Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Жаңа үйден баспана сатып алу: құрылыс салушыны қалай таңдау керек?

Біздің заманымызда жекеше тұрғын үйдің алаңшасының болмауы — бұл мәселе елорда тұрғындарының әрбір екіншісінде бар. Бұның себебі шаршы метрлердің қымбаттылығы болып табылады.

Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің құрылыс нарығында сан жүздеген бүгінгі таңда компаниялар жұмыс істейді. Олардың әрбірінің өз тарихы, өз жеңісі және өз жеңілісі бар. Сондықтан тұрғын үйді сатып алушыда заңды сұрақ пайда болады: «Қандай құрылыс салушыны таңдау және қателеспеу қажет?» 

Ипотеканы қалта көтермейді. Иә, тұрғын үй займын ресімдеу үшін әрбір жан өз табысын растай алмайды.   Сондықтан таңдау сондай көп емес. Кейбіреулер Астананың шетінен немесе жақын елдімекеннен келешекте жеке үй салу ойымен жер участкесін сатып алады да, ал, біреулер өздерінің тұрғын үй мәселесін құрылысқа үлестік қатысудың көмегімен шешуге барады.

Тұрғын үйдің құрылысына үлестік қатысудың тәжірибесі 2006 жылғы шілдеде бекітілген тиісті заңнамамен арнайы қолданысқа енді.  Сол уақыттан бері үлестік құрылыс орасан ұзақ салумен және де жең ұшынан жалғасқан жемқорлылық дау-жанжалмен итіңдеп өмір сүріп келеді. Кейбір құрылыс компаниялары үлестік қатысудағы шарт ережелерін сақтамайды, объектіні пайдалануға уақытысында бермейді немесе пәтерлер көптеген ақаулармен үлескерге ұсынылады. Сәтті мәмілелерді жасап, жүйке мен ақшаны босқа құртпау үшін қандай құрылыс салушыға сенім артуға болады?

Астанадағы құрылыс дүмпуі: сан немесе сапа ма?>>>

Құрылыс салушы-компания туралы барынша көбірек біліңіз

Риелторлар да, юристер де тек бір пікірге тоғысады: үлестік құрылысқа кірмес бұрын құрылыс салушы туралы барынша көбірек толыққанды ақпарат жинау керек. Сонымен қатар осы құрылыс компаниясының үйлерді берген пәтердің қожайындарының ойларын тыңдай отырып, кейбір құжаттармен танысқан дұрыс.

Сөйтіп, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның 8-ші бабына сәйкес құрылыс салушы және жобалық компания әлеуетті үлескерге төмендегі мынадай ақпараттарды міндетті түрде беруі тиіс:

  • құрылыс салушы мен жобалық ұйымның тұрғылықты мекені және атауы;
  • заңды құрылтайшы-тұлғаның атауын және жеке құрылтайшы-тұлғаның АӘТ-н көрсетумен құрылыс салушының, жобалық компанияның құрылтайшылары туралы мәлімет;
  • заңды тұлғаның — құрылыс салушының, жобалық компанияның мемлекеттік тіркелімі (қайта тіркелу) туралы анықтамалар;
  • үлескерлердің қаражаттарын тартумен тұрғын үй ғимаратының құрылысын салу қызметіне жобалық компанияның лицензиясы;
  • белгіленген объектілердің мекен-жайын, оны пайдалануға беру мерзімін көрсетумен үш жыл ішінде құрылыс салушы жүзеге асырған тұрғын үй ғимаратының құрылыс жобалары;
  • жер учаскесіне құрылыс салушының, жобалық компанияның тиісті құқықтарын заңды түрде растайтын қажетті құжаттары (жерге құқықты ұсыну туралы әкімдіктің шешімі);
  • құрылыс салушының және жобалық компанияның соңғы жылда тұрғын үй құрылысына кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру туралы аудиторлық қорытындысы.

Бұдан басқа құрылыс салушы және жобалық компания құрылыстың объектісі туралы ақпараттарды ұсынуы тиіс. Тізімге мыналар кіреді:

  • МСҚК-і берген кезең бойынша құрылысқа рұқсатнама;
  • жобалық/жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес объектілерді бейнелеу және оның мекен-жайын көрсету;
  • құрылыс кезеңі және оның аяқталу мерзімі туралы мәлімет;
  • бас мердігер туралы негізгі мәліметтер.

Үлескерлердің қаражаттарын тартумен құрылысқа лицензия 2 кезеңмен беріледі, әрқайсысында бұл үшін құжаттардың өз тізімі талап етіледі. Барлық жоғарыда көрсетілген құжаттар құпия болып саналмайды. Егер де компания шынында тұрғын үй көлемін сатуға мүдделі болса, онда ұсынуда ешқандай да проблема ешқашан да туындамауы керек. Егер компания бұл ақпараттарды ұсынудан бас тартса, онда нақ сақтану керек, өйткені, аталған компанияның қызметі тым таза болмауы мүмкін. Қысқасы, www.elicense.kz. сайтының онлайнынан құрылыс салушының лицензиясының сенімділігін тексеру қажет.

«Квартиры.kz» компаниясының директоры Ерлан Жаңатаев құрылысты салушыны таңдау кезінде бекітілген эскиздік жобамен танысуға, мөрдің бар екенін және Астана қаласы бас сәулетшісінің қолының қойылуын  тексеруге кеңес береді. Оның айтуынша, клиенттің талабымен маңызды компаниялар тұрғын үй құрылысы үшін қажетті барлық рұқсатнама қағаздармен, жер участкесіне құқық белгілеуші құжатпен, құрылтайшылық құжатпен танысу үшін ұсынады.  

Құрылыс компанияларының нақтылы бір бөлігінің Қазақстан құрылыс салушылар Ассоциациясына (ҚҚА) біріккенін мықтап ескеріңіз. Бірақ, сіздің таңдаған компания аталған бірлестікке кірмесе, бұл оның нақ сенімсіздігінің белгісі емес. ҚҚА-ның мүшелерінің толық тізімімен azkz.kz. сайтында таныса аласыз. 

«Самұрық Қазынадан» пәтерді қалай сатып алуға болады?>>>

Үлестік қатысу туралы заңда не өзгерді? 

2012 жылдың шілдесіне дейін құрылыс компанияларының көпшілігі алдын ала инвестициялық шарттарды жасасты. Бүгінгі таңда бұл игілікті іс әлі күнге өзінің маңызын жойған жоқ. Олардың ережелері үлестік қатысудың шарттарымен ұқсас. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң құрылыс салушыларға қолданбау үшін бұл қадамдар жасалды, өйткені, оның талаптары тым тартымды емес. Заңда үлескер өзінің ақшасын салатын екінші дәрежелі банкте депозиттің нақ болуы қарастырылады. Құрылыс салушыға қатысты айтар болсақ, банкпен құрылысты айқын қаржыландыру мәселесін ойластырады. Аталған механизмге байланысты сатушы сатып алушының қаражатына ешқашанда билік жасай алмайды.

Үлестік құрылыстағы тараптардың арасындағы ұшы-қиыры жоқ дау-жанжалдардан кейін 2012 жылы 13 шілдеде өкімет заңға өзгерістер енгізді. Нақ осынау кезеңнен бастап, үйлердің құрылысы үшін кез келген ақшалай қаражатты тарту үлестік құрылысқа теңеседі және үлестік құрылыс туралы заңға сәйкес келеді. 

370 мың тгжәне одан төмен — сапасыз сараптама болғанда, сараптамашылардың төлейтін айыппұл мөлшері. 

Ал, енді сараптамашыларға оңай соқпайды. Өйткені, үстіміздегі жылы маусымның басында пайдалануға берілген объектіге сараптаманың сапасына жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы дәл жұмыс істейді. Ақаулар немесе ескертулер болса, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады және мөлшері 370 мың теңгеге дейін баратын айыппұл салынады.

Кейбір ақауға, кемшілікке байланысты біздің редакциямыздың сұрауына құрылыс салушылардың бірі былай жауап берді: «…Сатып алушылардың көңілдері түк те толмайтын көптеген ақаулар мен кемшіліктер шынында мемлекеттік сараптамаға енетін жобалаушылардың жобалық шешімі болып табылады». Үлескер мен құрылыс салушының арасындағы бітіспес даудың туындауына себеп болған мұндай кемшіліктерді сараптамашылардың өздері жібереді?!

Үлескер мәселені қалай шешеді ?

Құрылыс барысында бағаның өзгеруі 

Мәселе 

Егер де құжатта шаршы метр үшін баға нақтыланып жазылмаса, онда пәтердің соңғы бағасы «күтпеген» жағдайда ыршып өсіп кететініне күмәнданудың қажеті шамалы. 

Келісімшартта міндетті түрде «шаршының» бағасы белгіленіп көрсетілуі тиіс. 

Құрылыс салушылар оқыс форс­мажорлық жағдайларға және құрылыс материалдарының аспандап қымбаттауына сілтеме жасай отырып, сылтау айтады, үлескерлерде бағаның шырқап көтерілуіне тек келісуден басқа шаралары болмайды. Басында сіз төмен бағаға келістіңіз, ол енді ешқашан құлдиламайды. 

Не істеу керек? 

— Келісімшартта шаршы метрдің нақты және ақырғы бағасы міндетті түрде жазылуы керек. Тек қана осы жағдайда құрылыс компанияларының оны өзгертуге құқықтары болмайды, — деп жан-жақты атап өтті «Феникс» заңдылы фирманың директоры Талғат Мылтықбаев

Шартта көрсетілгеннен нақты көлемнің айырмашылығы бар

Мәселе 

Шартта көрсетілген пәтердің көлеміне нақтылы көлемнің сәйкес келмеуін үлескердің анықтайтын кездері болады. Егер де нақты көлем үлкен болса жақсы, ал, егер керісінше болса ше? 

Не істеу керек? 

Талғат Мылтықбаев жалпы көлемнен көп көлемде ауытқу — өте сирек құбылыс екенін атап өтеді.

— Шартта көбінесе егер де көзделген және көлемнің айырмашылығы 5-10%-дан артық аспайтындай болса, онда тараптың бірі ешқандай наразылық білдірмейтіні жазылады.

Өз кезегінде егер пәтердің көлемі 5-10%-ға ұлғаятын болса, компания артық төлем жасауды заңды түрде сенімді түрде талап ете алады. Егер де келісімшартта осынау проблеманың басқалай шешімі көрсетілмесе, пәтерді қабылдаған үлескер артық төлемнен бас тартса, құрылыс салушы бұл соманы сот арқылы өндіреді.

Сондықтан қабылдау-беру актісіне қол қоятын нақтылы уақытта жасалған келісімшарттың ережелеріне ұсынылған пәтердің сай, сәйкес келуін, және де көлемді міндетті түрде тексеру қажет. Үлескердің келісімшарттың қандай да қосымша бөліктерімен келіспеуіне болады және өзгертулер енгізуді өтіне алады, дегенменен, құрылыс салушы-компаниялар бұған бара қоймайды. Қазақстан нарығындағы жағдай мынадай, құрылыс салушылар клиенттерден оғаш қылықты байқамаған, сондықтан бағынғаннан гөрі оларға билік жасағылары келеді. 

Әрлеудің сапасы шартқа сәйкес келе бермейді

Мәселе

Үлескермен шартты жасар кезде құрылыс компаниясы үйді пайдалануға бергеннен кейін бірден онда тұруға болатынына уәждер айтты. Дегенменен, көп күткен метрлерді алғаннан соң, сіз пәтерде картоннан есік орнатылғанын, қарапайым сантехниканың жоқ екенін, еденнің жабылмағанын байқайсыз, демек, пәтер сізге қарадай әрлеумен берілген. 

Не істеу керек? 

«№1328 15.10.01 жылғы ҚР Үкіметінің Қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» №357 02.05.07 жылғы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес тұрғын үй объектілерін толықтай, тиянақты, жан-жақты дайындықсыз пайдалануға беруге тыйым салынады. Ішкі әрлеу (өрнектеу, сырлау, тұсқағаздық) жұмыстарының аяқталуы, таза едендердің мықты төселуі, сантехникалық құрал-жабдықтардың, тұрмыстық нысандағы электротехникалық қатты құралдардың, газдық және электрлік асханалық плиталардың және ішкі пәтерлік есік блоктарының орнатылуы ғимараттың жағдайының толық дайындығын көрсетеді. Пәтерлерді тек қана таза әрлеумен пайдалануға беруге рұқсат етіледі.

ҚР үкіметінің аталған қаулыны қабылдауы қарадай әрлеумен үйді іске қосу жаңа үйлерді нақтылы пайдалануда және де оған қызмет етуде проблеманың туындайтынына негізделген. Жартылай дайын болған пәтерді иелігіне ала отырып, қожайындар жөндеуге белсенді түрде кіріседі, қоқыс құбырларына нығыздалған, сатылық алаңшаларда, лифтілерде және де ішкі үйлік аймақта шашылған лас заттардың, күлдердің қомақты үйіндісі пайда болады.

Алайда, ТКШ және де құрылыс істері бойынша Комитеттің ақпаратына сәйкес таза әрлеу бағытындағы талаптар жеке құрылыс салушылармен қатар мемлекеттік бағдарламамен үйді пайдалануға берушілерге қатысты болады, бұл талап тек қана соңынан орындалады.  

— Пәтерлер әркез тазалай да, сонымен қатар қарадай да сатылады, сатыла береді. Олардың арасында, әрине, бағадан өзгешілік бар, дегенменен, екеуі де сұранысқа ие, — деп сенімді түрде айтады «Альянс» астаналық агенттігінің риелторы Аида Кендебаева.

Расында, қарадай әрлеу тек қана құрылыс салушыға қолайлы емес, бұл жөндеуді «нөлден» бастап, пәтерді иеленгісі келетін кейбір сатып алушылар үшін де ыңғайлы. Сондықтан көзі ашық, көкірегі ояу клиент неге баратынын біледі.

Егер де компаниямен жасалған келісімшартта пәтерді тазалай әрлеумен тапсыру туралы ереже көрсетілсе, ал, ол іс жүзінде түк орындалмаса, үлескер құрылыс салушыдан барлық жұмысты соңына дейін бітіруді немесе залалдың орнын толтыруды талап етеді. Бұл бөлік шартта міндеттеліп қарастырылуы тиіс. Бұған қоса әрлеудің сан түрлі сапасын қабылдау-беру актісіне қол қояр уақытта тексеру қажет. 

Пәтер мерзімінде тапсырылмады 

Мәселе 

Өкінішке орай, объектіні пайдалануға беру мерзімі — барлық үлескерлер үшін ең ауыр тақырып. Қазақстандық шындықты есепке ала отырып, бірнеше айға кешігу біздің үлескерлерге қалыпты да үйреншікті жағдайдай сезіледі. Дегенменен, егер де мерзім бірнеше жылдарға сағызша созылып кетсе ше? 

Не істеу керек? 

Үлгілілік шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлескердің үлесін оған беру мерзімін жобалық компания бұзатын болса, жобалық компания әрбір күн үшін мерзімі өткенді келісімшарт бойынша үлескерге төлеген сомадан  0,1% мөлшерінде оған міндетті түрде айыпақы (өсімақы) төлейтін болады, сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жұмсалған бар шығындардың орнын толтырып береді. Егер де үлескердің өзі уақытылы төлемге қатысты келісімшарттың бөліктерін бұзса, мұндай жағдай орын алмайды.  

— Дегенменен, мерзімге байланысты кешігуді айтсақ, мұнда құрылыс салушылар мүмкіндігінше тиянақты болуға тырысады, — деп нақ атап өтеді «Феникс» заңдылы фирманың директоры. — Келісімшартта, әрине, мерзімі өткенге өсімақы жазылады, алайда, келісімшарттың ережесі мерзімі өткенге өтеудің толық мөлшері белгіленген сомадан ешқашан көтерілмейтініне сай, сәйкес құрылады. Бұның әрбір тарап өзінің мүдделерін қорғауға ұмтылатын нарықтық қатынас екенін түсінген абзал. Сонымен қатар тағы да қаржылық дағдарыстың орын алмайтынына немесе сіздің және құрылыс салушының жоспарын быт-шыт қылатын қандай да бір форс-мажорлық оқыс оқиғаның болмайтынына ешкім де ешқашан да кепілдік бермейді. 

Пәтерді беру мерзімінде құрылыс салушының мерзімі өткен әр күнге өсімақының мөлшерін құрайды, шартпен үлескер төлейтін сомасынан 0,1%. 

Сондықтан да юрист үлестік құрылыстың алдында мерзім бойынша кешігу қалыпты норма болып есептелетін болса (кейбір жағдайларда екі жыл деп белгіленген пәтерді 5 жылға дейін сарылып күтуге тура келген), онда қазірде мәселенің жақсарғанын жан-жақты атап өтеді.

— Мемлекеттің тарапынан бақылаулар кәдімгідей тым қатаңданды, нарық биіктеп өркениетті бола бастады. Бүгінгі таңда, әрине, мерзімнен қалу бар, дегенменен, олар, әдеттегідей, бірнеше айға сағызша созылмайды, — дейді Талғат Мылтықбаев.

Пәтерді қабылдағаннан кейін кемшіліктер анықталды 

Мәселе 

Алдыңғыға ұқсастау мына жағдайды мысалға келтірелік. Үйді пайдалануға берді, бақыттан бастары айналған үлескерлер пәтердің кілтін алады, әрлеулер күткендегідей болды. Бірақ, мұнда терезедегі қуыс, едендегі жарықшақтар, лифтінің жұмыс істемейтіні және т.б. байқалды. 

Не істеу керек? 

Мұнда да жасалған келісімшартта, көбінесе аталған әлгі бөлікте осындай кемшілікті жою да құрту жобалық компанияға жүктелетіні көрсетілгендігіне байланысты қимылдау керек болады. 

Үлгілілік келісімшартта ол мынадай болып жан-жақты көрінеді: кепілдік мерзімінің кезінде жұмыстардың соңына, аяғына дейін нақты орындалмауын немесе қарапайым қабылдаудың кезінде (жасырылған кемшіліктер) орны толмаған кемшіліктерді, ақауларды анықтаған үлескер оларды сонымен қатар қасақана, әдейі жасырған жобалық компаниядан өзінің таңдауы бойынша мыналарды заңды талап ете алады:

  • тараптардың нақтылы келісілген мерзімінде өтеусіз кемшіліктерді жою;
  • шарттың бағасын мөлшерлі азайту;
  • кемшіліктерді құртуда өзінің шығындарын өтеу.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 69 бабы, 1 бөлігіне сәйкес, құрылыс объектілерін пайдалануға берудің кепілдік мерзімі егер заңнама актілерімен немесе келісімшартпен басқа кепілдік мерзім көзделмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес 10 жылға заңды түрде сенімді бекітіледі.

Үлескерлер тезірек жасырылған кемшіліктерді анықтаса, өтеуге құрылыс салушыға жүгіне алады, сонда олардың сәтті істеріне мүмкіндік көбейеді.

— Пәтерге кірген уақытта, — деп нақ әңгімелейді BI Group холдингі жобаларды дамыту бөлімінің басшысы Людмила Куцик, — сатып алушы да құрылыс сапасын мықтап аңғару үшін оны қарап шығады және пайдалануға қабылдау актісіне қол қояды. Егер сапа клиенттің көңілінен шықпаса, онда ол құрылыс салушы кемшіліктерді жойғанша, қабылдау актісіне қол қоймайды.

Қабылдау-беру актісіне қол қоярдың алдында әрлеудің сапасын тексеру қажет. 

AstanaTradeInternational құрылыс компаниясының маркетинг бойынша менеджері Дмитрий Приходько пәтерді иеленетін уақытта келісімшартта құрылыс салушының кепілдік міндеттемелері жазылатынын атап өтеді. «Онда пәтердің кемшілігі мен ақауы анықталғанда, қалай іс жасау түсінікті жазылған: құрылыс салушы қатені жөндеуге міндетті. Бар кемшілік пәтерді қабылдау-беру Актісіне қол қоярдың алдында нақты жойылады», — дейді ол. 

Астананың құрылыс компанияларында кепілдік қызметтерді жасау 2-3 жылды құрайды. Мысалы, BI Group холдингінде кепілдік ретінде саналатын кемшіліктер тізіміне жасырылған құрылысты тіреусіз қабырғалар және де конструкциялар, қисық және де қисынсыз терезелер мен есіктер, электр желілерінің, жылу және кәріз жүйелерінің жөнделмеген участкелері, сызды қабырға бұрыштары және басқалар жататынын айтады.   

Пәтер «заңсыз» қабатта орналасқан 

Мәселе

Сіз тұрғын үй құрылысына қаражат салдыңыз және тіпті пәтер де алдыңыз, кенет жобада сіздің қабатыңыз... жоқ! Қосымша, лицензияланбаған қабаттар  — өздерінің істеріне адал емес отандық құрылыс салушылардың арасында тым көптеп те дендеп тараған тәжірибе. Оның үстіне оларда пәтерлер қызу қарқынмен сатылады, қожайындар қорытындысында түксіз қалады, кезекті тексеруден соң, заңсыз қабаттарды сүру туралы сот нақты шешім шығарады.  Мұндай жағдайда бұл үлескерлерге жақсылық іске сенуден басқа немесе компаниямен соттасудан басқа ештеңе қалмайды. 

Егер де мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынса, заңсыз қабаттар сақталуы ықтимал. 

Артық қабаттардың сүрілмеуі мүмкін. Теорияда егер құрылыс салушылар ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізсе, сараптамашылардың кеңесіне құлақ түрсе және ғимараттың құрылысы мен торабын күшейтсе, бастапқы жоспарларға өзгерістер енгізсе, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы мен әкімдіктің қаулысын алса, онда салынған қабаттар сақталынады. Алайда, іс жүзінде бұның бәрі сондай оңай емес, өйткені, барлық рәсімдерді өткізуге материалдық және де уақыт шығындары көп болады. Сондықтан да жоғары қабаттарды бұзу қарапайым нұсқамен жүзеге асады. 

Не істеу керек? 

Ыңғайсыздыққа оқыс ұрынып қалмау үшін шартқа қол қоятын уақытта пайдалануға нақты берілетін ғимараттың барлық сипаттамасы көрсетілген сараптаманың оң, жөн қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттаманы тиянақтылап, оқып-білу керек. Қоныстанудың алдында күшіне енген және бүкіл өкілетті органдар қол қойған мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі құрылыс салушыдан сұралады. Құрылыстағы бар тәртіп бұзушылық үшін жауапкершілік құрылыс салушыға, жобалық компанияға емес, және де МСҚК мемлекеттік сараптама өткізетін қабылдау комиссиясына жүктеледі. Олардың қорытындысы мен қол қоюлары міндетті түрде болулары керек. 

Шаршы метрдің құны неге байланысты? 

Құрылыс салушыны таңдау кезінде, сөзсіз, үлескер бір шаршы метрдің қанша тұратынына мықтап, аса көңіл аударады. Аталған параметр көптеген факторларға байланысты. 

  • Несиелік қымбат құралдарды пайдалану

Бір шаршы метрдің құнының қалыптасуына әсер ететін факторлардың бірі құрылыс салушы «Шар Құрылыс» ЖШС-тің бекітуі бойынша банктің несиелік қымбат құралдарды пайдаланудың қажеттігі және үлескерлердің ақшасын тиімді пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы болып табылады.

  • Ғимаратты әрлеуге күшейген талап

Шаршы метр бағасының көтерілуі үшін ғимараттың таза сыртқы және ішкі әрлеуіне қаланың өкіметі тым жоғары талап қойып отыр деп санайды құрылыс салушылар. «Квартиры.kz» компаниясы өздерінің клиенттеріне шаршы метрі шамамен 1300 ш.б. тұратын пәтерлерді нақтылап ұсынады. Дегенменен, егер де пәтер қарадай әрлеумен берілсе, шаршы метрдің бағасы  900-950 ш.б. дейін төмендеп кетуі ықтимал.

  • Объектінің орналасуы

Эконом-класты жобалар көбінесе шет шалғайда, былайша дәл айтқанда, «ұйқыдағы аудандарда» орналасқан. «Салыстырыңыз, егер де учаскеде сүру жасау керек болса, — дейді «Квартиры.kz» компаниясының директорыЕрлан Жаңатаев, — онда құрылыс салушы Көктал немесе Достық» шағынауданына қарағанда қала ортасында объектіні сатып алуға, сүруге көп ақша жұмсайды. 

«Шар Құрылыс» ЖШС-де атап өткендей, бар тұрғын үй кешендеріндегі шаршы метрдің құнына мыналар кіреді: жер учаскесінің құны, құрылыс-монтаждық жұмыстар, сыртқы және де ішкі  инженерлік коммуникациялар (желілер), құрылыс материалдары, жалақы, салықтар және басқа шығындар. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің 1 ш.м. орташа бағасы жылжымайтын мүліктің нарығындағы жағдайға байланысты.

Юрист Талғат Мылтықбаев егер де бұрын көп жағдайда мәселе құрылыс салушыларға қатысты болса, ал, енді бүгінгі таңда ол біртіндеп құрылыс компанияларын өздері таңдайтұғын үлескерлерге көшкенін атап өтеді. Бүтіндей алғанда, үлестік құрылыстағы жағдайдың оның бұрынғысынан айырмашылығы жер мен көктей, орасан болды. Құрылыс жаңғырығының кезінде және іске кедергі келтірген дағдарыс уақытында бұл ортада алаяқтық, көзбояушылық кәдімгідей өріс алып кетті: бір күндік-фирмалар қаптады, бір пәтер бірнеше үлескерге сатылды және т.б.  

— Қазіргі таңда алаяқтық жасау салынып жатқан тұрғын үй нарығында тіпті кездеспейді, — дейді юрист. — Дегенменен, қандай да бір алдаулар, арбаулар және де адал емес құрылыс салушылар түбегейлі жоғалды деуге, әрине, болмайды, расында да, алаяқтық желілер кешенің еншісінде қалды. Ықпал жасаушылық байқалады да. Бүгінде нарықта абырой-беделге ие болу маңыздырақ, оның үстіне мемлекет әрдайым бақылауды күшейтіп отыр.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Астананың көшелері мен аулалары қаншалықты қауіпсіз?

Үлескерлер үшін қақпандар

Жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық: көп тараған желілер

kn.kz
>
Статьи