Қазақстандағы тұрғын үйдің нарығында ұзартылған стагнация байқалады. 2013 жылмен салыстырғанда, сатып алу-сату мәмілесінің саны — 14,3%-ға төмендеді.
Бұл туралы жылжымайтын мүліктің, статистикалық Комитет мамандары нақтылы айтады. Жылжымайтын мүлік нарығы өзгерісті күтіп тоқтап қалды.
Осы кезеңде пәтерді сату — анау айтқандай оңай шаруа емес. Жылжымайтын мүлікті сатуға дайындауға, ал, ең бастысы — оны қолайлы қылып жасауда біздің оқырмандарға көмектесу үшін кейбір құпияларды айтуды біз жылжымайтын мүлік бойынша маманнан өтініп сұрадық.
— Ең керемет, тамаша тәсіл — бұл, әрине, маман-риелторларға хабарласып жүгіну, — дейді АБС RoyalEstate астаналық жылжымайтын мүлік агенттігінің атқарушы директоры Расул Биккинин. — Бірақ та, тек бірінші кезіккенді және де интернеттегі тізімнен бірінші 5-10 агенттікті таңдауға болмайды, дұрысы оларға хабарласып үлгерген және нәтижесі бар адамдардың кеңестеріне құлақ түру. Егер де меншік иесі пәтерін өз бетінше сатамын деп шешсе, онда алдын ала бірнеше тапсырмаларды жан-жақты шешіп алу қажет.
Мәмілені жасау кезінде кейін шегініске баруға да дайын болыңыз. Қазіргі таңда артықшылықтар сатып алушының да жағында. Оның аталған соманы шамамен 5-7 %-ға төмендетуге мүмкіндігі бар.
Бірінші тапсырма: нарықты білу
Ең бірінші кезекте жылжымайтын мүлікті сату туралы хабарландырулары бар интернет-порталдар мен газеттерді қарау керек. Әрине, бүгінгі таңда Қазақстандағы тұрғын үйдің нарығы туралы толықтай және де дәйекті ақпараттармен қамтылған «Недвижимость» газетін және kn.kz порталын тиянақты нақ пайдалануды сіздерге ұсынамыз.
Ұсынысты талқылайтын уақытта сатуға қойылған объектіні өзіңіздің тұрғын үй көлемінің параметрімен салыстырыңыз. Ерекше белгілерге назар аударыңыз: аудан, инфрақұрылым, көлем, үйдің түрі, бөлменің саны, жөндеудің болуы, қылтима, қосымша құрылыс және т.б.
Егер де сіздің ауданыңызда ұсыныстар соншалықты көп болмаса, онда іздеу аймағын жылдамдатып ұлғайтыңыз. Сіздің тұратұғын нақтылы шарттарыңызға сәйкес келетін сіздің қалаңыздың басқа аймақтарында нұсқаларды қарастыруға болады.
Сайтта ұсыныстар ұзағырақ болса, сонымен қатар бұл да маңызды. Егер де пәтерге ұзақ уақыт бойы өзінің сатып алушы табылмаса, онда осынау факті нақты бағаның жоғарылылығын көрсетеді. Бұған қоса мәміле жасалатын кезде кейін шегініске баруға дайын болыңыз. Аталған сәтте артықшылық сатып алушының жағында. Ол көрсетілген соманы шамамен 5-7%-ға төмендете алады.
2014 жылы Қазақстанда сатып алу-сату мәмілесінің саны шамамен 15%-ға қысқарды.
Екінші тапсырма: пәтерді бағалау
Сіз үшін екінші қадам сіздің тұрғын алаңыңыздың объективті артықшылығын және кемшіліктерін білу болып табылады. Үйді сату кезінде сіздің пәтеріңіздің жақсы жақтарына назар аударған дұрыс. Терезеден көрінетін әсем көріністі, ПИК-нің жұмысын, жуырда жасалған балалар алаңын, көршілердің қарапайымдылығын және сыйластығын, дүкендердің жақындығын және т.б. айтып мақтаныңыз. Бұған қоса кейбір кемшіліктерді елеусіз еске алыңыз: қарапайым жөндеу, сымдардың көнергені, аулада жабылманың жоқтығы.
Сіздің қалаңызда егер де тағайындалған бағалар сізді қанағаттандырмайтын болса, не істеуге болады? Егер көшіп-қонуға, несие төлеуге немесе шаршы метрді жылдам үлкейтудің (кішірейтудің) қажеттігіне байланысты жылжымайтын мүліктің сіздің қолыңыздан шығып кетуге мәжбүрлейтін жағдай болса, онда тұрғын үйдің нарығында жақсы жаңалық күту сіз үшін емес.
— Сіздің ауданыңыздағы пәтердің, ауланың немесе үйдің нарығын біліп болғаннан кейін қалғандарға қарағанда бағаны төмендетуге тырысыңыз. Сатып алушының бұны байқайтынына сеніңіз, — дейді риелтор Расул Биккинин.
Егер де сіз тым қолайлы ауданға тұруға үй өзгерткіңіз келсе немесе анаңызбен бірге кетуді шешсеңіз, сонда ғана бағаны ұлғайтуды немесе азайтуды тоқтата тұруға болады.
Үлескер қалай алданбауы тиіс? >>>
Үшінші тапсырма: құжатттарды ретке келтіру
Интернеттің орасан шексіз кеңістігіне немесе сіздің қалаңыздағы БАҚ-тың баспаларына өзіңіздің хабарландыруыңызды орналастырмастан бұрын мына мәселені мықтап ескеру керек — құқық белгілеуші құжаттар толық ретке келтірілуі тиіс.
— Бірінші кезекте меншік иесі сату мақсатындағы құжаттардың жағдайына байланысты ақыл-кеңестер алу үшін нотариусқа, ТҚО-ның қызметкеріне немесе тәжірибелі риелторға жүгінуі қажет, — деп атап өтеді Расул Биккинин. — Әрбір екінші пәтер жылжымайтын мүлікпен нотариальды мәмілені жасауға сүйенсек, стандарттарға түк те сәйкес келе бермейді.
АБС RoyalEstate жылжымайтын мүлік агенттігінің атқарушы директоры жылжымайтын мүлікті сатуға құжаттарды дайындаудың қадамдық инструкциясын ұсынады.
1. Сіздің пәтеріңіздің жоспары техникалық паспорттағы жоспармен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Егер сәл айырмашылық болса, пәтердің жобалауын өзгерту үшін сәулет бөліміне хабарласыңыз, барлығын техникалық паспортпен сәйкестеңіз.
2. Егер де қылтиманың немесе лоджияның көлемі пәтердің жалпы алаңына енгізілмесе, жаңа техникалық паспортты дайындаумен пәтерді өлшеу үшін ТҚО-на тапсырыс беріңіз.
3. Пәтердің де негізгі құжатының (сіздің жеке меншігіңізге өткен пәтерге байланысты кез келген айырылу шарты: сатып алу-сату келісімшарты, ауыстыру, сыйлау, беру, жекешелендіру және т.б.) сыртында тіркеу туралы белгісі де көрсетілген әділет органының мөрі қойылғандығына көз жеткізіңіз. Егер бұлар болмаса, дұрысы тиісті органдарға хабарласыңыз.
4. Егер де пәтер сізге жекешелендіру келісімшарты бойынша өткен болса, шартта кәмелетке толмаған балалар жазылған болса, олардың бүгінгі таңда 18-ге толғандарына да көз жеткізіңіз. Олай жасамасаңыз, сіз пәтерді сату үшін тиісті тиянақты анықтамаларды ұсыну туралы арызбен қамқорлық және де қорғаныш органына міндетті түрде жүгінуіңіз керек.
50 000 $-ға сол жағалаудан пәтер сатып алуға бола ма? >>>
5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және де оның техникалық сипаттамасы туралы анықтаманы алу үшін ТҚО-да немесе egov.kz электрондық портал арқылы тапсырыс беріңіз (2 форма), онда пәтер және оның қожайыны туралы нақтылы мәліметтер көрсетілген. Онда көрсетілген өзіңіздің барлық құжаттарыңызды (кадастрлық нөмір, нысаналы бағыттама, толық мекен-жай, пәтерде жайғасқан бөлмелер саны, жалпы және де пайдалы алаң, меншіктің формасы, құқықтың туындау негізі және де оның тіркелу мерзімі) жақсылап салыстырыңыз. Егер ең болмағанда аз сәйкессіздікті байқасаңыз, мәліметтерді жөндеу мақсатында ТҚО-на хабарласыңыз.
Оның үстіне пәтерге қандай да бір ауыртпалық салынуы мүмкін, ал, бұны меншік иесінің өзі де білмей қалады. Алдын ала ойланбай орынсыз шешімдерді қабылдамаңыз. Әдетте, ауыртпалықты салған органның қандай екені анықтамада нақты көрсетіледі, жағдайды түсіну үшін оларға хабарласыңыз. Мұндай мәселе ұсақ-түйек айыппұлдың немесе уақытысында салықтың төленбегені үшін орын алады.
6. Сіздің жеке куәлігіңіздің әрекет ету мерзімінің соңына таянғандығын да тексеріңіз.
Жылжымайтын мүлікті табысты сатудың құпиялары >>>
Төртінші тапсырма: жөндеу жасау
Көптеген әлеуетті сатып алушыларды тұруға дап-дайын, әзір пәтер мықтап қызықтырады. Сатып алушылардың көпшілігі бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізуге қомақты қаражат жұмсауды қаламайды.
— Пәтерді көңіл көншітерлік кейіпке келтіріп те қойыңыз, — деп кеңес береді астаналық риелтор. — Ұсақ қысқа мерзімдік қарапайым жөндеуді жүргізе салыңыз, болмаса оған ешқандай шамаңыз жетпей жатса, асығыс қарағанда, сатып алушының көзіне түсіп қалмау үшін кемшіліктерді жойып та тастаңыз: жыртылған тұсқағаздар, шашылған заттар, сарғайған төбелер, жыртылған линолеум, су аққан сантехника, жағымсыз иістер және т.б.
Бесінші тапсырма: фототүсірілімді жасаңыз
Нақ статистика бойынша интернет-порталдардағы қараулардың көпшілігін фотоматериалдармен бірге тиянақтыланып берілген объектілер жинайды. Егер де сіз фототүсірілімді өзіңіз жасауды қаласаңыз, онда өзіңіздің пәтеріңізді суретке түсірумен қоса сол үйдің жалпы көрінісін, подъезді, ауланы ешқашан ұмытып кетпеңіз.
Егер сіздің ең басты ұтарыңыз — төмен баға болса, фотографиядағы пәтердің кедейлеу, ыңғайсыздау көрінісі теріс ой туғызуы мүмкін, әрине, фотографиясыз орналастыру үмітті ұлғайтады. Тек осындай жағдайда ғана сіздің ұсынысыңызды негізінен жылжымайтын мүлік агенттіктерінің мамандары қарайтынына дайын болыңыз.
Алтыншы тапсырма: интернеттегі қозғалыс
Әлеуетті сатып алушылардың негізгі тасқыны пәтердің қолайлы да нұсқаларын интернеттің көмегіменен іздейді. Сондықтан хабарландыруды құруға және де оны келешекте сайттарда орналастыруға мықтап назар аударыңыз.
— Хабарландырудың өзі «көңілсіз» болмауы үшін және де трафаретің астында жазылмауы үшін, фотографияның топтамасын және тұрғын үй алаңы мен ауданның толықтай сипатын орналастырыңыз, — деп кеңес береді АБС RoyalEstate астаналық жылжымайтын мүлік агенттігінің атқарушы директоры. — Пәтердің заң жағынан «таза» екенін және құжаттардың сатуға 100% дайын екенін міндетті түрде көрсетіңіз. Сонымен қатар ипотека арқылы сатуға қалай да қарайтыныңызды білдіріңіз. Бүгінгі таңда сатып алушылардың 50%-ы пәтерді банк арқылы иеленеді (мұндай ресімдеуге 2-3 апта кетеді), сондықтан нарықтың осы үлесінен өзіңіз құр қалмаңыз, — деп ұсыныс жасайды Расул Биккинин.
Kn.kz ақпарат қызметі
Тағы оқитындарыңыз:
Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер