Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Офистік ғимаратты өрттен қалай қауіпсіздендіреді?

Өрт қауіпсіздігі — кез келген басшы үшін жұмыс ұйымдастырудың маңызды кезеңі. Бүгінгі таңда кіші және де орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілгенде, осынау нормаларды орындау тіпті қажетті бола бастады. Өйткені, тәртіпті бұзу өрттің шығуына бірден-бір себеп болып, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қабылдауы әбден ықтимал.

Әкімшілік ғимараттың басшылары мен қызметкерлерінің жіберген қателіктеріне байланысты өртке қарсы қауіпсіздік ережелері туралы айтқан да дұрыс. Яғни, жазылған өрт айыппұлдары мен ескертпелерінің негізінде. Бұрында айтылғандай, мемлекеттік органдардың тарапынан тексеруге әрекет бар екен. Тиісті жарлыққа республиканың елбасы қол қойды, үстіміздегі жылдың 2 сәуірінен бастап, 2015 жылдың 15 қаңтарына дейін өрт қызметкерлері бақылау мақсатымен кіші және орта бизнес объектілеріне тіпті де бара алмайды. 

Бұрын кәсіпкер жұмыс істейтін облыстың прокуратурасының сайтынан тексеру кестесімен танысуға болатын. Оның үстіне өрт қызметкерлері бір айға алдын ала баруды ескертетін. Қазірде жоспарлы тексеру жоқ, жоспардан тыс тексеру тек қана Бас прокуратураның рұқсатымен жүзеге асырылады.

Өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері арасындағы ең көп тәртіп бұзушылықты мамандар төмендегіше бөледі:

  • автоматты өрт дабылының жоқ болуы немесе жұмыс істемейтін жағдайы (өте жиі) және өрт сөндірудің түзетілген бастапқы құралдарының болмауы (былайша айтқанда — өрт сөндіргіштер);
  • арнайы қосымдармен, қыспалармен, дәнекерлеумен, күйдірумен (өте жиі) бірге айналдырма арқылы өткізілген электр сымдары мен шоғырсымдарды жақсылап қосу;
  • электр сымдарының айыру қарсыласу мөлшерінің жоқтығы;
  • электр-тұрмыстық құралдарды дұрыс пайдаланбау (өте жиі);
  • жанған отқа көңіл бөлмеу, бекітілмеген орындарда темекі тарту;
  • эвакуация жолдарына қорған, оларға кедергі жасау;
  • терезеге темір торларды орнату (қойма ғимараттарын, касса, қару-жарақ бөлмелерін, мекеменің құпия бөліктерін қоспағанда);
  • V дәрежелі от тетікті ғимаратты қоспағанда, төбелер мен қабырғаларды сырлау, қаптау және әрлеу үшін, сонымен қатар эвакуация жолындағы сатыларға және баспалдақ алаңдарына жанатын материалдарды қолдану;
  • өрт қауіпсіздігіне өз кезектерінде жауапты тұлғалардың жоқ болуы, өрт-техникалық минимумнан сапалы кезеңдік өтудің жоқтығы (арнайы журналда қол қойылып, өрт қауіпсіздігінің шаралары бойынша қызметкерлермен нұсқама өткізілуі керек). 

Өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен талаптарда көптеген ерекшеліктер кездеседі. Мысалы, шығудың саны мен ені ғимаратқа сәйкес өлшеп-пішілген адамдардың санына тығыз байланысты. Эвакуациялық жолдар мен шығулардың көлемді-жоспарлы және де  конструктивті шешімдері сонымен қатар мол мағынаға ие. Эвакуациялық шығулардың сонымен қатар тең дәрежеде орналасуы да (дәлдік) орасан маңызды, мәнді.

Өрт сөндіргіштердің әрқайсысы әрбір қабатта объектінің көлеміне қатты «байланған», сонымен қатар жанатын материалдың түріне, ғимараттың көлемді-жоспарлы шешіміне және т.б. Ішкі су құбырларының шүмектерінің саны ғимараттың көлеміне тығыз байланысты. Егер жеке офис салғыңыз келсе, өрт қауіпсіздігінің тиісті нормалары мен ережелерін, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242-II Қазақстан Республикасының Заңын оқып біліңіз.

2014 ж. бастап, Астана қ. әкімшілік ғимараттарда 8 өрт оқиғасы орын алған-ды. Бұған қоса да айтарымыз, маусымдық өрттің көбеюі байқалмады.

Өртке қарсы қорғаудың жүйесі

Бұл өрт сигнализациясының және өрт сөндірудің автоматты орнатуын, түтінге қарсы қорғау жүйесін, өрттің кезіндегі қаупсіздікті басқару мен хабар беруді, сонымен қатар қолмен істелетін өрт сөндіргіштерді өзіне ғана алатын өте, тым күрделі жүйе болып есептеледі. Автоматты өрт сигнализациясы (АӨС) орын алған өртті жылдам аңғаруға, байқауға, анықтауға және де бұл туралы күзетке (пульттағы сигнал) білдіріс жасауға, ғимараттағы басқа адамдар үшін белгі беруге, өрт сөндірудің автоматты орнықпасын қосуға міндетті.

АӨС-н жәй қарапайым орнатпау керек, және қосымша шығындар кетсе де, техникалық жағынан қамтамасыз ету қажет. Сондықтан өртке қарсы жүйені ұстап тұруда ескертпе жиі кездесуі әбден ықтимал.

— Сигнал беру кез келген офистік ғимаратта түзетілген жағдайда болуы міндетті, — дейді нақтылап Қарағанды облысы ТЖД мемлекеттік-өрттік бақылау басқармасының майталман маманы Андрей Моисеев. — Оттың тұтануының бастапқы кезеңінде жүйе жұмыс істейді. Оның үстіне егер бұл тосын оқиға түннің бір уағында орын алса, әсіресе, күзетшілері жоқ ғимаратта болса.

Ғимараттың алып жатқан көлеміне байланысты, сай ішкі өртке қарсы су жүргізілетін құбырлар, өрт шүмектері мығым орнықтырылуы тиіс. Әрбір бизнес-орталықта, ережелерге сәйкес, өрт сөндіргіштердің болуы керек. 

— Тәжірибе көрсеткендей, өрттік шүмектердің су берілуі жиі-жиі, көп тексерілмейді, насостар жұмыс істемейді, өрт сөндіргіштер оңдалмаған. Барлық ережелерді сақтау үшін жеке кәсіпкерде әрдайым қаржысы жетпей жатады, — деп қалыптасқан жағдайға түсінік береді Қазақстандық юристер лигасының координаторы Станислав Лопатин, — өрт сөндірушілер заңнан тыс ештеңе талап етпейді. Бәрін жеңіл тексеруге болады: бүгінде ҚНжЕ нақты құрылған, ақпаратқа ашық қол жеткізіледі.

Өрт сөндірушілерде кранды жылына екі рет айналдырмада бұраса, өрт сөндіргіштерді кезең-кезеңімен әркезде толтыру қажет, ағаш конструкциясынан сіңімді өрттен қорғау ісі өткізіледі. Бұның бәрі көп ақшаны талап етеді.

Юрист Станислав  Лопатиннің пікірінше, ережелерді қарапайым сақтау тек қана ірі-ірі бизнесте жақсы жолға қойылған. Нормаларды бұзудың екінші бір себебі — жеке кәсіпкерлер алдыменен табысты үш еселеп табуды көздейді, сондықтан өртке қарсы қауіпсіздік ісінен бір нәрсе үнемдегілері келеді.

Типтік тәртіп бұзушылық

Эвакуацияның жолын жабу

Ғимаратты пайдалануға беру кезіндегі басты ереже — жобада қарастырылған барлық жолдар анықталуы да тиіс. Мысалы, әрбір объектіде қосалқы шығу жолдары бар, кейбір жерлерде қосымша баспалдақ сатылары болады.

Бұрын айтылғандай, әрбір қабатта эвакуациялау жоспары мықты, жоғары болуы тиіс. Баспалдақ торларының есіктері тығыз нақты нықталып, өзінен-өзі жабылуы үшін арнайы құралдармен жабдықталады. Баспалдақ торларының, дәліздердің, холлдардың және де тамбурлардың өзінен-өзі жабылатын есіктерін белгілеуге, сонымен қатар оларды алып тастауға тыйым салынады. Андрей Моисеевтің пікірінше, аталған ережені сақтамау өте жиі-жиі кездесетін көрінеді.

— Мысалы, бес қабатты ғимараттың үшінші қабатын түтін басып жатыр делік. Жоғарғы қабаттағы адамдар емін-еркін ғимараттан баспалдақтар арқылы шығу үшін ол қабаттық дәліздерден есіктермен нақтыланып бөлінуі керек. Яғни, есік жабық тұрған кезде жоғарғы қабаттағы адамдар ғимараттан шығып кетуіне мүмкіндікті беретін айқындалған уақыт болады. Егер есік ашық болса, ол тіпті жоқ болса, онда түтін жоғарыға жайылады, баспалдақ маңынан ештеңе көрінбей қалады.

Эвакуация жолында есіктің болуы, оның ғимараттан шығатын бағытпен кеңінен айқара ашылатыны мықты маңызға, мәнге ие.

— Егер де есіктер басқа қарама-қарсы жаққа ашылатын болса (яғни, ғимараттың ішіне қарай), онда өрт шарпыған кезде адам есікті тек өзіне тарта бастайды, — деп жан-жақты түсіндіреді Андрей Моисеев, — жанталасу сәтінде оны сырттан жабатын адамдар кездеседі. Олар шығуға қарай қашады.

— Мен күзет ұйымының объектіні түк те күзетке қабылдағысы келмеген жағдайды да көрдім. Олар терезелерге торларды нақ орнатуды талап етті, — деп әңгімеледі өмірдегі қайшылықтарды Станислав Лопатин.

От бағанасының төмен шамасымен ғимараттың интерьерлерінде материалдарды қолдану

Бұл талап бұрынғылармен өте тығыз байланысты, өйткені, сол баяғы дәліздерде немесе көшеге шығатұғын аймақтарда жанатын материалдарды пайдалану тым қауіпті. Әрлеуде үнемдеу мақсатында сапасы төмен қаптауларды қолданады: пластиктік немесе панель орамдарынан жасалғандар. Майталман мамандардың пайымдауынша, біздің офистерде барлығы керемет, тамаша.

Ең белгілі тыйым салынған материал — алюкобонд. 2006 жылы соның қатысуымен аты шулы оқиға болды, дәлірек айтсақ, отыз екі қабатты Астанадағы коммуникация және көлік Министрлігінің ғимараты отқа оранды, оны халық арасында «зажигалка» дейді. Бірақ, алюминдік, композиттік материалдардан қаптау панельдерін үлкендеу әкімшілік ғимараттарда қолдануға тыйым салу тым кеш   — 2009 жылы пайда болды. Осынау уақыттың аралығында аталған министрліктен басқа да қаптаулы алюкобонд шамамен 10 сауда орталықтарында және «Акжолтай» қарағандылық базарда жанып үлгерді.

Электр-тұрмыстыққұралдардыдұрыспайдалануғабермеу

Қарағанды облыстық ТЖД-нің іскер маманы Андрей Моисеев тұрмыстық құралдарды пайдалануға дұрыс бермеуден өрттің 80%-дан астамы орын алатынын айтады.

— Қазіргі таңда әрбір кабинетте компьютерлер орналастырылған, шағын ас пісіргіштер, теледидарлар, термопоттар, салқындатқыштар — жарық жіберу бойынша өте мықты құрал-жабдықтар пайдаланылады. Офистегі қызметкерлердің көпшілігінің розеткадан жарық құрылғысын вилкасын ағытуды да ұмытып, үйлеріне қайтатынына мен сенімдімін. Сөйтіп, өрт шығудың нағыз көзі бұл іс болып табылады. Ұзартпаға жарық энергиясын тұтынушылардың зор көпшілігі қосады. Әрбір адам, шамасы, ыстық жарық вилкасын ағытумен жиі-жиі жолығысқан, кезіккен шығар. Ол нақтыланған қысымға дейін қызады, сосын күтпген жерден, оқыстан соңы қайғыға ұшырататын от шығып, өрт лаулайды.

Ерекше бір жағдай — спиралы ашық күйде қалған плита. Оларды, жалпы, пайдалануға болмайды. Осындай плитаның бөлмеде ыстық ауаның кезуіне себеп болғанын өрт сөндіруші тәптіштеп әңгімеледі. Осыдан барып, сөреден ұшқан бірнеше қағаз күйіп тұрған спиралға түскен, нәтижесінде қатты өрт шыққан.

Ең дұрыс әрекет — офистен шығатын уақытта барлық сөндіретінді сөндіру керек. Тіпті электр ұзартпаларын (лампамен бірге болса) және де теледидар (егер ол розеткадан суырылмаса, онда ол күту режимінде болады). Жалпы, мүмкіндігінше желідегі салмақты азайту керек, өйткені, бұның бәрі өрттің шығуына себеп болады.

Тәртіп бұзушылықтың жиі кездесетіні офистегі зақымдалған розеткалар, ағытқыштар және басқа құрылғылар екенін өрт сөндірушілер айтады.

Электрсымдарындағыоратпалар

Жалпы өрт сөндірушілер тексеру кезінде ғимаратты нақ күтіп-ұстау қаншалықты «Жарық орнату құрылғыларының ережелеріне» сәйкес келетініне баса назар аударады, аса көңіл бөледі.

— Ағытылған желіні қосу үшін арнайы қыспалар мен тықпалар аса да қажет. Алайда, әдетте,  мұндайларды тез қимылдайтын қол қарапайым изоленттің көмегімен, жәрдемімен жасайды. Офистердегі жарық құралдарының көптеген санына байланысты желілерге салмақтың түсуі ұлғайды. Бүгінгі таңда кейбір ғимараттарда сым тетікшелерінің иісін нақ сезуге болады, — деп әңгімелейді мамандар, — бұл дабыл қағарлық сигнал.

Коммерциялық объектілерді өрттен қалай қорғау болады>>>

Ғимаратты пайдалануға қабылдау кезінде

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт сөндіруді бақылау Басқармасының бастығы Ұлан Абдрахманов:

— Офистерді пайдалануға берудің алдында қабылдау комиссиясының актілеріне қол қоятын уақытта жеке кәсіпкер ТЖ бойынша Департаменттің бастығының атына арызды жазуға міндетті. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV ҚР Заңына сәйкес, төтенше жағдайлар бойынша  Департаменттің қызметкерлері Астана қаласындағы құқықтық статистика және арнайы есептеме бойынша Комитетке ғимаратты пайдалануға беру туралы жазбаша түрде хабар білдіреді. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 II ҚР Заңына сәйкес, ТЖ бойынша департаменттің маманының объектіні пайдалануға беруге бару, жүзеге асады. Объектіні қабылдау комиссиясының актісіне тапсырыс беруші бар кемшілікті жойған кезде қол қойылады.

Қарағанды облыстық ТЖД мемлекеттік-өрт сөндіру бақылау Басқармасының маманы Андрей Моисеев:

— Құрылысы салынған объектілерді пайдалануға беруді қабылдауды оның толықтай дайындығымен бекітілген жобаға және де жұмыс комиссиясының оң қорытындысының болуына сәйкес мемлекеттік қабылдау комиссиясы өткізеді. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға беруге қабылдау бойынша комиссияның жұмысына қатыса отырып, өрт қауіпсіздігінің саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік инспектор мыналарды тексереді:

  • нормалар мен ережелерге сәйкес өртке қарсы нақтылы іс-шаралардың жан-жақты расында орындалуын;
  • жабық жұмыстарды қабылдау актілері;
  • өртке қарсы қорғаудың жүйесін, орнықпасын сынау, қабылдау актілері;
  • жарылатын өртке қауіпті ғимараттың желдеткіші мен жылу жүйесін сынау актілері;
  • өртке қарсы сумен жабдықтауды қосқанда, өртке қарсы қорғау жүйесін сынау және анықтау.

Өрт кезіндегі әрекет

Бұл мәселеде, шамасы барлығы түсінікті сияқты: оттың ошағы пайда болған кезде өрт сөндірушілерді шақырып та, ғимараттан адамдарды шығару керек, сосын олар келемін дегенше өртті сөндіруге тырысу қажет. Іс жүзінде бәрі керісінше болады: әкімшілер немесе ғимараттың күзетшісі бірінші кезекте объектінің қожайынына хабарласады. Көбіне өз күшімен өртті сөндіруге тырысады — мүмкін жолы болар.

«Акжолтай» қарағандылық мұз сарайындағы заттай базарында оқыс орын алған өртті көрген куәлар дәл осылайша суреттейді. ТЖ 2007 жылдың қара күзінде аяқ астынан болды. Өрт сөндірушілер хабарламаны сағат 11-лер шамасында алған, бірақ, өрт бұдан ерте басталған. Ғимараттағы болғандардың айтуынша, әкімшілік басында отпенен өз беттерінше жанталасып арпалысқан. Олардың күштері, шамалары жетпей, соңында от басқа бутиктерді тез, жылдам шарпыған екен. Экипаж жан ұшырып келген уақытта өрттің алған көлемі 400 шаршы метрді құраған.

Бұл мұндай жалғыз ғана оқиға емес. Өрт сөндірушілер күзетшілер оларды объектіге жіберуден бас тартатын қарсыласумен де кездесіп қалады. Бөгде адамдарға тыраштану дұрыс емес, сол аймақта оттың жанғанына әбден көз жеткізу қажет.

Мұндай қолайсыздау іс-әрекетті ғимараттың әкімшілігі өрт инспекциясының салатын айыппұлдарынан басшылықтың қауіптенетінімен түсіндіреді. Өйткені, егер зерттеудің нәтижесінде оттың шығуы ереженің бұзылуынан екені нақтылы анықталса, кінәлілерге материалдық және қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Жеке кәсіпкерлер өрт фактілері бойынша зерттеулер туралы айтпағанда, тіпті қарапайым қатардағы тексерулерден қорқады.

— Мәселе тек айыппұлда емес, — деп санайды юрист Станислав Лопатин, — кемшілікті жою туралы нұсқамада. Егер кемшіліктер мерзімінде жойылмаса, іс көңілдегідей оңғарылмаса, онда сот тәртібімен ұйымның қызметі заңды түрде тоқталады. 

Өрт қауіпсіздігінің ережесі бұзылғандағы немесе орындалмағандағы айыппұлдар

Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 312 бабы

Тәртіп  бұзушылық

Айыппұл

Жыл бойында тәртіп бұзушылық қайталанғандағы айыппұл

Өрт қауіпсіздігінің, техникалық регламенттің, құрылыс нормасының ережелерінде

қарастырылған өртке қарсы талаптардың ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық ғимараттарда, жатақханаларда

  • Жеке тұлғаға — 3 АЕК, немесе 5 556 тг.
  • Лауазымды тұлға, ЖК, заңды тұлға (кіші, орта кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын) немесе коммерциялық емес ұйым — 25 АЕК, немесе 46 300 тг.
  • Заңды тұлға (ірі кәсіпкерліктің субъектілер)— 50 АЕК, немесе 92 600 тг.
  • Жеке тұлғаға — 10 АЕК, немесе 18 520 тг.
  • Лауазымды тұлға, ЖК, заңды тұлға (кіші, орта кәсіпкерліктің субъектілері) немесе коммерциялық емес ұйым  — 50 АЕК, немесе  92 600 тг.
  • Заңды тұлға (ірі кәсіпкерліктің субъектілері) — 185 200 тг.

АНЫҚТАМА

Түрлі интернет көздеріндегі хабарландыруларда көрсетілген орташа бағалаулар (құн сапаға, көлемге, күрделілікке және басқа да сипаттамаларға байланысты):

  • өрт сигнализациясын монтаждау — 30 мың теңге;
  • өрт сигнализациясын қамсыздандыру — сағатына 28 теңге;
  • сигнализацияны иелену — 45- 110 мың теңге;
  • өрт гидранты — 30 000 теңге;
  • өрт сөндіргіш — 3000 теңге;
  • эвакуация жоспары (әрбір қабатта ілінуі тиіс) — мөлшеріне байланысты 2500 теңгеден және одан жоғары;
  • өрт сөндіргішті қайта зарядтау — 1200 теңге.

Мәселен, бизнес-орталықты толықтай жабдықтау (барлық, бар датчиктермен, өрт тетікшелерімен және басқалармен) көлемі 7 мың шаршы метрден асса, шамамен 4,5 миллион теңге заңды түрде талап етіледі.

Тағы оқитындарыңыз:

Қайта жобалау, қайта құру және тұрғын үй қорынан пәтерді шығару

Пәтердi сатар алдында немесе жалға берерде жөндеу жасауға тұра ма?

Yйді күтіп-ұстау шығындарды қалай қысқартуға болады?

kn.kz
>
Статьи