Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Пәтерді қайта жоспарлаудың ерекшеліктері

Соңғы уақыттарда пәтерді қайта жоспарлау қол жетпес дүние емес, «қолайлы ұяшық» туралы ұсынысты жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Әрбір меншік иесі қаражатына байланысты өз таңдауымен тұрғын үйін жақсартуды бастайды. Өзінің армандарын шындыққа айналдыру үшін қожайын түрлі шешімдер мен тәсілдерді тиянақты ойластырады.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау Департаментінде бізге нақтылап түсіндіргендей, біріншіден, егер де сіз пәтерді қайта жоспарлауға немесе оны қайта құруға шешім қабылдасаңыз, қандай да бір қабырғаны алып тастауды жоспарласаңыз, оған арка салғыңыз келсе, болмаса жәй қарапайым есіктік ойық жасағыңыз келсе, жалпы, тіреусіз немесе тіреуі бар қабырғаны қозғап, пәтерге кез келген өзекті өзгерісті енгізгіңіз келсе, сіз бұл туралы МСҚБ-на уақытылы хабарлауға міндеттісіз. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары басталғанға дейін оны 10 жұмыс күнінің ішінде жан-жақты жасау қажет.

Қайта жоспарлау басталар алдында

1. Сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарласыңыз

Алдын ала сіз тиісті арызбен «Сәулет және қала құрылысы» ММ-не міндетті түрде дер кезінде хабарласуыңыз керек және өзгеретін объектіге құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін беру қажет, келешекте қайта жоспарлау өздерінің мүдделеріне қатысты көршілердің нотариалды куәландырылған келісімі керек. Сонымен қатар басқа қосымша құжаттар — барлығы әрбір жеке нақтыланған жағдайларға тығыз байланысты.

2. Сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын алыңыз

Шешімді қолға алғаннан кейін сол айтылған бөлімнен сәулет-жоспарлау тапсырмасын дер кезінде алу қажет және онымен кез келген сәулетшіге қайта жабдықтау жобасын әзірлеу, дайындау үшін хабарласуға әбден болады.

3. Лицензияланған құрылыс бригадасына жүгініңіз

Тек қана оң сараптамалық қорытындыдан, нәтижеден кейін құрылыс бригадасын сенімді түрде жалдауға болады. Бірақ, кез келгенін емес, тиісті заңды лицензиясы барын. Себебі, ғимаратты қайта жоспарлау бойынша игілікті, маңызды істерді тек қана құрылыс жұмысына лицензиясы бар мамандандырылған құрылыс ұйымдары тиянақты жүзеге асыра алады.

4. Жаңа техпаспортқа тапсырыс беріңіз

Келесі кезең жаңа техникалық паспортты алу болып табылады. Бұл үшін сізге «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКМ-не немесе ТҚО-на хабарласу керек.

5. Пайдалануға берілу актісін алыңыз

Сіздің қолыңызға маңызды, мәнді құжат тиген уақытта өзгертілген объектінің пайдалануға берілу актісін алу (4 дана) мақсатында сіз тағы да «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не міндетті түрде дер кезінде хабарласуыңыз керек. Бұл құжатқа барлық, бүкіл құзырлы мемлекеттік органдар (ТЖ, Сәулет және қала құрылысы бөлімі, МСҚБ), сонымен қатар жоспарлаушы (сәулетші) және мердігер құрылыс ұйымы өздерінің қолдарын қоюлары тиіс.

6. ТҚО-на актіні тіркеңіз

Ақырында, бюрократикалық рәсімнің ең соңғы бөлігі — ТҚО-ы, онда пайдалануға берілу актісі ауыстырылған аталған объектінің сәйкестендіру сипаттамасына өзгерістер енгізу мақсатында заңды түрде тіркеледі.

Пәтердегі өзгерісті қалай заңдастыруға болады?

Пәтерді сатып алуда сіздің «қаптағы мысықты» иеленіп жатқаныңызды  дәлме-дәл байқамай қалатының жиі кездеседі. Бұған тұрғын үй алаңындағы түрлі заңсыз өзгертулер себеп болады. Сатып алу-сату келісімшартына қол қойылғаннан кейін егер осындай қолайсыздықпен сіз бетпе-бет жолықсаңыз, не істейсіз?

— Мұндай жағдайда ең бір ыңғайсызы пәтердегі барлық, бүкіл қайта жоспарлауды заңдастыруға келмейді, — деп түсіндіреді юрист Евгений Роженцев. — Қауіпсіздік тұрғысынан жоспардағы бар өзгертулерге рұқсат берілмейді. Бұдан басқа көптеген үлкенді-кішілі банктер жоспарларында заңсыз қайта жоспарлау нақ көрсетілген пәтерді иеленуге ипотека беруге келіспейді.

Кез келген жағдайда қайта жоспарлауға келісу және тиісті шешімді алу үшін «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не сіз міндетті түрде арызбенен хабарласуыңыз керек, — деп сенімділікпен санайды өз ісінің шебері, маман Евгений Роженцев. — Олай болмаған кезде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 238 бабында тиянақты, нақты көрсетілгендей, «тұрғын ғимарат заңсыз қайта жоспарлағаны және қайта жобаланғаны үшін» сізге міндетті түрде жауапкершілік жүктеледі, 5-тен 10 АЕК-ке дейін дәл айыппұл салынады (2014 жылғы жағдайға байланысты 1 АЕК = 1852 тг).

Объектіні өз бетінше қабылдауға болады

«ҚР-дағы сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметтері» ҚР Заңының 74 бабына сәйкес «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нен уақытында алынған тиісті шешімдер қолда болған жағдайда меншік иесінің құрылысы аяқталған техникалық жағынан сондай күрделі емес объектілерді өз бетінше қабылдауды жүзеге асыруға заңды түрде құқы бар, мысалы:

— тіреусіз және тіреуі бар конструкцияның, инженерлік жүйенің және құрал-жабдықтың өзгерістеріне байланысты емес тұрғызылған ғимаратты (жеке бөліктерді) реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жобалау).

Демек, жоғарыда көрсетілген бап ауыстырылған объектіні өз бетінше қабылдауға мүмкіндік береді, тек қана егер қайта жоспарлау тіреусіз және тіреуі бар конструкцияға, инженерлік жүйеге және коммуникацияға қатысты болмаған жағдайда.

Өз бетінше жасалған қайта жоспарлауды қалай заңдастыруға болады?

  • «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКМ-не тапсырыс беріңіз. Содан кейін (көптеген жағдайда — келесі жұмыс күні) сізге ауыстырылған объектіні көруге маман барады және тиянақты өлшеу жасайды. Бірнеше күннен кейін сіз жаңа техникалық паспорт аласыз.
  •  «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не «объектіні пайдалануға беру туралы» жазбаша түрдегі арызбен хабарласыңыз. Арызға нақтыланған құжаттардың тізімдерін, солардың ішінде жаңаша техникалық паспорттың көшірмесін (құжаттардың тізімі жиірек ауысып тұруы мүмкін) қосу қажет. Құжаттарды қабылдау кезінде «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің іскер мамандары кейбір құжаттардың арасынан, шамасы, сәулетшінің заңды қорытындысын талап етеді, оған жаңаша техникалық паспорттың көшірмесін ұсына отырып, екі жұмыс күнінің ішінде кез келген сәулетшіден оны сенімді түрде алуға әбден болады.
  • Пайдалануға берілу актісін алғаннан кейін ауыстырылған объектінің сәйкестендіру сипаттамасына оң өзгерістер енгізу мақсатында оны ТҚО-на тіркеуге тапсыру қажет болады. Осыменен қайта жоспарлауды заңдастыру барысына қатаң түрде тыйым салынады.

— Мынаны ешқашан ұмытпау керек, — деп ескертеді Евгений Роженцев, — жоғарыда аталған қайта жабдықтауды заңдастыру рәсімі тек қана өзгеріс тіреусіз конструкцияға тиесілісіз объектілерге қатысты.

Астанадағы құрылыс дүмпуі: сан немесе сапа ма?>>>

Қандай қайта жоспарлауды заңдастыруға болмайды?

Қожайынның тіреусіз қабырғаларды түгел, толық бұзу немесе оларды жартылай қирату, болмаса қабырғаны қайта салу есебінен инженерлік коммуникацияның құрылғысын ағытуға ішінара шектеу жағдайлары өте күрделі болып саналады.

Сіз залы және ас үйі арасындағы қабырғасы бұзылған пәтерді иеленер уақытта техпаспорттың шынайы жобалуына сәйкес келуіне мықтап назар аударыңыз. Сүру соншалықты адам өміріне қауіпті болғандықтан, мұндай өзгерістерді заңдастыру мүмкін емес. Мұндай оқиғада мәселе айыппұлмен бітпейді, келешектегі объектіні пайдалануға берудегі қауіпсіздік нысанына сай құрылыс конструкциясына нақты техникалық зерттеу жүргізуге сізді міндеттейді

5-10 АЕК — ғимаратқа заңсыз қайта жабдықтау және жоспарлау жасағаны үшін айыппұл

Заңсыз қайта жоспарлаумен қалай күресуге болады?

Жөндеу жұмыстарын жүргізген уақытта көршілер туралы да ұмытпау қажет. Олар сіздің жөндеуіңізден жиірек ыңғайсыздықты бастан кешіреді. Алаңшадағы қоқыс, лас заттар, қабырғаның арғы жағындағы еш үзілмейтін айқай-шу, тағы басқа. Егер сіз жәй тұсқағаз жапсырсаңыз, сантехниканы ауыстырсаңыз жақсы, егер қабырғаны сүрсеңіз, сөйтіп, олардың өміріне қауіп төндіресіз емес пе?

Мұндай жағдайға біздің оқырманымыз Владимир Назаров тап болды. Зейнеткер панелді бес қабаттылы үйдің үшінші қабатында тұрады. Міне, ол жоғарыдағы көршісімен екі жыл бойы соттасып келеді де, ол залы мен асүйін тең қосып, барлық ҚНжЕ-н бұзып, өзінің төрт бөлмелі пәтеріндегі тіреусіз қабырғаны сүрген.

2012 жылы 25 маусымда құрылыс істері және тұрғын-коммуналдық шаруашылық бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің Төрағасының №274 бұйрығымен 3.02-43-2007 «Тұрғын ғимарат» ҚР ҚНжЕ-не өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Аталған нормативтік актіге сәйкес Қазақстанда бүкіл панелді үйде кез келген қайта жоспарлауды өткізуге қатаң тыйым салынды. Бұрындары панелді және де кірпішті үйлерде де еш тіреусіз қабырғалардың құрылысын бұзуға тыйым салынған болатын.

Пәтерге келген жаңа қожайын бірден құрылыс бригадасын шақырған, олар бірден қайта жоспарлауды жүргізе бастаған. Жұмысшылар бірнеше қапқа салып, құрылыс қоқыстарын шығара бастағанда, сауысқандай сақ зейнеткер жөндеу жасалып жатқан пәтерге көтерілген және қатты таңданған: көрші тіреусіз қабырғаны сүріпті. 

Владимир Иванович әкімдіктегі сәулет және қала құрылысы бөліміне тез арада арыз жазған, сосын барып сотқа талап арыз берген. Талап арызда зейнеткер тіреусіз құрылысты сүруді заңсыз деп тану туралы өтінішін білдірген. Сотта жаңа қожайын ауыстырылған ғимараттың пайдалануға берілудің қабылдау актісін тіркеуді ертерек ойланғаны, оған басы жеткені анықталды, бұл істі тым қиындатып жіберді. Алайда, сот бәрібір қабылдау актісін заңсыз деп таныды және оның тіркелуін жойды, тоқтатты. Енді зейнеткер «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің пәтер мен үйдің халі туралы қабылдау комиссиясының қорытындысына жету үшін, тіреусіз қабырғаны қалпына келтіруді тәртіп бұзушыға міндеттеу үшін облыстық инстанцияға жүгінуге ниетті болды.

Бөлмеаралық қабырғашаны бұзбас бұрын көршілердің келешектегі айқайынан аулақ болу үшін олардың жазбаша келісімін алған дұрыс, әйтпесе, сіздің қайта жоспарлауыңыз заңсыз деп танылады.

Көршілердің келісімі міндетті

Қайта жоспарлаудың алдындағы көршілердің тең келісімі — бұл өте маңызды уақыт, — дейді юрист Евгений Роженцев. — Кез келген құрылыс жұмысының түрі, оған пәтерді жоспарлауға азғантай өзгерісті қосқанда, тіпті егер ол өзгеріс тіреусіз қабырғалар мен қабырғашаларға қатысты болмағанда, тұрғын ғимараттағы жүргізілген өзгеріс басқа азаматтарға (мысалы, пәтер бойынша жоғарыдағы және төмендегі, оң жақтағы және сол жақтағы көршілерге) нұқсан келтірмеуі тиіс екенін және мемлекеттік және (немесе) қоғамдық мүддеге қайшы келмеуі керек екенін де ескерген жөн. Бөлмеаралық қабырғашаны бұзбас бұрын көршілердің келешектегі айқайынан аулақ болу үшін олардың жазбаша келісімін алған дұрыс, әйтпесе, сіздің қайта жоспарлауыңыз заңсыз деп танылады.

Қайда шағымдану керек?

Көршілердің заңсыз қайта жоспарлауына МСҚБ-на нақ шағымдануға болады. Бірақ, тек жазбаша түрде. Құрылыс инспекциясында анонимдік телефон шалулар мен арыздар қаралмайды.

Өкілетті мемлекеттік органға хабарласқаннан кейін көрсетілген мекен-жай бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының заңдылығын бекіту үшін  инспектор келеді. Егер тәртіп бұзушылық нақты анықталса, онда ғимараттың меншік иесіне әсер, ықпал жасаудың әкімшілік шаралары қолданылады.

Тұрғын үйді сатудың заңдылық белгілері>>>

Безендірушілік жасау

Пәтерді қайта жоспарлау кезінде кәсіби шеберлер оларға құрылыс салу кезеңінде өздеріне жүгінуге тапжылмай, ұғынықты ұсыныс жасайды. Олар барлық инженерлік жүйені тиянақты ойластырады, жылжымайтын мүліктің қожайындарына бірнеше мыңға үнемдетеді, ақырғы қорытындысында құрылысшылардың қателіктерін жөндеуге ақша жұмсайды. Бірақ, тапсырыс берушілердің тілегін өмірге енгізуде безендірушілер тек рұқсат құжаттар бар болғанда жұмыс істей алады.

— Жылдан-жылға өзінің пәтерін қайта жоспарлауға талапкерлер саны еркін өсіп келеді, — деп санайды Светлана Королева, apxudea.kz. фирмасының безендірушісі. — Әрбір жан өз үйінің сәнді, ерек болғанын қалайды. Бірақ, жекелеген кезде біз тұру жағдайын керемет жақсартуға тырысамыз. Бастысы — адам, оның өмір сүруге адамның ниеті, ынтасы, жайлылығы.

Ғимаратты безендіру саласындағы мамандардың айтуынша, панелді үйлерде қайта жоспарлауға тыйым салу қабылданғаннан соң, кейін кіші көлемді «хрущевкаларға» тапсырыс азайған. Мұндай баспанаға қаражат бөлу тиімсіз, ол еш қымбаттамайды. Және жөндеуге қаржы жұмсалмайды, аспашамды, тұсқағазды ауыстырып, әрі қарай өмір сүре беру.

Қайта жоспарлаудың нұсқалары

— Әрбір адамда жайлылық туралы дәйекті өз түсінігі болады, — деп сенімді әңгімелейді Светлана Королева. — Көбінесе тапсырыс берушілер ғимаратты болмаса қосуды, болмаса бөлуді қалайды. Үлкен залды шағындау ас үймен біріктіріп, әжетхана мен ваннаны біртұтас жасағылары келеді. Керісінше, кімде біріккен болса — ажыратуды, ал, кімде бөлінген болса — қосуды армандайды. Бірақ, барлық клиенттердің іштеріндегі ниеттері тең бірдей: кіші тұрғын үй көлемін — үлкейту болады. Бүкіл айла-тәсілдермен біз клиенттің талабын қанағаттандырамыз: бөлменің функционалды нысанын өзгертеміз, керуеттің жоғарылағышын қоямыз, кеңістікті мықтап ауыстырамыз.

Кең дәліз қажет

Мысалға, адамдар тұрғын үй сияқты дәліз пайдаланбайтындықтан кең, үлкен дәліздерді еш қаламайды. Өтудің есебінен ас үйді немесе залды да кеңейткілері келеді. Бірақ, дәліз тек қана ол үшін керек емес, мысалы, ірі габаритті заттарды әкелу және шығару үшін қажет. Бұл мәселені пәтерді жиһазбен толтырғанда жан-жақты, тиянақты ұғынады, түсінеді.

Студияны жасаймыз

Сонымен қатар бөлме асүйден аркамен немесе жәй қарапайым жуан домалақ қадамен бөлінгенде, бір бөлмелі пәтерді студияға қайта жоспарлау әйгілі нұсқалардың бірі. Бірақ, мұндай шешімді жүзеге асыру кезінде осындай пәтердің қалай қабылданатынын ешкім ешқашан да білмейді. Өйткені, бөлме асүймен жақындап қосылғанда, мықты тартпа орнатылу талап етіледі, болмаса азық-түліктердің, әзірленетін ауқаттың иісі пәтердің ішін емін-еркін жайлап кетеді.

Бөлме тең бөлінеді

Өз бетінше қайта жоспарлаудағы кемшілік — бір бөлмені ортасынан қақ бөлу. Тұрғындар күндізгі жарықтандыру туралы ұмытады, сонда бір «жарты» кәдімгідей тас қараңғы «саңырау» болады — демек, терезесіз. Мұндай факторлар жаңартылғаннан пәтерде тұрғаннан кейін біраз уақыт өткенде ғана айқын, анық білінеді.

Қазіргі заманғы беталыс

Безендірушілердің айтуынша, бүгінгі қоғам еуропалық қалалық стилге тартылады. «Балды басқарады», нақты және түсінікті бағыт, үлкен есіктер, биік төбелер, керемет жарық. Сонымен қатар жастардың арасында лофт және китч стилдері тым белгілі. Пәтерде ұзына бойына әйнектелген француздық қылтимасы болу сәнге айналып барады. Егер үйдің сыртқы түрін бүлдірмесе, кейде тұрғын үйдегі барлық терезе еденге дейін «түседі».

Еуропалық манер деп аталатын студия әлі күнге өткір болып тұр — залдық бөлмелерді ас үймен қосу. Алайда, пайдалануға берілу барысында мұндай қайта жоспарлауда көптеген кемшіліктер де нақтылы анықталады, тапсырыс берушілер тұрғын үй ғимаратында «қара» асүйді жоспарлауды өтінеді. Бұл ас әзірлеп немесе ыдыс-аяқ жуып жатқан үйдегі азғантай абыр-сабыр.

Қайта жоспарлауда адамдар гипсокартон мен пластикадан түбегейлі бас тартып, сенімді және түсінікті құрылыс материалдарын көбірек алуға тырысады. Бірнеше жыл бойы тұрғындар мұндай материалдар өнімдерінің зәрулігін сезінді. Пластикалық батареялардан су ағады, гипсокартонды қабырғаның дыбыс изоляциясы нашар, төбелік плитка және тартылған төбе де жақсы емес. Енді темір батарея, кірпішті қабырға, ағаш терезе мен есік қайтадан пайдаға, іске асып жатыр.

Тұрғындық ғимаратты қайта жоспарлаудағы жұмыс мерзімі мен құны 

Атауы

Мерзімі

Орындаушы

Қажетті құжаттар

Құны

1

Тұрғындық ғимаратты қайта жоспарлауға рұқсатнама

15 күнге дейін

«Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-і

Арыз, өзгертілген объектіге және нотариалды куәландырылған көршілердің келісіміне оның құқық белгілеуші құжаттарының көшірмесі

Тегін

2

Қайта жоспарлаудың
жобасын жасау

1­2 күн

Лицензияланған қала сәулетшісі

Өзгерілетін объектіге құқық белгілеуші құжат,  техпаспорт

5000 теңгеден

3

Қайта жоспарлаудың жобасын жасауда қала сәулетшісімен келісу

5 күннен

«Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қайта жоспарлау жобасының техпаспорты (көшірме, түпнұсқа)  (3 дана)

Тегін

4

Жаңа техпаспортты жасау

3 күннен

«Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКМ облыс бойынша (ТҚО)

Өзгерілетін объектіге құқық белгілеуші құжат, жеке куәлік, жобаның көшірмесі,

от 5000 тг

5

Ауыстырылған объектінің пайдалануға берілу актісін алу

30 күнге дейін

«Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Арыз, жеке куәлік

Тегін

6

Сәйкестендіру сипаттамасының өзгерісін тіркеу

5 күннен

ТҚО

Пәтерді иелену туралы құжаттар,  техпаспорт, жеке куәлік, қайта жоспарлаудың жобасы

400 тг

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Қайта жобалау, қайта құру және тұрғын үй қорынан пәтерді шығару

Пәтердi сатар алдында немесе жалға берерде жөндеу жасауға тұра ма?

Пәтерден пәтерiге көшу

kn.kz
>
Статьи