Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Жабдығымен тұрғын үйдi сатудың ерекшелiктерi

Жиһазбен және техникамен жабдықталған пәтерді сату әдеттегі құбылыс болып қалды. Астана риелторларының айтуынша, жабдықталған жылжымайтын мүлікті бүгінде сатушылардың 80%-на дейін ұсынады.

Соңғы уақытта жабдықталған пәтерлер көбейе бастады, оның бір себебі — бұл алысқа көшу.

— Сатушылар басқа қалаға өздерімен жиһазды алғанды қаламайды, бұл қымбат, аз проблема тудырмайды, жаңа жерде ел бәрін жаңадан бастағысы келеді, — дейді «Адмирал» риелторлық агенттігінің директоры Ирина Барбаева.

Kn.kz аналитикалық қызметі есептемеcі бойынша пәтерде жиһаздардың болуы жиһаздарсыз жылжымайтын мүлікпен салыстырғанда, оның бағасын орташа 8%-ға (немесе пәтер үшін бүтіндей 10,5 мың $-ға) өсіреді де. Егер де жиһазы пәтер бар пәтердің орташа құны 2039 $/ш.м. құраса, бұл көрсеткіш те жиһазсыз 1893 $/ш.м. болады. Жартылай жиһаздалған пәтер бос пәтерлерден орташа есеппен 4%-ға қымбат.

Сатушылар не ұсынады?

Көбінесе асүйлік гарнитурымен пәтер саудаға қойылады — оны жаңа да мекенге алып тасудың ешқандай мағынасы жоқ. Жиһаз, әдетте, әрбір асүйге арналып, тиянақты түрде тапсырыспен жасалады, сондықтан басқа пәтерде ол үйлеспеуі әбден ықтимал

Көбінесе жиһаздалған пәтерлер бизнес- және элит-сегментте сатылады. Шамамен сатып алушылардың 70%-ы тұрғын үйді жиһаздарымен де қалайды.

— Көп жағдайларда асүйлер пәтермен де үндесіп жасалады, ол ешқашан тасылмайды, — дейді де Ирина Барбаева. — Бекітілген жиһаз қалдырылады. Міне, менің қатысуыммен пәтер сатылды, онда жартылай жатын шкаф-купе болды. Оны басқа да пәтерге тасымалдауға шамасы келмейтінін қожайын түсінді. Барлық жиһазы бекітілген клиенттер бар.

Жиһазымен пәтер өте қолайлы, бірінші кезекте сатып алушыға. Өйткені, жабдықтар үшін барлық құнды сатушы ала алмайды. Оған ешкім қосымша ақы төлемейді. Жиһаздарды пәтерден бөліп-бөліп сату тағы да болмайды. Қалтасы көтеретін, бай-қуатты адам өзінің түсінігіне, өзінің талғамына сай  жаңасына әбден тапсырыс береді.

Техникамен де жағдай осылай. Егер қаражат болып тұрса, дүкендерден кепілдікпен, жеңілдікпен ие болудың мүмкіндігі болса, неге қолдан сатып алуға ұрыну қажет? Тек бұл жеке адамда арзан болады. Жабдығымен пәтерді сату кезінде интерьер үшін шынайы бағаны қою да бола бермейді, өйткені, бірінші кезекте, пәтер, яғни, оның орналасқан мекені, материалы және де қабырғаның жағдайы менен жобалауы сатып алушы үшін тым маңызды. Жиһаздалған жылжымайтын мүлікке қарап, бағаны қалыптастыру факті. 

Әженің қолынан өткен интерьер нысандары үшін бір нәрсе төлеу керек емес. Кейбір кезде сатып алушы мынадай шарт қояды — бар ескі-құсқыны шығарып тастау. Болмаса адам жалдап немесе таныстарынан сұрап, бұны жаңа қожайынның өзіне істеуге тура келеді.

Астанада, «НовостройкиАстаны» ЖШС-ніңвице-директорыРусланУнгефугтың айтуынша, шамамен сатушылардың 80 пайызы жылжымайтын мүліктерін жабдықтарымен саудаға қояды. Көбінесе жиһаздалған пәтерлер бизнес- және элит-сегментте сатылады. Шамамен сатып алушылардың 70%-ы тұрғын үйді жиһаздарымен де қалайды. Пәтерді иеленгеннен кейін жаңа қожайын оған керек еместерді сатып та жатады.

Астананың арзан пәтерлері >>>

Әлеуеттi клиенттердiқайдан iздеуге болады?

Интерьермен пәтерлерді, көбінесе, оларды келешекте жалға беруді нақ жоспарлағандар сатып алады. Мұндай жағдайда болашақ қожайын тұрғын үйді әсемдеуге уақытын да, күшін де жұмсамайды. 

— Мұндай адамдар пәтерге кіргеннен кейін былай деп сұрайды: мұнда не нәрсе қалады? Адам жылжымайтын мүлікті не үшін сатып алып жатқаны сонда белгілі болады. Олар әрбір зат үшін күреседі. Мәселен, ештеңеге керек емес керует тұрады, сатып алушы оны қалдыруды да өтінеді. Неге? Сатып алудың басынан «жұмыс істеуі тиіс». Ол біртіндеп интерьерді жаңартады, жалға беруді бірден бастағанды қалайды, — дейді риелтор Ирина Барбаева.

Астанада, Руслан Унгефугтің пікірінше, кез келген тұрғын үйді иелену өте қолайлы. Астана — жылжымайтын мүлікке қаржы тартуда, соныменен қатар әрі қарай оны арендаға да беру мақсатында да орасан тартымды қала. Сұранысқа келушілердің саны әсер етеді. Қысқасы, олар жабдығымен пәтерді өте қалайтұғын екі дәрежені мықтап құрайды.

— Негізінен, алыстан жиһаздарын тасуды қаламайтын басқа қалалардан келген сатып алушылар үшін жиһаз маңызды. Болмаса бұл жиһаздандыруға уақытын да бөлмейтін, қолдары ешқашан да босамайтын адамдар. Дөрекілеу айтсақ, олар пәтерге чемоданымен келеді және бірден онда тұрғысы келеді.

Стандартты жабдықпен сату жеңiл 

Бәрінен жеңілі, риелтор Ирина Барбаеваның айтуынша, пәтер «ешқандай көрнекіліксіз», стандартты жабдықтарменен жақсы өтіп кетеді. Классикалық стиль, керемет түстер, нысандардың азғантай саны: жеңіл бұрыштама, биік-қабырғаша, тәуір теледидар, кір жуғыш машинка, асүйлік гарнитур, кейде дәліз қабырғалық.

Астанада бизнес-, элит-класты жылжымайтын мүлік сатып алушыларда осыған ұқсас ерекшелік бар. Жиһазымен пәтер сатуға қоятын қожайындарға мамандар «ауыр» классиканы, «супер-хай-тек»-терді ешқашан да ұсынбауға кеңес береді. Орташашысы, яғни, жылтыраған немесе кесілген жиһаз емес. Кеңістікті тым тұмшалаудың қажеті жоқ.

Егер сізде үш бөлмелі пәтер болса, үш бөлмемен не істеу керек екенін білмесеңіз — балалар бөлмесін немесе кабинетті бос қалдыруға ақыл береді мамандар. Егер де сатып алушыда бала болмаса, одан кабинет жасайды, егер пәтерді жанұя иеленсе, онда оны балаларға лайықтайды да. Барлық пәтерді ағашпен қымтау, сонымен қатар ковролан төсеу және де жиһазды тканьмен қаптау тым қауіпті, түрлі материалдардан сатып алушыда аллергия шығуы мүмкін. Соңғы кезде трендте, жөндеуде, жиһазда  модерн стилі бар.

Үлескер қалай алданбауы тиіс? >>>

Баға туралы келiсу

Пәтерді сату кезінде жиһаз бенен техниканың құнын талдауға қиын да соғатынын анық көрсетеді мамандар. Бұл тек қана фирмаларға және өндіруші елдерге емес, ғимараттың көлеміне байланысты.  

— Мысалы, бизнес- және элит сегменте үлкен және тіпті үлкен пәтерлер кездеседі, — деп әңгімелейді Руслан Унгефуг. — Сонымен қатар және жиһаз: қымбат және тіпті өте қымбат болады. Бір асүйлік 10-15 мың доллар тұруы ықтимал. Әдетте қожайындар айтады: «Егер мен жиһазбен сататын болсам, онда саудаласу болмайды, жиһазсыз болса, жеңілдік қарастырылады». Бұл кезде сауда бірнеше мың доллар да болады. Пәтердің құнынан орташа 5-тен 10%-ға дейін жиһаз құрайды деп ойлаймын. Мысалы, менің әріптесім пәтерін 220 000 долларға сатты, алғашында қожайындар бұған 230 000 (жиһазымен) сұраған еді. Сауда 10 мыңды құрады.

Екі тараптың да баға туралы бірден келісімге келуі де сирек кездеседі. Түкке тұрмайтын ұсақ-түйекке де бола сатып алушы да және сатушы да екі жаққа кететіні де бар. Сонда екеуі де бір-біріне қарама-қарсы келген. Алайда, болған жағдайға басқаша қарауға болады ғой: егер сатып алушыға ұнамаса, басқаша пәтерді іздемеуі үшін сатушыға жиһазымен берген қолайлы. Расы, келіссөзде үшінші тараптың.

Тiзiмдеме жасаған жөн

Тәжірибелі риелторлар пәтер иелерінен кепілақша ақшаны алған кезде сатудан кейін қалатын мүліктердің тізімдемесін жасайды. Жылжымайтын мүлікті өз бетінше иеленетін тездеткіш сатып алушылар, әдетте, оның кейбір ерекшеліктерін білмей адасып қателеседі. Тиетін зардаптар да аяқ астынан болуы ықтимал. 

Ирина Барбаева:

— Бірде тек қана жиһаздың әсерінен мәміле болмай қалды. Пәтер ұнап қалды, банкпен келісім жасалды, кепілақша да берілді. Алдыменен қожайын барлық жиһаздарды да қалдырды. Ол клиенттің тым келісіп тұрғанын байқап, бағдарлап, оларды арзанға тастап кетуді шешті. Қабырғашаны, теледидарды, асүйдегі үстелдерді, жеңіл жиһазды алып кететінін де айтты. Сатып алушы бұған ренжіп қалды. Өйткені, жаңа орында жиһаз болады деп, бұрынғыларын тастап кеткен. Дес бермес, текетірестен кейін мәміле жасалмай қалды.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Бірлескен жалдамалы тұрғын үйдің ерекшеліктері

Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер

Жылжымайтын мүлікті табысты сатудың құпиялары

kn.kz
>
Статьи