Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Қазақстандағы тіркелімнің ерекшеліктері

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы жаңа Кодекстің күшіне енгенін еске де саламыз. Кодекстің жаңа редакциясына сәйкес, онда шетелдік азаматтардың Қазақстанға келу ережесін оңайлату баптары қарастырылған. Алайда, бұған қоса аталған санаттағы тұлғалардың жіберген тәртіп бұзушылықтары үшін жазалау шаралары қатаңданған.  

Тіркеу міндетті

Тіркелім туралы толыққанды әңгімені де ҚР заңнамасына сәйкес ҚР аймағына әрдайымға келуші, әрдайымға тұрушы немесе босқын мәртебесі бар әрбір азаматтың тіркелімі болу керектігінен бастаған дұрыс, абзал деп сенімді түрде есептейміз. Жеке және де заңды тұлғаларға және де мемлекетке қатысты дер кезінде пайдаланылатын азаматтың заңды мекен-жайы, тұрғылық жері оның тіркелім орны болып танылады. Тіркелім орны меншікті пәтері немесе үйі болуы соншалықты міндетті емес. 

Ішкі мигранттарды тіркеу ережелерінің 4 бөлігіне сәйкес тұрғын үйлерде және пәтерде, бағбандық серіктестіктің және кооперативтердің саяжайлық құрылысында, жатақханаларда, қонақүйлерде, санаторияларда, профилакторияларда, интернат-үйлерде, пансионаттарда, қариялар үйлерінде, кейбір жағдайларда — қызметтік ғимараттарда тіркеуге тұруға болады.

Тіркелімге байланысты барлық түсініктер «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңында, Азаматтық Кодексте және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және ішкі мигранттарды тіркеу Ережелерін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 қаңтардағы № 1427 Қаулысында нақтылы, тиянақты көрсетілген. 

Тіркелімді қалай алуға болады?

Азаматтарды тіркеуге алумен және де шығарып тастаумен негізінен ішкі істер органының көші-қоны полиция бөлімшесі шұғылданады, бірақ, құжаттарды беруді және қабылдауды тұрғындарға қызмет жасау орталығы өткізеді. Жаңа мекен-жайға тіркеуге тұру үшін сіз ТҚО-на төмендегі құжаттарды дайындайсыз:

  • тұрғын үй меншік иесінің келісімімен тіркеу туралы арыз;
  • жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасы;
  • ҚР заңнамасында нақтыланып көзделген басқа да негіздерге сүйеніліп, тұрғын үйден шығаруға ұсынылатын құқық пен меншікке тұрғын үйді бекітілген тәртіппенен иеленуді растайтын тиянақты түрдегі құжат;
  • азаматтардың тіркеу кітапшасы менен мекен-жайлық анықтама (ҚР аймағында әрдайым жүріп тұратын);
  • құжат үшін баж салығын төлеу туралы түбіртек (болмаса баж салығын төлеуден босатуды растайтын құжат);
  • бұрынғы тұрғылықты орнынан кетудің мекен-жайлық парақшасы;
  • нотариальды куәландырылған сенімхат — егер де тараптың бірі болмай қалған жағдайда. 

Ішкі мигранттарды тіркеудің Ережелеріне сәйкес бұрынғы тіркелімнің тұрғылықты мекені бойынша есептен шыққан уақыттан бастап, тіркеу 10 күннің ішінде өткізілуі тиіс. 

Соныменен қатар аталған ресімді egov.kz. сайтынан онлайн өткізуге болады. Бұл үшін порталға жан-жақты еніп те, кіріп және де «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесі бойынша өту керек. Сосын тапсырыс толтырылып, оны ЭЦҚ (электрондық цифрлық қол қою) қол қойылады. ЭЦҚ бекітілген (егер арыз беруші тұрғын үйдің меншік иесі болмаса) тұрғын үйдің меншік иесінің келісімді берген құжатын да тапсырысқа қосу қажет. Сосын АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік бажды төлеген дұрыс және де 2 жұмыс күнінің ішінде сіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша тіркеуіңізді растайтын құжат аласыз. Бұл қызметке Шымкент пен Қарағандыны қоспағанда, Қазақстанның барлық қалаларында қолжетімді.

Ішкі мигранттарды тіркеу Ережесіне сәйкес бұрынғы тіркелімнің орны бойынша есептен шығарылу күнінен бастап, 10 күннің ішінде тіркелім өткізілуі тиіс. Босқынға қатысты айтсақ, онда бұл жағдайда тіркелім 5 күн мерзімнің ішінде өтіп болуы керек.

Тіркелім болмағандағы жазалау

КоАП-тың жаңа редакциясына сәйкес те үш ай мерзімге дейінгі тіркелу орны бойынша емес тұру 492 баптың 1 бөлігіне сәйкес айыппұл ешқашан да төленбейді, тек қана қатаң ескерту жасалады. ҚР аймағы бойынша тұрғылықты мекен-жайында ешқандай да тіркелімсіз үш ай мерзімнен аса уақыт тұру, жоғарыда көрсетілген баптың 2 бөлігіне сәйкес бес айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде де айыппұл төленеді. Аталған заңнамалық актінің бұрынғы редакциясында да он календарлық күннен артық мерзімде тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелімсіз тұруда қатаң ескертумен қоса 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төленетіні нақтылы жазылғандығын көпшіліктің есіне мықтап тұрып саламыз. 

Шетелдік азаматтар үшін

Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы бұрынғыдағы Кодексте тұрғындардың ҚР заңнамасындағы миграция саласында азаматтығы жоқ тұлға немесе шетелдік тәртіп бұзса, анығырақ айтсақ, мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін де бес күннің ішінде ішкі істер органында тіркелімнен өтпей, елдің аймағында жүретін болса — 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік жүктелетіні айқын, анық қарастырылған.

Жаңа Кодекске нақты сәйкес 517 баптың 1 бөлігінде миграциялық заңнаманың азаматтығынсыз тұлға немесе шетелдік азамат та тәртіп бұзса, бес календарьлық күн біткеннен кейін үш күнге дейін мерзімде ішкі істер органдарында тіркелімсіз ҚР аймағында жүретін болса, оған қатаң ескерту жасалады. Жоғары мерзімде немесе тіркелім орнысыз тұрған жағдайдағы осыған ұқсас тәртіп бұзушылық орын алса — 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төленеді, 10 күнге дейін де мерзімде түрмеге қамалады немесе ҚР аймағынан сыртқа әкімшілік қуылу болады.

Бұдан басқа жаңарған Кодексте шетелдіктерді және азаматтықсыз тұлғаларды қабылдайтын ҚР жеке және де заңды тұлғалардың уақытында тіркелмегені үшін де жауапкершілік жақсылап қарастырылған. Соныменен қатар Қазақстанның аймағында тіркелімнің тәртібін  қасақана бұзып та, осында жүрген азаматтықсыз тұлғаларға және шетелдіктерге тұрғын үйді ұсыну тәртібінің бұзылғаны үшін санкциялар анықталған. Және миграциялық карточкада тіркелім кезінде және визада көрсетілген келу мақсатына сәйкес келмейтін тұлғалармен мәміле жасалғаны үшін жауапкершілік  қарастырылған.

Тұтынушы өз құқығын қалай қорғайды? >>>

Қабылдайтын тараптардың жауапкершілігі

518 баптың 1 бөлігіне сәйкес шетелдіктер менен азаматтығы жоқ тұлғаларды уақытысында тіркемеуге шара қолданылмаса, жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде, кіші бизнес субъектілеріндегі немесе коммерциялық емес ұйымдардағы лауазымды тұлғаларға — 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлікке — 15 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлікке — 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Тұрғындардың миграциясында Қазақстан Республикасына келіп те, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған азаматтығы жоқ тұлғаға немесе шетелдікке тұрғын үй ұсыну, немесе бекітілген уақытты мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуден ауытқыған, немесе тіркелу кезіндегі көрсетілген мекен-жайға тұрғылықты орынның сай келмеуі жоғарыда көрсетілген баптың 2 бөлігінде нақтылы жазылған.

Жоғарыда айтылған талаптар орындалмаған жағдайда жеке тұлғалар үшін де айыппұл 10 АЕК-ті құрайды. Лауазымды тұлғаларға, кіші кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төленеді, орта кәсіпкерлік субъектілер үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін — 40 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Аталған осынау баптың бірінші және екінші бөліктерінде нақты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл толмай жатып та, ол іс-әрекет тағы да қайталанатын болса, жеке тұлғалар үшін дәлме-дәл 15 АЕК мөлшерінде де, лауазымды тұлғаларға, кіші кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға да — дәлме-дәл 25 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілерге — анық 35 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілерге — 45 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

ҚР КоАП-тың 493 бабына сәйкес тұрғын үйдің немесе ғимараттың меншік иесі онда тіпті де тұрмайтын жеке тұлғаны тіркеуге жол беріп қойса, жеке тұлғаға 5 АЕК мөлшерінде, кіші кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілерге — 15 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Тіркелім туралы мифтер

1 миф: тіркелім меншік иесінің пайда болуына итермелейді.

Заңдарға сәйкес тіркелімі бар азамат сіздің жылжымайтын мүлкіңіздегі үлеске талаптана алмайды. Ол оны сата алмайды, жалға бере алмайды, оны кепілге қоя алмайды, басқа мәміле жасай алмайды.

2 миф: Егер де адам пәтерде тіркелімде болса, онда жылжымайтын мүліктің иесінің келісімінсіз оны шығара алмайды.

Пәтердің қожайыны пәтердің тіркелімінен шығарылатын адамның жеке де арызына құлақ түрмей-ақ, тіпті оның жеке басын да куәландыратын құжатсыз-ақ, оның пәтерінде тіркелімде тұрған азаматты шығара алады. Сатып алу уақытында, соныменен қатар тіркелімде тұрған азаматтар тіркелімнен шығарылады. Аталған операция ТҚО-да жүзеге асрылады, тіркелімнен шығарылатындардан арыз талап етілмейді. Соныменен қатар бір жақты есептен шығаруға басқа жаққа да қонысты аударғандар, соттың шешіміменен бас бостандығынан айырылғандар (егер тек қана олар жылжымайтын мүліктің меншік иелері болып табылмаса), өліп қалғандар мен жылжымайтын мүлікті пайдалануға құқы жоғы сотпен танылғандар нақты жатады.

Kn.kz ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи