Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Тұрғын үйді сатып алу үшін ақша жинауға 10 ақыл

Бүгінгі таңда жеке тұрғын үйінің болмау проблемалары көптеген қазақстанның басында бар. Бұдан шығар жалғыз жол — бірден пәтерге болмаса да, ең аз дегенде ипотека бойынша бастапқы жарнапұлға қаражат жинау. Жеке меншік тұрғын үй үшін ақшаны жылдам әрі дұрыс қалай жинау керек?

Kn.kz жылжымайтын мүлік туралы портал аталған мәселені шешу ісіне кірісті және төбесіне жеке шатырын иеленуді қалаған талапкерлерге ақылын да аямайды.

— Көптеген адамдар жанұялық кісіге пәтерді сатып алу үшін де қажетті соманы жинақтауға түкте мүмкіндік бермейтін азғантай ғана жалақысы бар екеніне шағым білдіреді, — деп әңгімелейді тәуелсіз қаржылық кеңес беруші Жаңагүл Рашева. — Бірақ, толықтай заңды түрде мынадай сұрақ туындайды: неліктен осындай кішкентай жалақыменен пәтерді иеленеді, ал, біреулер тиын санап, әуре-сарсаңға түседі?

Барлық мәселе ойлана білуде деп санайды маман.

— Ойлануды өзгертіңіз, түсініңіз, сізге ешкім ешқашан міндетті емес және қарыз емес, — деп ескертеді қаржылық кеңес беруші. — Тіпті азғантай жалақымен тығырықтан шығар жолды іздеуге болады. Жағдайды дұрыс бағалаған адамның меншікке шаршы метрлерді иелену мәселесін тез шешетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Өз басымнан өткен көптеген істердің арқасында қаражатты жинау бір күндік іс болмағандықтан, тәртіпті адамдардың мақсаттарына тезірек жететіндіктерін сенімді айта аламын.

Маман іскер кеңес беруші пікірінше, тезірек, жылдамырақ ақша жинаудың өзіне бір жыл, тіпті одан көбірек уақыт кететініне дайын да болу керек. Анықталған айқын жолдан тайып кетпей, ойға алған жұмысты соңына дейін жүйелі жеткізу үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау қажет. Қорытындысында армандаған пәтеріңізге ие боласыз.

Енді жеке технологияға жинақтау.

1. Алдыңызға нақты мақсат қойыңыз

Алдыменен алдыңызға мақсаттар да қойыңыз. Тек қана теңіз жағасындағы бес қабатты зәулім сарайды емес, шынайысын армандаңыз. Және оны үздіксіз ең төмен мөлшерге дейін азайтыңыз. Мысалы, жалпы сіздің жанұяыңыздың ортақ табысы 200 мың теңге болған жағдайда да сіз құны 600 мың доллар тұратын коттеджді иеленуді қаладыңыз деп қояйық. Мұндай тұрғын үй үшін сізге өмір бойы ақша жинауға тура келеді, тіпті қартайғанда да көп бөлмелі апартаменттің сіздің иесі болатыныңызға сенімнен күдік көп. Тек шағынын иеленесіз, өзіңіздің шарасыздығыңызға өзіңізді кінәлайсыз.  

Аталған кезде өзіңіздің шабытыңызды тыйыңыз, бір қалыпқа келуді бастаңыз. Егер сізде ештеңе жоқ болса, онда алдымен қаланың шетінен несиеге шағын пәтер сатып алуды жоспарлаңыз. Егер сіздің меншігіңізде кішкентай тұрғын үй көлемі болса, онда үлкен шаршысы бар пәтерге ауыстыруға талаптануға болады.

Жинақтауға басталған алғашқы қадамдардың бірі болып табылатын кішкентай мақсаттардан қорықпаңыз.

Меншікке қасиетті шаршы метрлерді иелену мәселесін шешу жолдарын жылдамырақ табатындардың жағдайды сауатты бағалайтынын тәжірибе де көрсетіп отыр.

2. Жинақтаудың қажетті сомасын анықтаңыз

Өте іс-әрекеттегі жинақтаудың нақ сенімді құралы — бұл иелікке алынатын тұрғын үйдің барлық цифрлары мен есептемелері көз алдыңызда болуы керек. Мысалы, ипотекаға пәтерді сатып алу үшін банктен бастапқы жарнапұлды алуды жоспарласаңыз. Қолайлы нұсқаны қарауға, бағаны білуге және де сосын банктен бастапқы жарнапұл сомасын, қосымша шығынды, қаржылық ұйым комиссиясын анықтауға, нәтижесінде нақты цифрды шығаруға ақыл береміз.

Осыдан барып кіші немесе үлкен бағасы бар объектілердің басқа нұсқаларын таңдауға, сіз үшін де несиелеу шарттарын таңдау мақсатында бірнеше банктерге телефон шалуға ештеңе де кедергі болмайды. Ең бастысы — сіздің көз алдыңызда нақты цифрлар болуы тиіс.

Көптеген адамдар осындай шағындау талаптарды да нақтылы сақтамайды. Жылжымайтын мүліктің әлеуетті сатып алушылары да кез келген аудандағы пәтердің бағасын жобалап біледі және таныстары мен туыстарының сөздерінен бастапқы жарнапұлдың сомасы және пәтер үшін қосып төлеудің мөлшері туралы түсінігі болады.

3. Шығындар мен кірістердің қатаң есептемесін жүргізіңіз

Алдыңғысынан заңды түрде келесі кезең туындайды. Қаржы аналитиктер сіздің ай сайынғы алып тұратын соманы да тексеріп, жазып тұруға, солардың қаншасын пәтер үшін жинауды анықтауға да, сонымен қатар жинақталған қаражаттың санын белгілеп отыруға кеңес береді. Аталған осы үш цифр көзделген мақсатқа қозғалыс жылдамдығы туралы түсінік береді және күшті мотиватор қызметін атқарады.

Соныменен, бірінші цифр — бұл кіріс. Одан ешқандай күрделілік туындамауы тиіс. Бұл айдан айға үнемі, әрдайым өзгере беретін сома емес. Соныменен қатар ай сайын оны «Кіріс» қатаршасында белгілеп отыруды әр кезде әдетке айналдырыңыз.

Екінші цифр — бұл соманы сіз сенімді де жинақтап отыра алатыныңыз. Бұл жерде де бүкілі тайға таңба басқандай анық. «Жинақталған сома» кестесіне қалаған шаршы метрлерді алу үшін жанұяға зиянын тигізбей, құрбандыққа шала алатын цифрды ай сайын жазып отырыңыз.

Үшінші цифр — бұл жинақтаудың жалпы сомасы. Бұл цифрларды нақты енгізу үшін барлық ай бойынша жинақталғанның бірінші екі цифрын белгілеу қажет. Бұған егер сіздің жинақтауыңыз депозитте жатса, банктің пайыздарын қосу керек.

Жанұялық бюджеттің 40% керек емес заттарға кетеді деп сенімді санайды қаржылық кеңес беруші.

4. Әрдайым барлық цифрларды қайталап қараңыз және талдаңыз

Аталған осы үш цифрдың әрдайым сіздің көзіңіздің алдында болуы маңызды, сіз оларды кез келген уақытта қарай алуыңыз керек. Өйткені, бұл әрекет сіздің санаңызда күшті мотивацияның пайда болуына да әсер етеді. Әдетте, цифрларды қайталап қарау таңқаларлық іс-шаруа — бұл қомақты қаражаттың жиналуына көмектесетін құпия.

Сонымен қатар жылжымайтын мүлік нарығы менен экономикалық саладағы іске әрдайым талдау жасау қажет. Жинақтау уақытында пәтерлердің бағаларына, банктің шарттарына өзгерістер енуі мүмкін.

5. Ай сайынғы шығындарға талдау жасаңыз

— Қаражаттың қайда жұмсалып жатқанынан толықтай хабардар болу үшін бір ай бойында бүкіл дерлік шығындарды тиянақты түрде жазып отыру керек (БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!), — деп те сендіреді тәуелсіз қаржылық консультант Жаңагүл Рашева. — Нәтижесінде 40% дейінгі шығындар керек емес заттарға немесе импульсивті сатып алуларға кететінін білгенде, сіз орасан таңданасыз.

6. Дүкенге тізіммен барыңыз

Ар-ұяттың тым лайланып бүлінбеуіне байланысты импульсивті деп аталатын сатып алулардан ауылды аулақ салу үшін  супермаркеттерге нақты тізіммен баруды әдетке жақсылап айналдыруға сараптамашылар жан-жақты кеңес береді.

7. Күтпеген шығындарға қаражат бөліңіз

Қаржылық аналитиктің айтуынша, жанұялық бюджетті құратын уақытта яғни, алдыңғы кезеңдерге шығындарды жоспарлағанда, осы да соманың 10-­15% кейінге қалдыру керек — күтпеген шығындарға. Бір ережені ұстаңыз — мерейтойға, тойға және басқа да іс-шараларға кететіндер осы сомадан артық болмауы тиіс!

8. Қосымша ақша көзін табыңыз

— Иә-иә, сіз пәтерді де қаласаңыз — қосымша ақша көзін табыңыз, — дейді Жаңагүл Рашева. — Кешкілікте таксиді жүргізуге, аудармаменен айналысуға, бизнес­жоспарларды нақты жазуға болады. Қосымша ақша көздерін табуға бізде мүмкіндіктер жетіп артылады.

Тұрғын үйлік қорқыныш: меншікті неден қорғауға болады? >>>

9. Ақшаны сақтау тәсілін таңдаңыз

Тағы бір айтарлықтай маңызды кезең — артылып қалған ақшаны және де сіз қосымша тапқан қаражатты сақтаудың тәсілін таңдау. Пәтер сатып аламын дегенше сіз ақшаны қайда сақтау жоспарыңызды анықтап та алыңыз. Осы мақсат үшін сіздің үйдегі жастық астын емес, банктік есепшотты таңдайтыныңызға күмән жоқ. Себебі, ақшаны үйде сақтау, оларды жұмсамау — бұл сіздің қолыңыздан келе қоймайтын өте күрделі тапсырма.

— Мен өзім жеке басым керемет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі таңдауға кеңес берер едім, — дейді тәуелсіз қаржылық консультант Жаңагүл Рашева. — Депозитті ашасыз және мынаны әдетке айналдырасыз да — жинақталған ай сайынғы ақшаны банкке апарып отыру. Шүкір, қазір бұл операцияны жүзеге асыратын терминалдар жетіп артылады. Пәтердің құнының 25% тезірек жинасаңыз, мақсатқа жетуге жақындай түсесіз. Осы соманы жинағаннан кейін пәтерді иелену үшін де банктегі аралық қарызға үміттене аласыз. Сонымен қатар аталған соманы жинау барысында сіз психологиялық жағынан тұрақты боласыз.  

10. Көңіл көтеруге де ақшаны қарастырыңыз

Тағы бір үлкен емес, бірақ та маңызды кезең. Қаржылық аналитиктің айтуынша, бюджетті жоспарлаған кезде жанұямен көңіл көтеру орындарына бару үшін шағын шығынды МІНДЕТТІ түрде қарастырыңыз.

— «Аштан қалу» жайына берілуге болмайды, — деп өте қатаң ескертеді Жаңагүл Рашева, — болмаса күнделікті ағза қажет ететін тамаққа тым шектеу қойылғанда да, адамның ештеңеге шабыты шаппай қалады. Сонымен қатар егер де пәтерді иеленуге кішкене, тіпті аз уақыт қалғанда, түк те түсінбеушіліктен сіз жанұясыз қалып қоясыз, осындай құрбандық керек пе?

Kn.kz ақпараттық қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Сатыпалу-сату мәмілесі заңды тазалығының 6 жағы

Жаңа құрылыстағы пәтер: дағдарыста сатып алу керек пе?

Мемлекеттен пәтерлер: сұрақтар мен жауаптар

kn.kz
>
Статьи