Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

«Самұрық-Қазынадан» тұрғын үй: есептеме мен талап

Қолжетімді тұрғын үй нарығында тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету қызметін мемлекеттен бірден үш бірдей оператор жүзеге асырады. 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ы, «Қазақстанның ипотекалық компания» АҚ-ы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ-ы компаниялары мемлекеттен тұрғын үйді алуды қажет ететіндерді өз арасында бөліп алды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметі негізінен жас жанұяларға пәтер ұсынумен тығыз байланысты. ҚИК-і, көпшіліктің пікірінше, әлеуметтік саладағы жұмысшыларды және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерін жеңілдік жағдайында шаршы метрлермен қамтамасыз етуде біраз артықшылыққа ие. Ал, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының ісі көбінесе әкімдікте кезекке тұрғандарға бағытталған. 

Құрылыстың қорытындылары мен жоспарлары

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» (бұрыннан аты аян да белгілі «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасы соған кірген) жүзеге асыру аясында 2013-2014 жылдары жылжымайтын мүлік қоры сенімді де жеке құрылыс салушылармен бірлесе пайдалы тірлік жасай отырып, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында және Алматы облысында 200 мың шаршы метрді пайдалануға беріп үлгерді. Олардың 164,5 мың шаршы метрі «Самұрық-Қазынаға» жатады екен.

2015 жылы СҚЖҚ-ы Астанада, Қарағандыда, Қызылордада және Алматы облысында (Алматының қаладан тыс аймағы) тағы да жаңа объектілерді пайдалануға беруді жоспарлап та отыр. Бұл үйлердегі 150 мыңнан кем емес шаршы метр жылжымайтын мүлік қорына тиесілі болады және де олар жергілікті атқару органдары арқылы ұсыныс жасайды.

Мемлекеттік бағдарламаның осы бағыты бойынша арыз берушінің ай сайынғы табысы 100 мың теңгеден кем болмауы тиіс.

Сонымен қатар 2015 жылы жылжымайтын мүлік қоры жеке де құрылыс салушылармен бірлесе тірліктер жасай да отырып, құрылыстың жобаларын Шымкентте (Шығыс және Тұран шағынаудандарда екі тұрғын үй кешені), Өскеменде (И. Есенберлин даңғылындағы бір тұрғын үй) жалғастыруды жоспарлап та отыр. Жылжымайтын мүлік Қорына жататын бұл үйлердегі тұрғын үйдің жалпы көлемі 65,9 мың шаршы метрді құрайды. 

2016-2017 жылдары «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» тұрғын үй құрылысының жаңа жобаларын жүзеге асыруға кірісуді, тұрғын үйдің шамамен 206,6 мың шаршы метрін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Тұрғын үй құрылысын азайту жоспарға кірмейді

«Самұрық-Қазына» қоры бірнеше жыл бұрын да компанияның шығындарын қысқарту туралы білдіріс жасапты. Тұрғын үй құрылысына оңтайландыру әсер ететіне тың ұсыныстар басталған. Жылжымайтын мүлік қорында бұл сөзді растамады.

1 кесте. «Самұрық-Қазына» ЖҚ бағытымен 2014 жылы тапсырылған объектілер 

Орналасқан жері

Тұрғын үй кешенінің атауы

Мекен-жайы

«Самұрық-Қазына»  ЖҚ берген тұрғын үйдің саны

Көлемі, ш. м.

Алматы

«Совре-менный»

Әуезов ауданы, Жұбанов к. оң жағы, Саин к. батысы

194 пәтер

14,8 мың

Ақтөбе

«Юнис Сити»

Бөгенбай батыр к., 153

447 пәтер

20,2 мың

Тараз

 

Маяковский к., 42

35 пәтер

3,7 мың

Алматы облысы

«Асыл Арман»

Алматы қала сыртында, Іргелі қыстығының батысы

Тұрғын үйдің 1 кезегі және 1 кезеңнің 2 кезегі тапсырылған

125,7 мың

— «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шығындарын оңтайландыруды нақ өткізу аясында жылжымайтын мүлік қоры үстіміздегі жылы ағымдағы және де әкімшілік шығындарды тиісінше қысқарту бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізді, — деп түсіндірді «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Әділбек Көшеров. — Біздің еліміз тұрғындарының өмірін жарқын қылуға бағытталған жылжымайтын мүлік девелопментінде, жылжымайтын мүлік құрылысында мемлекеттік, басқа бағдарламаларды жүзеге асырудың әлеуметтік маңызын ескерсек, аталған үйлесімділік шара тұрғынды қолжетімді үймен қамтамасыз етуде жылжымайтын мүлік қорының міндеттемесіне әсер етпейді, — дейді ол.

Сонымен қатар қолжетімді тұрғын үйді жүзеге асыруға байланысты басқа да өзгеріс қарастырылмаған.

— Тұрғын үй жергілікті атқару органында кезекке тұрушылардың арасында алғашқыда жүзеге асырылады, — дейді Әділбек Көшеров. — Жылжымайтын мүлік қоры салынып жатқан үйлерді әкімдікке береді, ал, жергілікті атқару органдарының қызметкерлері аталған пәтерлерге өздерінде кезекте тұрған азаматтардың арасында адамдардың тізімін жасайды. Әкімдік арқылы жүзеге асырылмаған тұрғын үй көлемі интернеттің көмегімен сатылуға қойылады.

Мемлекеттен қолжетімді тұрғын үйді операторлармен іске асыруда бөлу салмағы туралы айтқанда, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Әділбек Көшеров былай дейді:

— Әрбір оператордың нақ бағдарламасының өкіметтің қаулысына сәйкес өздерінің бағыттамалары және бөлуге байланысты айқын салмақтары бар. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасымен» бірге енді тағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бар. Демек, салынатын үйлердің саны көтеріле береді, өсе береді.

Тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізу және қазақстандықтарда туындаған барлық проблемалар бойынша түсіндіру ісін өткізу мақсатында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры үйлерді пайдалануға беретін нақтылы аймақтарында өз өкілдіктерін ашты. Дәл қазіргі таңда Алматы мен Ақтөбе қалаларында осындай өкілдіктер жұмыс істеп жатыр. Басқа аймақтардағы құрылыс объектілері аяқталғасын онда да өкілдіктер ашылады.

2 кесте. «Самұрық-Қазына» 2015 жылы пайдалануға берілу жоспарланған объектілер  

Орналасқан жері

Тұрғын үй кешенінің атауы

Мекен-жайы

«Самұрық-Қазына» ЖҚ-на жататын көлемі, ш.м.

Астана

«Шығыс»

Сығанақ көшесі

53,3 мың

Алматы облысы

«Асыл Арман»

Алматы сыртындағы қала, Іргелі қыстағының батысы

85,1 мың

Қарағанды

«Жанұя»

Шахтерлер даңғылы

12,9 мың

Қызылорда

 

Шүкіров көшесі бойынша Шұғыла шағынауданы

14,8 мың

Мемлекет нақтылаған пәтердiң бағасы

3 кесте. «Самұрық-Қазына» ЖҚ-ныңбағыты бойынша тұрғын үйдің бағасы 

Тұрғын үйді жүзеге асырудың тәсілі

Алматы

Астана

Алматы қала сыртындағы аймақ

Аймақтар

Ш. м. үшін сату (жүзеге асырудың бірінші жылы)

188 353 тг

180 000 тг

179 985 тг

150 000 тг артық емес

Ш. м. үшін аренда (нақтыланған баға)

1 687 тг

1 612 тг

1 612 тг

1 245 тг бастап

Жылжымайтын мүлік қоры бағдарламасы аясында үйді жүзеге асырудың екі нұсқасы қарастырылған: тікелей сату, әрі қарай жалға беріп сатып алу.

Өткен жылмен нақ салыстырғанда үстіміздегі жылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүліктің қорында «тікелей сату» жолымен де тұрғын үйдің жалпы көлемінде 1 шаршы метрдің құнына аздаған өзгерістер енгізілді. 2015 жылы жүзеге асырудың бірінші жылында бағдарламаға қатысушыға жылжымайтын мүлікті жалға алу Алматы қаласында 188 353 теңгеге түсті, Алматының қала сыртындағы аймақта бұл цифр 179 985 теңгені және Астанада — 180 000 теңгені құрады (3 кесте).

Астана, Алматы қалаларында және де оның қалааралық аймағында сатып алумен аренда (15 жылға дейінгі мерзімге дейін) сатып алушыға да 1600 теңгеден бастап төлеуге де тура келеді. Еліміздің басқа да аймақтарында «Самұрық-Қазынадан» пәтер үшін арендалық төлемақыны жүзеге асырудың бірінші жылында 1 шаршы метр 1245 теңгеден басталады. Мысалы, Ақтөбе қаласында үйді кезекке тұрушылар 1289 теңгеге жалға алады, ал, Таразда жалға алынатын шаршы метрдің бағасы 1245 теңгеге белгіленеді.

Арендалық төлемақының аталған нақ мөлшерлері әрі қарай сатып алумен белгіленген бүкіл мерзімі болып табылады және де тіпті девальвация мен инфляция орын алса да, өсу қарастырылмайды дейді компанияда.

Коммуналдық және эксплуатациялық қызметтер, ағымдағы жөндеуге жинақтау, салықты сақтандыру және мүлікке салық жалдық төлемнің құрылымына кірмейді және барлығына жалға алушы төлем жасайды. 

ҚТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: құн мен есептемелер >>>

Астанада пәтер сатып алу үшiн есептемелер

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының әрі қарай да сатып алумен аренда жолымен пәтерді иелену үшін қажетті есептемелерді жасады, соған сәйкес біз де өлшемді анықтадық. Сонымен, Астанада тұратын жанұя күйеуі — мемлекеттік қызметкер, әйелі — бюджет саласының жұмысшысы, жас екі баласы бар. Жанұяның өзіндік табысы 250 000 теңгені құрайды.

Осынау жағдайда төлемге қабілеттілік 155 717 теңге болса, арыз беруші жалпы көлемі 97 шаршы метрден аспайтын (Астанада немесе Алматының сырт қаласында) пәтерге талаптана алады. Алайда, бастапқы жарнапұлды енгізгенде немесе тең арыз берушінің нақ табысын тартуды есептегенде қатысушы үлкен көлемі бар пәтерге де үміт, сенім арта алады.

4 кесте. Астанада тұратын 4-адамнан құрылған жанұя үшін төлемге қабілеттіліктің есептемелері (несие және алимент төлемі бойынша шығындар жоқ болған жағдайда)   

Табыс

Күнкөрістік  миниму (2015 жылғы ақпанға арнайы бекітілген)

Жанұя мүшелерінің саны

Жалға алынған ғимаратқа ай сайын ғышығы-ндары (сақтандыру және нақты салықтар)

Шығындар қорыты-ндылары

Арендалық төлемнің ең жоғары сомасы (АТЖС)

250 000 теңге

19 051 теңге

4

19 643 теңге

95 847 теңге

154 153 теңге

Төлемге қабілеттілік есебінің формуласы:

Табыс — (күнкөрістік минимум * жанұя мүшелерінің саны + жалға алынған ғимарат бойынша ай сайынғы шығындар) = АТЖС.

АТЖС-сы (арендалық төлемнің ең жоғары сомасы):

250 000 – 95 847 = 154 153 теңгеге тең.

Төлемге қабілеттілік АТЖС-на сәйкес келеді.

Аталған осы екі бағыттаманың біреуін ғана таңдауға және бір елдімекенде бір ғана пәтерді меншігіне алуға азаматтың құқы бар екенін ешқашан да ұмытпаған жөн. Сөйтіп, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бағыты бойынша әрі қарай сатып алумен арендалық тұрғын үйді және бүтіндей «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша бір-ақ рет иеленуге болады.

Орта топтағыларға тұрғын үйді қолжетімді қылу үшін СҚЖҚ-ы ҚНжЕ-нің нақтылы рұқсатыменен тұрғын үй көлемдердің салады және тұрғызады. Орта топтағыларға тұрғын үй қолжетімді болу үшін СҚЖҚ-ы ҚНжЕ-нің рұқсат етуімен тұрғын үй көлемдерің салады да. 1-бөлмелі пәтердің шаршысы шамамен 34 шаршы метрді, 2-бөлмелілік — 56, ал, 3-бөлмелілік — 72 шаршы метрді құрайды. Жеткілікті түрде табысы бар республикамыздың кез келген азаматы қызметінің түріне, жұмыс орнына, жасына, жынысы мен жанұялық жағдайына қарамастан әрі қарай сатып алумен арендалық тұрғын үйге талаптана алады.

Қор мамандарының айтуынша, бағдарламаның басқа да  операторларына қарағанда оларда пайдалануға берілетін үйлердің сапасы жоғары екен. Осыдан бағаның жоғарылылығы түсіндіріледі.

— Біз экономкласты (ІІІ класс) үй саламыз. Үйлер тазалай әрлеумен де және сантехникамен, газдық плиталармен жабдықталумен пайдалануға тапсырылады. Пәтерде кемшіліктер нақты анықталғанда, құрылыс салушы оларды жоюға міндетті, — деп растайды «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басқарушы директоры. — Соныменен, жылжымайтын мүлік нарығындағы басқа операторлармен салыстырғанда, біздің тұрғын үйдің класы жоғары, бағдарламаның қалған операторларының бағасымен салыстырғанда, бізде шаршы метр үшін жүзеге асыру құны қымбат.

Кезекте тұрандардың артықшылықтары

«Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры енді «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша бірінші кезекте тұрғын үйлері жоқ орта топтағы нақтылы азаматтар үшін немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуларын жүзеге асырады.

Мемлекеттік бағдарламаның талапкерлері тұрғын үйді бөлу кезінде үш топқа бөлінетіні аян.

I топтағы тұлғалар (негізгі).

(1 бөлік, 1-1), 2), 3) бөлікшелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67 бабында көрсетілгендер оған кіреді. Атап айтқанда: жетім балалар және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар, мемлекеттік қызметкерлер және де бюджеттік ұйымның жұмысшылары, әскерилер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және де мемлекеттік сайлау қызметімен шұғылданатын тұлғалар.

Сонымен қатар I топқа тұрғындардың жағдайлары төмендеу азаматтары қосылады: Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және де мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар; I және II топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін жанұялар, кейбір созылмалы аурулармен мықтап азап шеккендер; ҚР өкіметінде бекітілген тізімде көрсетілгендер; жастары бойынша зейнеткерлер; оралмандар; табиғи және де техногендік сипаттағы ТЖ-дың, экологиялық ауырлау зардаптың нәтижесінде тұрғын үйлерінен айырылып қалған тұлғалар; көп балалы жанұялар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді, әскери қызметті орындау барысында, ғарыштық кеңістікте ұшуды жүзеге асыруда немесе оны орындауда, адам өмірін сақтау кезінде де, құқық тәртібін қорғауда қайтыс болған (қаза болған) тұлғалардың жанұялары, тым толық емес жанұялар.

II топтағы тұлғалар.

Шектеусіз барлық санаттар.

III топтағы тұлғалар.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы» бағытымен де «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағдарламасына сәйкес келетіндер. Мұндай талапкерлер төмендегідей талаптарға сақадай сай болулары керек: некеде екі жылдан кем тұрмаған және де қос жұбайдың жастары 29-ға жетпеген (бағдарламаға қатысуға арызды берген уақытта) жас жанұя, сонымен қатар жасы 29-ға жетпеген, оған қоса ажырасқан, жесір қалған ата-ананың бірі баланы (сәбиді) жан-жақты тәрбиелеген толық емес жанұя.

1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аталған жергілікті атқару органдарында жылжымайтын мүлік Қорының тиесілі пәтерлерін бөлу кезінде де I топқа жататын азаматтар талаптана алады. Сонымен бірге жылжымайтын мүлік қорының жалғыз ғана талабы төлемге қабілеттілікті нақтылап та растау болып табылады.

— Біздің бағыттар бойынша тұрғын үйлік жағдайларын әжептәуір де жақсартқысы келетін немесе баспана иеленгісі келетін аймақта тұрғын үйі жоқ Қазақстанның төлемге қабілетті барлық азаматтары қатыса алады, — дейді сенімді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Әділбек Көшеров.

СҚЖҚ-ның қаржыландыруның 80%-ды, аталған да құрылыс салушының қаржыландыруының  — 20%-ды құрау үлгісімен компания жұмыс істейді. Құрылыс аяқталғаннан кейін тұрғын үй көлемі ұқсас теңдікте бөлінеді. Сосын құрылыс салушы өздерінің үлестерін нарықтық бағамен сатады, ал, қор өкімет қаулысымен бекітілген баға бойынша тиянақты жүзеге асырады.

— Біздің тұрғын үй біріншіден жергілікті атқару органдарында кезекте тұрғандардың арасында нақтылы жүзеге асырылады. Сұранысқа ие кезекте тұрғандарға пәтер интернет арқылы беріледі. Осы жағдайда тапсырысты қабылдау жылжымайтын мүлік Қорының арнайы сайтында өткізіледі, — деп тиянақты ұғындырады Әділбек Көшеров.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Ипотеканы қалай қайта қаржыландыруға болады

Жас жанұяларға мемлекеттен тұрғын үй: арман ба әлде шындық па?

Мемлекеттен пәтерлер: сұрақтар мен жауаптар

kn.kz
>
Статьи