Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Өсиетті нотариуссыз қалай құруға болады

Адамдардың көпшілік бөлігі өздері қайтыс болғаннан кейін барлық жинаған байлығының, өзі қалдырғысы келген адамға бұйырғанын қалайды.

Міне, сондықтанда мұра зая болмауы және бөгде адамдардың қанжығасында кетпеуі үшін, уақытында нотариусқа жүгініп және өсиетті сауатты құру қажет.

Өсиеттің мәтіні әдетте күрделі болмайды, онда мұра қалдырушы және оның өзі қайтыс болған жағдайда мүлкін қалдырғысы келетін, адам көрсетіліп, мүліктің толық тізімдемесі беріледі.

— Өсиетті сауатты құру қажет болған кезде пайда болуы мүмкін, артық машақаттардан құтылу үшін, осы құжаттың нысаны туралы заңды білу қажет, — дейді заңгер Сәкен Ешмұратов. Әрі өсиеттің нысаны туралы жалпы ережелер бойынша (ҚР Азаматтық кодексінің 1050 бабы) ол құжаттың жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс. Нотариатта куәландырылған өсиеттер және сондай-ақ нотариатта куәландырылғандарға теңестірілген, өсиеттер тиісінше ресімделгендер болып танылады.

Егер өсиет заңмен көзделген, нысанға сай келмесе, онда ол жарамсыз болып танылады және мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін барлық мүлік заңнамаға сәйкес кезек бойынша мұрагерлікке өтеді.

Өсиетті кім куәландыра алады

— Нотариустар, өздерінің қызмет бабына байланысты, құжаттарды ресімдеуге қатысты өзгешеліктердің барлығын жақсы біледі. Адам, мысалы, емдеу мекемелерінде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болып, нотариатқа келу мүмкіндігі болмаған кезге орай, қолданыстағы заңнамада (ҚР АК 1052 б.) өсиетті куәландыра алатын, адамдардың тізімі көрсетілген, — деп түсіндіреді Сәкен Ешмұратов.

  1. Егер өсиет құру кезінде мұра қалдырушы ауруханада емделіп жатқан, қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұрып жатқан болса, емдеу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi олардың медицина бөлімі жөніндегі орынбасарлары немесе кезекшi дәрiгерлер, госпиталь басшылары, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары немесе бас дәрiгерлерi өсиетті куәландыруға құқылы болады.
  2. Госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың өсиеттерін осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырады.
  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен кемелерде жүзіп жүрген, азаматтардың өсиеттерін осы кемелердiң капитандары куәландырады.
  4. Барлауда, арктикалық немесе басқа да осындай экспедицияларда жүрген, азаматтардың өсиеттерін осы экспедициялардың бастықтары куәландырады.
  5. Әскери қызметшiлердiң өсиеттерiн әскери бөлімнің командирлері куәландырады. Орналасқан мекендерде бұл ереже осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң өсиеттеріне де қолданылады. Бұл ереже тек сол елді мекенде нотариус болмаған кезде әрекет етеді.
  6. Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың өсиеттерін осы орындардың бастықтары куәландырады.

Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалармен және мекеменің мөрімен куәландырылған, құжаттар нотариатта куәландырылғандарға теңестіріледі және сондай заңды күші болады.

Бірақ нотариустың қатысуымен, ауруханада (госпитальда, бас бостандығынан айыру орындарында және т.б.) жасалған өсиеттер сенімді, даусыз болады.

Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады >>>

Міндетті үлеске құқығы бар адамдар

Тіпті, алдағы уақытқа жоспарланып отырған, мүлікті де мұраға қалдыруға болады. Тек мұра қалдырушы білуі керек болатын бір шектеу бар: мұрагерлерді мұрадағы міндетті үлестен айыруға болмайды. Ол заң бойынша мұрагерлік кезінде мұрагерлердің әрқайсысына тиесілі болатын үлестің кемінде жартысын құрайды. Осылайша, міндетті үлестің мөлшері мұраға қалған барлық мүліктің құнының сомасын заңды мұрагерлердің санына  және тағы теңдей бөлу нәтижесі ретінде есептеледі.   

Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасының да міндетті үлес алуға құқығы бар.

Адамның еңбекке жарамсыздығына жасы немесе денсаулық жағдайы себеп болуы мүмкін. Жасы бойынша еңбекке жарамсыздар қатарына 58 жасқа толған әйелдер, 63 жастағы ерлер, сондай-ақ 18 жасқа толмаған, тұлғалар жатады, ал он сегіз және одан үлкен жастағы оқушылар — оқытудың күндізгі нысаны бойынша оқу орнындағы оқуын аяқтағанға дейін, бірақ жиырма үш жастан аспауы тиіс.

Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасының да міндетті үлес алуға құқығы бар.

Денсаулық жағдайы бойынша еңбекке жарамсыз тұлғалар қатарына I, II және III топтағы мүгедектер жатқызылады. Бұл ретте жалпы зейнет жасына жеткен немесе мүгедек болып есептелетін, адамдарға зейнетақы тағайындалды  ма, әлде жоқ па, маңызды емес. Сондай-ақ жеңілдік негізінде (мысалы, әскерилер, кеншілер және т.б.) зейнетақы алуға құқық беретін, жасқа жетудің еңбекке жарамсыздық құқығын бермейтіндігін айта кету керек. Оғаш болып көрінгенмен де, жалпы зейнет жасына жеткеннен кейін де жұмысын жалғастыру еңбекке жарамсыз деп есептелу құқығынан айырмайды.

Ресімдеудің жалпы ережелері

Өсиетті куәландырған кезде, лауазымды тұлғалардың барлығы уақытша нотариаттың рөлін атқарады деуге болады, ал бұл оған өсиет жарлығының құпияларын сақтау, заңды құрметтеу, заңға сәйкес тәртіпті сақтау сияқты нақты талаптар жүктейді. Мәселен, өсиетті ресімдеуге кіріспес бұрын, лауазымды тұлға мұра қалдырушыға барлық құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, «Нотариат туралы» Заң талап ететін, мүмкін болатын заңдық салдарлар жайлы ескертеді.

Рента келісімшартын қалай жасау керек? >>>

1. Өсиетті, оны қалдыратын адамның өзі жасауы керек

Мұра қалдырушының жеке басын анықтау, өсиетке оны қалдырып отырған адамның, өзінің қол қойып отырғандығына, көз жеткізу үшін қажет. Осыған,  байланысты өсиетті куәландыратын, дәрігер (не басқа лауазымды тұлға) жеке басын куәландыратын, құжатты тексеру арқылы мұра қалдырушының жеке басын анықтауы тиіс. Өйткені аталған ереженің бұзылуы өсиеттің жарамсыз деп танылуына ұшыратуы мүмкін. Бұл сот практикасымен де расталады.

2. Әрекет қабілеттілігі міндетті түрде тексеріледі

Жеке басын тексерумен қатар мұра қалдырушының әрекет қабілеттілігі де (жасы және ақыл-есінің дұрыстығы) міндетті түрде тексеріледі. Өсиеттің мәтіні айқын, мағынасы түсінікті және жеңіл оқылатын болғаны дұрыс, ал мөрі сол мекемеге сәйкес келуі қажет.

3. Ерік білдіруін куәландыру қажет

Нотариалды куәландырылғанға теңестірілген, өсиетке мұра қалдырушының өсиетті куәландыратын, тұлғаның (бас дәрігердің, әскери бөлімнің командирінің және т.б.) және куәгердің қатысуымен қол қойғандығын білу маңызды. Науқас адамның өсиетін заң бойынша оған уәкілетті емес тұлғаның куәландыруы, оның жарамсыз деп танылуына ұшыратуы мүмкін.

4. Куәгер де қол қоюына болады

Егер мұра қалдырушы өз бетімен қол қоюға қабілетсіз болса, оның өтініші бойынша оны басқа куәгер іске асыра алады. Әрі бұл жағдайда мұра қалдырушының өсиетке өзінің қол қоя алмауының себебі көрсетіліп, міндетті түрде белгі жасалады. Құжатта куәгердің тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетілуі керек. Осындай мәліметтер өсиетке мұра қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгізілуі тиіс.

Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер >>>

Неге назар аудару қажет

Өсиетті жасау, қол қою және куәландыру кезінде куәгер бола алмайтындар,  сондай-ақ мұра қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайтындар:

  • нотариус немесе өсиетті куәландыратын, өзге адам;
  • пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ мұра қалдырушының заң бойынша мұрагерлері;
  • толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін, азаматтар;
  • сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
  • жалған жауап бергені үшін соттылығы бар, адамдар.

Куәгерлер туралы талаптардың сақталмауы да өсиеттің жарамсыздығын тудырады.

Өсиетке қол қойылып және мөрмен бекітілгеннен кейін, ол арнайы журналға немесе кітапқа тіркеледі. Куәландырылған өсиеттің бір көшірмесі мұра қалдырушыға беріледі, ал екіншісін лауазымды тұлғалар нотариат туралы заңнамаға сәйкес нотариусқа сақтауға беруге міндетті (ҚР АК 1052 б., 2 т.).

Содан кейін құжат туралы мәліметті өсиеттердің және мұрагерлік істердің Бірыңғай тіркеліміне енгізуге міндетті.

Kn.kz ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи