Адам тұратын пәтер уақыт өте бара біртіндеп оның жанының айнасы болады деген, иесінің мінезі туралы көптеген керемет нәрселерді, оның неге тек шебер екенін, толқуларын айта алады деген психологтарда толыққанды түсінік бар.
— Адам тұратын пәтер осы уақытта оның ішкі дүниесінде не болып жатқанын көрсете алады, — деп те түсініктеме береді психолог Наталья Радуга. — Мысалы, соншалықты өзінен-өзі интерьер өте жеңіл және көңілді болса да, бөлмедегі терезелер әрдайым да пердемен тұмшаланады. Перделер жабылып тұрса және әрдайым бөлме жартылай қараңғы болса, осы уақытта адамның ыңғайсыз жағдайларға тап келгенін білдіреді. Қазіргі таңда ол қатты қайғырып жүрген шығар немесе ол ішкі толқыныспен күресіп жүруі мүмкін. Бірақ, тек қана интерьерге және де тұрғын үйдің жөндеуіне сүйеніп, адамның мінезі туралы біржақты қорытынды жасап, пікір айту да соншалықты дұрыс емес, алайда, осы мәселелерге қарай отырып, мұнда қандай адам тұратынын аңғаруға болады.
Пәтерлік психотиптер
Үй ішіндегі жағдай, жөндеу және декор заттары адамның қандай да бір жеке бастың психологиялық түріне жататынын оңай аңғартады. Америкалық белгілі ғалым Сьюзан Деллингер әзірлеген психогеометриялық әдістемесіне сәйкес адамдар «үшбұрыштылар», «шаршылар», «орталар» және «зигзагтар» болып бөлінеді.
«Үшбұрыштылар» — планетадағы барлық нәрсені сүйетін адамдар бұлар. Олардың пәтерлерінде бүкілі яки өте сәнді, яки өте қымбат болады. Олар өз мәртебелерін тым жоғары қояды және өз артықшылықтарын мақтап көрсетуге әрдайым да дайын тұрады.
— Ішкі комплекстеріне байланысты ерекшеленіп көріну көбінесе бала кезден басталады, — деп түсініктер береді тәжірибеден өтуші психолог Татьяна Ким. — Егер жас кезде көп нәрсеге қол жетпесе: назар, махаббат, ақша, енді жасы келген уақытта олар толықтай көлемде өткеннің орнын толтыруға тырысады.
Пәтерді сатып алу: бәрі таза ма? >>>
«Шаршылар» интерьерге бүтіндей қарапайым қарайды. Олар үшін басты нәрселер жайлылық және де тәжірибелілік болады. Кішкене мүсіншелер, толық вазалар, сәндік тастар — бұларды «шаршылардың» пәтерінде кездестірмейсіз, — дейді психолог, — өйткені, олардың пікірінше, олардан пайда жоқ екен.
Шығармашылық нақ тәртіптің әуесқойлары «иректердің» санатына жатады. Олар тәртіп пенен тазалықтың тақырыбына соншалықты бастарын тым ауыртпайды, өйткені, жеке өз әлемдерінде өмір сүреді. «Шын мәнінде «иректерге» шығармашылық мамандықтың адамдары ғана жатады, олардың интерьер туралы ойлануға уақыттары жоқ, жәй жинастырумен бір айда бір айналысады», — дейді психолог Татьяна Ким. — Ең бастысы олар үшін өз мәселесін өздері шешеді, өздері біледі, пәтердің кілттері асүйде, аяқ киімдері ваннада жатады».
«Орталарда» ең ыңғайлы және ойластырылған пәтерлер болады. Олар үшін барлық ұсақ-түйектер маңыздырақ, өмірдің жақсы және де қызықты кезеңдерін үнемі де, әрдайым да еске алып отырады. «Мысалы, мұндай адамдардың керемет те тамаша жанұялық портреттері немесе сапарлардан фотографиялары қабырғаларында ерекше ілулі тұруы да ықтимал, дағдарыс уақыттарында олардың бақытқа кенелуіне көмектеседі, жәрдемдеседі», — дейді Татьяна Ким.
Кейбір риелторлар да пәтерлерді санаттарға бөледі. Сонымен, Imperial жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Әнуар Олжабаев еркектің және де әйелдің тұрғын үйлері болады деп санайды: «Бойдақтық пәтерлерде барлық қалағандар бола бермейді. Еркектер дизайн мен интерьерге бастарын қатырып, соншалықты көп көңіл бөлмейді. Пәтердің жалпы концепциясымен сәйкес келетін перделердің болуы олар үшін маңызды емес, ең бастысы олар, перделер өздерінің негізгі қызметтерін атқарса жетіп жатыр, олар сол үшін ілінеді ғой. Әйелдің пәтерінде бәрі ойластырылған, бәрі жарқыраған, бір-біріне сәйкес келеді».
Саудадан пәтерді қалай сатып алуға болады? >>>
Жайлы және жайсыз
Жайлы пәтерге келген кезде мұнда барлығы жақсы және керемет екенін бірден сезінесіз. Онда қандай да бір тамаша жөндеу, қымбат жиһаз және де ойластырылған дизайндар болмаса да, ол өзіне тартады және шаршағанды басады. Жайсыз пәтерлерде тіпті ұзақ уақыт бола алмайсыз, өзіңізді әрдайым емін-еркін сезіне алмайсыз, тезірек, жылдамдатып қараңызды батыруға және мұнда енді қайтып оралмауға тырысасыз.
— Пәтерлердің ең бір маңыздырақ психологиялық ерекшеліктерінің бірі жайлылық болып табылады, — дейді Наталья. — Бұл дәлме-дәл жеткілікті түрде қожайынды сипаттап көрсетеді. Егер адам өзіне сүйікті және қолайлы қылатын өзінің үйінде осындай атмосфераны құра алса, онда оған қонаққа келетін адамдарға жайлы болады. Жайлылық бұл қымбат және сәнді жөндеу емес, бұл пәтердің «аурасын» құратын ұсақ-түйектер. Егер пәтер сізге жайлы болып көрінбесе, онда пәтердің қожайынының көңіл-күйінің қандай екенін ойлануға тура келеді ме? Үйлесімдік бар ма? Адамның ішкі дүниесі борандай, дауылдай алай-дүлей болса, ол тұрып жатқан кеңістікте әрдайым дискомфорт айқын сезіледі.
Жайлы бұл қымбат және сәнді емес жөндеу, бұл пәтердің «аурасы» құрылатын көзге онша шалынбайтын ұсақ-түйектер. Егер пәтер сізге жайсыз болып та көрінсе, пәтер иесінің көңіл-күйін білу ойлануға тұрады ма?
Баспана қожайын туралы «айтпаған» жағдайда
Қожайынның сыртқы пішініне түк сәйкес келмейтін жағдайлар да жиі-жиі кездеседі. Мәселен, жарқын және сәнді адам соңғы рет жөндеу кеңес заманында жасалған пәтерде тұрып өмір сүреді. Бұл кезде мұндай пәтердің қожайыны туралы бірінші мынандай толыққанды пікір қалыптасады: ол «демонстрациялық» деп аталатын адамдардың типіне жатады, олар үшін тек қана сыртқы көріністер маңызды. Олар өмір бойы еңбектеніп жиған-терген қаражаттарын тек қана өздерінің сыртқы пішіндеріне жұмсайтыны белгілі болды. Бірақ, психолог Наталья Радуга бұл оймен келісуге асықпайды:
— Мұндай адам үшін өзінің тұрғын үйін жабдықтап әдемілеуден гөрі қазіргі таңда өмірдің басқа да принциптері маңыздырақ көрінуі де мүмкін. Қандай да бір жөндеуге қаражат салғанға қарағанда оларға бүгінде әдемі киіну, бір жаққа демалуға бару, даму, өсу көбірек ұнайды. Мұндай адамның ойына уақыт өте бара өзінің интерьерін қалай да өзгерту мақсаты келетін шығар, әзірге оны бүгінгі таңда барлығы қанағаттандырады.
Ал, егер пәтерде барлығы тым сәнді, болмаса тым қымбат және көрнекті көрінсе ше? Психологтің пікірінше, әдетте пәтерде вензель, күрделі лепнина, антикварлық жиһаз, алтын жалатылған мүсіншелер мен вазалар орын алса, мұнда комплексті адамдар тұрады, олар қолдарынан бүкілі келетіндіктерін, олар бәрінен артық екендіктерін көрсетеді.
— Әдетте осындай жағдай жетістікке ұзақ жолмен жүріп жеткен және қарапайым жанұяда өскен пәтердің иесі болғанда орын алады, — деп түсінік береді психолог. — Енді ол қалта қалыңдап, ақшасы болғанда, елге бәрін көрсетуге тырысады.
Адам антиквариатты кәдімгі құбылыс болып табылатын жанұяда дүниеге келсе, онда ол үшін бар өмір бойында ол атрибутика болады, бұл біреуге бір нәрсені дәлелдеу тәсіліне жатпайды.
Бірақ, мамандардың айтуынша, біздің өмірдегі стиль және интерьеріміз көбінесе жеке тұлға ретінде біз туралы айтпайды және біздің қандай жанұяда тәрбие алғанымызды, біз үшін бала кезден ереже болғанын білдіреді.
— Мысалы, сол баяғы антикварлық жиһаз, — деп тиянақтайды Наталья. — Егер де адам антиквариат кәдімгі құбылыс болып табылатын жанұяда дүниеге келсе, онда ол үшін ұзақ өзінің өмір сүру кезеңінде бұл тек қана атрибутика болады, біреуге бір нәрсені дәлелдеу оның мақсатына кірмейді. Мысалы, қонақтар үшін мерекелік жинақтан тәрелке алып беретін, бірнеше ыдыстардың жинағы және де асханалық жабдықтар болу абсолютті норма болып табылатын осындай тәртібі бар жанұяда өскен адам үшін. Бұл еш жасыратын іс емес, жас кезден қалыптасқан қарапайым әдет.
Психологтар дайындаған барлық тестер мен психотиптер шартты болып табылады, тек осыларды негізге алып, үй иесі туралы түбегейлі қорытынды жасауға болмайды. Пәтердің қабырғаларының қандай түспен сырланғанына қарамастан ең бастысы адаммен қарым-қатынаста болуы.
Kn.kz ақпараттық қызмет
Тағы оқитындарыңыз:
Дағдарыс кезеңі: пәтерді сатудың инструкциясы