Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Мемлекеттен пәтерлер: сұрақтар мен жауаптар

Kn.kz жылжымайтын мүлік туралы порталының «Сұрақтар мен жауаптар» деген айдарына «Мемлекеттік бағдарлама», «Қолжетімді тұрғын үй», «Ипотека» «Меншіктік құқық» және тағы басқа да тақырыптарға байланысты сұрақтар келіп жатады. 

Порталдың мамандары жауапты мекемелерінің өкілдерімен және юристермен бірігіп, оларға жауап та табады. Газеттің жаңа айдарында біздің оқырмандарымызды толғандыратын сұрақтар мен жауаптарды іріктеп, жариялауды бастаймыз.

Жас отбасылар үшін тұрғын үй

Сұрақ:

Біздің үйленгенімізге екі жыл, бірақ, баламыз жоқ. Банкте жинақтауымыз, үйіміз жоқ. Жұбайым 25-те, мен 23-темін. Күйеуімнің жалақысы жақсы (айына 120 000 теңге), мен арнайы жұмыс істемеймін. «Жас отбасылар» бағытымен пәтер аламыз ба? Қайда хабарласамыз, қандай құжаттар қажетті?

Жауап:

Сіздің ұсынған мәліметіңіз бойынша сіздер де «Жас отбасылар» бағытына сәйкес келесіздер. Бірақ, нақтыланған шешімді қалалық әкімдіктегі тұрғындық департаменттің мамандары ғана шығара алады. Аталған осынау департаментке мыналарды әкелулеріңіз керек: екі жұбайдың жеке куәліктері, үй кітапшасы немесе арыз берілетін елдімекендегі тұру фактісін растау үшін мекен-жайлық анықтама, жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама, сонымен қатар жалақы туралы анықтама және зейнетақылық аударылым туралы БЖЗҚ-нан үзінді.

Сұрақ:

Егер менің пәтерден 50% мөлшерінде үлесім болса (үлес ата-анам қайтыс болғасын маған тиді), «Жас отбасылар» бағдарламасымен мен пәтер аламын ба? Менің және жұбайымның жасы 28-де, 7 жылдан бері некедеміз, екі баламыз бар.

Жауап:

«Тұрғын үй қатынастары» Заңының 2 бабы, 28 бөлігіне сәйкес тұрғын үй — әрдайым да тұру үшін пайдаланылатын және де белгіленген, бекітілген техникалық та, санитарлық та және басқа да талаптарға жауап беретін жекелеген тұрғындық бірлік те (жекелеген тұрғындық үй, пәтер, жатақханадағы бөлме). Сондықтан пәтердегі үлес тұрғын үй болып ешқашан есептелмейді, сөйтіп, сіз мемлекеттік бағдарламаға қатыса аласыз.

Сұрақ:

Менің жасым 29-да, тұрмыстамын, баламның жасы 1,5-да. Бүгінгі таңда мен жүктілік демалыстамын. Біз күйеуіміз екеуміз жас жанұя ретінде бағдарламаға қатыса аламыз ба? Жолдасымның табысы туралы анықтама керек пе және ең төмен табыс қандай болады? Егер «Жас отбасылар» бағытымен қатыса алмасақ, онда қандай мемлекеттік бағдарламамен қай аз пайызды несиемен тұрғын үйге тапсырыс береміз?

Жауап:

«Қолжетімді тұрғын үй — 2020» мемлекеттік бағдарламасымен (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап — «2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы) «Жас отбасылар үшін» бағыты бойынша екі жылдан кем емес мерзімде некеде тұрған, сонымен қатар екі жұбайдың  жастары 29-дан аспаған жанұяға пәтер ұсынылады. Сондықтан, өкінішке орай, аталған бағыт бойынша да сіз пәтерді ала алмайсыз. Бірақ, сіз «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағытымен мемлекеттік бағдарламаға міндетті түрде қатысасыз. Бұған ҚТҚЖБ есепшот ашуға және депозитке ақша жинақтауға дайын талапкерлер кіреді. Сізге тұрғын үйдің жарты құнын жинақтау керек. Қалған соманы 5%-бен Сізге банк береді.

Сұрақ:

Қазақстанда жас жанұяны 35 жасқа дейін ұзартты ма немесе ол бұрынғы күйінде қалды ма?

Жауап:

«Нұрлы жол» нақты мемлекеттік дағдарысқа қарсы саясаттың «бесінші элементі» арендалық тұрғын үйдің құрылыстары бойынша жаңа тұрғындық бағдарлама болды. Ол тұрғындардың қорғалмаған тобына арналған. Құрылыс басталған уақытта кімдердің тұрғын үйге ынта білдіргені, қандай қалаларда қанша пәтердің пайдалануға да берілетіні «Байтерек» ҰБХ-дегі Қоғамдық кеңестің мәжілісі барысында белгілі болды.

«Нұрлы жол» бағдарламасының шарттарына сәйкес мемлекет әлеуметтік арендалық тұрғын үйді тұрғызады және де оны сатып алу құқыменен ұзақ мерзімдік арендаға тұрғындарға береді. Тұрғын үйді дәл ұсыну делдалдарсыз және ең төменгі пайызбен несиені берумен жүргізіледі. Плюс — бастапқы, алғашқы жарнапұлдың жоқтығы және де жас жанұя үшін жастың 35-ке дейін көтелуі. Тіпті егер де жас қазақстандық жас жанұялар ҚТҚЖБ бағыты бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» (оларға «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасына кіреді) шарттарына сәйкес келмесе де, оларға соңғысы көмектеседі. Онда жас жанұялар үшін жас бұрынғыша 29 жыл дәрежесінде қалды. Арендалық тұрғын үй жартысы жас жанұяға ҚИК-ның желімен беріледі. Бұны «Нұр Отан» ХДП фракциясы мәжілісінде ерекше сөз сөйлеген «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы  Қуандық Бишимбаев атап өтті.

— Бағдарлама бірінші кезекте, мемлекеттің басшысының жолдауына сай жас тұрғындарға арналып та бағытталған. Біз барлық пәтердің 50%-ның жас азаматтарға және де 35 жасқа дейінгі жас жанұяларға ұсынылуын қатаң түрде бақылаймыз. Сонымен қатар барлық тұрғын үйдің тек кезекке тұрғандардың арасында өтетінін атау өте маңызды. Яғни, 11 қарашаның мерзімі аясында тек қана бұл бағдарламаға талапкерлердің тізімін нақтылы аламыз және де мықты қалыптастырамыз — бұл мемлекет басшысының жолдау уақыты — жергілікті атқару органдарында кезекте тұрғандар, демек, тұрғын үйі жоқ немесе өзінің тұрғындық жағдайларын жақсартуды талап етуші азаматтар ретінде белгіленеді, — деп тиянақтайды Қ.Бишимбаев.

Басқа бағдарламаның қатысушылары үшін шарттар

Сұрақ:

Жасым 21-де, үйленбегенмін. Мектепте жұмыс істеймін. Мен қалай тұрғын үйді меншігіме аламын?

Жауап:

Егер де сіз бюджеттік мекеменің қызметкері де болсаңыз, онда әкімдікте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тұра аласыз. Оның үстіне сіздің мемлекеттен пәтер алуыңыз үшін Қазақстанның аймағында меншік құқыңызда үй болмауы керектігін біліңіз. Сонымен қатар егер сіз — Қазақстан азаматы болсаңыз, сізде (немесе жанұя мүшелерінде) меншік құқындағы тұрғын үйіңіз немесе арендалық тұрғын үйіңіз болмаса, «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап — Өңірлерді дамытудың бағдарламасы) мемлекеттік бағдарламасымен «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Сіз пәтер ала аласыз. Бұл бағыттың шарттары туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтынан толық оқисыз.

Сұрақ:

Егер жалақы тұрақты болмаса, біз «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасы бойынша өз үйімізге қалай ие боламыз?

Жауап:

«Қолжетімді тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін басқа да құжаттармен бірге, барлық белгілер де көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған, ұйымның бас есепшісінің немесе оның орнын басушы тұлғаның да мөрменен куәландырылып қолы қойылған, жинақтау зейнетақы қорының 6 айдан кем емес уақытта (бұнымен қоса 3 айдан кем емес уақытта да қолданыстағы жұмыс орнынан анықтама) жекелеген зейнетақылық есепшоттан үзіндіменен расталған жұмыс орнынан жалақы туралы анықтаманы ұсыну қажет. Осылайша егЕер сіздің табысыңыз тұрақсыздау болса, онда сіздің арызыңыз бойынша комиссияның оң шешім қабылдайтынына күмән көптеу болады.

Сұрақ:

«Самұрық-Қазына» АҚ-дан, ҚИК-дан үйге арызды қабылдауды ұйымдастырумен кім шұғылданады, тапсырысты қабылдаудың басталуы туралы мәліметті қайдан алуға болады?

Жауап:

Интернеттен табуға әбден болатын бағдарламаның да мәтінінде негізгі мәселелер жазылады. Мысалы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің сайтындағы hcsbk.kz сілтемесі бойынша. Сол бағдарламада арыздарды қабылдауды Сіздің көрсеткен барлық жағдайларда да ЖАО (жергілікті атқару органы, әкімдік) жүзеге асыратыны да көрсетіледі. Құрылыс аяқталуға жарты жыл қалғанда, әкімдік бағдарламаның әлеуетті қатысушыларынан арыздарды қабылдау орнын анықтауға да, тұрғындар арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізуге, «ИО «КИК» АҚ-нан және жылжымайтын мүлік Қорынан алынған ақпарат негізінде құжатты қабылдаудың басталу, біту мерзімі, құжаттарды қабылдау орны, тұрғын үйдің сипаттамасы, азаматтың санаты, бағдарламаны асыру бағыты бар тұрғын үйді жүзеге асыру шарты туралы хабарландыруды БАҚ-та жариялауға міндетті. Қазақстандық ипотекалық компанияның сайты: kmc.kz, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының сайты: sk.kz.

Сұрақ:

«Қол жетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасымен ҚТҚЖБ-те балалар депозитін мен пайдалана аламын ба?

Жауап:

Балалар депозитін айтқанда, «Болашақ» тарифтік бағдарламасын біз анық түсініп ұғынамыз. ҚТҚЖБ-тегі есепшотқа қаражатты жинақтаудың аталған мұндай тәсілінің «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасына ешқандай қатысы жоқ. Егер де Сіз оның қатысушысы болғыңыз келсе, бағдарламаның өлшемдеріне жан-жақты сәйкес келуі керек. Қарсы жағдайда есепшотта жиналған қаражаттарды коммерциялық тұрғын үйді иелену үшін жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін пайдалануға да болады. Мысалы, 3-бөлмелік пәтерде тұратын да 15 адамнан жанұя бар делік. Мұндай жағдайда «Қолжетімді тұрғын үйге» талаптануға жанұя мүшелерінің құқықтары бар ма? Егер жанұяның пәтері болса, онда ешқашан бағдарламаның қатысушысы бола алмайды. Бірақ та, нақтыланған ерекшеліктері бар. Аталған «Тұрғын үй қатынастары туралы» (69 бап) Заңға сәйкес егер де ол бекітілген санитарлық және техникалық талаптарға сәйкес келсе, тұрғын үйге талаптануға болады. Осындай жағдайларда (үш бөлмелі пәтерде 15 адамнан жанұя) бір адамдық тұрғын үй көлемінің нормасының сақталмайтынын болжап пішу қиын емес.  Ақпаратты дәлдеп нақ анықтау үшін, мархабат, Бағдарламаны жүзеге асыруға және де әзірлеуге толықтай жауап беретін ҚР аймақтық даму Министрлігіне хабарласыңыз. Электрондық хабарландыруды да жолдау бойынша қызметтер minregion.gov.kz сайтында бар. Болмаса осы сайтта көрсетілген байланыс телефондарға қоңырау шалыңыз.

Kn.kz ақпарат қызметі

Құрметті оқырмандар, егер сұрақтарыңыз болса, оларды kn.kz порталындағы «Сұрақтар мен жауаптар» айдарына қалдырыңыз немесе cio@kn.kz. электрондық поштасына жолдаңыз.

Тағы оқитындарыңыз:

ТҚЖБ-тен «Қолжетімді тұрғын үйге» балама: бәрі үшін ипотека

«Самұрық-Қазынадан» пәтерді қалай сатып алуға болады?

ТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: сұрақтар мен жауаптар

kn.kz
>
Статьи