Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Бірлескен жалдамалы тұрғын үйдің ерекшеліктері

Дағдарыстық кезең — коммуналдық өмірдің барлық егжей-тегжейін өзінің бойына сіңіретін, сонымен бірге бүкіл күнге сөз жетпес көтеріңкі көңіл үстейтін және жалдаудан үнемдейтін уақыт.

Бірлескен жалдамалы пәтер әрдайым қала сыртынан келетін және түрлі-түрлі себеп-салдарлармен жоғары оқу орнының жатақханаларының қолайсыздығына шыдамайтын студенттерге тиімді. Бірақ, бүтін пәтерді жалғыз жалға алуды — кез келгеннің қалтасы көтермейді, ал, қандай да бір курстастарының бірімен тұру да ыңғайлы. Қазақстанның ірі қалаларында бірлесе тұру ақша табуға келген жұмысшы артельдерінде тәжірибеден өткен. Олар үшін ұйым ауысыммен немесе бір реттік екіден 10-ға дейін және одан да көп адамға дейін пәтерді жалға береді.

Жалдама кімге керек?

Мысалы, әдемі астанада, АБС RoyalEstate астаналық риелторлық агенттіктің мәліметтері бойынша, «коммуналдық жұмаққа» ие ретінде өзін сынап көруге тілек білдірушілер жеткілікті екен.

— Мұндай пәтерлерді негізінен студенттер де, қаражат табуға қалаға келген құрбылар, туған-туысқандар, жас адамдар, кейде әзірге жекелеген тұрғын үйге ие бола алмай жүрген жас жанұялар, сонымен қатар жұмысшыларды еңбекке тартуға тырысқан құрылыс компаниялары іздейді екен, — деп түсіндіреді АБС RoyalEstate атқарушы директоры Расул Биккинин. — Құрылысшылар үшін қымбат емес коттеджді немесе жөндеуі қарапайым үлкен пәтерді жалға алу дұрыс болады, өйткені, орташа шамамен жұмысшы 20 адамға жетеді. Бұл қаржылық жоспарда да қолжетімді болды.

Риелторлардың тәжірибесінде жеке меншік пәтерге ақшаны жинамай, керісінше, тапқан-таянғанын саяхатқа шығуға, шопингке, көлік сатып алуға жұмсап, тұрғын үйді жалға алып тұратын клиенттер кездеседі.

Бір аймақта бірнеше адамның бірге тұруға келісулерінің түрлі себептері бар. Солардың кейбіреулері ең белгілері де болып саналады. Ал, қалғандары қарапайым мағынаға тым ие. Мысалы, риелторлардың тәжірибесінде жеке меншік пәтерді сатып алуға ақшаны көп жинамай, керісінше, тапқан-таянғанын саяхатқа шығуға, шопингке, көлік сатып алуға аямастан жұмсап, тұрғын үйді жалға алып тұратын клиенттер жиі-жиі кездеседі.

Бір пәтерді екі жанұя жалға алып тұратын жағдайлар да өмірде кездесіп жатады. Аталған бұл нұсқа жанұялық жұктардың экономикалық қиын жағдайларына болмаса құрылыстың аяқталуын/жеке меншік үйінің жөнделіп бітуіне болмаса ата-аналарынан бөлек шығып, бірақ, өз беттерінше тұруға дайын еместікке тығыз байланысты болады.

Іздеудің қазіргі заманғы жолдары

Тұрғын үйді іздеуде бүгінде таптырмайтын сенімді көмекші сөзсіз интернет болып табылады. Оның кең жазық кеңістігінен қолайлы риелторлық агенттіктерді, жалға берушілердің өздерінің тұрғын үйді жалға беру туралы хабарландыруларын табуға болады. Клиенттер жылжымайтын мүлік агенттігінің мамандарымен жұмыс істегенді қаласа, студенттер, жұмысшылар үнемдеу үшін риелторларға жүгінеді.  

Пәтерлерді іздеуде көмектерін ұсынатын достар мен таныстардың қоғамдастығы әлеуметтік желілерде көптен бері пайда болды. Осындай топтар пәтерді жалға беру туралы топта жарияланатын хабарландыру болмаса қатысушылардың өздері, болмаса достар ортасында білетін бір төңіректегі тұлға арқылы орналасуымен ерекшеленеді. Бұл байланыс жалға беруші мен жалға алушылардың арасындағы сенімді ұлғайтады.

Көптеген нұсқаларды «делдалдарсыз» өздерінің қызметтерін емін-еркін ұсынатын мамандандырылған сайттардан табуға болады. Порталдардың беттерінде суреттермен, жалға берілетін жылжымайтын мүлік қожайынының шартымен және контактілерімен хабарландыру орналастырылады.

Сонымен қатар соңғы кезде барлық ірі компаниялар қызығатын корпоративтік чаттарда пәтерлерді жалға беру немесе оны жалға алу туралы да хабарландыруларды орналастыруға болады. Іздеудің осынау түрі пәтер бойынша көршінің және жалға берушінің бірлесе тұрудың барлық өзгешеліктердін ойласып та шешіп қалатын сіздің әріптесіңіз болып қалуымен тым қолайлы.

Үйлерді жалға берудің нұсқалары әрқилы да түрлі-түрлі болады. Шаршы метрлердің қожайындары барлық та бүкіл пәтерді бүтіндей бірден немесе бірнеше жанұяның бірлесіп тұруына мүмкіндіктер жасап, тұрғын үй көлемін «коммуналкаға» айналдырып, оны бөліп-бөліп жалға береді.

— Мәселен, 3-бөлмелі пәтерде тұрып жатқан қожайынның оны бөлме бойынша жалға беретіні тәжірибелерде жиі-жиі кездеседі, — деп атап өтеді АБС RoyalEstate риелторлық агенттіктің маманы Расул Биккинин. — Мысалы, біреуінде жанұя, ал, басқасында — 2-3 құрбы, үшіншісінде иесінің өзі тұрады. Сонымен қатар бір адам барлық пәтерді тек өзі жалға алып тұрады, сосын бөлме бойынша оны жалға береді. Әрине, бұл субаренда болып та саналатындықтан, меншік иесінің рұқсаты міндетті түрде керек. Бұл, әдетте, қымбат емес пәтерлер, пәтерде тұрушыларды қожайынның өзі немесе кім бірінші жалға алған адам іріктейді.

Пәтер мәселесін студент қалай шешеді? >>>

Келісімшартты жасаңыздар

Тұрудың барлық шарттарын жалға беруші келісімшартта нақ көрсетіп жазады. Риелторлар жалға алынған пәтерде тұру барысында керек емес проблемаға түк те жолықпау үшін бүкіл өзгешіліктер жан-жақты да тиянақты көрсетілген келісімшартқа қол қоюға нақтылы да ақыл-кеңестер де береді. Пәтердің меншік иесі арендатордың жанұясынан басқа біреулердің тұруларын ешқашан да қаламайтынын да дәл жазып белгілейді. Сонымен қатар егер де жиһаз бенен техника жалға алушының кінәсінен бүлініп бұзылғанда немесе керісінше болса, олардың жөнделуі де келісіледі. Оның үстіне арендалық келісімшартта өзінің пәтерінің меншік иесінің келу мерзімдері де қарастырылады.

Бірақ, өзінің тұрғын үйінде дос-жарандардың келуіне шыдауға дайын болса, қатаң шарттар қояды да: немесе мүмкін болар күтпеген жағдайларды есепке ала отырып, жалға беру бағасын көтереді, немесе тұрушылардың санына келіседі.

— Әдетте, 2-3 бөлмелі пәтерде 4-тен 7 адамға дейін тұруға рұқсат беріледі, 1-бөлмелі пәтерде 2-3 адамнан өмір сүреді, — деп түсіндіреді риелтор.

Бірлескен жалға беру бағасы, әдетте, жалға алушылардың санына байланысты болады. Мысалы, егер де пәтерде алдын ала келісілгендей, бір адам тұратын болса, бағасы бір басқа, ал, келушілердің саны да алғашқыдан көбейетін болса, пәтер құны аздап, шамалап көтеріледі. Әдетте, әрбір пәтерді жалға алушыға көтерілу нақтылап айтқанда, 10%-ды құрайды.

— Мынадай қожайындар болады, — деп әңгімелейді «AstКвартал» астаналық компанияның аренда бойынша менеджері Елена Кравцова, — 10 адам қоныстанса да оларға бәрібір, тек қана ақы төлесе жетіп жатыр. Егер де қожайынға қанша адам тұратыны кері әсер етпесе, студенттер топталып еркін де қоныстануға тырысады. Жанұялыларға пәтерлер бір бағаға, ал, студенттерге — басқа бағаға жалға берілген жағдай болды. Мысалы, жанұяға 100 мың теңгеге, студенттерге — 120 мың теңгеге. Жанұя мүшелеріне қарағанда олар көп болғасын, молдау төлей алады деп саналады.

Бұдан басқа жалға берілетін пәтерді іздеген кезде сіздің жынысыңыз да ерекше маңызды да мәнді рөл атқарады. Мысалы, қарағандылық Екатерина Шкуратова жалға берушіні іздегенде, кілең еркектер табан тоздырып азап шеккенде, оның пәтерді көп уақыт жібермей, шаршамай-шалдықпай жылдам тауып алғанын әңгімелейді. Ал, Астанадан студент Дарын Көрпебаев, керісінше, жас адамдарға астанада пәтерді жалға беруге көпшілік молырақ қайлы, дайын болатынын, жігіттердің су мен жарықты тым аз пайдаланатынын ерекше атап өтеді.

Дауға қалай жолықпауға болады?

Ерте ме, кеш пе, пәтер бойынша көршілер арасында тұрмыстық жағдайда дау туындауы мүмкін.  

— Қаржылық қиындыққа тап келген біздің топтағы студенттер пәтерді алты адаммен жалға алған, — деп әңгімелейді астаналық жоғары оқу орнының студенті Дарын Көрпебаев. — Бірлескен тұру барысында туындаған ыңғайсыз жағдайдан кейін пәтерді жалғыздан-жалғыз жалға алғанды дұрыс көремін. Мінезіміз сәйкес келмеді, ұрлық орын алған оқиғалар да кездесті.

Бұдан басқа дау-жанжалдар ваннаға кезекке тұрудан, лас ыдыс-аяқтардан және тамақ әзірлеуден туындап та жатады. Тағы да бір ұрысып-керісудің тәсілі — зиянды әдеттер. Кейбіреулер тоқтаусыз темекі тартып, бөлмені бүлдіріп сасытады. Бүтіндей алғанда, пәтерді жалға алғанда, алдын ала келісімшартта әрдайым да тіл табысуға болатынына сендіреді адамдар.

— Мен бөлме бойынша немесе пәтер бойынша көршіні кездестіргенде, кейбір ережелерді тәптіштеп келісіп аламын, — деп тәжірибесімен бөліседі қарағандылық студент Екатерина Шкуратова. — Шкаф және сөре қайда, кім қандай кезде пәтерді жинайды, қай жағдайда достарын қарсы алады? Көбінесе проблема туындамайды.

Егер де тіл табысудың жолы табылмаса, онда дұрысы бұл тығырықтан шығар әдіс  — тек жан-жаққа кету.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Риелтор мамандығының күлкілі оқиғалары

ҚТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: құн мен есептемелер

Қосалқы қарыз алушы — банктік қарыздың «екінші ұшқышы»

kn.kz
>
Статьи