Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Әлеуметтік жағынан қорғалатындар үшін мемлекеттен пәтерлер

Әрине, қазақстандық әрбір отбасы өздерінің жеке баспанасының болғанын қалайды. Тіпті, көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектер, жетім-балалар және халықтың басқа да әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын, табысы шағын азаматтар да меншікті пәтер алудан үміттерін үзбейді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай алудан үміткерлердің әкімдіктегі ұзын-сонар кезегі мемлекетті қатты алаңдатады. Ұлттық экономика Министрлігінің деректері бойынша, өзінің тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесіне қатысты мемлекеттен көмекке мұқтаж болып отырған, кезекте тұрғандар саны елімізде 300 мыңға жуық адамды құрайды. Әрі олардың кейбіреулері кезекте 10 жыл бойы тұрғандар. Осыған орай мемлекеттік қайраткерлер кезекті жылдар бойы күтіп отыра бергенше, олардың өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасына қатысқандарын жөн көреді.

Тұрғын үй қарбаласын төмендету үшін әкімдіктермен тығыз өзара әрекеттестікте жұмыс істейтін, үш бағдарлама операторлары тартылған — «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ. Олар мұны қаншалықты атқара алып жатыр және халықтың ең әлсіз тобы қандай жағдайларда баспана алуға үміттене алады?

Әлеуметтік жағынан қорғалатындарға кімдер жатады?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68 бабына сәйкес Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына:

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • I және II топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
  • заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығын­сыз қалған балалар;
  • оралмандар;
  • экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
  • көп балалы отбасылар;
  • мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе оны жүзеге асыру, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
  • толық емес отбасылар.

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушысының табысы 80 мың теңгеден кем болмауы тиіс.

Біз әлеуметтік жағынан қорғалатын топтардың ең кең таралған санаттарын алдық және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы операторларына оларды өздерінің клиенттері ретінде қарастыруды және олар үшін баспана құнын және айсайынғы жарнаны есептеуді ұсындық.

Сонымен, бірінші жағдайда, басында баспанасы жоқ кезекте тұрушы — отбасының жиынтық табысы 60 мың теңгені құрайтын, 40 жастағы ІІ топтағы мүгедек болып есептеледі.

Екінші жағдайда, мемлекеттік бағдарламаның нысаналы қатысушысы — басында жекеменшік үйі жоқ, 30-жастағы жалғыз басты ана болады. Бұл үміткердің тұрғын үйге есептелген табысы — 80 мың теңге.

«Самұрық-Қазына» желісі бойынша

Өңірлерді дамыту Бағдарламасының шарттарына сәйкес «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қорының тұрғын жайларды тарататын негізгі тетігі — оларды жергілікті атқару органдарында кезекте тұрғандарға бөлу болып есептеледі. Пәтерлерді әкімдіктер бөледі.

Жылжымайтын мүлік Қорының мамандары біз ұсынған қатысушылардың табыстарын есептеп, бізге келесіні хабарлады:

«Самұрық-Қазынадан» пәтерді қалай сатып алуға болады? >>>

«Егер қатысушы жалғыз және барлық салықтарды шегергеннен кейінгі табысы 60 000 теңгені құрайтын болса, онда ол 30 000 теңге шамасындағы төлем қабілеттілікке есеп жасай алады. Екінші жағдайда, егер қатысушының барлық салықтарды шегергеннен кейінгі табысы 80 000 теңгені құрайтын болса, онда ол да 30 000 теңге шамасындағы төлем қабілеттілікке есеп жасай алады. Аталған үміткерлер төлем қабілеттіліктің мұндай межесімен тұрғын жайларды бөлуде өз бетімен қатыса алмайды, өйткені бір пәтердің 30 ш.м жалпы ауданынан кем болмайтын шегіндегі тұрғын жайлардың рұқсат берілетін көлемі кезіндегі ең төмен ай сайынғы төлем, қазіргі таңда өңірлерде 38 370 теңгеден және Алматы мен Астана қалаларында 48 000 теңгеден кем емес соманы құрайды. Алайда өтініш берушінің тұрғын үй құнының 50%-нан артық болмайтын мөлшерде алғашқы жарна төлеуіне болатындығын және/немесе жалдық төлемді азайту және/немесе жиынтық табысты төлем қабілеттіліктің қажетті мөлшеріне дейін ұлғайту үшін үшінші тұлғаны тартуға болатындығын атап өтеміз».

Төменде келтірілген кестеде, жалдық төлемнің болжамды есебі ұсынылады.

1 кесте. «Самұрық-Қазына» ЖМҚ желісі бойынша пәтерлерге арналған жалдық төлем мөлшері

Астана және Алматы қалаларында (құрылыстың өзіндік құны 1 ш.м үшін 150 000 теңге болған кезде)*

Кейіннен сатып алу арқылы жалдауға арналған жыл саны

5 жыл

7 жыл

10 жыл

15 жыл

Ең төмен жалдық төлем 1 ш.м үшін (теңге)

3 161

2 470

1 966

1 600

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бізге, «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұру міндетті емес, тек келесі талаптарға сәйкес келу қажет екендігін ескертті:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығы немесе оралман мәртебесінің болуы.

2) өтініш беру кезінде тіркелу мерзімі соңғы екі және одан да көбірек жылды құрауды талап ететін Астана және Алматы қалаларынан басқа, тұрған мерзіміне қарамай қатысушы тұрғын үй алғысы келетін жерде тұрақты тұратын орнында тіркелуі.

3) Бағдарламаның қатысушысының және оның тұрақты бірге тұратын отбасы мүшесінің (жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары) және отбасы мүшесіне қосылған және өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағы бойынша кейіннен сатып алынатын жалдамалы тұрғын үй немесе жекеменшік құқығындағы (ортақ бірлескен меншіктегі, осы тармақта тұрғын үй бірлігі ретінде көрсетілген, отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын, үлестік меншіктегі үлесте) тұрғын үйінің болмауы, келесілерді қоспағанда:

  • жатақханада отбасының әр мүшесіне шаққанда пайдалы алаңы 15 метрден аз бөлменің болуын;
  • тұрғын жайдың орналасқан орны бойынша  ЖАО-нан алынған тиісті анықтамамен расталатын, саманнан және қамыстан салынған апатты күйдегі, опырылайын (құлайын) деп тұрған, тұрғын үйлер;

ТҚЖБ-тен «Қолжетімді тұрғын үйге» балама: бәрі үшін ипотека >>>

4) Бағдарламаға қатысушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары) сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі, тұрғын жайды айырбастау немесе тұрғын үйді иеліктен шығару жолымен тұрғын  үй жағдайларын қасақана нашарлату фактілерінің болмауы;

5) төлем қабілеттілігін растау;

6) жалдаушылар үшін — отбасының айсайынғы жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 20-еселік мөлшерінен аспауы қажет (427 280 тенге).

Сонымен қатар, банк салымшысы болу қажет. Пәтер сатып алу үшін заем алуға төлем қабілетін растау тармағының да маңызы зор. «Заем алу үшін жалақысы жеткіліксіз болған жағдайда, өтініш беруші тұрғын үйді жалға алу үшін және салымға жарна үшін табысының жеткілікті екендігін растайды», — деп дәйектеді банк.

Жалдау (жалға алу) құны 1 ш.м үшін 100 теңгені құрайды.

Тұрғын үй құны — 1 ш.м үшін 142 500 теңге. Сонымен, Астанада ауданы 60 ш.м 2-бөлмелі пәтердің құны 8 550 000 теңгені құрайды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары ұсынған, есептеулерге сәйкес заем бойынша ай сайынғы төлем келесі түрде болады:

1) банкте жинақ болмаған кезде қарыз жылдық 8% мөлшерлеме бойынша 8 жылға беріледі — 102 315 теңге. 8 жылдан кейін қарыз 15 жылға жылдық 4% мөлшерлеме бойынша төленеді — 29 925 тг;

2) банктегі жинақ шотына пәтер құнының 50%-ын салған кезде қарыз жылдық 6,5 % мөлшерлеме бойынша 5 жылға беріледі — 74 450 тг 5 жылдан кейін қарыз 15 жылға жылдық 4% мөлшерлеме бойынша төленеді — 48 230 теңге.

8 жыл мерзімге жалдау (жалға алу) кезіндегі ай сайынғы төлем 51 315 теңгені құрайды қарызы бойынша 15 жыл бойғы ай сайынғы төлем — 29 925 теңге.

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобының санатындағы табысы төмен адамдарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша тұрғын үй алу қолжетімсіз деген қорытынды жасауға болады. 

ҚИК желісі бойынша

Қазақстанның ипотекалық компаниясы желісі бойынша тұрғын үй алуға қатысушылар тізімін де «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры жағдайындағы сияқты жергілікті атқару органдары құрады. Осы тізімге сәйкес компанияда қатысушылардың төлем қабілеті тексеріледі.

ҚИК-дан пәтерлер: мемлекеттік бағдарламада не өзгерді? >>>

Компания мамандары ұсынған, деректерге сүйенетін болсақ, ҚИК желісі бойынша өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша 1 ш.м үшін жалдаудың болжамды құны:

  • Астана қаласында 1 100 теңгені құрайды;

Көрнекілік үшін компания мамандары ай сайынғы жалдық төлем есебін ұсынды (2 кесте).

Сонымен, бізге мәлім болған талаптарға сәйкес, ҚИК желісі бойынша пәтер алуға тек 80 мың теңге табысы бар жалғыз басты-ана үміттене алады. Әрі тек пәтер, ауданы 38 шаршы метрден аспайтын бір бөлмелі және Семей сияқты өңірде орналасқан жағдайда.

2 кесте. ҚИК желісі бойынша өңірлер бойынша жалдық төлемнің болжалды есебі 

Өңір

S тұрғын үй

Болжалды ай сайынғы жалдық төлем

Болжалды табыс

Астана

55 ш.м

60 500 теңге

130 000 теңге

80 ш.м

88 000 теңге

185 000 теңге

95 ш.м

104 500 теңге

225 000 теңге

Билік басындағылар не дейді

Жергілікті атқару органдары тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен және кезекке тұратындардың тізімін құрумен тікелей айналысатын болғандықтан, қосымша мәлімдеме алу үшін біз Қарағанды қаласының әкімдігіне бардық.

Біз келтірген мысалдардағы адамдардың тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты «Недвижимость» газетінің сауалына әкімдіктегілер келесі нұсқаларды ұсынды.

ІІ топтағы мүгедек бағдарламаға қатысу кезінде банкте төлем қабілетін растаған жағдайда ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысуға құқылы. Осы бағыт бойынша қатысушылардың пулы олардың бағдарламаға қатысуға арналған өтінішінің негізінде салымшылардың қатарынан банкпен құрылады. 

Жас бала тәрбиелеп отырған, жалғыз басты — ана мемлекеттік бағдарламаның бірнеше операторлары арқылы мемлекеттік бағдарламаға қатыса алады:

1. Бағдарламаға қатысу кезінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-да төлем қабілетін растаған жағдайда, ерлі-зайыптылардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылған, «Жас отбасы» 1 топ бөлігінің қатысушысы ретінде «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша тұрғын үй. Азаматтың жергілікті атқару органында тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұру жағдайы міндетті шарт болып есептеледі.

2. Бағдарламаға қатысу кезінде ҚТҚЖБ-де төлем қабілетін растаған жағдайда, ІІ топтағы қатысушы ретінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үй.

3. І топтағы қатысушы ретінде «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үй. Азаматтың жергілікті атқару органында тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұру жағдайы міндетті шарт болып есептеледі.

Көріп отырғанымыздай, әкімдік біздің «үміткерлеріміздің» тұрғын үй алу үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысуға құқылы екендігін жоққа шығармайды. Жалғыз кедергі — «төлем қабілетін растаған жағдайда» деген тылсым сөз. Мемлекеттік бағдарламаға қатысушының табысы 80 мың теңгеден кем болмауы тиіс.

ҚТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: құн мен есептемелер >>>

Құжаттар пакетімен әкімдікке

Жергілікті атқару органдарының интернет-ресурсында мемлекеттік бағдарламаның тиісті бағыты бойынша бөлуге жоспарланған, құрылысының аяқталуына 6 айдан аз уақыт қалған, кезекті үйге өтініш қабылдаудың басталғандығы туралы хабарландыру пайда болған сәтте әкімдікке өтініш беруге болады.

Өтінішке келесі құжаттарды қоса тіркеу қажет:

  • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын, құжат;
  • неке қию (некенің бұзылуы) туралы, ерінің/әйелінің қайтыс болғандығы туралы, балаларының туу туралы куәлігі, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы жайлы мәлімдеме;
  • өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында оларға меншік құқығында тиесілі немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;    
  • өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы мекенжай анықтамасы; 
  • өтініш берушінің (Заңның 67 бабы, 1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, адамдардың І санатындағы топтар үшін) және ерінің/әйелінің) (ІІІ топтағы өтініш беруші үшін) жұмыс орнынан анықтама;
  • отбасы мүшелерінде мүгедектіктің немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің бар екендігін растайтын, анықтама;
  • тұрғын үйдің техникалық жағдайы туралы қорытынды (ІІІ топтағы өтініш беруші үшін);
  • бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде кезек нөмірі көрсетілген тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрғаны жөніндегі мәлімет (І топ үшін);
  • «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша өзінің және (немесе) займдық қаражаттың есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екендігі жайлы мәлімдеме (І топ үшін);     
  • өтініш берушінің табыс алатындығын растайтын, анықтама.

Тізімін әкімдіктер құратын, мемлекеттік бағдарлама қатысушыларының кезектілігінің көзделмегендігін айта кету керек. Тұрғын үй тиісті есептелген баллдар бойынша бөлінеді.

Баллдар қалай есептеледі?

Өтініш берушілерді іріктеу тәртібі баллдық жүйе бойынша облыстардың және Алматы және Астана қалаларының әкімдіктерімен жүргізіледі:

1) бірінші бала үшін — 20 балл, әрбір екінші және одан кейінгі балалар үшін — 30 балл;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен, тізбеге сай, мүгедек немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын, әрбір отбасы мүшесі үшін — 10 балл;      

3) мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған үйге алдыңғы іріктеу кезінде тізімге кіргізілмеген, үміткерлерге — қосымша 5 балл;

4) кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған    , балалар санатына жататын, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін — 10 балл.

Жалдамалы тұрғын үйді бөлу кезектілігі жиналған балл санымен анықталады. Үміткерлердің балл саны тең болған кезде тізімге кіргізу туралы шешімді көпшілік дауыспен тұрғын үй комиссиясы анықтайды. Бұл ретте сіздің өтінішті алғашқы немесе соңғы болып бергендігіңіз, маңызды емес. Тіпті, егер сіз 60 адамның ішінен құжатты соңғы болып тапсырып, бірақ барлық санаттар бойынша сай келсеңіз және үш балаңыз болса, онда ең жоғары баллдың көмегімен сіз автоматты түрде тізімде бірінші болып тұратын боласыз.

Нәтижесін қанша күту керек?

Мемлекеттік бағдарлама шартына сәйкес қатысушылар арасындағы іріктеу баллдар беруді ескере отырып, әкімдіктің жанындағы тұрғын үй комиссиясымен жүргізіледі.

— Іріктеу жүргізіліп болғаннан кейін, үміткерлердің құрылған тізімі іріктеу критерийлері және алған баллдарының саны көрсетіліп бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде интернет-ресурстарға жарияланады, деп түсіндіреді Астана қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Мира Байсүгірова.

Егер қатысушының аты-жөні ең аз балл жинағандардың қатарынан табылатын болса не істеуге болады?

— Іріктеуден өтпей қалған, азаматтар келесі жылдары қатыса алады, — деп жұбатады Мира Байсүгірова.

Бұл жағдайдың артықшылығы — мұндай қатысушының жуықта осы өңірде пайдалануға берілетін, келесі объектіге үміткерлер қатарына автоматты түрде өтетіндігі болып есептеледі. Сонымен қатар күткені үшін тағы 5 балл қосылады. Бірақ, кезекті объектінің тапсырылғандығы туралы хабарландыруды күтуден бастап құжаттарды бергенге дейінгі бүкіл рәсімді қайтадан өту қажет болады.

Үйді пайдалануға бергеннен кейін бағдарлама қатысушылары әкімдіктермен жалдау (жалға алу) шартын жасасады.

Kn.kz ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи