Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

ТҚЖБ-тен «Қолжетімді тұрғын үйге» балама: бәрі үшін ипотека

Бірнеше жылдар бойында көпшіліктің ойында «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» мемлекеттік бағдарлама бар, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы оның операторларының бірі болып табылады.

Жеңілдік шарттар шаршы метрлерді қолайлы бағамен қатысушыларға алуға мүмкіндік те жасайды. Тек барлығы бағдарламаның шартына қолы жетіп, ыңғайлы ұсыныстарды әрдайым пайдалана бермейді.

Тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік бағдарламаның аясында азаматтарды несиелеу Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметінің негізгі түрі болып табылмайды. «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдардамасы бойынша банк тек қана қаржылық операторлардың бірі болып саналады. Бірақ, банкте 100-пайызды мемлекеттік қатысумен бірге түрлі тарифтік жоспармен мемлекеттік емес бағдарлама бар екенін адамдар біле бермейді. Бұл қолжетімді тұрғын үйді жүзеге асыруда бағдарлама емес, бірақ екінші дәрежедегі коммерциялық банктерге қарағанда ипотекалық несиелеумен мұнда пайыз төмен. Банк мәліметінше, 2014 жылы берілген қарызның 70%-ы еркін нарықта үйді иеленуде борышкерлердің алғандары.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі керемет жүйесі

— Тұрғын үй құрылыстық жинақтаудың жүйесі — бұл тұрғын үй жағдайларын жақсартудағы тұрғындарды несиелеудің тұрақты да табанды, тамаша жүйесі, — деп түсіндіреді банктік өнімдерді енгізу және де әзірлеу Департаментінің директоры Ольга Хлыстова. — Банктің барлық салымшылары олар өз қаражаттарын сенімді түрде салатын бір ғана жүйеге біріктірілген. Тұрғын үй қарыздар да салымшыларға жинақтаудың ортақ жүйесінен беріледі. Салымшылар өзін-өзі қаржыландырады, ал, банк тек қана оператор болып табылады. Сондықтан да тұрғын үй қарыздар арзан әрі сенімді. Қазақстанның барлық азаматтарының өздерінің тұрғын үй проблемаларын шешуіне толық мүмкіндік беретіндіктен, бұл жүйе жақсы.

Қазақстан үшін тұрғынүйқұрылысжинақтау жүйесінің тым маңызды да қомақты әлеуметтік мағынасын, мәнін ескерсек, банктің салымшыларына жыл сайын көтерме салымнан жинақтау бөлігіне мемлекет 20% мөлшерінде сыйақы ұсынады.  

— Тұрғын үй құрылыс жинақ банкте сыйақы ставкасы бар болғаны 2% екендігіне қарамастан бізбен ынтымақтаса жұмыс істеу тым қолайлы, — деп санайды «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкте» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қадырхан Баймұхамбетов. — Тұрғынүйқұрылысжинақтау жүйесіне қатысуға тұрғындарды ынталандыру ретінде азаматтарды жинақтауды жыл сайын мемлекет 20% мөлшерінде сыйақы береді. Оған бөлінетін ең жоғары сома — 200 төменгі есептеу көрсеткіші немесе 370 400 теңге. Жинақтау сомасы анықталғанда, мемлекет сыйақысын нақтылап есептегенде, банк депозиті бойынша тиімді ставка 12,6%-ға шарықтап, биіктеп көтеріледі.

2014 жылдың қорытындысы бойынша жинақтау есепшотына нақты аударылған сыйақының ең жоғары мөлшері 74 080 теңгені құрайды да, бұл тұрғындық жағдайды жақсартудағы мемлекеттің жаман емес салымы.

Жылжымайтын мүлікпен онлайн-операциялары >>>

ТҚЖБ қарыздардың бірнеше нұсқасын ұсынады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкте тарифтік бағдарламалар бойынша ең төменгі жинақтау 3 жылда тиянақтап құралады. Сонымен бірге ұзақ күтуге мүмкіндігі жоқ және тым аз уақытта тезірек өзінің баспанасына, пәтеріне ие болғысы келетін азаматтар үшін банк алдын ала және аралық тұрғындық қарыздарды пайдалануды айқын ұсынады.  

Алдын ала тұрғындық қарыз клиенттерге ТҚЖБ келісімшарттық сомадан 25% мөлшерінде бастапқы жарнапұл құйылғанда береді. Бастапқы жарнапұл клиенттің жинақтау есепшотына аударылады, ал, банк 100% мөлшерінде қарызды ұсынады.

Алдын ала тұрғындық қарыздарды пайдалану уақытында келісімшарттық сомадан 50%-ға дейінгі жетістікке жинақтауды нақ толтыру қажет. Алдын ала қарыз бойынша сыйақы ставкасы — жылдық 9,5% (жылдық тиімді ставка — 12%-ға дейін). Алдын ала тұрғындық қарыз бойынша несиелеу мерзімі 3-тен 8,5 жылды дәл құрайды.

Тұрғындық қарызға өту үшін шарттарға нақты жетуден кейін сіздің жинақтау есепшотыңызда жатқан сома алдын ала қарыз бойынша негізгі қарыздарды өтеуге бағытталады, пайыздық ставка тарифтік бағдарламада қарастырылған ставкаға дейін төмендейді (жылдық 5%-ға дейін).

Аралық тұрғындық қарызды алу уақытында тұрғын үй құнынан 50%-ды сіз депозитке саласыз, ал, сонда банк қажетті сомадан дәл жылдық 7,5%-дан 8,5%-ды сыйақы ставкасы бойынша 100% мөлшерінде қарызды сізге ұсынады.

Жинақтау есепшотына сіз салған ақшаға банктің сыйақысы (2%) нақтыланып аударылады және мемлекеттің сыйақысы (20%) айқын бөлінеді.

Тұрғындық қарызға өту үшін жетістікке жеткеннен кейін (3 жылдан соң), сіздің жинақтау есепшотыңызда қордаланып жатқан сомаңыз аралық қарыз бойынша негізгі қарызды толықтай өтеуге бағытталады, ал, пайыздық ставка тарифтік бағдарламада қарастырылған  (жылдық 5%-ға дейін) ставкаға артқа қарай төмендейді.

Тұрғындық қарыз алдын ала жинақтауды нақтылап жасау арқылы үш жылдан кем емес мерзім ішінде тұрғындық жағдайларды жақсарту да үшін сенімді түрде 50%-дан кем емес соманы ұсынады. Жинақтау барлық мерзімнің бойында банк  жылдық 2%-ды сыйақыны және де сыйланатын салымның сомасынан (сыйланатын салымның сомасы 200 АЕК-тен кем емес) 20% мөлшеріндегі мемлекеттің сыйақысын аударады. Қалған 50%-ды клиент жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін (тиімді ставка — жылдық 4%-дан) нақтыланған сыйақының төменгі ставкасы бойынша тұрғындық қарыз түрінде алады.

Қарыздар тұрғын үйді, жер учаскесін, құрылысты сатып алуға да, тұрғын үйді жөндеуге, сонымен қатар ипотекалық несиені өтеуге (қайта қаржыландыруға) және тұрғындық жағдайды жасауға ұсынылған ипотекалық несиені алу үшін бастапқы жарнапұлды енгізуге беріледі.  

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғындық қарыздары

Атау

Қарыз мөлшері

Бастапқы жарнапұл (%)

Сыйақы ставкасы  (%)

Жылдық тиімді ставка (%)

Несиелеу мерзімі  (жыл)

Алдын ала тұрғын үй қарызы

Қарыздың ең төменгі сомасы — 500 АЕК, ең жоғарысы — 45 млн тг

25

9,5

12

 3-тен 8,5-ке дейін

Аралық тұрғын үй қарызы

Қарыздың ең төменгі сомасы — 500 АЕК, бір борышкерге ең жоғарысы — 90 млн тг

50

7,5-тен 8,5 дейін

7,5-тен 9,5-ға дейін

 3-тен 25 жылға дейін

Тұрғын үй қарызы

Қарыздың ең төменгі сомасы — шектеусіз, бір борышкерге ең жоғары жинақты сомасы — 100 млн тг

50 (3 жыл ішінде жиналғаны)

3,5-тен 5 дейін

 4-тен 6,2-ге дейін

6-дан 25-ке дейін

Соныменен қатар банктің сыйақысы 2%-ды құрайды, 20% мөлшеріндегі мемлекеттің сыйақысы жыл сайын 200 АЕК-тен артық емес сомада аударылады.

— Біздер жеке құрылыс компанияларын ынтымақтастыққа тарту мақсатында жүйелі, жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатырмыз, — дейді банктік өнімдерді енгізу және әзірлеу Департаментінің директоры Ольга Хлыстова. — Сондықтан банктің салымшылары жеңілдік бағамен бастапқы нарықта ұнаған жылжымайтын мүлікті алу мүмкіндігіне сенімді ие болады.  

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ынтымақтастық жүргізетін компанияның тізімін банктің сайтынан көруге болады.

Қолайлы жағдайдағы пәтер

Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің ипотекалық бағдарламасы бойынша пәтерді нақты иелену мүмкіндігін Дәурен Жақсыбеков толықтай пайдаланды. Басқа банктер, оның сөзінше, тіптен қаралмағанда. Төмен барлық пайыздық ставкілер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкте болыпты, оған қоса жыл сайынғы мемлекеттің сыйақысы және банктің сыйақысы.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің ипотекалық несиелеудің теріс тұстарын біздің кейіпкер аса көп емес есептейді. Бірақ, кейбір кездесетін кемшілікті басқа қазақстандық банктердің қызметінен де табуға болады дейді ол.

«Біріншіден, мүлікті бағалау кезінде мен орасан уақытты және қомақты ақшаны жұмсадым, — деп еске түсіреді Дәурен. — Жылжымайтын мүлікті кепілдікке қою үшін сізде құжаттардың барлығы толыққанды дұрыс болуы тиіс. Менің жағдайымда ауладағы құрылыстар ресімделмеген. Кепілдік мүліктің құжаттары банкте жан-жақты тексерілетіндіктен, жедел түрде оларды ресімдеуге тура келді.

Екіншіден, банктегі ұзын-сонар кезектер және төрешілдік әрекеттер адамды шаршатып жібереді. Несиені бергені үшін мен қатаң түрде сақтанып, тең борышкерді тарттым. Қорытындысында қажетті құжаттардың пакетін жинау жалғыз менен емес, тең борышкерден де талап етілді.  

Үшіншіден, көптеген қаражаттық комиссиялар да нәтижесінде қомақты соманы құрады.

Енді соңғысы, банкте борышкердің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыру сияқты шарт бар. Оның үстіне сақтандыруды жыл сайын ресімдеу қажет».

Кейбір ыңғайсыздыққа қарамастан бағдарламаның шарттарына Дәуреннің көңілі мықтап толды.  

ТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: сұрақтар мен жауаптар >>>

Кепіл ретінде нені салуға болады?

Банктің кез келген салымшысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің нақтылы жүзеге асыратын мемлекеттік емес бағдарламаның қатысушы бола алады. Қарыздарды алу үшін негізгі шарттары қарызды өтеу бойынша төлемге қабілеттілікті растау және тиісті кепілдікті қамсыздандыру ұсынымы болып та табылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ баспасөз-қызметінің мәліметтеріне сенімді сүйенсек, қарыздардың да әрқилылығына байланысты кепілдікке түрлі мүліктер түсе алады.

Тұрғындық қарыз бойынша:

  • иеленетін жылжымайтын мүлік;
  • борышкердің және мәңгі аманатшының меншігіне жататын жылжымайтын мүлік;
  • жеке және үшінші тұлғаның тұрғын үй құрылыс жинақты қорлануы;
  • жеке тұлғаның кепілдігі (тұрғын үйді жөндеуге 750 мың теңгеден артық емес соманы қарызға және де 10 миллион теңгеден артық емес соманы ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға алу кезінде).

Алдын ала тұрғын үй қарыз бойынша:

  • заңды түрде берілетін алдын ала тұрғындық қарызның есебінен иеленетін көп пәтерлі үйлердегі пәтер түріндегі жылжымайтын мүлік;
  • борышкердің немесе мәңгі аманатшының меншігіне жататын көп пәтерлі үйлердегі пәтер түріндегі жылжымайтын мүлік;
  • жеке және үшінші тұлғаның тұрғын үй құрылыс жинақты қорлануы;
  • келешекте түсетін жинақтау.

Аралық тұрғын үй қарыз бойынша:

  • иеленетін жылжымайтын мүлік;
  • борышкердің немесе мәңгі аманатшының меншігіне жататын жылжымайтын мүлік;
  • жеке және үшінші тұлғаның тұрғын үй құрылыс жинақты қордалауы;
  • жеке тұлғаның кепілдігі (тұрғын үйді жөндеуге 1,5 миллион теңгеден артық емес соманы қарызға, 10 миллион теңгеден артық емес соманы ипотекалық қарызда қайта қаржыландыруға алу кезінде).

Астанада пәтер қанша тұрады?

Ипотекалық қарыз төлемімен есептесу үшін, мысалы, бағасы 100 000 $ тұратын Астанадағы 2-бөлмелі пәтерді алайық. Сонымен, бар қарызды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұлттық валютаменен берсе, онда 20 миллион теңге сомамен жайлылыққа толықтай шығуға болады.

1 мысал. Алдын ала қарыз

Бағдарламаның шарттары бойынша қажетті сомадан бастапқы жарнапұл 25%-ды нақтылы құрайды. Сома жинақтау есепшотына енгізіледі, оған банктің сыйақысы (2%) және мемлекеттің сыйақысы (20%) аударылады.

Алдын ала қарыздың 5,5 жыл мерзімі кезінде «Өркен» (ТБ) тарифтік бағдарламаға сай келеді) жылдық 9,5% сыйақы ставкасымен айына төлем 233 мың теңгені құрайды. Тұрғындық қарызға өткеннен кейін (5,5 жылдан соң) ставка 4,5%-ға дейін төмендейді және ай сайынғы төлем 92 мың теңгені (10 жыл бойында) нақтылы құрайды.

Қарызды қамсыздандырудың барлық кезеңінде (15,5 жыл) клиенттер 26 миллион теңгелей соманы төлейді. Сонымен бірге үш адамнан тұратын жанұяның жинақты таза табыс 315 мың теңгені айқын құрауы керек.

Салыстыру үшін басқа банкте ұқсас жағдайларда (бастапқы жарнапұл — 25%) 14%-бен ипотека алу кезінде ай сайынғы төлемақы 5,5 жыл бойында 198 мың теңгені құрайды, төлем сомасы — 37 миллион теңге болады. Көріп тұрғандарыңыздай, қайта төлеуде айырмашылық тайға таңба басқандай айқын көрініп тұр.

2 мысал. Аралық қарыз

Бағдарламаның шарттары бойынша бастапқы жарнапұл қажетті сомадан 50%-ды құрайды. Сома жинақтау есепшотына енгізіледі, оған банктің сыйақысы (2%) және мемлекеттің сыйақысы (20%) нақтылы аударылады.

Аралық қарызына байланысты «Өркен» ТБ бойынша 8,5% сыйақы ставкасымен жылдық ай сайынғы төлем ақы 142 мың теңгені құрайды. Тұрғындық қарызға өткеннен кейін (3 жылдан соң) ставка 4,5%-ға төмендейді және ай сайынғы төлем ақы 95 мың айқын теңгені құрайды (10 жыл бойында).

Қарызды қамсыздандырудың бар кезеңінде (13 жыл) клиент 16,5 миллион теңгелей сома төлем жасайды. Сонымен қатар үш адамнан тұратын жанұяның жинақты таза табысы міндетті 225 мың теңгені құрауы керек.

Салыстыру үшін басқа банкте ұқсас жағдайларда (бастапқы жарнапұл -- 50%) 14%-бен ипотека алу кезінде ай сайынғы төлемақы 13 жыл ішінде 140 мың теңгені құрайды, ал, төлемақы сомасы — 22 миллион теңге болады. Бұдан басқа қайта төлеуде айтарлықтай, кәдімгідей айырмашылық болады.

Кесте ТҚЖБ-нің қарыздарын басқа банктердегі қарыздармен салыстыру

Қарыздың шарты

Тұрғын үй құрылыс жинақ банктегі тұрғындық қарыз

Басқа банктегі ипотекалық несие

Тұрғын үйдің құны

10 000 000

10 000 000

Қарыз сомасы

10 000 000

5 000 000

Бастапқы жарнапұл

5 000 000 (депозитке)

5 000 000 (50% сатушыға)

Мерзім

13 жыл

13 жыл

3 жыл

10 жыл

Несие бойынша жылдық

8,5%

4,5%

13%

Ай сайынғы төлемақы

70 833

46 280

66 560

Қарыздарды өтеу

Негізгі қарызды өтеуде кейінге қалдыру

Пайыз + негізгі қарыз

Пайыз + негізгі қарыз

Төлемнің жалпы сомасы

13 103 588

15 383 360

Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің басқармасы төрағасымен мәжіліс онлайнының сайтынан алынды (/go/?to=http://www.zakon.kz/faq/JSSB.html?cstart%3D2)

Қарағандыда пәтер қанша тұрады?

Ипотекалық қарыз бойынша төлеммен есептесу үшін, мысал үшін, бағасы 50 000 $ тұратын Қарағандыдағы 2-бөлмелі пәтерді алайық. Соныменен, барлық қарыздарды  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұлттық валютаменен берсе, онда 10 миллион теңге сомамен жайлылыққа толықтай шығуға болады.

1 мысал. Алдын ала қарыз

Бағдарламаның шарттары бойынша қажетті сомадан бастапқы жарнапұл 25%-ды нақтылы құрайды. Сома жинақтау есепшотына енгізіледі, оған банктің сыйақысы (2%) және мемлекеттің сыйақысы (20%) аударылады.

Алдын ала қарызның 5,5 жыл мерзімі кезінде «Өркен» (ТБ) тарифтік бағдарламаға сәйкес келеді) жылдық 9,5% сыйақы ставкасымен ай сайынғы төлем 117 мың теңгені құрайды. Тұрғын үй қарызға сенімді өткеннен кейін (5,5 жылдан соң) ставка 4,5%-ға дейін төмендейді және ай сайынғы төлем 44 мың теңгені (10 жыл бойында) нақтылы құрайды.

Қарызды қамсыздандырудың барлық кезеңінде (15,5 жыл) клиенттер 13 миллион теңгелей соманы төлейді. Сонымен бірге үш адамнан тұратын жанұяның жинақты таза табыс 172 мың теңгені айқын құрауы керек.

Салыстыру үшін басқа банкте ұқсас жағдайларда (бастапқы жарнапұл — 25%) 14%-бен ипотека алу кезінде ай сайынғы төлемақы 5,5 жыл бойында  99 мың теңгені құрайды, төлем сомасы — 18,5 миллион теңге болады. Көріп тұрғандарыңыздай, қайта төлеуде айырмашылық тайға таңба басқандай айқын көрініп тұр.

2 мысал. Аралық қарыз

Бағдарламаның шарттары бойынша бастапқы жарнапұл қажетті сомадан 50%-ды құрайды. Сома жинақтау есепшотына енгізіледі, оған банктің сыйақысы (2%) және мемлекеттің сыйақысы (20%) нақтылы аударылады.

Аралық қарызына байланысты «Өркен» ТБ бойынша 8,5% сыйақы ставкасымен жылдық ай сайынғы төлем ақы 71 мың теңгені құрайды. Тұрғын үй қарызға өткеннен кейін (3 жылдан соң) ставка 4,5%-ға төмендейді және ай сайынғы төлем ақы 46 мың айқын теңгені құрайды (10 жыл бойында).

Қарызды қамсыздандырудың бар кезеңінде (13 жыл) клиент 8 миллион теңгелей сома төлем жасайды.

Сонымен қатар үш адамнан тұратын жанұяның жинақты таза табысы міндетті   127 мың теңгені құрауы керек.

Салыстыру үшін басқа банкте ұқсас жағдайларда (бастапқы жарнапұл -- 50%) 14%-бен ипотека алу кезінде ай сайынғы төлемақы 13 жыл ішінде 70 мың теңгені құрайды, ал, төлемақы сомасы — 11 миллион теңге болады. Бұдан басқа қайта төлеуде айтарлықтай, кәдімгідей айырмашылық болады.

Қолданыстағы тарифтік жоспарлар

Атау

Жинақтау мерзімінің бағдарлауы (жыл)

Салым бойынша жылдық тиімді ставка (%)

Тұрғын үй қарыз бойынша сыйақы ставкасы (жылдық %)

Тұрғын үй қарыз бойынша жылдық тиімді ставка (%)

Тұрғын үй қарызның ұсыну мерзімі (жыл)

Тұрғын үй құрылыс жинақтауының ұсынылған ай сайынғы жарнапұлы

Тұрғын үй қарызды өтеу бойынша шамамен ай сайынғы жарнапұлы

Бастау

3-3,5

 12,6-ға дейін

5

 5,8-ден

 6-ға дейін

Келісімшарттық сомадан 1,25%

Келісімшарттық сомадан 0,8%

Өркен

5,5

 8,1-ге дейін

4,5

 5,1-ден

 10-ға дейін

Келісімшарттық сомадан 0,75%

Келісімшарттық сомадан 0,5%

Кемел

8,5

 6,1-ге дейін

4

 4,5-тен

 15-ке дейін

Келісімшарттық сомадан  0,5%-дан  0,57%-ға дейін

Келісімшарттық сомадан 0,3%-дан  0,35%-ға дейін

Болашақ

15

 4,6-ға дейін

3,5

 4-тен

 25-ке дейін

Келісімшарттық сомадан 0,25%

Келісімшарттық сомадан 0,25%

Сонымен қатар салым бойынша сыйақы ставкасы барлық, бүкіл тарифтік бағдарламаларда жылдық 2%-ды құрайды, тұрғындық қарызды алу үшін жиналған қаражаттың ең төмен қажетті мөлшері келісімшарттық сомадан 50%-ды құрайды, ал, келісімшарттық соманың ең төмен мөлшері — 500 АЕК.

Банктің кейін шегінуі мүмкін

Тұрғындық қарыздарды өтеудің кестесі бойынша ұсыныс қатаң түрде стандартты болады деп түсіндіреді банкте, аннуитет немесе тең үлестермен және азайған қалған ақшаның сыйақысымен негізгі қарызды төлеу. Сонымен бірге алдын ала тұрғындық қарыздарды өтеу негізгі тұрғындық қарызды алу мерзіміне дейін негізгі қарыз бойынша кейінге қалдырылған төлеммен (негізгі қарыз өтелмейді) жан-жақты айқын жүзеге асырылады. Яғни, қарызды пайдалану кезеңінде жинақталумен бірге алдын ала қарыз бойынша сыйақы толығынан түбегейлі заң жүзінде өтеледі.

Аралық тұрғындық қарыздарды толығынан өтеу клиенттің таңдауымен негізгі қарызды төлеумен, негізгі қарыз бойынша 3 жылға дейін кейін қалдырумен төлеумен жүзеге асырылады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банктегі борышкерлердің нақтылы саны коммерциялық банктерге қарағанда орасан кішкене. Бүгінгі таңда ТҚЖБК-і берген қарыздар бойынша мерзімі өткен қарыздардың көлемі несиелік портфельдің мөлшерінен бар болғаны 0,66%-ды құрайды. ҚР статистика бойынша Агенттігінің мәліметінше, құрылысқа және тұрғын үйді иеленуге екінші дәрежедегі банктер берген қарыздар бойынша мерзімі өткен қарыздың көлемі 2014 жылдың 1 қазанында 10,9%-ды құрапты.

— Мерзімі өткен төлемдердің барлық қарыздары бойынша банк жеке жұмыс істейді және клиенттің төлемақы жасауға еш мүмкіндігі болмай қалса, қарыздарды реструктуризациялауды қоса отырып, тығырықтан шығар жолдарды қарастырады, — дейді сенімді банктік өнімдерді енгізу және әзірлеу Департаментінің директоры Ольга Хлыстова.

Бұдан басқа клиенттерге тым қолайлы болуы үшін банк дистанциондық қызмет ету желісін анық кеңейтті: бұл банктің сайты, терминалдар, egov.kz. электрондық өкіметінің сайты. Егер бұрын ақша аударғанда клиенттер орташа 800 теңге төлейтін, ал, қазір сома 150 теңгеге дейін төмендеді.

Тұрғын үй құрылыс жинақтау туралы шартты жасау үшін қажетті құжаттардың дәл тізімі:

  • жеке куәлік, қолдағы ЖСН;
  • балаға келісімшарт жасар уақытта қосымша баланың тууы туралы куәлігі нақтыланып ұсынылады;
  • үшінші тұлғаға келісімшарт жасар уақытта қосымша — нотариальды ресімделген сенімхат керек.

Банктің комиссиясы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкте ипотекаға пәтерді ресімдеу үшін клиентке комиссияларды мынадай мөлшерде міндетті түрде төлеуі қажет:

  1. Тапсырысты қарағаны үшін — 5000 тенге.
  2. Тұрғын үй құрылыс жинақтау туралы келісімшартты тиянақтап жасау үшін — келісімшарттық сомадан 0,55% (min 5000 теңге).
  3. Төлемге қабілетті бағалау үшін — 15 000 теңге.
  4. Қарызды беруді ұйымдастыру үшін — қарыз сомасынан 0,5% (min 15 000 теңге, max 100 000 теңге).
  5. Қолма-қол қарыздарды төлеу үшін — қарызның сомасынан 0,5% (min 1500 теңге, max 50 000 теңге).
  6. Қолма-қол төлемеу тәсілімен қарызды төлеу үшін — аударылым сомасынан 0,3% (min 1 500 теңге, max 5000 теңге).
  7. Келісімшарттық соманы ұлғайту үшін — келісімшарттық соманы ұлғайту сомасынан 0,55% (min 5000 теңге).
  8. Жаңа кепілдік келісімшартты жасау үшін — 10 000 теңге.
  9. Банктің қарызның келісімшартына, кепіл келісімшартына, кепілдікке қосымша келісім жасау үшін — 5000 теңге.

Сонымен, банкте салымшылар үшін комиссияның мөлшерін төмендету бойынша толыққанды жұмыс жүріп жатқанына сендіреді.

— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жилстройсбербанкі қаржылық және әкімшілік кедергіні азайтады. Банк азаматтардың тұрғындыққұрылысжинақтау  жүйесіне қатысуда шартты жеңілдетті. Нәтижесінде клиентке қаржылық салмақтың мұндай оптимизациясы орта 30%-ға төмендеді, 2015 жылда клиент үшін комиссияны 20%-ға төмендету жоспарланып отыр, — дейді банктің баспасөз хатшысы Наталья Ковалева.

Қолданыстағы комиссияның барлық тізімі мен мөлшерін сіз әрдайым банктің сайтынан табасыз.

Тағы оқитындарыңыз:

Ипотека бойынша қарыздар: не істеу керек?

Қолжетімді тұрғын үйді қалай иеленуге болады?

«Қолжетімді тұрғын үй — 2020»: кім мемлекеттен пәтер алады?

kn.kz
>
Статьи