Жалға алуға пәтер іздеген кезде тұрғын ауданы қандай үй іздейтініңіз және қандай соманы көздейтініңіз жайлы айқын көзқарасыңыз болуы керек.
Сондай-ақ ашығын айту жалдаушы үшін де, сондай-ақ тұрғын үй иесі үшін де жалдамалы тұрғын үй нарығындағы тыныштықтың кепілі болатын, талай қиялдың бар екендігін нысаналы пәтер жалдаушының ескеруі қажет болады.
1 миф. Келісімшарт — бұл формалдық
Жалға берілетін тұрғын үйді таңдау кезінде жалға алушылардың көпшілігінің жылжымайтын мүлік бойынша білікті мамандардың қызметіне жүгіне бермейтіндігі айқын. Жалдау келісімшарттарының көпшілігі ауызша нысанда жасалады. Пәтер жалдаушы, әсіресе тәжірибесіз, жалға алушы мен жалға берушінің арасында жалдау мерзімі, жалданатын үйдің құны және қосымша шығындар сияқты, барлық негізгі тармақтар белгіленетін, типтік келісімшарттың болатындығын білмеуі де мүмкін. Немесе жалға алушы келісімшарт жасасудан саналы түрде бас тартуы мүмкін, өйткені қандай да бір жағдай туындайтын болса, аталмыш құжаттың мысалы, сотта қандай да бір заңды күшінің болмайтындығына сенімді болады.
Бұл қиялды сейілтіп және егер меншік иесі мен пәтер жалдаушының арасындағы талқылау сотқа дейін жететін болса, жалдау келісімшартымен көзделген, жылжымайтын мүлікті жалдау шарттарының ешқайсысының күші жойылмайтындығын айта кеткіміз келеді.
— Қазіргі таңда тұрғын үйді жалдау келісімшартын жасасу — бұл өздерін құрметтейтін барлық риелторлық компаниялар қолданатын, кәдімгі рәсім. Арендалық қатынасқа түскен кезде аталмыш құжат қатерді тек азайтып қана қоймай, сонымен қатар екі тараптың да тыныштығының кепілі болады, — деп түсіндіреді FromKZ жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Фархад Сәкен.
Жалдау келісімшартымен көзделген, жылжымайтын мүлікті жалдау шарттарының барлығының заңды күші болады.
— Жалдау келісімшартын жасау кезінде жалға алушы жалдау құны, оның мерзімі, коммуналдық шығындар және болашақта туындауы мүмкін, форс-мажор жағдайлары сияқты тармақтарды бірден белгілей алады.
Жақында болып өткен құнсыздануды, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрақсыз экономикалық ахуалды ескеретін болсақ, қазіргі таңда жалдау келісімшарты бұрынғыдан да өзекті болады. Мұндай келісім үй иесінің кірпияздығына емес, доллар курсының күрт көтерілуіне байланысты орын алатын, жалдау ставкасын ұлғайту сияқты жағдайлардан сақтандыруға көмектеседі. Өйткені, Астанада кейбір жалға берушілер пәтер құнын шетелдік, анығырақ айтқанда американдық доллармен көрсетеді.
Пәтерді жалға аламыз: сәтті мәміленің 7 ережесі >>>
2 миф. Жалға алушыны кез-келген сәтте пәтерден шығарып жібереді
Жалдамалы жылжымайтын мүлік нарығының тағы бір келеңсіз жағы пәтер иесінің жалға алушыны пәтерден шығаруы болып есептеледі. Егер пәтер иесі пәтерін сатуды жоспарлайтын немесе оған тұрғын жайын едәуір пайдалы жағдайда жалға беруге ұсыныс жасалатын болса, өздерінің кез-келген сәтте далада қалатындықтарын, пәтер жалдаушылардың көпшілігі біледі.
Егер жалға алушы мен пәтер иесінің арасында жасалған тұрғын жайды жалдау келісімшартында келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігіне қатысты тармақ болса, мұндай жағдай орын алмайды. Риелтордың айтуынша, пәтер иесі тек өзінің кірпияздығының нәтижесінде пәтер жалдаушыны мерзімінен бұрын пәтерден шығаруға әрекет жасайтындай жағдайға, айыппұл санкцияларын және тұрақсыздық айыбын келісімшартты жасау кезеңінде көздеген дұрыс.
3 миф. Пәтер жалдаушыға жалдамалы пәтерді жөндеуге шығындаған, ақшасын қайтармайды
Тағы бір әдеттегі оқиға жалға алушының жөндеуді қажет ететін, пәтерге қоныстануы. Жалдамалы пәтерге екі жағдайда жөндеу қажет болуы мүмкін: егер ол «қара сылақпен» өңделген күйде, не тұрғын үй жайлы тұру мүмкін болмайтындай, мүшкіл күйде жалға берілсе.
Екі жағдайда да, жөндеу жүргізу — ол жалға алушының кірпияздығы емес, нақты қажеттілік болады.
— Міне, сондықтан да жалдау келісімшартында жөндеу жұмыстарына қатысты тармақ белгілеу қажет болады, — дейді FromKZ жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры. Айтылып отырған нақты жағдайда ауызша келісімнің маңызы жоқ. Жалға алушы тұрғын үйді жөндеуге жұмсайтын, соманы бірден есептеу қажет. Содан кейін сол соманы ай сайынғы жалдық төлемнен шегеру керек. Мәселен, пәтер жалдаушы пәтерді жарты жылға жалдаған, ал ай сайынғы пәтер төлемі жүз мың теңгені құрайды, оған қосымша ол 120 мың теңге сомасына жөндеу жүргізді делік. Бұл жағдайда екі жақ та жалдау ставкасы бойынша ай сайынғы төлемнің 20 мың теңгеге кемитіндігіне келісе алады. Яғни, жалға алушы жөндеу жұмыстарына жұмсаған, сома жалдау сомасынан толықтай шегерілетін болады.
Жалдау келісімшартын нотариалдық куәландыру талап етілмейді және тараптардың қалауы бойынша іске асырылады.
4 миф. Келісімшартты нотариуста куәландыру жайлы
Нотариуспен куәландырылмаған, жылжымайтын мүлікті жалдау келісімшартының ешқандай заңды күші жоқ, жәй қағаз деген тағы бір жаңсақтық бар. Аталмыш келісімшартты нотариальдық куәландыру талап етілмейтіндігін және тараптардың қалауы бойынша іске асырылатындығын айта кету керек.
Егер жалдау келісімшарты бір жылдан артық мерзімге жасалатын болса, онда оны жылжымайтын мүліктің орналасқан орны бойынша әділет органында тіркеу талап етіледі. Егер мәміле нотариальды ресімделмеген болса, онда тіркеу алдында тіркеуші органдарда тараптардың қойған қолдарының түпнұсқаға сай екендігін тексеру рәсімінен өту қажет. Тіркеу туралы талаптар сақталмаған жағдайда мұндай келісімшарт жарамсыз болып есептеледі.
5 миф. Келісімшарт жасау қажет болатын, міндетті мерзім
Пәтерді жалдау келісімшарты көбіне оны ұзарту мүмкіндігімен кем дегенде 6 айға жасалады. Алайда тәжірибе көрсеткендей, келісімшартты кез-келген мерзімге жасауға болады. Пәтерді мейлі бірнеше күнге немесе бірнеше жылға жалдасаңыз да, келісімшарт жасау қажет.
— Пәтерді кез-келген мерзімге жалдауға болады, — дейді Фархад Сәкен. — Риелторлар мен меншік иелерінің жылжымайтын мүлікті жалдауға арналған кесімді барынша аз мерзімі жоқ. Пәтерді бірнеше жылға, сондай-ақ бір-екі сағатқа жалға алуға болады.
Бірлескен жалдамалы тұрғын үйдің ерекшеліктері >>>
6 миф. Жақсы пәтерді жалға алу құны да жоғары болады
Адамдардың ойында қымбаттың бәрі — жақсы, ал арзанның бәрі — жаман деген сенім қалыптасқан. Қазір адамдар тіпті құны төмен жылжымайтын мүлікке де алаяқтарға тап болудан қорқып, тіксіне қарайды. Алайда, өздерінің ойларынша сай келетін бағаларды көріп, олар бейтаныс адамға бірден сенім білдіріп, оған жалдау келісімшартынсыз жарты жылға жалдық төлем, оған қоса депозит береді.
Тәжірибе көрсеткендей, алаяқты әшкерелеу өте қиын, өйткені бізден айырмашылығы — олар «төмен баға – нашар пәтер» сияқты таптаурыннан әлдеқашан өтіп кеткен.
— Қазіргі жылжымайтын мүлік нарығы он жыл бұрынғыдан түбегейлі ерекшеленеді, — деген ой түйеді FromKZ жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры. — Қазір кез-келген әмиян және кез-келген жалға алушы үшін сай келетін пәтерлер бар. Баға енді риелтордың немесе пәтер иесінің сенімділігінің көрсеткіші емес. Ол көптеген факторларға байланысты қалыптасады, және де қаланың шетінде орналасқан «үшбөлмеліктің» орталықтағы бір бөлмелі пәтер құнымен бірдей болатын жағдайлары кездеседі. Өзіңіз пәтер жалдауды жоспарлаған үйдің орналасқан орны, тұрғын үй класы, жөнделуі сияқты параметрлерді ескеріңіз. Ең дұрысы – сізге пәтер жалдауға көмектесетін, маманның көмегіне жүгіну қажет. Өйткені алаяқтардың көпшілігі өз бетімен пәтер жалдауға тырысатын, адамдардың сараңдығын пайдаланады. Риелтормен жұмыс істеген кезде сізде кепілдік болады және әлдебір жағдайлар туындағандай болса, әрқашан олардан «талап етуге» болады.
Қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін жылжымайтын мүлікті жалдаудың негізгі нюанстарын әрқашан есте ұстау қажет, оны білу өзіңізді қауіп-қатерден сақтауға көмектеседі және жалға алынған пәтерде жайлы тұруға кепіл болады.
Kn.kz ақпарат қызметі