Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Астананың арзан пәтерлері

Өзінің «жеке бұрышына» ие болу, қожа болу мақсатында қазақстандықтар тап-тар бөлмелерде, қаланың шетінде тұруға бар, тұруға тым дайын.

«Недвижимость» газетінің журналисі және kn.kz порталы 40 000 долларға қандай тұрғын үй сатып алуға болатынын анықтады. 

Астананың шетінде және қалашықта

Астанадағы арзан тұрғын үйге сай мәселені білуде біз «Недвижимость» газеті мен kn.kz. порталының базасын пайдаландық. Біздің мәлімет бойынша көрсетілген бағалық сегменттегі пәтерлер Қосшы, Ильинка қыстақтарында, Көктал-1, Көктал-2 шағынаудандарында, Манас пен Досмұхамедұлы көшелерінде көбірек орналасқан.

Imperia жылжымайтын мүлік агенттігінің маманы Шынар Сазанбаеваның пікірінше мұндай объектілердің сипаттық ерекшелігі — қаланың орталығынан алыстық және тұрғын үй класы.

— Егер сізде барлығы 40 мың доллар болса, онда негізінен секциондық немесе дәліздік типтегі кішкене шаршымен астананың қалашығындағы, болмаса қаланың шетіндегі жаңадан салынып жатқан құрылыстағы тұрғын үйге ие боласыз, — дейді риелтор. — Егер Астананың жылжымайтын мүлік нарығын есепке алсақ, онда пәтер осындай бағамен 20% болады. Бірақ, нұсқалардың саны біртіндеп төмендейді. Мұндай объектілердің құрылыс сапасының элит- және бизнес-класс үйлерінен айырмашылығы бар. Қалашықтағы инфрақұрылым жетік дамыған, бірақ, қала орталығына жету үшін 30-40 минут кетеді.

Алайда, арзан пәтерлер қаланың шетінде ғана бар. Мысалы, Алматы ауданындағы Манас көшесінде орналасқан «Солнечный город» ТК-дегі кішігабаритті пәтерлер сатылады. Студияға жабдықталып, бес қабатты кірпішті үйдің ортасында орналасқан 2008 жылы пайдалануға берілген 19 шаршы бір бөлмелі пәтер. Үй осыдан 6 жыл бұрын пайдалануға берілген, қожайындардың айтуынша, коммуникацияның жағдайы жаман емес. Пәтердің өзіне осыдан 2 жыл бұрын жөндеу жүргізіліпті. Меншік иелері өздерінің жылжымайтын мүліктерін 40 мың долларға бағалайды.

Ескі керемет жатақхана

Астананың қайталама нарығындағы жоғары бағаға сатуға ұсынылатын пәтердің көлемі көбінесе көлемнің мөлшері 15-30 шаршы метрден тым аспайды, көтерілмейді. Бұған қоса асүйдің мөлшерлері бар болғаны 2-3 шаршы метр ғана болады екен, ал, кейбір кезде асты, тамақты әзірлейтін бұрыш атымен жоқ. Егер бөлмеде санторап болса, тіпті де жақсы, тамаша, ғанибет. Әрине, бірлескен түрде. Дегенменен, сіз суды қабылдау әрекетіне соншалықты үміт артасыз, — бұл душтық кабина.

Ең бір арзандау нұсқалардың көпшілігі Көктал-1 шағынауданында нақтылылау орналасқан. Барлығы 18 «шаршылы» көлемді аз жанұялық форматтағы, ескі типтегі үш қабатты үйдің 2 қабатында орналасқан бір бөлмелі пәтерге 25 мың доллар сұралады.

Ұсынылған объектіні түп-тұяғына дейін зерттегенде білгеніміз, ол, расында, бұрынғы қонақүй болып шықты, қожайын оны «кіші жанұялыққа» ауыстырыпты, санторабы бірлескен және де асүйі жоқ бөлмені ол сатқысы келеді. Қандай да бір жиһаздардың кейбір ұсақ түрлері бар екен. Асүйлік ғимаратты меншік иесі асхана және кафе ретінде жан-жақты, тиянақты пайдалануды ұсынады. Келешекте, келер күндерде асхананы ортақ асүйге айналдыруды жоспарлап отыр. Әзірге бөлмелер бос тұр, кез келген бірнеше ғимараттарды еркін таңдауға сатып алушылардың мүмкіндіктері бар. Қаланың орталығына автобуспен немесе машинамен жетуге әбден болады. Жолда болу ұзақтығы 15-тен 30 минутқа дейін созылады.

Ғимараттың осындай түрі Ақжол көшесінің бойында нақ 26 мың долларға сатуға қойылған. Бұл бес қабатты «хрущевканың» соңғы қабатындағы түк қылтимасы жоқ секциондық типтегі кірпішті үйдегі 18-шаршылы ғана студия. Мұнда асүйді және де санторапты тағы үш жанұяға бөлуге тура келеді. Бірақ, бөлме бұрышта емес, жөндеуі бар, ынта болса, өзінің аймағында сумен қамтамасыз ету жабдығын өткізуге болады, сөйтіп, өркениетті істі пайдалануға мүмкіндік бар. Қожайын өзінің меншігінің құнын түсіруге әзір, оны үстеме төлеммен көлікке ауыстыруға келісетінін айқын білдірді.

Жылжымайтын мүлікті табысты сатудың құпиялары >>>

Жертөледе тұруға болады

Көңілді аударуға тұратұғын тағы бір нұсқа астананың қалашығында — Қосшы қыстағындағы «Орион» ТК-де орналасқан. Мұнда жаңа кірпішті бес қабатты үйдің ең төменгі қабатында бір бөлмелі пәтер еврожөндеуімен сатылады. Сатушылар ол үшін тұрақты түрде айқын 35 мың доллар сұрайды. «Бір бөлмелінің» алаңы нақтылы 32 шаршы метрді құрайды.

Пәтер студияға лайықталып қайта жабдықталған, санторап та бірлескен түрде. Техникадан басқасы, пәтердің жиһаздалуы бағаға кіреді. Баға неліктен жоғары емес? Жылжымайтын мүліктің қожайындары оның себептері — пәтердің төменгі қабатты орналасуы деп айтады.

Дәл сондай бірдей, ұқсас шаршы үйдегі баспаналар 20 мыңға қымбатырақ, айырмашылықтары нақты тек терезе ойықтарында ғана. Төменгі қабатта толыққанды терезелер көп емес. Қожайындардың айқын айтуынша, бұл ғимараттың жарықтануына ешқандай әсер етпейді екен, ал, жазда пәтерде салқын ғой. Подъезде бар болғаны 6 пәтер. Мысалы, ЭКСПО объектілері құрылысының ауданына рейстік автобустармен 10 минутте жетуге болады. Мұнда мектеп, дүкендер, балабақшалар орналасқан.

ҚТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: сұрақтар мен жауаптар >>>

«Қаралай» әрлеуде

Imperia жылжымайтын мүлік агенттігінің мамандарының нақты айтуынша, көрсетілген баға бойынша қалаған тұрғын үй алаңын салынып жатқан үйлерде «қаралай» әрлеумен алуға болады екен. Қоныстануды 6-дан 12 айға дейін күтуге тура келеді. Баға төмен болған сайын күту мерзімі ұлғаяды. Бірақ, жөндеуі барға қарағанда бұл пәтердің көлемі үлкен болады. Сондықтан көпшілік күтуді және жөндеу жүргізуге 10-15 мың долларды құйғанды дұрыс, жөн көреді.

Мысалы, бағасы мен құны 40 мың доллар тұратын «Юго-Восток» ТК-дегі пәтер, баспана алты қабатты үйдің соңғы қабатында орналасқан және де 30 шаршы метрлі көлемі бар. Салынып жатқан шаршыларды сатушылар пәтерде бөлек санторап барын, үй үстіміздегі жылдың соңына дейін пайдалануға берілетінін атап өтеді. Сондықтан бағалар тиянақты, тұрақты емес, тезірек, жылдам ақша керек болғандықтан, меншік иесі әр уақытта саудаласуға дайын. 

Сіздің қалтаңызда тек қана 40 мың доллар қаражатыңыз болса, 20-30 шаршы метрді жеке меншікке айналдыруға толықтай мүмкіндік бар екенін айтамыз.  

Сондықтан пәтерді таңдаған уақытта қандай нәрсеге көңіл бөлу керектігін біліп алған дұрыс. Егер жөндеу болса, пәтер кішкене көлеммен болады, ал, егер де қаралай әрлеумен болса, онда ғимараттың соншалықты кең болатынына әбден сену керек.

— Дайын тұрғын үйге қоныстануды қалайтындардың ішінен Астанаға қаражат табуға келгендерді ажырату соншалықты қиын емес. Жалпы, арзан шаршы метрлерді пайдалану студенттердің, орта шамадағы мемлекеттік қызметкерлердің, бөлінген кадрлардың, аудандардан келгендердің арасында орасан, тым сұранысқа ие, — деп түсіндіреді Шынар Сазанбаева.

Сондықтан сіздің қалтаңызда тек қана 40 мың доллар қаражатыңыз болса, 20-30 шаршы метрді жеке меншікке айналдыруға толықтай мүмкіндік бар екенін айтамыз. 

Kn.kz ақпарат қызметі 

Тағы оқитындарыңыз: 

50 000 $-ға сол жағалаудан пәтер сатып алуға бола ма? 

«Самұрық Қазынадан» пәтерді қалай сатып алуға болады? 

Пәтер мәселесін студент қалай шешеді?

kn.kz
>
Статьи