күзет қызметінің құны шамамен сағатына 500 теңгені құрайды. Қарағандыда бір сағат үшін 300-350 теңге шегінде өзгереді. Күзет тәулік бойы көрсетіледі.

Мамандар пәтер және жекеменшік үйлер үшін күзет қызметінің толық кешенін орнатуға кеңес береді: бейнебақылау жүйесі, өрт-күзет дабылы, дабыл түймесі және тұрғын үй кешендеріне стационарлық пост қою.

Шарт жасасу кезінде ұйымда күзет қызметіне, күзет және өрт дабылы жүйесін монтаждауға және қызмет көрсетуге арналған лицензиялардың болуына назар аударыңыз.

Даулы жағдайлар туындамауы үшін шарттың талаптарын мұқият оқып шығыңыз.

Зиянды өтеу

Күзет ұйымының диспетчерлік пультіне басып кіру немесе шабуыл жайлы белгі түскен бойда, жедел топ сол мезетте сол жерге аттанады. Фирма өкілдерінің сөздері бойынша, бөлімше құрамына күштік құрылымдардың арнайы бөлімшелерінде қызмет істеу тәжірибесі бар, едәуір білікті қызметкерлер кіреді. Жедел топ ақпараттық жүйелермен жабдықталған, заманауи патрульдік автокөліктермен 5-10 минуттың ішінде шақырту орнына келеді. Күзетшілер күзетілетін объектіні жауып тастауға және қаскүнемдерді ұстауға құқылы. Ол үшін оларда қажеттінің бәрі бар. Олар оқ ататын қарумен, арнайы құралдармен, сондай-ақ сенімді радиобайланыс құралдарымен жасақталған.

Ал енді клиент шабуыл немесе басып кіру нәтижесінде мүлкінен бәрібір айырылып қалған жағдайда не болады? Жедел әрекет ету тобы шақырту орнына уақытында келмеген, не шартта жазылған, басқа да мән-жайларға байланысты жағдайларда күзет ұйымына зиянды өтеуге тура келеді.

— Егер шарттағы міндеттемелер бұзылатын болса, біз нақты құнның мөлшерінде материалдық зиянды өтейміз, — деп түсіндіреді Галина Баталова. — Объектіні күзетке алар алдында үй-жайдағы мүліктің барлығына толық тізімдеме жасалады. Сондықтанда, егер ноутбук ұрланған болса, ноутбуктың құнын өтейміз. Бұл ретте зиянның мөлшері тапсырыс берушінің құжаттарымен және күзет қызметкерлерінің қатысуымен жасалған, ұрланған, құртылған немесе бүлінген материалдық құндылықтар құнының есептемелерімен расталуы тиіс. Мүліктің шартта көрсетілген, бағасының сомасынан жоғары өтемақы төленбейді.

Объектіні күзетке алар алдында, фирма мамандары бірқатар белгілер бойынша, яғни оның техникалық тұрғыдан қаншалықты қорғалғандығын, соның ішінде олардан өту үшін қылмыскерге уақыт қажет болатын,  терезе торларының, металл есіктердің, қоршаулардың болуын тексереді. Тек қажетті алдын ала талаптар сақталған жағдайда ғана, күзет ұйымы объектіні қорғауға келіседі. Олай болмаған жағдайда клиентке қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

— Осы өзгешеліктердің барлығы шартта толық жазылған, — дейді «Рубеж-НС» Күзет фирмасы» ЖШС директоры Галина Баталова. — Біз құнды заттарды банкте немесе сейфте сақтауды ұсынамыз, алайда бұл ретте сейф бекітілуі, мысалы, еденге дәнекерленуі тиіс. Егер сейф бекітілмеген болса, жедел топ шақырту орнына тіпті уақытында келгенмен де, қаскүнемдерді ұстай алмауы мүмкін, өйткені бекітілмеген сейфті терезеден лақтырып жіберу оңай. Сондай-ақ ұрылар сіз еш қаперсіз, шағын үстелшенің үстіне тастап кеткен, әшекей бұйымдарды да еш кедергісіз алып кетуі мүмкін. Біз клиенттің тарапынан барлық міндеттемелер сақталған жағдайда ғана материалдық жауапкершілікті мойнымызға аламыз. Сондықтанда қаскүнемге есікті немесе сейфті ашуға уақыт қажет болуы үшін, меншік иелеріне объектінің қорғанысын күшейтуге кеңес береміз. 

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Пәтердi сатар алдында немесе жалға берерде жөндеу жасауға тұра ма?

Пәтерді таңдау бойынша тәжірибелік кеңестер

Yйді күтіп-ұстау шығындарды қалай қысқартуға болады?

kn.kz
>
Статьи