Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Астана жолдары: проблемалар және оларды шешу тәсілдері

Үстіміздегі жылы көктемде келешекте Астананы нақ дамыту бойынша мәжілісте Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорданың тараулы жолдарына қанағаттанбайтынын анықтап білдірді.

Оны бәз баяғы бір жол участкесінде жыл сайын жөндеулер жасалатыны, оған саны шектеулі компания істейтіні мазалайтынын айтты. Содан бері не өзгерді, қандай шаралар қолданылды, және еліміздің бас қаласының жолдарында тағы да қандай проблемаларды шешуге тура келеді? 

Астананың тұрғындары орасан қарқынмен өсіп келеді. Жыл сайын біздің астанамызға ақша табу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен біздің отандастарымыз ғана емес, көрші мемлекеттердің азаматтары да ағылып жатады. Астана қаласының статистика Департаментінің мәліметінше, үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында астананың тұрғындары 20 718 мың адамға өсті. Әрине, адам саны өссе, қала көшесіндегі көліктер саны көбейеді. 

Бүгінде не істелді?

Астаналық жолаушылар көлігі және де автомобильдердің жолдары басқармасының ақпараты бойынша соңғы алты жылда 217 шақырымдай жол салынған. Сонымен қатар 98 шқ жол қайта құрылыпты. 515 шқ жерге жөндеу жүргізілген екен.

2014 жылы астаналық әкімдіктің жоспары бойынша 76,5 шқ жол, сонымен қатар қосылған тұрғын үй массивінде 19,16 шқ жол салынып, қайта құрылуы тиіс екен. Әкімдіктің баспасөз-қызметінің хабарламасында айтылғандай, қазіргі таңда жұмыстар мынадай бағытпен жүргізіліп жатыр: проблемалы участкелерді азайту; Кіші сақина жолдың (КСЖ) құрылысы; мемлекеттік бағдарламаға сай объектілер көшелерінің құрылысы; жаңа көше құрылысы, көне көшені қайта жөндеу; тұрғын үй массивіндегі жол инфрақұрылымын дамыту; орташа жөндеу.

КСЖ-на қатысты айтсақ, ол жол жүру қиындығын шешеді. Оның ұзындығы 35 шқ құрайды. Оның құрамына 4 көлік айналмасы, 2 өтпелі көпір және 3 жол сымы кіреді. Қазіргі уақытта 20 шқ астам жол салынды. КСЖ құрылысы аясында биыл Тілендиев даңғылына шығу мақсатында Бейсеков көшесін бұзып өту жоспарланып отыр. Бұл Тілендиев, Бөгенбай батыр даңғылдарына салмақты түсіреді. Абылай хан даң. №14 үйге дейін құрылысты аяқтау Момышұлы, Абылай хан даңғылдары мен Айнакөл көшесіндегі қозғалысты мықтап жеңілдетеді.

«Жол кептелістерінің проблемаларын шешу үшін үш көлік айналмасы салынды. Олар Гастелло көшесі және №19 үй, Республика даңғ., Бараев к., Ташенов к., Угольная-Можайский к. қиылысында орналасқан», — дейді жасалған сапалы жұмыс туралы Астаналық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасының басшысы Рашид Аманжолов.

Жолды жеңілдету үшін төрт көпір салынған: М-2 Қабанбай батыр даңғ. бойынша Есіл ө. арқылы «Рамстор» СО-ның жанында, М-3, №2 көпір Ишим ө. арқылы «Зеленый остров» ауданына дейін, Есіл ө. арқылы Бейсеков к.-нен көпір. Соңғы көпірдің ұзындығы 8 жолақ қозғалысымен 225 м.-ді құрайды. Қысқасы, өткен жылы оның бойында қозғалысты ашу Тұран, Сарыарқа даңғылдары бойынша көліктік салмақты 40%-ға төмендетуге мүмкіндік берген. 

Неліктен бір жол жөнделе береді?

Қоғамда көп уақыттан бері жолдардың салынғаны жақсы және де ұзақ мерзімге қолайсыз деген пікірлер қалыптасқан. Олардың жылдам аз уақытта бұзылғаны тәуір, оларды жөндеуге тағы бюджеттен қаражат бөлінеді.

— Жолдардың құрылысына орасан қомақты қаражат бөлінеді, — деп жан-жақты әңгімелейді kn.kz порталына депутат Мәжіліс депутаты Айгуль Соловьева, — егер қаланың орталығындағы жолдардың сапасы халықаралық стандарттың кейбір нормаларына қалай да сәйкес келетін болса, онда қала шетіндегі жол учаскелеріне сондай айқын жақсылықты тілейміз. Мұндай жағдайлар сыбайлас жемқорлықтың бар екенін анықтап білдіре де түседі. Мәселенің мықтап өзгеруі жолдар құрылысының кезінде мемлекеттік нарядты жүзеге асыруда азаматтық бақылауды талап та етеді. Үстіміздегі жылы жаздыгүні мен Бакуде болдым, онда тым орасан үлкен, ғасырға салынған алаң, сапалы жабылған жол төсеніштері бар екен. Бүгін Парламенттің ғимаратына барар жолда мен бұзылған граниттік плитканы көрдім. Ол көктемде салынған еді, қайта бұзып салынуда. Мұндай жай кей шенеуніктердің тендерді ұтқан адал емес компанияның мүддесін қорғаудан туындап отыр. Сондықтан президент сессияның ашылуында мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасын әзірлеуге баса назар аударды.

Бір жолдың қайта жөнделуі орын алмай отырғанын тілге тиек етеді шенеуніктер. Рашид Аманжоловтың айтуынша, мердігерлік компаниялар жұмысты кепілдік міндеттемелердің аясында жүзеге асырады. Бұл, демек, барлық қала бойынша жолды жабудағы ойық-шұңқырларды бітеу ретінде жүргізіледі. «2011-2012 жылдардағы көшелерді орташа және де ағымдағы жөндеуді өткізу орнына нақтылы талдау кепілдік мерзім кезеңінде жөндеу жұмыстарының қайталап, балшықтатып, мезі қылып жүргізілмегенін нақтылап көрсетеді. Сонымен қатар жабылудың негізгі кемшіліктері бес жыл жөндеу көрмеген көшелерде болған», — дейді Рашид Аманжолов.

Оның пікірінше, жолдарды жабу құрылымына бірнеше қолайсыз себеп-салдарлар кері ықпал етеді. Біріншіден, біздің жолдарға шамадан тыс салмақтың түсуі, екіншіден, қозғалыстың қарқындылығы. Үшіншіден, біздің тез континенттік ауа райымыз. 

Шенеуніктер айтқандай, астананың бір ғана жолында жөндеулер қайта-қайта жүргізілмейді екен. Рашид Аманжоловтың айтуынша, мердігер компаниялар кепілдік міндеттемелер аясында жұмыстарды атқарады. 

Біздің жолдарымыз тәуір болуы үшін

Жаңа технологиялар

Әлемдік өте жоғары технологиялық нарықтың соңғы әзірлемелері біздің жолдарымызды да айналып өткен жоқ-ты. Бүгінгі таңда олардың құрылысын салуда өкімет әдеттегідей ұсақ сарғыш асфальтбетонның орнына асфальттың жаңа түрі ЩМА-ды (щебендік-мастиктік асфальтбетон. — Авт.) қолданады. Кәдімгі асфальттың алдына ЩМА-ның үлкен, зор айырмашылығы жабылу қабатындағы қатты каркастық құрылым болып табылады. Соның арқасында тікелей бір-бірімен байланыстағы жекеше ірі-ірі тастық материалдар арқылы жоғарыдан төменде жатқан қабатқа салмақтарды түсіру қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, жолдардың жоғары қабатының өзгеріске ұшырау тәуекелшілдігі азаяды, тым төмендейді. ЩМА-ның құрамында негізінен ірі-ірі шағылдар болады, каркастағы тастардың арасындағы кеңістікті толтыратын тек қана мастиктерді жасау үшін олардың майдалары, ұсақтары қызмет қылады.

Оның үстіне жақын уақыттарда жылы асфальттың төзімділігін сынау үшін жоспарлар құрылып жатыр. Соның арқасында асфальтты төсеу қысымдылығы 30-50 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сөйтіп, жарықты тұтыну көлемі де қысқарады. Жылы асфальтты пайдалану газдық тасуды 90%-ға дейін азайтады. Және асфальтты тығыздау уақыты да екі есе қысқарады, ГОСТ талап ететін тығыздау коэффициентіне қол жеткізуге, жол-құрылыс маусымын ұзартуға мүмкіндік бар. 

Сапаға бақылау

— Үстіміздегі жылдан бастап, өткізілген жол-құрылыс жұмыстарына бақылауды «Бюро Веритас» француз компаниясы нақты жүргізеді, — деп хабарлайды Рашид Аманжолов, — ол біздің ауа райымыздың жағдайына ыңғайлап, асфальттың жаңа түрін дайындайды. Аталған  компания осы салада талмай жемісті еңбек етіп келе жатқан Еуропадағы ең ірі деген компаниялардың бірі әрі бірегейі, ерегі болып табылады. Сондықтан біз жасалған жұмыс құнын түк өзгертпейтін шетел компаниясына үйреніп қалдық. Өйткені, олардың сыйақысы ҚР бекіткен нормативтерге сәйкес келуімен анықталады.

«Бюро Веритас» сапаны бақылауға және де техникалық қадағалауға кіріспей тұрғанда, жолда ұзынан, енінен жарықшақтар, сонымен қатар құм қабаттарының тым төмендеуі анық, айқын байқалды. Жолдағы мұндай кемшіліктер нормалар мен  стандарттарға сай емес.

— Бүгінгі таңда біздің компания құрылыс компанияларына және де Астана қаласындағы жолаушылар көлігі және автокөліктер жолдары Басқармасына айқын берілген 170 сәйкес келмеушілікті шығарды. Аталған кемшіліктер біздің бақылауымызға тиянақтыланып сәйкес келгенінше, жұмыстарын қайта жасау жол салатын компанияларға міндеттеледі», — деп хабарлайды ЭмреТолон, «Бюро Веритас» құрылыс қызметі департаментінің менеджері. 

Депутаттар не ұсынады?

Парламент Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердоңғаров:

— Астана — бұның екі жағалау, сол және де оң. Сол жағалау — бұл жаңадан жобалау. Қаланың осынау нақтылы бөлігінде жолақтың енін және коммуникацияны және жүріп жатқан көлік шоғырын салуды жоспарлауға мүмкіндік бар. Оң жағында жағдай күрделірек — Самал шағынауданынан вокзалға дейін бірнеше ойылған жолдар және айналма. Бұл жерге өзгерту жасау мүмкін емес. Сондықтан, менің пікірімше, уақыт өте бара астананың әлеміне бар салмақ түсу аналогына байланысты көліктің санын қысқарту қажеттігі туындайды. Бұл шаралар сондай аян, белгілі болмаса да, олар пайдаланылады — бұл шығуға шектеу, салықты көбейту, қоғамдық көлікті және велосипедтік инфрақұрылымды дамыту. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Айгуль Соловьева:

— Халыққа, көпшілікке қоғамдық көліктерге қайта отыру ұснылған-ды, менің ойымша, толыққанды көлік режімімен және нақты қозғалысты ұйымдастырумен қамтамасыз етілуі тиіс. Еуропада бұның барлығы алдын ала ойластырылған, тым дамыған да, кез келген аудандағы кептелістерден хабарлама беріп отыратын сенімді жүйесі бар бізге де электронды формат енгізу керек. Заңдарға сәйкес көптеген өкілеттілік және қызмет жергілікті атқару органдарына бір ауыздан беріледі, сондықтан іс болған сол жерде  іске араласып, мәселелерді шешуге қауқары да бар Мәслихаттың ықпалын күшейткен абзал. 

Кептелістерді азайту үшін жобалар

Веложолдық инфрақұрылымды дамыту

Веложолдық инфрақұрылымды дамыту саласындағы іс-әрекет туралы меморандумға үш тарап қол қойды: астана әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы және де дене шынықтыру мәдениеті және спорт ісі бойынша ҚР Агенттігі. Аталған жоба көліктің экологиялық түріндегі автомобильге отыруына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда аялдамалар жанынан велосипедтердің жалға алу автоматты бекеттерін көріп жүрміз. «СК-Астана» Корпоративтік Қорының бас директоры Ерлан Даримовтың айтуынша, велосипедті кез келген адам жалға алады. Сонымен қатар аталған қызметке табыстары әр қилы пайдаланушылар қол жеткізеді.

Эко-транспорттағы бір сағат жүру 100 теңгені құрайды. Велосипедтер соңғы кездегі технологиямен шығарылған, олар басқарудың компьютерлік жүйесімен жабдықталған. Бұл өзінің кезегінде вандализм мен ұрлап қашу фактілерін ешқашан да болдырмайды.

Тағы артықшылық — зор доңғалақтың болуы. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, велоспортты ел арасында жақсылап тұрып үгіттеу тек қана азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастырмайды, сонымен қатар автомобильдік трафиктің қарқынын, жол-көліктік желіге, қалалық инфрақұрылым дамуына салмақты азайтады. Бүгінде 200 велосипед сатып алынды, келешекте олардың санын 1000-ға жеткізу және Астананың оң жағалауын қамту жоспарланып отыр. 

Велосипедте бір сағат жүру негізінен 100 теңгені құрайды. Олар соңғы кездегі технологиямен жасалған және басқарудың компьютерлік жүйемен жабдықталған. 

Велостанция төмендегідей объектілерге тікелей жақын орналасқан: 

  • «КазМедиаЦентр»,
  • «КазМунайГаз»,
  • «Самрук-Казына» ҚНБ АҚ,
  • «Думан», «Дипломат», «ЖұмбакТас» қонақүйлері,
  • «Нұр-Ай» балабақшасы,
  • «7 Бочек», «Авиценна», «Визит», «Инфинити», «Лазурный», «Нұрсая 1», «Нұрсая 2» тұрғын үй кешендері,
  • FitnessPalace Астана фитнес-клубы,
  • «Нұр-Астана» мешіті,
  • Қорғаныс Министрлігі,
  • Транском Министрлігі,
  • «Бәйтерек» монументі,
  • океанариум,
  • «Риксос» отелі,
  • «Астана», «Арай», сүйгендер саябақтары,
  • «Салтанат Сарайы» неке кесу мекені,
  • «Азия парк», «Мега», «Сарыарқа», «Керуен», «Ануар», «Дельфин» сауда-ойын-сауық орталықтары,
  • Керей-Жәнибек көшесі,
  • ҚР нейрохирургия орталығы,
  • Астаналық цирк. 

Сонымен, веложол инфрақұрылымын нақтылап дамытудың арқасында кептелістер азаяды және жол-көлік желісіне салмақ төмендейді.

Жүйрік автобустардың бағыт ұстауы

Келешекте өмірге енетін келесі қомақты жоба — бұл БРТ (арнайы бөлінген жолақ бойынша жүйрік автобустардың жүруі). Алдыменен ЖРК (жеңіл рельстік көлік) жобасын жүзеге асыру анық жоспарланды, бірақ, кейінірек осы аталған жобаға өкімет баса назар аударылады деп шешті.

Баспасөз-конференциялардың нақ бірінде қаланың әкімі Иманғали Тасмағамбетов ұзындығы 21,4 шақырым ЖРК дәл бірінші бағыт құрылысына кететін шығындар 250 млрд теңгені құрайтынын, онда бұл учаскедегі БРТ бағытына барлығы 85 млрд теңге жұмсалатынын айтып түсіндірді. Бұл екі жобаның бағалық айырмашылығы 151 млрд теңге екені аян. 2016 жылы бірінші бағытына аяқталатын БРТ жобасын жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Аталған жобаның жүзеге асырылуына тікелей жауап беретін «Астана ЛРТ» компаниясының ақпараты бойынша қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама жан-жақты дайындалып бекітілді.  

— Бүгінгі таңда «СК «Құлагер» ЖШС мердігерінің қатысуымен БРТ теміржол станциясының құрылысындағы инженерлік желілерді сүру бойынша дайындық жұмыстарын бастады, алаңдар да оқшауланды, құрылыс материалдары мен конструкциясы әзірленді, — деп әңгімелейді жобаны жүзеге асыру барысы туралы «Астана ЛРТ» ЖШС-тің техникалық директоры Айтқазы Арықбаев. — Сонымен бірге алыптау құрылысқа техникалық қадағалауды «Бюро Веритас» француз компаниясы жүргізеді. Осынау кезеңде «Госэкспертиза» РММ-мен жобалық шешім бойынша ескертпелер қорытылады, олар Қазақстанның бүкіл нормалары мен стандарттарына салынады.

2016 жылдың соңында БРТ бағытының бірінші кезектегі құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, астананың тұрғындары мен қонақтары 2017 жылдың басында транспорттың осы түріне өз бағаларын беретін болады.  

Айтқазы Арықбаевтың нақтылап айтуынша, БРТ бағыты астаналық аэропорттан Қабанбай батыр көшесі бойынша ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмелік орталық арқылы сонау Сығанақ көшесіне дейін, Абу-Даби Плаза қонақүйі арқылы және М-3 көпірі арқылы жаңа теміржол вокзалына дейін өтеді екен. Орташа мерзімді келешекте БРТ желісін кеңейту жоспарланып отыр. Қаланың сол жағы менен оң жағын қосу үшін ол Түркістан, Сары-Арқа, Бөгенбай батыр, Уәлиханов, Кенесары, Абылай хан, Б. Момышұлы, Тәуелсіздік, Қошқарбаев сияқты көшелерді алып жататын болады. Кейін жүйрік автобус Сығанақ, Бөгенбай батыр, Алаш, Абылай хан көшелерінен Жаңа теміржол вокзалына дейін жүрмекші. Арнайы бөлінген жолақтар бойынша бағыт алатын жүйрік алып, үлкен автобустар жолаушылардың орасан көп топтамасын азайтады. Бұл дегеніңіз жолдардағы кептелістерден туындаған проблемаларды шешудің бірден-бір әдісі. 

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз: 

ЭКСПО-2017 көрмесі: толыққанды дайындық

Құрылысқа үлестік қатысудағы беймәлім қиындықтар

Офистік ғимаратты өрттен қалай қауіпсіздендіреді?

kn.kz
>
Статьи