Әрине бұл сенбейтіндей жағдай болып көрінуі мүмкін, бірақ дегенменде осы бір бөлмелі пәтерлер Қазақстан тұрғындарының көпшілік бөлігінің арасында кеңінен танымал. Сондай-ақ жалдаушылардың тарапынан да «бір бөлмелікке» деген сұраныс жоғары. Өзіңіз бәлкім бұған дейін де білген, бірақ ешқашан оған тереңірек үңіліп мән бермеген, осы және басқа де деректер туралы біздің топтамамыздан оқуыңызға болады.
1. Бір бөлмелі пәтерлер — арзан тұрғын үйлер нарығындағы ең әйгілі тауар
Бір бөлмелі пәтерлер эконом— және жайлы-класс сегментінде көп талап етіледі.
— Оның себебі әріде жатыр, — дейді АБС Royal Estate астаналық жылжымайтын мүлік агенттігінің атқарушы директоры Расул Биккинин. — Бір бөлмелі пәтерлердің көлемі шағын, тиісінше — жалпы құны да төмен. Сондай-ақ, бір бөлмелі пәтерлер тұрғын үй мәселесін шешу кезінде көбіне әлдебір бір бастапқы нұсқа қызметін атқарады.
2. Астанадағы ең қымбат «бір бөлмеліктің» құны ең арзан пәтердің құнынан 8 еседен артық жоғары
— Қазіргі таңда көпшілік жағдайларда жылжымайтын мүлік құнын сұраныс емес, сатушылар анықтайды, — деп ой түйеді «Проспект» риелтор агенттігінің дамыту және құрам бойынша директоры Дмитрий Ли. — Меншік иелері пәтерлерін барынша «пайдалы сатуды» көздеп, хабарландыру берген кезде өздерінің жылжымайтын мүліктеріне ақылға қонымсыздау баға белгілейді. Сондықтанда біз кейде құны қисынсыз жоғары бағаланған хабарландыруларды кездестіріп қаламыз. Әрине, біздің агенттік мұндай нұсқалармен жұмыс істемейді, ал егер олар кездесетін болса, онда біз клиентпен құнын түзету бойынша тиісті жұмыс жүргізетін боламыз.
АБС Royal Estate агенттігінің базасындағы ең қымбат ұсыныс 217 000 $ бағасы бойынша сатуға қойылды. Пәтер «Салтанатты қақпаның» тура жанындағы Орынбор көшесінің бойында сол жақ жағалаудағы премиум-класты аз қабатты тұрғын үй кешенінде орналасқан. Пәтердің көлемі — 87 шаршы метр, төбесінің биіктігі — 3,2 метр.
Сонымен, Астанадағы ең қымбат «бір бөлмеліктің» құны ең арзан астаналық пәтердің құнынан 8 еседен артық жоғары.
3. Бір бөлмелі пәтерлер — жалгерлік нарықта да ең өтімді тауар
Көптеген жалгерлерді осы «бір бөлмеліктер» қызықтырады, ал үш бөлмелі пәтерді жалға беру едәуір күрделірек.
— Әрине, бір бөлмелі пәтерлер жалгерлік нарықтағы ең өтімді тауар болып есептеледі,— деп келіседі астаналық жылжымайтын мүлік бойынша маман, — өйткені халықтың негізгі бөлігі қаражаттары тек «бір бөлмелікке» есептелген, жас отбасылар, мемлекеттік және жеке мекемелердің қызметкерлері, студенттер, жұмысшылар. Олардың жалпы нарықтағы үлесі аз да емес, көп те емес 80% шамасында. 15%-ға жуығы «екі бөлмеліктерге» тиесілі, ал қалған бөлігін — көп бөлмелі пәтерлер құрайды.
Гаражды жалға беру: келісім шартты қалай құруға болады? >>>
4. Тұрғын үй сегментіне байланысты «бір бөлмеліктердің» өлшемді ұзындығында 3 еседен артық айырмашылық болуы мүмкін
Элиталық тұрғын үй сегментіндегі бір бөлмелі тұрғын үй көлемі шамамен 70-80 шаршы метрді құрайды. Эконом- және жайлы-кластардағы үш бөлмелі апартаменттердің шаршы көлемі осындай болады.
АБС Royal Estate жылжымайтын мүлік агенттігінің ақпараты бойынша эконом-кластағы бір бөлмелі пәтерлердің көлемі 20-35 ш.м, бизнес-кластағы — 40-тан 50 ш.м ауқымында, элиталы «бір бөлмеліктердің» шаршы көлемі 70-80 шаршы метр шегінде ауытқиды.
Kn.kz жылжымайтын мүліктер порталындағы ұсыныстар каталогы, «бір бөлмеліктердің» ең аз шаршы көлемі Құтпанов және Біржансал көшелерінің қиылысындағы Сарыарқа ауданындағы және Циолковский көшесінің бойындағы Алматы ауданындағы пәтерлерді сату бойынша берілген хабарландыруда анықталғандығын көрсетті. Олардың өлшемдік ұзындығы небәрі 17 ш.м құрайды.
5. Астанадағы ең кішкентай пәтердің көлемі небәрі 17 ш.м
АБС Royal Estate астаналық агенттігі арқылы сатуға қойылған, Астанадағы ең кішкентай пәтердің көлемі небәрі 17 ш.м құрайды. Пәтер Ш.Құдайбердіұлы және Манас көшелерінің қиылысындағы «Шуақты қала» тұрғын үй кешенінде орналасқан.
6. Жаңа үйлерде көбіне бір бөлмелі пәтерлер салынуда
Кейде бір бөлмелі пәтерлер жаңа үйлердегі барлық ұсыныстардың жартысын құрауы мүмкін. Бұл шағын пәтерлерге деген сұраныстың жоғары болуымен байланысты.
— Салушы өтімділікке байланысты алдын-ала жылжымайтын мүлік нарығын зерттейді, маркетингтік зерттеулер жүргізеді және үйді жобалау кезінде соларды басшылыққа алады, — деп түсіндіреді «Проспект» риелторлық агенттігінің дамыту және құрам бойынша директоры Дмитрий Ли. — Әрине, ол эконом— және жайлы кластар сегментіндегі қайталама нарықта бір бөлмелі пәтерлердің көбірек пайдаланылатындығын байқайды, сондықтанда бір бөлмелі пәтерлері бар үй салады.
Сатыпалу-сату мәмілесі заңды тазалығының 6 жағы >>>
7. «Бір бөлмеліктің» бір шаршы метрі «екі бөлмеліктен» 5-10%-ға қымбат
Бір бөлмелі пәтерлер — егер тұтас пәтердің құны жайлы айтатын болсақ ең арзан, ал енді әр шаршы метрінің құны бойынша ең қымбат тауар.
— Неғұрлым кішкентай болса, солғұрлым қымбат! — дейді Дмитрий Ли. — Базалық экономикалық қағидалар жылжымайтын мүлік нарығында да әрекет етеді.
«Бір бөлмеліктердің» бір шаршы метрінің «екі бөлмеліктерден» қанша пайызға қымбат екендігін анықтау үшін, сол бұрынғы Астана ТК-нің бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлерін мысалға аламыз.
АБС Royal Estate астаналық жылжымайтын мүлік агенттігінің атқарушы директоры өзінің ұсыныстар базасындағы деректерді келтіреді. Сарыарқа даңғылында орналасқан, «Махаббат» тұрғын үй кешенінде ауданы 36 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер меншік иесімен 65 000 $ бағаланған, бұл 1806 $/ш.м құрайды. Осы ғимараттағы 56 шаршы метрлік екі бөлмелі тұрғын үй 96 000 $-ға сатуға қойылған, бұл 1714 $/ш.м сәйкес келеді.
Сонымен, аталмыш жағдайда бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлердің арасындағы ауданның бір бірлігіне шаққандағы баға айырмасы шамамен 5%-ды құрайды.
8. Астананың орталығындағы және шетіндегі бірдей бір бөлмелі пәтерлер бағасы бойынша ерекшеленеді
— Пәтер құнына көптеген факторлар ықпал етеді, соның ішінде мәселен орналасқан ауданы, инфрақұрылым, көлікке қолжетімділік, сондықтанда бағалар да әр түрлі болады,— деп түсіндіреді бұл жайтты риелтор. Конституция көшесіндегі 31 шаршы метр көлемі бар бес қабатты үйдегі «хрущевка» 48 000 $ тұратын болса, ал Әуезов және Абай көшелерінің қиылысындағы осы типтегі шаршы метрі сондай пәтер 70 000 $-ға сатылады, — деген мысал келтіреді астаналық риелтор.
Бұл деректердің растығына kn.kz. жылжымайтын мүліктер порталындағы хабарландырулар базасын зерделеу кезінде көз жеткізуге болады.
Республика даңғылының бойындағы Алматы ауданындағы бір бөлмелі пәтер 70 мың АҚШ долларын құрайды. Көлемі 30 шаршы метрлік тұрғын үй бес қабатты кірпіш «хрущевканың» 2 қабатында орналасқан. Әуезов және Московская көшелерінің қиылысындағы Сарыарқа ауданында орналасқан, бес қабатты кірпіш «хрущевкадағы» сондай шаршы метрлі пәтер 2 есе дерлік арзан тұрады — 47 000 $. Сонымен қатар бұл жерде пәтердің жөндеуден өткендігі де көрсетілген. Пәтер орнатылған жиһазбен және ішінара тұрмыстық техникамен бірге сатылады.
9. Қазіргі таңда астанадағы ең арзан «бір бөлмеліктің» бағасы — 27 000 $
Арзан бір бөлмелі пәтерлер көбіне Сарыарқа ауданында кездеседі. Біз kn.kz. жылжымайтын мүліктер порталындағы хабарландырулар базасынан тапқан, ең арзан бір бөлмелі пәтер Бұланты және Конституция көшелерінің қиылысындағы ескі типтегі алты қабатты кірпіш үйде орналасқан және 27 000 $ тұрады.
АБС Royal Estate агенттігінің базасындағы ең арзан ұсыныс — Досмұхамедұлы көшесінің бойында орналасқан, өзінің асүйі және санитарлық торабы бар толықтай жарамды бір бөлмелі «шағын отбасылық» — пәтер. Тұрғын үйдің көлемі — 21,5 шаршы метр, құны — 32 000 $.
— Үй қаланың шетінде өнеркәсіптік аймақта орналасқан, — деп түсіндіреді мұны Расул Биккинин. Ауданы қолайсыз, үй өте арзан құрылыс материалдарынан салынған, сондай-ақ көлікке қолжетімділіктің қиындығы және инфрақұрылымның жоқтығы байқалады. Тағы бір кемшіліктерінің бірі — үй төбелері аласа дәліздік типте салынған.
10. Элиталы үйлердегі бір бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие емес
Риелторлардың бағалауы бойынша элиталық жаңа құрылыстардағы алғашқы нарықта бір бөлмелі пәтерлер жылжымайтын мүлік нарығындағы ұсыныстардың жалпы көлемінің 1%-дан азын құрайды.
— Әдетте, элиталы үйлерде бір бөлмелі пәтерлер өте сирек кездеседі. Ал егер тіпті болса да, онда шаршы көлемі екі бөлмелі пәтерлердің көлемінен азғана ерекшеленеді — деп түсіндіреді Расул Биккинин.
— «Элиталы» үйлердегі пәтерлерді дәулетті қамтамасыз етілген адамдар сатып алады, олар әдетте көлемі шағын мұқтаждықты қанағат тұтпайды. Қалай дегенмен де, шаршы көлемі кішкентай пәтерлер эконом-класқа жатады, — дейді «Проспект» агенттігінің риелторы Дмитрий Ли.
Kn.kz ақпарат қызметі