Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Астананың көшелері мен аулалары қаншалықты қауіпсіз?

Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік мәселесі өз өткірлігін әлі күнге жойған жоқ. Аулаларда, адам көп жерлерде, көбінесе, түнгі уақыттарда ұса-түйек қылмыстар оқтын-оқтын орын алып тұрады.

Біздің елдорда — өте-мөте үлкен қала. Астана күн сайын жаңа тұрғындармен толығады, қалаға мыңдаған туристер келеді. Сонымен қатар жақсы жалақыны табу мақсатында көрші елдерден гастарбайтерлер мұнда ат басын тіреп жатады. Тиісінше, кез келген басқа астанадағыдай әрдайым қоныстану кезінде төбелес, ұрлық және шабуыл болып тұрады. Сондықтан қаланың өкіметі және құқық қорғау органдары бұл мәселе туралы кеңінен ойланады. Жаңа технологияны қолданып, бүгінгі таңда астаналықтардың қауіпсіздігін сақтау үшін олар шараларды енгізуде. 

Астана «ақылды» болады 

Сондай шаралардың бірі «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық аясында жүзеге асыру тиянақты түрде нақ жоспарланып отырған «Смарт Астана» жобасы болып табылады. Аталған жобаға ең бір маңызды бағыттама — «Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» (ТТҚЖ) кіреді.

Астаналықтардың өміріне, тіршілігіне осынау жобаны енгізуде тек  информатизация, әлеуметтік-экономикалық прогресс, инновация аясындағы ғана емес, сонымен қатар жеке адамды қауіпсіздендірудің айқындалған сервистері пайдаланылады. Күн кешу қауіпсіз әрі жайлы бола бастады. Бұл айтқанымызға дәлелдеме — ТТҚЖ-ның бағыттамаларының бірі, «Қауіпсіз қала» жобасы. Ол интеграциялық жағдайдың толық картинасының құрылуына жауап береді; мониторингті қамтамасыз етеді, келеңсіз ортадағы кемшілікті анықтайды. Бұл нақтылы уақытысында қылмыстарды, террорлық істі ашуға көмектеседі.

«Астанада тіпті жақында Қабанбай батыр даңғылының, Алматы, Сығанак, Сауран көшелерінің қиылысында «Әнуар» пилоттық аймағында «Қауіпсіз қала» жобасы іске қосылды», — деп хабарлайды Астана қаласының баспасөз-қызметі. Бұл мәліметтер бойынша бұл жүйенің ТЖ, қылмыстар, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын бүгінгі таңда ескертіп отыруға қабілеті бар екен. Жобаның басты мақсаты қауіпсіздендірудің жалпы дәрежесін көтеру және қылмыстың санын азайту болып табылады. Аталған квадратта өткен-кеткенді тиянақты бақылап отыратын 100-ден аса камера орнатылған. SOS дабылды түймесімен жедел түрдегі байланыстар терминалдары оперативті басқару орталығына  қауіптілік немесе мүмкін болар апаттың белгілері туралы уақыт өткізбей хабарлауға адамдарға мол мүмкіндік береді. 

«ЭКСПО-2017» кезінде астананың түр-тұлғасы қалай өзгереді?>>>

«Бүгінгі таңда «Әнуар» пилоттық аймақтың ауданы күндіз және түнде көріп бақылайтын камералармен толықтай жабдықталған. Олардың әрқайсысының бақылайтын участкенің аналитикасы және оны ұлғайту мүмкіндігі бар, олар қылмыскерлерді оңай тұзақтайды», — деп атап өтеді астаналық әкімдіктің баспасөз-қызметінде. Жедел байланысты SOS дабылды түймесімен терминалдарға қатысты айтар болсақ, олар «Әнуар» супермаркетіне және «Номад» ТК-не жақын орналасқан.

Астаналық әкімдіктің мәліметтері бойынша үстіміздегі жылы 5 мың 300 ш. метр алаңшасы бар оперативтік басқару орталығының (ОБО) құрылысын бастау нақ жоспарланып отыр. Ол режим онлайнында қоғамдық қауіпсіздік жағдайы туралы ақпараттарды қабылдайды. Бұл жұмысқа 200-дей іскер маман тартылмақшы. Қысқасы, мүмкіндігі шектеулі адамдар ОБО-ның қызметкерлері бола алады.

Астанада жақында Қабанбай батыр даңғылының, Алматы, Сығанак, Сауран көшелерінің қиылысында «Әнуар» пилоттық аймақта «Қауіпсіз қала» жобасы іске қосылды».

Жолдар және қоғамдық көлік

Астанадағы қоғамдық орындардағы қауіпсіздік еуропалық елдердің тәжірибесімен қамтамасыз етіледі. SmartCity концепциясы — «Ақылды қала» әлемдік тәжірибеде керемет, тамаша зор орынды алды, эконоимика бөлігіндегі  энергоресурстардың және коммунальдық желілердің қызмет етудегі шығындарының тиімділігін дәлелдеп ғана қоймай, жолдардағы апаттарды азайтты. Мысалы үшін Италияда осындай шаралар апаттардың санын 20%-ға қысқартуға мүмкіндіктер берді, ажал құштырған ЖКО-ның саны бұл елде екі есеге төмендеді. Шынына келсек, «Ақылды қала» жан-жақты қарқынды дамуда, әсіресе, олар үш негізгі фактор бойынша айтарлықтай нәтижелер берді: қауіпсіздік, экологиялық және үнемділік. 

«Ақылды» бағдаршамдар өз бетінше көлік кетпелістерін реттейді. 

Сондықтан да Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің әсем астананың 2017 жылға қарай әлемнің 50 ақылды қалалар тізіміне кіретініне баса көңіл аударды.  

Үстіміздегі жылдың соңына дейін көркем Астанада Сарыарқа, Тұран, Конаев, Достық, Сарайшық және Сығанақ көшелерінде 42 «ақылды» бағдаршам жұмыс істейтін болады. Бағдаршамдар неліктен «ақылды» деп аталады? Өйткені, олар нақтыланған принцип бойынша әрекет етеді: «кептелістер» мен жиналып қалуды болдырмай, өз бетінше көлік тобырын анық бөледі. Бұл өз кезегінде астаналықтардың, мысалы, үйінен жұмысына дейін дер кезінде жетуіне, уақыттарын үнемдеуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жекелерге қарағанда қоғамдық көліктің артықшылығы көп болады, жол қозғалысының қауіпсіздігі күшейеді, сонда біз кептелістерді мәңгі ұмытамыз. Тағы автобустардың салонында видеобақылау орнатылады, түтіндеу және жану датчиктері, ақпараттық панель және жедел шақыру түймелері пайда болады. Бір жағдай орын алғанда, қиындықсыз көмекке шақыра аласыз. 

Аулалардағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі? 

Полициялардың пікрінше, қауіпсіз аулалардың аймақтары шлагбауммен жақсылап қоршалуы тиіс, подъездің үстіне видеокамераны орнатқан абзал, подъезге консьержді отырғызу қажет. Бірақ, аталған қауіпсіздікке тұрғындарға өз қалталарынан төлем жасауға тура келеді.

Шлагбаум

Біріншіден, аулаға пропускілік режим ұйымдастыруға полициялар кеңес береді. Элиталық тұрғын үй кешендерінде, мысалы, шлагбаум орнатылады, кімнің қайда баратыны бағыт, сіллтеме жасап отыратын күзетші жұмыс істейді.

Видеокамералар

Екіншіден, күзет қызметінің немесе ОБО-ның пультіне сигналмен шығатұғын видеобақылау жүйесімен аулаларды қамтамасыз етуге әбден болады. Мұндай кезде үй жанында ойнап жүрген сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігіне сеніңіз, ал, меншік иелері коляскілерін, велосипедтерін және көліктерін аулада қорықпай тастай алады. Видеобақылау камералары орнатылған аулаларда тиісінше ескертулер жазылған кестешелер көбірек ілінгені көпке пайдалы.

— «Басы жұмыс істейтін» кез келген қылмыскер мұндай аулаға тіптен жоламайды және құқыққа қарсы әрекетті жасауға құлқы да, ынтасы да болмайды, — деп санайды полициялар. — Психологиялық фактор жұмыс істеуі тиіс.

Бүгінгі таңда видеобақылаудың орнатылуы көптеген қылмыстың бетін уақытысында ашуға көмектеседі. Мұндай жүйенің пайдасын тек қана полициялар емес, ПИК-де айтады. «Жуырда мас еркек таңғы сағат 4-те аулаға кіріп, көліктерге білгендерін істеген оқиға болды, — деп есіне нақтылы алады Астана қаласындағы «Бәйтерек» ПИК Ассоциациясының төрағасы, «Ишим-1» пәтер меншік иелері кооперативінің басшысы Мизамбек Кенжебаев, — біз камераның записін қарап, тәртіп бұзушыны таптық». Осындай тәсілмен сутенер құрықталды, «Ишим-1» ПИК-і видеозапистерінің материалы полицияның участкелік инспекторына берілді. 

— Камералар тұрғындардың жеке қаражаттарының есебінен құрылады, — дейді Мизамбек Кенжебаев. — Бір камераны орнату үшін 360-400 мың теңге жинау керек болады. Ай сайын әрбір пәтер 350 теңге төлеуі қажет. Дегенменен, бұнымен барлығы келісе бермейді. Бір күні бұл мәселе көтерілді, бүкіл видеобақылаулардың тек қана жолдарда емес, ішкі аулалық аймақтарда мемлекеттік есебінен орнатылатынына әкімдік сенімді түрде уәде берді», — деп түсінік жасады астаналық ПИК Ассоциациясының төрағасы.  

Ол Жол картасына бір ғана сөйлеммен аулаларда видеокамераларды нақты орнату мәселесін жазуды ұсынады: «Қазір жолдарды, аулаларды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, егер мұндай камералар бірлесе орнатылса, онда аудандардың криминогендігі тым төмендер еді. Біздің ПИК-не қатысты 9 үйінде 11 камера жұмыс істейді. Бірақ, бұл орасан аз». Астаналық ПИК Ассоциациясы төрағасының айтуынша, егер күндіз балалар алаңшасында сәбилер ойнап жүрсе, кешкілік онда үлкендер отырады, ішімдік ішеді, темекі тартады, бүлдіреді, карта ойнайды. Видеобақылау жүйесі тәртіп бұзушыларды жөнге салуға көмектесер еді.

340-400 мың теңге — аулада бір видеокамераның орнату құны астаналық ПИК Ассоциациясы төрағасының айтуынша. 

Негізі қылмыстың төмендеуі хақында фактілер бар. Үстіміздегі жылы сәуірде Ақордада мемлекет басшысы ішкі істер министрімен кездесуде өте ауыр қылмыстың 17%-ға, ұрлық-қарлықтың — 25%-ға, ұрып-соғудың — 52%-ға, пәтерді тонаудың — 3%-ға тым төмендегенін тілге тиек етіп, істің керемет нәтижесіне ризашылығын білдіріп, игі жолдағы оң динамиканы атап өткен-ді. Ол, бірақ, ұсақ-түйек қылмыстардың да бетін ашуға талпыныну керектігін баса айтты.

Елдердің көпшілігінің алдыңғы тәжірибелерінен үйрену тұрғын үйлердің аулаларындағы қауіпсіздіктің мәселелерін шешу ертеде өкімет органдарына тапсырылғанын көрсетеді. «Қауіпсіз аула» жобасының арқасында мыңдаған қоғамдық тәртіпті бұзушылар тұсақталды, жүздеген видеоматериалдар құқық қорғау органдарына берілді, сонымен қатар зақымдалған көліктеріне тұрғындардың жәрдемақы алуы үшін сақтандыру компаниялары жұмыс істейді, — Астана қаласындағы әкімшілік полиция Басқармасының бөлім басшысы, полиция майоры Жанат Шумшалин. — Бұдан басқа видеобақылаудың арқасында, соның жәрдемімен көптеген адамдар өмірлерін сақтай отырып, бірінші медициналық көмектер алды». 

Консьерждер

Өкінішке орай, әрбір подъезде жұмыс орнын ұйымдастыру оңай емес, бірақ, консьерждің болуы қылмысты азайтуға септігін, қомақты жәрдемін мықтап тигізер еді. Негізі  барлық адамдар танитын консьержді сол үйдің тұрғындары таңдайды.

Бүгінгі таңда Астанадағы тұрғын үй кешендерінде 536 консьерж құқық тәртібін сақтауды жан-тәндерімен жүзеге асырады. «Қауіпсіз аула» жобасының аймағында бірде-бір тәртіп бұзушылық тіркелмеген фактісі өте, тым қызық көрінеді. «Бұл «қауіпсіздіктің» санына кіретін 15 аула. Мәселенки, Қабанбай батыр даңғылы бойынша 6/3 және 6/6 үйлер орналасқан «Каскад» тұрғын үй кешенің ауласы солардың бірі болып табылады. Онда құқыққа қарсы әрекеттерді ғана емес, сонымен қатар оның туындауына мүмкіндіктерді бермейтін керемет қауіпсіздік жүйесі орналастырылған», — дейді Ж. Шумшалин.

ПИК-нің төрағасы Мизамбек Кенжебаев өзінің ауданын ұйқыда деп есептейді: «Бізге жақын төңіректе түнгі көңіл көтеру орындары атымен жоқ. Жалғыз — KFC кафесі және мейрамхана ғана бар. Сондықтан да ауданды тыныш деп айқын бағалауға болады. Дегенменен, жағалауға қарауға болатын қосымша камералар түк артықтық етпес еді. Онда түнімен жастар молынан жиналады, спирттік ішімдіктер ішеді. Төбелес те болып қалады». 

Онлайнда учаскелік инспекторға жүгінуге болады 

Астананың ішкі істер Департаменті астананың тұрғындарына және қонақтарына Интернет құралы арқылы өздерінің ауданындағы учаскелік инспектормен әңгімелесуге мүмкіндік береді. Егер сізде құқық қорғау бағытында туындаған мәселелерді жеке участкелік инспектормен талқылауға мүмкіндігіңіз болмаса, ast.dvd.mvd.kz сайтындағы «Өзіңнін учаскелік инспекторыңа хабарлас» жаңа бөлімінде сұрақтарды қоясыз және оған өз хабарландыруыңызды қалдыра аласыз.

Полицияның учаскелік инспекторына арыз, білдіріс тұрғылықты мекен бойынша аудандық ІІБ-ның басшысының атына жазбаша түрде ұғынықты, жан-жақты толтырылады. Арызда жүгінудің мағынасы дәлме-дәл, анық түсінікті көрсетілуі тиіс, мысалы, жанұялық-тұрмыстық тәртіп бұзушылықты жасау, ұсақ бұзақылық және де төңіректегі тыныштықты бұзу, бекітілген қоғамдық орындарда ішімдікті ішу, денеге жарақаттар салу фактісі, бекітілмеген орындарда темекі тарту, қаланы абаттандырудағы тәртіп бұзушылық туралы ақпарат.  

«Полицияның учаскелік инспекторына электронды хабарласу» мүмкіндігін толықтай пайдалану үшін электрондық цифрлық қол қою болуы керек.

Электрондық цифрлық қол қоюдың (ЭЦҚ) құралын алудың бүгінгі таңда нақты екі жолы бар:

  • www.pki.gov.kz сайтында немесе www.egov.kz электрондық үкімет порталында ЭЦҚ шығаруға online режимінде өз бетінше тапсырыс беру;
  • Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында айқын орналасқан Ұлтттық куәландыру орталығының тіркелім Орталығына жүгіну (тіркелім орталығының мекен-жайлары www.pki.gov.kz сайтында анық көрсетілген). Оператор сізге ЭЦҚ құралын шығарып береді, ақпаратты түсіріп тасушыға жазады.

Yйді күтіп-ұстау шығындарды қалай қысқартуға болады?>>>

ІІД кеңес береді

Статистика бойынша жаздық және қыстық каникул кездерінде пәтерлік ұрлықтың саны кенеттен өсіп көтеріледі, өйткені, дәл осы уақытта қазақстандықтардың көпшілігі еңбек демалысына кетеді, ұрылардың қуанышына сай пәтерлер қараусыз қалады. Жазда сонымен қатар көшелерде қылмыстар көбейеді. Жалпылай алғанда, өзгенің, басқаның мүліктерін ұрлау қылмысы 80%-ды құрайды.

Азаматтар өздерінің мүліктерін сақтауға жауапкершілікпен қараулары керек деп санайды полиция майоры Жанат Шумшалин. Бұл үшін ол төмендегі ережелерді тыңдауға кеңес береді:

  • Қоғамдағы жалпыға ортақ қабылданған тәртіп нормаларын бұзбау, сізге жақын ортада тәртіп бұзушылықтың болмауын мықтап қадағалау.
  • Қылмескерді арандатпау.
  • Мобильдік телефондарды қараусыз қалдырмаңыз.
  • Көлікті жауып жүріңіз, сигнализация болса да, барсеткалар мен сумкаларды автомобильдің алдыңғы орындығына қалдырмаңыз.
  • Адамдар көп жүретін орындарда сумкалар мен әмияндарды мықтап ұстаңыз.
  • Пәтерлер мен подъездерде темір есіктерді, сонымен қатар электрондық кодтық құрылғыны орнатыңыз.
  • Егер де сіз қылмысқа қатысушы немесе оның куәгері болсаңыз, бірден 102-ге телефон шалыңыз. Құқық бұзушылық фактіні мобильдік телефонның видеосына жазуға да болады. Бұл дәлелдеме базасы ретінде тергеудің кезінде  полиция қызметкерлеріне көмектеседі.  

— Астаналық ІІД бөлімшесінің қызметкерлері қоғамдық тәртіптің әрдайым нақты сақталуын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, — дейді сенімді түрде Ж. Шумшалин. — Көбінесе, адамдар молырақ жиналатын қоғамдық-саяси, мәдени-көңіл көтеру, спорттық-бұқаралық шараларда болады. Бұдан басқа, айтар болсақ, құқық тәртібін қамтамасыз етуге мемлекеттік емес күзет фирмалары аянбай, шаршамай қол ұшын береді.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз: 

Коммерциялық объектілерді өрттен қалай қорғау болады

Жылжымайтын мүлікпен онлайн-операциялары

«ЭКСПО-2017» Астананы бас жоспарын өзгертті

kn.kz
>
Статьи