Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Дағдарыстағы құрылыс салушыны таңдаудың 5 ережесi

Жылжымайтын мүлікті сатып алу әрдайым тәуекелшілікпен тығыз байланысты. Әсіресе, егер болашақ пәтер орналасқан үй экономикалық дағдарыс кезеңінде салынса. Құрылысшыны таңдау мәселесіне қалай дұрыс баруға болады және сатып алудың қауіпсіздігін көтеру үшін неге ерекше көңіл бөлу керек?

1 ереже: компанияның абыройын бiлiңiз 

1. Көмекке интернет

Алдымен құрылыс салушы-компанияның сайтымен танысыңыз. Онда міндетті түрде компания туралы ақпарат, пайдалануға беріліп қойған үйлер мен пәтерлердің жобалары, сонымен қатар барлық рұқсат беруші құжаттардың орналасуы әбден мүмкін.

Егер де сайтта көңілсіздеу немесе ескірген ақпараттар ұсынылатын болса, жан-жақты да сақтануға тура келеді. Жылжымайтын мүлік туралы түрлі форумға қатысыңыз. Мұнда сатып алушылардың шынайы пікірлерімен сіз танысыңыз. Әрине, бәріне сенуге болмайды, алайда, бұл ақпарат сіздің ойлануыңызға тұздық жасайды. Сонымен қатар құрылыс салушы-компанияның құрылыс немесе кәсіби бірлестіктерде бар-жоғын анықтау қажет. Осылардың біріне мүшелік жақсылық нышаны болып табылады.

2. Серіктестер кім?

Құрылыс салушыны таңдау кезінде үлескерлердің депозиттік төлемдерін қабылдайтын банк-агентке назар аудару маңызды. Керемет абырой-беделмен сенімді банк күдікті немесе тұрақсыз компаниямен жұмыс істемейді.

Құрылыс компаниясының ерекшеліктерінің маңызы, мәні құрылыс материалдарын жеткізетін серіктестердің тәуір беделі болып табылады. 

«Самұрық-Қазынадан» тұрын үй: есептеме мен талап >>>

3. Тарих және болашаққа жоспарлар

Құрылыс компаниясының жұмыс өтілі көп нәрседен хабар береді. Жылжымайтын мүлік нарығына келуінің ең төмен мерзімі 5-тен 8 жылға дейінгіні құрауы керек. Құрылыстың сапасы туралы пайдалануға берілген үйлерде тұратын адамдардың айтқандары жөн болар еді.

Компанияның дағдарысты қалай өткізгенін, бар жобаларды сақтап, соңына дейін жеткізгенін, жеткізбегенін, онда бітпеген және басталмаған құрылыстың бары-жоғын нақтылап білу орасан маңызды. 

Құрылыс салушыны таңдаған уақытта оның болашақтағы жоспарларын білген абзал. Керемет құрылыс компаниясы бір немесе екі мерзімі ұзақ емес жобалармен ешқашан да шектелмейді.

2 ереже: құжаттарды сұраңыз

Құрылыс компаниясының менеджерімен кездескен кезде бірінші кезекте сіз барлық қажетті құжаттарды сұрауыңыз керек. Заң бойынша аталған ақпарат коммерциялық құпия болып табылмайды, тиісінше алғашқы талап қойғанда, барлық құжаттардың көшірмелері берілуі тиіс. 

Құрылыс объектілері туралы ақпаратқа мыналар кіреді:

  • кезең бойынша құрылысқа рұқсатнама (МСҚК-і берген);
  • объектінің мекенін көрсету және жобалық/жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес оны тізімдеу;
  • құрылыстың кезеңдері және оның аяқталу мерзімі туралы мәлімет;
  • бас мердігер және де оның атауы, аталған саладағы тәжірибе жұмыстары, лицензияның болуы, бас мердігердің басқаруымен іс-әрекеттер жасаған құрылыс объектілерін пайдалануға беру туралы ақпарат хақындағы негізгі мәліметтер.

МСҚК-нен құрылысқа рұқсатнамамен жан-жақты танысумен қатар инженерлік коммуникацияларға сауатты қосудың техникалық жағдайларын да тиянақты түрде білген дұрыс. Ауыз толтырып айтарлықтай көптеген мысалдар бар, тұрғындар қоныстанғаннан кейін олардың үйлерін коммунальщиктердің балансына берілуін бірнеше айлар да күтулері мүмкін. Оның үстіне дағдарыс кезінде құрылыс салушының бұған қаражаты жетпеуі ықтимал.

3 ереже: сақтыпқен тәуекел етiңiздер

Төрт аяғына нық тұрған құрылыс компаниясының дағдарыс орын алған жағдайда шығындарды оңтайландыру жоспарлары әрдайым болады, сондықтан ол құрылыс көлемін түсірмей және бір шаршы метрге орташа құнды сақтап, тұрақты жұмыс істей береді.

Котлованның кезеңінде тұрғын үйді сатып алу, әрине, қолайлы болады, бірақ, мұнда тәуекелшілдік басым. Егер қаржы жетсе — ең болмаса жартылай салынған үйден пәтерді иеленіңіз. Сонда сіз құрылыс салушының жұмыс кестесіне үлгеретінін білесіз.

Фирмада құрылыс салуға меншікті қаржылары болуы тиіс: үлескерлердің қатысуы заң бойынша шығынның жалпы сомасынан 75%-дан өспеуі керек, құрылыс салушының үлесі 15%-дан аз болмауы тиіс.

Аталған ТК-не немесе көп қабаттыға сол компанияның өзі қанша қаражат салғанын анықтаңыз. Фирмада құрылыс салуға меншікті қаржылары болуы тиіс: үлескерлердің қатысуы заң бойынша шығынның жалпы сомасынан 75%-дан өспеуі керек, құрылыс салушының үлесі 15%-дан аз болмауы тиіс.

4 ереже: шартты жасасқанда, ұқыпты болыңыздар

Біздің еліміздің үлескерлері де, құрылыс компаниялары да көптеген жағдайда қарама-қарсы тараптың мүдделерін қорғайтын заңға көңіл толмаушылықтарын білдіріп жатады. Сондықтан олардың көпшілігі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңды қалай да өйтіп-бүйтіп айналып өткілері келеді.

1. Қаржыландыру шарты

Солардың бір жолы құрылысқа үлестік қатысу келісімшартының орнына қаржыландыру шартын жасау болып табылады. Осы нұсқа жауапкершіліктің бір бөлігі алынып тасталатындықтан, құрылыс салушылар үшін орасан қолайлы.

— Қаржыландыру келісімшартын жасап жатқан кезде сіз бар тәуекелділікті өзіңізге алатыныңызды түсінуіңіз керек. Үлгі жәй: сіз ақшамен қаржыландырасыз, бірақ, ешқандай кепілдік болмайды, — деп түсіндіреді заңдылық фирмасының директоры Талғат Мылтықбаев.

Қаржыландыру келісімшартын қолдану соңғы уақыттарда көбейіп кетті. Осындай әрекеттер  үлестік құрылысқа қатысты мәселені реттеп отыратын заңға өзгерістер енгізуге апарды. Сонымен қатар оның әрекеті үлестік қатысу келісімшартына негізделген тек қана қатынастарға емес, үлестік құрылысқа жататын қалған барлық қатынастарға қолданыла береді. Және келісімшартты жасаған уақытта оның атауына мықтап тұрып, назар аудару қажет, көңіл бөлу керек, өйткені, заңдағы түзетулерге қарамастан аталған екі келісімшарт ойдағыдай сәйкес келмей жатады. 

Ипотеканы қалай қайта қаржыландыруға болады >>>

2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері

Үлескерлердің қаражатын тартуға лицензия талап етпейтін үлестік құрылыстың бұл формаларының бірі. Коммерциялық құрылыс компанияларынан ТҚК-нің негізгі айырмашылығы коммерциялық емес ұйымдар кооперативке кіретін жүздеген адамдардың мүмкіндіктерін молайтуға тырысады.

— ТҚК-не кірген үлескерлер барлық жауапкершілікті өздерінің мойындарына алады. Құрылыс салушы үлестік құрылыстың бұл нұсқасында жалданған жұмысшы рөлін атқарады, сондықтан қомақты қаржылық сомаға сай барлық тәуекелшілдіктер кооперативтің мүшелеріне қатысты болады, — дейді заңгер Талғат Мылтықбаев.

3. Цессия келісімшарты

Мұндай жағдайда сатып алушыға пәтердің өзін иелену емес, оның құқын болашақта алу ұсынылады. Сатушы болып құрылыстың ертерек кезеңінде пәтерді иеленген және де үлестік құрылыстың келісімшартын жан-жақты ресімдеген жеке және заңды тұлға түсе алады.

5 ереже: «аналық» «еншiлестен» тәуiр

Жылжымайтын мүліктің бастапқы нарығында құрылыс салушының бас компаниясындағы тұлғасымен емес, үлескерлермен келісімшартты жасасу үрдістері бар, негізінде олар маңызды объектілердің құрылыстарымен, яғни, еншілес компаниямен жан-жақты шұғылданады. Көп кезде бұл объектілердің бірінде проблема туындағанда, компанияны қауіпсіздендіру үшін жасалады. Алайда, күйреу болғанда, заңдылық аналық компаниямен қатысты емес, «еншілесте» немесе тараптық компанияда актив көп болмайды, үлескерлердің шығынын өтеуге олар жетпейді.

Бірақ, басқа жағынан алғанда, ескертусіз ереже болмайды. Құрылыс бизнесінде сонымен қатар идеалды емес компаниялар жетіп артылады, оның үстіне үлкен немесе шағын шығындармен олар дағдарыстан өте алады және бүгінгі қиындыққа төтеп бере алады. Олар, әдетте, тартымды, қомақты бағалар бойынша пәтерлерін сатады. Шамасы, бұл өзіндік «тәуекелге сыйақы» шығар. Алайда, тек қана соңғы жылдары керемет күш алған емес, басқа түскен батпандай дағдарыстан қиналмай өткен сенімді компаниялармен жұмыс жасау керектігін тәжірибе тайға таңба басқандай көрсетіп отыр.

kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Мемлекеттен пәтерлер: сұрақтар мен жауаптар

Жылжымайтын мүлікті табысты сатудың құпиялары

Астананың арзан пәтерлері

kn.kz
>
Статьи