Міне, бірнеше жылдан бері тұрғын үй нарығында «Самұрық-Қазына» (СҚЖҚ) жылжымайтын мүлік Қоры мықтап бекіді.
Компания «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарының бірі бойынша бірінші кезекте баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін орта топтағы азаматтар үшін пәтерлерді үлестіреді. Жаңа бағдарлама өмірге енгеннен бастап, көптеген құрылыс ұйымдары тұрғын үй құрылысы бойынша жобаларды жылжымайтын мүлік Қорымен бірге жүзеге асыруға ниет білдірді. Жеке құрылыс салушылардан және республиканың түкпір-түкпіріндегі инвесторлардан 80-нен астам қаржылық ұсыныстар түсті.
Қор мына жүйе бойынша жұмыс істейді: СҚЖҚ-ның қаржыландыруы 80%-ды, құрылыс салушының қаржыландыруы — 20%-ды құрайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін тұрғын үй көлемі ұқсас барабарлықта бөлінеді. Құрылыс салушы өз үлесіндегі пәтерді нарықтық бағамен сатады, қор оны үкімет қаулысымен бекітілген бағамен жүзеге асырады.
«Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасының аясында жылжымайтын мүлік Қорында тұрғын үйді жүзеге асырудың екі нұсқасы қарастырылған: тікелей сату және әрі қарай жалдау сатып алу.
Жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық: көп тараған желілер>>>
Пәтер қанша тұрады?
Пәтердің алдын ала болжалды бағасы мына төмендегідей болады:
Тікелей сату
Егер де адам «тікелей сату» тәсілімен пәтерді сатып алғысы келсе, онда тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрінің бағасы — Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және де қаланың маңы аймағында оған шамамен 180 000 теңгеге түседі. Еліміздің басқа аумақтарындағы шаршы метрдің бағасы — 144 000 теңгеден тым артық емес. Алдымыздағы келер жылдары тікелей сатудың бағасы құрылыс құнының өзгеру есебінен анықталады.
1 кесте. Жүзеге асырудың алғаш жылындағы үйді тікелей сатудың құны
Аумақ |
1 ш. м. үшін баға |
Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және қала маңы аймақтары |
180 000 теңге |
Басқа аумақтар |
144 000 теңгедей |
Коммуналдық және де эксплуатациялық қызметтер, күрделі жөндеуге жинақтау, мүлікті сақтандыру және де мүлікке салық жалдық төлемнің құрылымына кірмейді және оларды жалға беруші өзі төлейді.
Сатып алумен жалдау
Астана, Алматы, Атырау, Ақтауда, олардың қала маңы аймағында (15 жылға дейінгі мерзімде) сатып алумен арендаға жүзеге асырудың алғашында пәтердің жалпы көлемінің 1 шаршы метрі үшін сатып алушы 1600 теңге, басқа аймақта — 1300 теңгеден бастап төлейді.
2 кесте. Жүзеге асырудың алғаш жылындағы үйді сатып алумен жалдың құны
Аумақ |
1 ш.м. үшін бағасы |
Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және қала маңы аймақтары |
1600 теңгеден |
Басқа аймақтар |
1300 теңге |
Коммуналдық және эксплуатациялық қызметтер, күрделі жөндеуге жинақтау, мүлікті сақтандыру және мүлікке салық жалдық төлем құрылымына кірмейді және оларды жалға беруші өзі төлейді. Жалдау төлемдер теңгемен төленеді және ол доллардың бағамына және құнсыздануға ешқашан байланысты болмайды.
35 шаршы метрлік көлемі бар бір бөлмелі пәтерлер шартты түрде 40-42 мың долларға нақтыланып та бағаланады. 15 жылдық жалға алу кезіндегі ай сайынғы төлем шамамен 55 мың теңгені құрайды. Сондықтан да жылжымайтын мүлік Қорында жанұяның жалпы кірісі, табысы 150 мың теңге болса тым жеткілікті екенін айтады. Дегенменен, компанияда жылжымайтын мүлік Қорындағы ұсынылған несие мерзімі аз, төмен болса, жалдық төлемнің мөлшерлері өзгеретінін тиянақтай түседі.
Азаматтардың осындай аталған екі бағыттаманың біреуін таңдауларына және бір елдімекеннен бір пәтерді ғана иеленулеріне құқықтары бар. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бағытымен әрі қарай сатып алумен тұрғын үйді иеленуге «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасы бойынша бір-ақ рет ғана болатынын ескеру қажет.
Кім талаптана алады?
Тұрғын үйді бөлу кезінде талапкерлер заңды үш топқа бөлінеді. Бағдарламада артықшылық бірінші санаттағы азаматтарға беріледі. I топтағы тұлғалар (негізгі). «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67 бабында (1 бөлік, 1-1 бөліктің асты) көрсетілгендер бұған кіреді. Атап айтсақ: жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскерилер мен ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік таңдаулы қызметпен шұғылданатын тұлғалар.
Сонымен қатар бірінші топқа әлеуметтік осал жағдайдағы азаматтар кіреді: Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар; I және II топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды еңбектеніп тәрбиелейтін жанұялар; кейбір созылмалы аурудың ауыр түрінен зардап шеккен тұлғалар; ҚР Үкіметі нақты бекіткен тізімде көрсетілгендер; жастары бойынша зейнеткерлер; оралмандар; экологиялық апаттың, табиғи және де техногендік ТЖ сипатының нәтижесінде баспанасынан дәл айрылғандар; көп балалы жанұялар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді қайсарлықпен орындау барысында, әскери қызметте, ғарыштық кеңістікке ұшуға дайындық және оны жүзеге асыруда, құқық тәртібін сақтауда кенеттен қаза болған (қайтыс болған) адамы бар жанұялар; толық емес жанұялар.
II топтағы тұлғалар. Шектеусіз барлық санаттағылар. III топтағы тұлғалар. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бағыты бойынша «Жас жанұялар үшін тұрғын үй» бағыттарына сай келетіндер. Осындай талапкерлер төмендегідей талаптарға сәйкес болуы керек: екі жылдан кем емес уақытта некеде тұрған жас жанұя, жұбайлардың екеуінің де жастары 29-ға жетпеген (бағдарламаға қатысуға талаптанып арызды берген кезінде), сонымен қатар жасы 29-ға жетпеген ата-ананың біреуі баланы (сәбиді) жан-тәнімен тәрбиелеп жатқан толық емес жанұя, ажырасқандар, жесірлер.
Құнсыздану қалай әсер етті?
2014 жылы ақпан айында Қазақстанда құнсызданулар орын алды, сондықтан «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасында да өзгерістер болды. Негізінен олар жылжымайтын мүлік Қорының бағыты бойынша пәтерлерді бөлу бірінші кезекте жергілікті атқару органдары арқылы жүзеге асырылуына тікелей әсер етті. Тек сосын ғана әкімдіктің соңына дейін жүзеге асырмаған пәтерлеріне жастық санатқа немесе әлеуметтік топқа қарамастан азаматтар сенімді ниет етіп, талап қыла алады. Сонымен қатар СҚЖҚ үйлерді бөлу артықшылықтары интернет арқылы тұрақты табыстары, кіріс көздері бар, дегенменен, қарастырылған аймақта меншікті үйі, баспанасы жоқ тұлғаларға тиянақталынып беріледі. Бұрынғы операторлардың бағаларына қарағанда баға өсемін дегенше, «Самұрық-Қазынаның» ұсынған шаршы метрінің құны жоғары болды. Сондықтан теңгенің бағамына өзгеріс енгізілгеннен кейін қолжетімді үйдің бағасы шарықтайды деген сөздер ел арасына тарап кетті.
— Құнсыздану қызметтің барлық түрлеріне, соның ішінде құрылыс бизнесіне де мықтап кері әсер етті. Біздің құрылыс жобалары да — бұдан тыс қалмады, — деп әңгімеледі kn.kz порталына Әділбек Кушеров, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қорының басқарушы директоры. — Өткен бір жылғы тек мүмкін болар құнсыздану туралы біздің аналитиктердің болжамына сай біз ертерек Қазақстанда жасалмайтын барлық қымбат тұратын құрылыс материалдарын сатып алдық, бірақ, ол шаршы метрдің бағасын қатты «ұрғылайды». Әңгіме металдар, лифтілер және де әйнектер мен санфаянстар туралы болып отыр. Осынау материалдар біздің барлық объектілер үшін өткен жылғы доллардың бағамымен алынды. Сөйтіп, 2013 жылы басталған құрылыстағы бағаның өсуіне жол бермедік.
2015 жылы Алматыда іске қосу жоспарланып отырған «Современный» тұрғын үй кешенінде де осындай жағдай қалыптасқан. Өйткені, ескі бағам бойынша барлық құрылыс материалдарын сатып алуға мүмкіндік болмаған объектінің құрылысы постқұнсыздану кезеңіне келеді. Тікелей сату кезіндегі мұндай жаңа құрылыстағы шаршы метрдің бағасы 188 мың теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында 800-дей жанұя пәтер алды. Кейбіреулері жаңа үйлерде үш жылдан бері тұрып келеді де, олардың төлемдеріне құнсыздану ешқашан да әсер еткен жоқ.
— Әрі қарай сатып алумен тұрғын үй арендасының механизімін пайдаланатын азаматтар үшін ай сайынғы арендалық төлемдердің мөлшері жүзеге асыру сәтінде қолданыстағы белгіде нақтыланған. Мысалы, Астана, Алматы, Ақтау мен Атырау қалаларында және де қала маңы аймақтарында жалдау төлемі айына бір шаршы метр үшін 1 600 теңгені құрайды. Егер де доллардың бағамы өзгере қалса, олар осы соманы бұрынғыша төлей береді. Көптеген құрылыс компаниялары, банктер де, долларға мықтап байланған, бағам өзгере қалса, олар шарттарына түзетулер енгізуге мәжбүр болады. Бізде несие теңгемен беріледі, біздің жағдайда жалдық төлем ауыстырылмайды, — деп сендіреді Әділбек Кушеров.
Келешекте, болашақта салынатын объектілердің бағасының қандай болатыны дәл қазір белгісіз. Шаршы метрлердің құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен нақтылы бекітіледі.
Орта топ үшін қолжетімділік
Бағдарламаның қатысушысы ретінде Қордың бағыттамасы өзгерген де жоқ. Компанияның басшылығы бұрынғыдай тұрғындардың орта тобы үшін өздерінің шаршы метрлерінің қолжетімділігі туралы айтып келеді. Үйді шынында қолжетімді болуы үшін аздаған ҚНжЕ-нің рұқсатымен СҚЖҚ тұрғын үй көлемдерін жасауда. Бір бөлмелік пәтердің шаршысы шамамен 34 шаршы метрді, екі бөлмелік — 56-ны, ал, үш бөлмелік — 72-ні нақты құрайды.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес жылжымайтын мүлік Қорының пәтерлеріне жергілікті атқару органдарының тұрғын үйді бөлуі кезінде 1 топқа жататын азаматтар ғана талаптана алады. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік Қорының ең жалғыз шарты төлем қабілеттілікті растау болып табылады. Арыз берушінің орташа айлық табысы 100 мың теңгеден кем болмауы тиіс, ай сайынғы жарнапұлдар сомасы қатысушы тапсырыс беретін пәтердің алаңына тым байланысты болады. Тапсырысты қарауда комиссия талапкердің төлемге қабілеттілігін анықтайды. Тапсырыстарды қабылдау жылжымайтын мүлік Қорының www.fnsk.kz арнайы сайтында жүргізіледі.
Қор сапаға кепілдік береді
Өткен құнсыздану пайдалануға берілген үйлердің сапасына әсерін тигізген жоқ. Қор мамандарының айтуынша, бағдарламаның өзге қатысушыларына қарағанда ол әлі күнге жоғары екен.
— Біз эконом-кластағы (ІІІ класс) тұрғын үйді тұрғызамыз. Үйді таза әрлеумен және сантехникалық жабдықтаумен және газдық плиталармен тапсырамыз. Егер пәтерде кемшіліктер мен ақаулар пайда бола қалса, оларды құрылыс салушы жөнге келтіреді, — дейді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қорының басқарушы директоры. — Біздің тұрғын үйдің класы жылжымайтын мүлік нарығындағы басқа операторлармен салыстырғанда жоғары, бағдарламаның басқа операторларының бағаларымен салыстырғанда, тиісінше, бір шаршы метрді жүзеге асыру құны бізде тым қымбат.
«Самұрық-Қазына» аясында тұрғызылатын үйдің сапасы туралы жылжымайтын мүлік Қоры басқармасының төрағасы да өз пікірін айтады.
— Құрылыстың сапасы әрдайым бақылауда болады. Жабдықтарды мақсатты пайдалану, үйді уақытылы іске қосу тәрізді мәселелері де назардан тыс қалмайды. Осынау игілікті істегі техникалық бақылауды және құрылыс мониторингін жүзеге асыру үшін арнайы бөлімше бар. Біздер үшін халық арасында сұранысқа ие тауарды жасау орасан маңызды, өте мәнді, сондықтан баспаналар қаланың сыртына тұрғызылады, — деп жан-жақты ұғындырады Болат Палымбетов.
Қор мына жүйе бойынша жұмыс істейді: СҚЖҚ-ның қаржыландыруы 80%-ды, құрылыс салушының қаржыландыруы — 20%-ды құрайды.
Қолжетімді тұрғын үйге құрылыс көлемі
Қор басқармасының төрағасының айтуынша, «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасының аясында елімізде 63 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс екен, 35 миллион шаршы метрлік қайталама тұрғын үй жаңартылған, ал, ішкі нарықтағы отандық өндірістік құрылыс материалдарының үлесі 65-дан 90 пайызға көтеріліпті.
Өткен жылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры арқылы Ақтөбе мен Тараз қалаларында екі тұрғын үй пайдалануға берілген, олардың көлемі 32,5 мың шаршы метрді құрапты, олардан «Самұрық-Қазына» үлесіне 24 мың шаршы метр тиіпті. Ақтөбе қаласының тұрғындарына осы үстіміздегі жылы тікелей сату және әрі қарай сатып алу немесе жалға беру механизмдері арқылы 447 пәтерді иелену мүмкіндігі жасалып отыр, ал, тараздықтар — 35-н ғана алады.
Алматы облысында «Асыл Арман» ТК-де тұрғын үйді алу үшін талапкерлердің тізімін жасау мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 48,9 мың шаршы метрлі көлемі бар 979 пәтер объектісі 2014 жылы маусымда пайдалануға берілді. Келесі жылы Алматыда әкімдік арқылы 14,8 шаршы метрлі көлемі бар 194 пәтерді жүзеге асыру нақтылы жоспарланып отыр.
Үстіміздегі жылы жылжымайтын мүлік қоры қосымша «Шығыс» ТК-де 480 пәтерді Астана қаласында пайдалануға беруді жоспарлап отыр, оның жалпы көлемі дәлме-дәл 33,5 мың шаршы метрді құрайды.
Енді алдымызда аз уақытта «Самұрық-Қазынадан» Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Қызылорда мен Өскеменнің тұрғындары пәтерді иеленіп қалулары ықтимал. Ең кем дегенде, жылжымайтын мүлік Қоры аталған қалаларда тұрғын үй құрылысының жаңа жобаларын бастауды нақты жоспарлап, тәуекелге бел буып отыр. Қазіргі таңда тұрғын құрылысы компаниясының жобалар портфелінде шамамен 700 мың шаршы метрлік жаңа көлеммен болашағы зор 10 жоба бар.
Тапсырысты қалай беруге болады?
Қордың веб-сайт онлайнында пәтерді алу кезегіне тұруға әбден болады, онда тұрғын үй кешенін таңдай аласыз және тапсырысты нақ қалдырасыз. Тапсырыста автоматты түрде уақыт, дата және тіркелімнің реттік нөмері тиянақталып қойылады, соның негізінде арыз берушілердің кезектері қалыптастырылады.
— Бізде арыздардың дәстүрлі түрдегі кезегі жоқ. Біз жоғары технологиялық ғасырда өмір сүріп жатырмыз, — деп түсіндіреді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры басқармасының төрағасы Болат Палымбетов. — Қазіргі таңда тесттік ережеде арызды электронды қабылдау бағдарламасы жұмыс істейді. Арыз беру шамасына дейін бір айда сайтта тиісті хабарландыру жарияланады. Жылжымайтын мүлік объектісімен, оның тіпті жобалануымен пайдаланушылар жан-жақты таныса алады. Келесі күні сауда аяқталғаннан кейін сатылатын объектідегі тұрғын үйді иелене алатындардың тізімдерін жариялаймыз. Әлеуетті сатып алушыға тек қана қажетті құжаттардың толық пакетін ұсыну қалады. Содан кейін барып, ол бізбен тұрғын үй келісімшартын сенімді жасай алады.
Бүгінгі таңда дағдарысқа қарсы бағдарламаның аясында пәтерді 800-дей жанұя алды. Кейбіреулері жаңа үйлерде үш жылдан бері тұрып келеді, олардың төлемдеріне құнсыздану ешқашан әсер еткен жоқ.
Тіркелім
- Сіз www.fnsk.kz. сайтына кіріңіз.
«Самұрық Қазына» арқылы жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлікті барлық иеленгісі келетіндердің алдын ала Қордың мамандандырылған интернет-ресурсына кіріп, міндетті түрде тіркелулері керек. - Оң қапталдағы «Қолжетімді баспанаға өтініш беру жүйесі» деген сілтеме парақшасын таңдаңыз.
- «Тіркелу» нүктесін сенімді, емін-еркін басыңыз. Арыз беру жүйесіне кіру үшін міндетті тіркелімнен өту керек.
- ЭЦҚ-дың сақтау орнын таңдаңыз.
Тіркелу кезінде тұлғаны нақ сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының азаматының электронды-цифрлық қол қоюын пайдалану қажет. «Таңдау ЭЦП» нүктесін басыңыз және электрондық-цифрлық қол қоюдың сізде сақталған орнын таңдаңыз. Егер де ЭЦҚ-дың кілті сіздің компьютеріңізде файл түрінде сақталса, «Файл» нүктесін басыңыз; егер ЭЦҚ-дың кілті арнайы ішкі тасушыда сақталса, онда «Казтокен» нүктесін басыңыз; егер ЭЦҚ-дың кілті жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипінде сақталса, онда «ИИН»-ді басыңыз. Әрекетті растау үшін, «Жалғастыру» түймесін басыңыз. - Тіркеу үшін мәліметті шығарыңыз.
Міндетті түрде толтыру үшін мәліметтің арнайы формасын көрсетіңіз және де «Тіркеу» деген түймені баса отырып, тіркелімді растаңыз. Бұдан кейін сіздің пошталық мекен-жайыңызға логины және де паролі бар хат жолданады. Осы уақыттан бастап, сіздің мәліметіңіз мәлімет ұсынысының жалпы базасында болады. Тапсырыс беру үшін сізге сілтемеге өту ұсынылады.
Тапсырыс беру
1. «Өтініш беру» түймесін басыңыз.
Тапсырысты нақтылап дәл беру үшін сіз «Өтініш беру» түймесін басуыңыз қажет.
2. Жүйеге еніңіз.
Бұл үшін сіздің электрондық жайыңызға жолданған ИИН мен парольді шығарыңыз және «Кіру» түймесін басыңыз.
3. Келісімді оқыңыз.
Егер сіз онда жазылғанмен келіссеңіз, растау үшін белгі қойыңыз және «Келістім» деген түймесін басыңыз.
4. Қаланы таңдаңыз.
Картадан және оң қапталдан сіздің тұрғын үйді нақ иеленуді қалаған қаланы таңдаңыз және «Алға» деген түймені сенімді басыңыз.
5. Тұрғын үй кешені түймесін таңдаңыз.
Бұл уақытта тұрғын үй кешенін таңдау сізден қатаң талап етіледі. Мұнда сізді қызықтыратын объекті туралы ақпаратпен жан-жақты танысуға мүмкіндік болады. Таңдаудан кейін «Алға» деген түймені басыңыз.
6. Сайысты таңдаңыз.
Сізге сайысты және тапсырыстың түрін таңдауға тура келеді, сіз пәтерді иелену үшін қандай механизмді қалайсыз: «Тікелей сату» немесе «Әрі қарай сатып алумен аренда». Таңдау аяқталғасын «Алға» деген түймені басыңыз.
7. Тапсырыстың дұрыс толтырылуын тексеріңіз.
Өйткені, тапсырыс ешқашан қайтарылымға жатпайды, компанияда тапсырыста көрсетілген ақпаратты тиянақты тексеруді өтінеді. Мұндай жағдайда егер сайыстың басталу мерзімі дәл анықталса, «Өтініш беру» нүктесі іске қосылады. Сіз сайысқа қатысуға тапсырысты бере аласыз. Олай болмаса, «Өтініш беру» нүктесі іске қосылмағаны, сіз сайыс басталғанша кері есебі көрсетілген таймерді көресіз. Сайыс басталғаннан кейін «Өтініш беру» нүктесі автоматты түрде іске қосылады, ол сайыстың басталған секундынан тапсырыс беруге мүмкіндік жасайды.
Тапсырыс берілгеннен кейін сізге оның сәйкестендіру нөмері беріледі және аталған сайыс бойынша кезектің шынайы уақыты көрсетіледі. Бұдан өзге сайыс бойынша өзіңіздің кезегіңізді кез келген уақытта қарауыңызға орасан мүмкіндік туады.
Kn.kz ақпарат қызметі
Тағы оқитындарыңыз:
«Қолжетімді тұрғын үй — 2020»: кім мемлекеттен пәтер алады?