Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Жылжымайтын мүлікті табысты сатудың құпиялары

Пәтерді сатуға нақ дайындықтың барысының ең негізгі ерекшелігі бар: біреуі істің заңды жағына тығыз байланысты, оған қажетті құжаттарды жинау және де оларды тәртіп келтірулер кіреді, екіншісі — психологиялық ерекшелікке немесе басқаша айтқанда, тұрмыстық даналыққа қатысты.

Телефонмен қалай сөйлесуге болады?

Осылайша әлеуетті сатып алушымен толықтай нақ байланыс басталады. Телефонмен әңгіме бастапқы ақпаратты алудың жолы: пәтер қай жерде орналасқан, қанша тұрады, көлемі, қашан қарауға болады?  

Көп нәрсені есте сақтай алмай, сізге хабарласушыға жауап беру тым қиын болса — қағазға жазып алыңыз.

Әңгімелесуге көптеу уақыт жіберудің қажеті шамалы. Өйткені, қандай жағдайда да пәтерді қарап шығу керек болады.

— Жан-жақты сипаттамаға күшіңізді жұмсамаңыз, — деп кеңес береді психолог Елена Лазаревская. — Өйткені, кейбіреулер бағаны салыстыру үшін ғана хабарласады. Кейде түсініксіз жағдайда телефон шалынады. Былай сұрайды: «Сізде не бар өзі?» Егер де сізге сипаттауды өтініп, осындай сұрақтар қойылса, оларға былай деңіз: «Алдыменен келісіп алайық, сіз келіңіз, барлығын, бүкілін өз көзіңізбен көріңіз».

Сатып алушы «қашып кетеді» деп ешқашан қорықпаңыз: егер адам мүдделі болса және сіз сыпайы сөйлессеңіз, ол сіздің үйіңізге келеді. Өз уақытыңызды осылай құруыңызға болады. Ішкі әлемнен ақпараттың үлкен бөлігін біз бәрібір түйсік арқылы аламыз. Қандай да бір сипаттау тұрғын үйді көргенге жетпейді.

Пәтер қалай көрсетіледі?

Егер сіз сатып алушымен көшеде кездесуге келіссеңіз жөн болады. Сонда оны өзіңіздің пәтеріңізге дейін оңтайлы жолменен алып келесіз. Әсіресе, егер де сіздің ауданыңызда дамыған инфрақұрылым болса, нұр үстіне нұр.

— Адамды балабақша, супермаркет арқылы жүргізу жақсы, барлық тәуірді көрсету, — дейді бағалаушы Анастасия Голодникова.— Көрдіңіз бе, бәрі жақын: мектеп, емхана және тағы басқалар. Жақсы көршілер мен ПИК-нің жауапкершілігі туралы айтқан дұрыс.

Кәсіпқой бағалаушылар, әдетте, өзінің есептемесіне ауданның картасын салады және де инфрақұрылымды суреттейді.  Өйткені, аталған факторлар тұрғын үйдің бағасына оң әсер етеді, құндылық сатып алушының көз алдында болады. Үйден алыс емес жабдықталған аула және аялдама құнды көтереді. Расында, барлық қолайлылықтың болуы, маманның айтуынша, пәтерді 5%-ға ғана қымбаттады. Бағаны қалыптастыруда жылжымайтын мүлік орналасқан аудан негізі фактор болып саналады.

Әрине, өзіңіздің қабатыңызда тазалықты мықтап тура сақтауға тырысыңыз. Шаңдарды тиянақтап сыпырудың қажеті шамалы. Клиенттің келу қарсысына керемет жинақылық оң ықпал жасайды. Ылғал ауа райынан көктемде, күзде подъездің лас болатыны белгілі. Ең бастысы, баспалдақта және де алаңшада темекі қалдықтары мен қағаздар жатпасын, ыңғайсыз иіс шығып тұрмасын.

Ақпараттың жартысынан көбін біз түйсік арқылы алатындығымыздан, қандай да сипаттау тұрғын үйді көрсеткенге жетпейді.

Риелтор Анастасия Ксендз:

— Сатып алушылардың көпшілігі үшін мынадай «картинканы» жасау қажет: көршілеріңіз су ағызып, егер де бір жері алынып қалса, төбені жабыстыру, жағу, желімдеу керек. Кейде адамдар бұлай жасамайды. Біз кемшіліктерді жоюды өтінсек, кейбір қожайын айқайлап шыға келеді: «Бәрібір, солай бола берсін!» Сатып алушылардың тек 20-30 пайызы бұны маңызды санамайды. Әсіресе, құрылысшылар. Олар жөндеуді біледі, негізгісін көреді: қабырғалар, жақсы қабат, тәуір картинканы олар біледі. Ал, қалғандары келуді, бірақ, ештеңе істеуді қаламайды. Қазір адамдар ипотекамен бастары қатып жүр: үш адамның екеуі үйді банктік заеммен алады. Жөндеуге тым мән бермейді. Сондықтан қарапайым жөндеуге қарағанда қаралмаған пәтерлер сирек сатылады.

50 000 $-ға сол жағалаудан пәтер сатып алуға бола ма? >>>

Бағалаушы Анастасия Голодникова:

— Мен үшін ең бастысы — пәтердегі тазалық. Кейде кіресің, орташа жөндеу, ал, пәтердің іші жинақы. Бұл іс қожайынның кім екенін көрсетеді. Өйткені, мәмілені жасау кезінде адамдар адамдарды таңдайтыны маңызды. Ашық-шашық маған кедергі жасайды: тек қана шкаф пен қораптарды көресіз. Бұндай жағдайда ең болмаса аздап «тазалау» керек.

Психолог адамдар нақты кеңдікті және ұйымдастырушылықты дұрыс қабылдайтынын сенімді түрде айтады. Сондықтан тіпті егер де қылтимадан заттарды басқа жаққа апара алмасаңыз, ең болмаса оларды қатар-қатар ұқыпты жинап қойыңыз. Кіреберісте сатып алушылардың аяқтарының астында құм жатпауы тиіс. 

Келушілердің шамына жедел тітіргенгіштер қатты теріс әсер етеді: шыңғырған дауыстар (айқайшы теледидар) және жағымсыз иіс — мысалы, тамақтың. Астың өзі жақсы (сіз балық сорпасын дайындадыңыз делік), бірақ, оның исі әлеуетті сатып алушыға ұнамауы мүмкін. Дұрысы — жеңіл, жағымды иіс керек. Сатып алушылар үшін аздап өміріңізді өзгертуге тура келеді. Егер сіз өзіңіздің жасап жатқаныңыздың дұрыс екенін білсеңіз, одан ләззат аласыз.

5% — жабдықталған аула мен аялдаманың жақын болуы пәтер бағасының ең жоғары көтермесі

Сатып алушылармен қалай сөйлесуге болады?

Қожайын бар ерекшелікті жан-жақты суреттеп, жаманды жасырып, жақсыны асырып, мақтауын келістіруі тиіс. Яғни, тек қана хабарландыруды беріп, оны күтіп шектелмеген дұрыс. Кемшіліктер болса, оны тезірек құртқан абзал. Бірақ, психолог бұның бәрі асыра сілтелмей көрсетілсе, нұр үстіне нұр болады. Кешірім сұраудан қашыңыз. Ақауларды ақырындап жазыңыз да, оның себептерін ақырындап түсіндіріңіз. Мысалы, құбырларды көршілермен келісімге келмегендіктен ауыстырылмағанын ұғындырыңыз.

Егер де кейбір нәрселер көзге тым қораштау көрінсе, оның атқаратын қызметіне назар аударыңыз. Мысалы, пәтерде ескі ағаш терезе тұр делік. Сатып алушы мазасызданады: бұл пластик емес, оны ауыстыру қажет дейді. Демек, құнды мың долларға түсіруге тура келеді. Бірақ, сіз бұл тереземенен бірнеше жыл тұрған қожайын ретінде оның жақсы жабылатынын, өтпелі жел болмайтынын білесіз. Сондықтан жүйке тоздырудың қажеті шамалы, сатып алушыға оның мәртебесі туралы айтыңыз.  

— Сізге ешқандай кінә тағылмайтынын есіңізде ұстаңыз, — дейді Елена Лазаревская, — шағымданудың қажеті шамалы: «Сіз білесіз бе, менде су әрең жүреді, ПИК-не бірнеше рет бардым, ештеңе жасамады».

Риелтор Анастасии Ксендздің тәжірибесі бойынша сатушылар түсініксіздеу қылықтар көрсетеді екен:

— Сатып алушы өз пікірін, кейде сынды айтуды бастайды. Жауапқа мынаны естиді: «Қаламасаңыз, алмай-ақ қойыңыз! Онда бізге не үшін келдіңіз?» Әрине, бұл іс  клиентті өңменінен итергендей болады. Дұрысы, үндемей қалыңыз. Немесе егер адамдар сіздің жыныңызға тие беретін болса, сату мүмкіндігін риелторға беріңіз. Сауда туралы ұсыныс шуға апарады. Баға туралы талқылауға барғысы келмейді. Бұл дұрыс іс — сатып алушы арзанға алғысы келеді, неге ашуланасың?

Әлеуетті сатып алушылармен әңгіме кезінде «жақсы», «ыңғайлы», «сенімді», «көрнекті», «тым жайлы», «қолайлы» деген жылы сөздерді қолдануға кеңес беріледі. Бұл әрекеттер жалпы керемет сезім ұялатады. Тек шамадан, шектен тыс эмоциональды сезімге берілу, егер оң әсер берсе де, сатып алушыны «қысып тастауы» мүмкін. «Керемет» және «тамаша» деген сөз «жаман», «жөнделмеген» деген сөзбен ауысып кетуі ықтимал.

ҚТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: сұрақтар мен жауаптар >>>

Кейде үзіліс жасаған да пайдалы

Пәтерді сату кезінде үзілісті жасайтұғын жағдайлар аяқ астынан туындап қалады. Әрине, егер сіз өзіңізге-өзіңіз тым сенімді болсаңыз, ешқандай да «үзіліс» жасаудың қажеті жоқ. Нақтыланған сатып алушымен келіссөзде үзіліс жасау кей ыңғайсыз мәселеде орын алады. Пәтерді қарайтындармен әңгіме қысқашалау болуы тиіс. Кей кезде ұғынуға, талдауға біз үлгермей жатамыз, адамдарды ұнатпай жатамыз, мұндай келеңсіздіктің керегі шамалы. Бірден сөзге келмей, ыңғайсыздау сатып алушымен байланысты бірден үзуге болмайды.

— Сату жағдайында жалпы оқыстау қимыл-әрекеттер жасауға болмайды, — деп кеңес нақты береді психолог. — Жәй сатып алушыдан аздап күте тұруын өтініңіз, ойлануға мүмкіндікті беріңіз. Осы уақыт аралығында қажетті ақпарат түседі. Мұндай адаммен сіз әңгімелесуде өзіңіздің стиліңізді өзгертуіңіз әбден ықтимал. Ең болмағанда келешекте болатұғын келіссөзден бас тартыңыз және де бұлай жасағаныңызды өзіңізге түсіндіресіз. Антипатияны басып кетесіз. Ең бастысы, бұл әрекетіңізге кейін өкініп жүрмеңіз.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады

Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер

Егер жылжымайтын мүлiктiң құжаттары жоғалса…

kn.kz
>
Статьи