Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

«Қолжетімді тұрғын үй-2020»: кім мемлекеттен пәтер алады?

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша пәтерлерге бәсекелестік өсе ме, әлде жоқ па? Жаңа шаршы метрлерді жүзеге асыру механизмдері енді қандай болмақшы?

ТҚЖҚБ-не қаражат жинауды бастағандармен не болады, ол, бірақ, жаңа талаптарға сай келмейді ме? Бұл бағдарламаға өзгеріс қабылданған соң, бүгінде қазақстандықтардың  қоятын сұрақтарының бір бөлігі. 

Бағдарлама адамдарды қалай бөлді?

Бағдарламаны жүзеге асырумен әкімдікпен қоса тағы да үш оператор:  «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (ТҮҚЖБ) АҚ-ы да, «ИҰ «Казақстан ипотекалық компаниясы» (ҚИК) АҚ-ы және де «Жылжымайтын мүлік қоры «Самрұқ-Қазына» (С-Қ) АҚ-ы шұғылданатын болады. Бұл жерде жағдай бұрынғыша. Тек қана ең бір бастысы, адамдардың үш топқа бөлінуі. Бағдарламадағы артықшылық бірінші дәрежедегі адамдарға айқын беріледі.

I топтағы тұлға (ол ең бастысы да). Оған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабында (1 бөлім, 1-1, 2,3 бөлігі) дәл көрсетілгендер жатады. Атап айтсақ: жетім балалар және ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскерилер, ғарышкерлікке кандидаттар және де ғарышкерлер, мемлекеттік органдардың арнайы ас мамандары мен мемлекеттік сайлау қызметімен шұғылданатын тұлғалар.

Сонымен қатар I топқа халықтың әлеуметтік әлсіздеу тобына жататын азаматтар енгізілген: мүгедектікке тең тұлғалар және Ұлы Отан соғысына қатысушылар; I және II топтағы мүгедектер; мүгедек балалары барлар мен оларды тәрбиелеуші жанұялар; кейбір созылмалы аурудың ауыр формасымен зардап шеккендер; ҚР Үкіметінің бекітуімен тізімге іліккендер; жастарына сай зейнеткерлер, оралмандар, күтпеген жерден орын алатын экологиялық апаттың, табиғи мен техногендік сипаттағы ТЖ-дың нәтижесінде баспанадан, өзінің үйінен айырылып, азап тартқан тұлғалар; көп балалы отбасылар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемені жан-жақты орындау барысында, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды жүзеге асыру мен тиянақты дайындық кезінде, адам өмірін сақтауда, құқық тәртібін күзетуде қаза болған (қайтыс болған) тұлғалар, толыққанды емес жанұялар.

Бірінші бөлімге байланысты көптеген қазақстандықтардың арасында сұрақтар туындайды. Мысалы, неге мемлекеттік қызметкерлер мүгедектер мен жетімдерге теңестірілген? Ал, Мәжіліс депутаттары (мемлекеттік сайлау қызметімен айналысатындарды қр.), неге зейнеткерлермен және көп балалы жанұялармен қатар? Қоғамның әлеуметтік осал мүшелері қалай өздерінің төлем қабілеттіліктерін жан-жақты, сенімді көрсетеді, дәлелдейді, олар сол мемлекеттік қызметкерлердің табыстарына «жете ала ма?»

II топтағы тұлға. Барлық дәреже шектеусіз.

III топтағы тұлға. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банк» бағыты бойынша «Тұрғын үй жас отбасылары үшін» бағытына нақтылы жататындар. Мұндай талапкерлер келесі талаптарға сәйкес болулары керек: жас отбасы екі жылдан кем тұрмауы тиіс, екі жұбайдың жастары 29-ға жетпеуі керек (бағдарламаға қатысуға арызды берген уақытта), сонымен қатар толыққанды емес жанұя, баланы (нәрестені) жасы 29-ға толмаған ата-ананың бірі тәрбиелеп жатса, сонымен бірге ажырасқан немесе күйеуінен жесір қалғандар. 

Бағдарлама туралы толық мағлұмат жазылған осы құжатты Интернеттен оңай табуға болады. Мұнда көрсетілген кесте ең негізгі деген ерекшеліктерді айшықтап, бағдарламаның бөлімдерін шатастырмауға көмектеседі. (1 кесте). 

Өзгерістердің ең бастысының бірі адамдардың нақтылы үш топқа бөлінуіне қатысты, бағдарламадағы артықшылық бірінші дәрежедегі азаматтарға беріледі. 

«Тұрын үй құрылыс жинақ банктен» түсініктеме

Кейбіреулер жаңаша бағдарламадағы басымдылық дұрыс қойылған деп санайды. Тіпті бұның ертеректе жасалмағанына өкініш білдіретіндер де бар екен. Мысалы, бағдарламадағы басты орынды қорғалмаған тұрғындардың осал тобы, кедей тобы алады. Бір жақсы жері аталған бағдарламаның бір бағыты бойынша қатысуға болатындығы. 

Көпшілік сынға да кәдімгідей ұшырап жатыр. Мысалы, ТҮҚЖБ-нің бағыты бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің жартысын мемлекет енді өзінің қажеттеріне жаратады екен деген айтылуда. Үш жылда (2015 жылға дейін) Астанада банктің бағытымен 1500 пәтер тапсыру жоспарланған. Бұрын оған бар дәрежедегілер ниет ете алатын. Енді олардың дәл 50 %-н (кестені қр.) бюджеттегілер, мемлекеттік қызметкерлер, мүгедектер және т.б. үшін әкімдік алады. Бұл тізімде жоқтар қалған пәтер үшін барын салып «күреседі».

Егер де талапкер Астанадан немесе Алматыдан пәтерлерді алғысы келсе, міндетті екі жылдық тіркелім бойынша талап біршама көңіл толмаушылық тудырады. Біреулер сенімді: қос астанада енді жалған тіркелімге сұраныс көбейеді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бостан-босқа қаражат, ақшалар жинағанын, қазіргі бағдарламаның шарттарымен бұған ешқашан да кіре алмайтынын айтатындар да бар.

Ипотека бойынша қарыздар: не істеу керек?>>>

ТҮҚЖБ-нің баспасөз-хатшысы Наталья Ковалева банктің арнайы бағытын былай білдірді:

— «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшыларының арасында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына қатысушылардың жалпы кезегі жоқ. Осы бағдарламаға қатысуға ынта-ниет туралы арыз нақты тұрғын үй немесе кешен бойынша қабылданады. Тиісті хабарландыру шыққаннан әдетте мұндай арыз екі айдың көлемінде қабылданады. Кейбір аймақтарда сұраныс соншалықты жеткілікті екені байқалады, ал, кейбір жерлерде ол тым жоғары да емес. Бұл негізі меншікті тұрғын үйдің нақты табыс, кіріс, пайда көзін талап ететін соншалықты қымбаттылығына тығыз байланысты. 

2014 жылғы 31 наурыздан бағдарламадағы жаңаша өзгерістерге сәйкес келешекте «Тұрғын үй барлық тұрғындардың категориясы үшін» бағыты бойынша енді салынып жатқан тұрғын үйдегі пәтерлердің 50 %-ы жергілікті атқару органдарының (ЖАО) кезекте тұрғандардың арасында ғана жүзеге асырылады. Сондықтан банктің қалған клиенттері үшін тұрғын үй 2 есе кем болады және сұраныстар молаяды. Алайда, бағдарламаға қатысушыларға талаптардың біршама өзгергенін естен шығармаған абзал. Дәлірек айтсақ, бұл соңғы 5 жылда тұрғын үйдің болмауы, Астана мен Алматы қалаларында тұрғын үйді иелену үшін — сонымен қатар соңғы 2 жылда аталған қалаларда тұру мүмкіндігінің азаюы.

Демек, орасан күшейген талап енді талапкерлердің көп бөлігін «жұлып тастайды». Осыған да байланысты ТҮҚЖБ-де салымшылардың арасында бәсекелестік туралы айтылу заңдылық деп те саналады. Бұған қоса көптеген банктің клиенттері әкімдіктегі кезекте тұрушылар болып табылады.

— Бағдарламаның жаңаша талаптарына сәйкес және де сай келетін және бағдарламаның аясында тұрғын үйді иеленгісі келетіндер оларды қабылдау кезінде арызды берулері керек.  Ол үшін, баллды көп те алып, артықшылыққа ие болу үшін тұрғынүйқұрылысжинақ туралы шартты жасасып, ақша салуды бастау қажет. Қаражатты ойдағыдай соншалықты мол жинау үйді иеленуге және несие бойынша әрі қарай ақыны төлеуге мүмкіндікті көбейтеді. 

Астанадағы құрылыс дүмпуі: сан немесе сапа ма?>>> 

Банктің басшылығы енді жаңа шарттарға сәйкес және сай да келмейтін салымшылардың пайда болуын жоққа шығармайды. Мұндай клиенттерде таңдау көп болмайды: болмаса өзінің депозитін жабады, болмаса ТҮҚЖБ-і арқылы коммерциялық тұрғын үйді сатып алады да. Соңғы нұсқа көп ақша салуға тура келетінін білдіреді.

— Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің тұрғын үйлік қарыздары бойынша сыйақылық ставкалары теңгелей жылдық 3,5-ден 5%-ға дейін құрайды және ешқандай факторларға тәуелді болмайды да, — дейді Наталья Ковалева. — Біздің клиенттердің жинақтау жиынтығы олар үшін қолжетімді ниетті тұрғын үй болып табылады, ипотека арқылы несиелеудің өзге нұсқасында қолжетімсіз. Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің нарығы тек «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасымен дамымайды. Құрылыс компаниясы Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің клиенттері сияқты осындай төлемге қабілетті сатып алушыларды табу үшін бар күштерін салады. ТҮҚЖБ-і сонымен бірге түрлі бағыт бойынша құрылыс компанияларымен ынтымақтастықты өз беттерінше белсенді түрде өсіреді.

Банк клиенттерінің көп бөлігі бағдарламаның қатысушылары болып та саналмайды. Яғни, тұрғын үйді «нарықтан» сатып алады. Бұған қарамастан қарыздарды қайтарудың мыңдаған фактілері тұрғындар қолжетімді екендігін сеніммен айтады басшылық. 

Бағдарлама бойынша әрбір үйдің құрылысы басталар алдында әкімдік пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі құжаттарға қол қояды, онда олардың арасындағы пәтерлерді бөлу тәртібі айқын, анық көрсетіледі. «Тұрғын үй тұрғындардың барлық категориясы үшін» бағыты бойынша пәтерлер тең, бірдей бөлінуі тиіс. Бағдарламада олардың тең болуы нақты көрсетілген. Егер пәтерлердің тақтық саны орын алса, қалғандары ТҮҚЖБ-не жүктеледі. 

— Бағдарламаның жаңа шарттары бойынша ешқандай шатасушылық болмайды, — дейді сенімді түрде Наталья Ковалева. — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі менен жергілікті атқару органдарының арасында қажетті ақпараттардың алмасуы және бар мәселе бойынша өзара істер жүзеге асырылады. 

50% пәтер «Тұрғын үй барлық тұрғындардың категориясы үшін» бағыты бойынша ЖАО ыкезекте тұрғандар арасында жүзеге асырылады 

Әкімдікке сенуге бола ма?

Егер кестені тиянақты қараса (немесе бағдарламаны оқыса) құрылысы салынып жатқан тұрғын үйдің 90%-ның енді жергілікті атқару органдары арқылы бөлінетіндігін аңғару қиын емес. Халық мұндай қадамға, жұмсартып айтқанда, көңілдері толмайды. Бұрындары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкке қырын қарайтұғын, енді әкімдіктің «таңдаған» тізіміне ешқашан кірмейтінінде.

Пәтерлерді бөлуде әділдік салтанат құру үшін не істеу керектігін ҚР аймақтық дамыту Министрлігінің сәулет, қала құрылысы және де құрылыс Департаменті қаржылық институттарымен іс-жұмыс және құрылыс басқармасының басшысы Бақытжан Качаков терең де түсінікті етіп, ел-жұртқа әңгімелейді:

— Біріншіден, әкімдіктер жеке интернет-ресурстарында талапкерлердің қалыптасқан тізімдерін бекітілген уақыттан бастап, 5 жұмыс күнінің ішінде жариялаулары керек. Мұнда таңдаудың ерекшелігі көрсетіледі: арыз берудің уақыты, баллдардың болуы, бағдарламаға қатысушылардың нақ дәрежесі. Екіншіден, осы тізімге кіру туралы шешім тұрғын үй комиссиясының артық дауысымен анықталады. Тұрғын үй комиссиясының дауыс беруі ТҮҚЖБ-нің бағытымен  «Тұрғын үй жас отбасылары үшін» бағытына қатысушылардың тең болған жағдайда және «Тұрғын үй АҚ «ҚИК» бағытына қатысушылардың жұмыс өтілі тең болған жағдайда өткір. Бағдарламаға барлық қатысушылар үшін маңыздысы оның жеткілікті төлемге қабілеттілігі болып табылады.

— Тұрғын үйге талапкерлердің саны пәтерлердің санына теңестіріледі. Қандай да қосымша кезектілік ұсынылмайды, — деп түсіндіреді Бақытжан Качаков. — Қатысушылардың төлемге қабілеттілігін оператор анықтайды (ТҮҚЖБ-і, ҚИК немесе С-Қ). Егер де ол тым жеткіліксіздеу болса, әкімдік қолжетімді тұрғын үйге басқа біреуді жібереді.

Әкімдіктердің тұрғын үйді бөлуін аймақтық дамыту Министрлігінде, керісінше, қабылданған өзгерістердің маңыздысы деп атауда. Жергілікті атқару органдары бағдарламаның барлық бағыттары бойынша  мониторингді жан-жақты жүзеге асырады.

— Яғни, егер бір тұлғаның I, II және III топта бірдей тұрғын үйді алуға талапкерлердің тізіміне кіру фактісі анықталса, аталған тұлға бағдарламаның талаптарына сәйкес және сай тізімнің біреуінен алынып тасталады, — деп нақты қорытындылайды Бақытжан Качаков.

ТҮҚЖБ-нің бағыты бойынша нақ 4 класты жайлылықтағы тұрғын үй Атырау, Өскемен, Ақтау қалаларында бір шаршы метрі 100 мың теңге, ал, қалған аймақтарда — 90 мың теңге,  Астана мен Алматыда — 120 мың теңге тұрады.

ҚИК бағытымен Атырау, Өскемен, Ақтау 4 класты жайлылықтағы тұрғын үй — 115 мың теңге, ал, қалған аймақтарда — 110 мың теңге, Астана мен Алматыда — 120 мың теңге болады.

«Самрұқ-Қазына» бағыты, бойынша аймақ дамыту Министрлігінде, тікелей сатудың базалық бағасы бірінші жылда Астанада, Алматыда, Атырауда, Ақтауда 180 мың теңгеден, олардың қалашықтарында, еліміздің басқа аймақтарында — 144 мың теңгеден аспайды.

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» өзгертілген бағдарламасының негізгі аспектілері

ТҮҚЖБ-ніңтұрғынүйіекібағытбойыншабөлінеді: «Тұрғындардыңбарлықкатегорияларыүшінтұрғынүй»және«Жасжанұяларүшінтұрғынүй»

Қазақстандық
ипотекалы
қкомпаниясы

«Самрұқ-Қазына»жылжымайтын
мүлікқоры

I топ

II топ

III топ

I топ

II топ

I топ

Қандай
ба
ғытқатопқатыса
алады

«Тұрғындардың барлық категориялары үшін тұрғын үй»

«Тұрғындардың
барлық категориялары
үшін тұрғын үй»

«Жас жанұялар үшін тұрғын үй».

«ИҰ «ҚИК»
АҚ-ның
тұрғын үйі

Барлық категориядағы тұлғалар қатыса алады, бірақ, басымдылық танытатындар: мемлекеттік заңды тұлғалар, меншіктің кез келген формасындағы мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысшылары, мынадай қызмет саласындағылар:   косметологиялықты қоспағанда, медициналық қызмет, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, білім беру саласында; ғылым, спорт саласындағы қызмет (спорттық-көрермендік коммерциялық сипаттағы іс-шаралардан басқасы), мәдениет пен өнер (шоу-бизнесті алып тастағанда).

«ЖҚ
«Самрұқ-Қазына»
АҚ-ның тұрғын үйі

Тұрғынүйдіжүзегеасырутәсілдері

Тұрғынүйқұрылыс жинағы жүйесі арқылы меншікке сатып алу үшін немесе әрі қарай сатып алумен жалға беру

Тұрғынүйқұрылысжинағы
жүйесі арқылы әрі қарай
сатып алумен жалға беру

«ИҰ «ҚИК» АҚ-ның шарттарына сәйкес
жалдың мерзімінің бітуіне байланысты
әрі қарай сатып алумен жалға беру

Өзінің қаражатының есебінен меншікке сатып алу, тұрғынүйқұрылысжинағы жүйесі, екінші дәрежедегі банктердің несиелері немесе жалдың мерзімінің бітуіне байланысты әрі қарай сатып алумен жалға беру, болмаса жылжымайтын мүлік қорының шарттарына сәйкес мерзімінен бұрын сатып алу жағдайында

Бағдарламағақатысушыларғаталаптар

Төлемге қабілетті растау

ҚР азаматтығын немесе оралман мәртебесін алу, соңғы екі жыл ішінде Астана мен Алматыда тіркелімде болу,  аталған қалаларда тұрғын үйді алуға талаптанған жағдайда. Жанұя мүшелерінің тұрғын үйі болмауы, ауыстыру, сату (сыйақы және т.б.) жолымен соңғы 5 жыл ішінде өзінің тұрғын үйін қасақана төмендету фактілерінің жоқ болуы. Төлемге қабілеттілікті растау.

ҚР азаматтығын немесе оралман мәртебесін алу, соңғы екі жыл ішінде Астана мен Алматыда тіркелімде болу,  аталған қалаларда тұрғын үйді алуға ынталы болған жағдайда.  Басқа аймақтар бойынша қатысушы тұрғын үйді алуға ынталы болған елдімекенде тіркелімде болу. Жанұя мүшелерінің тұрғын үйі болмауы, ауыстыру, сату (сыйақы және т.б.) жолымен соңғы 5 жыл ішінде өзінің тұрғын үйін қасақана төмендету фактілерінің жоқ болуы. Төлемге қабілеттілікті растау.

Төлемге қабілеттілікті растау

Қр азаматығын немесе оралман мәртебесін алу, соңғы екі жыл ішінде Астана мен Алматыда тіркелімде болу, аталған қалаларда тұрғын үйді алуға ынталы болған жағдайда. Басқа аймақтар бойынша қатысушы тұрғын үйді алуға ынталы болған елдімекенде тіркелімде болу. Жанұя мүшелерінің тұрғын үйі болмауы, ауыстыру, сату (сыйақы және т.б.) жолымен соңғы 5 жыл ішінде өзінің тұрғын үйін қасақана төмендету фактілерінің жоқ болуы. Төлемге қабілеттілікті растау. 

Төлемге қабілеттілікті растау, болмаса өзінің жеке немесе қарыздық қаражат есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын болу.

Топ бойынша салынғантұрғынүйдіпайыздықбөлу

50%

50%

70%

30%

100%

Қатысушылардың арасында тұрғынүйдібөлуменкімайналысады

Әкімдік

Бұрынғы жүйе бойынша баллдарды беру ТҮҚЖБ

Әкімдік

Әкімдік

Әкімдік

Әкімдік

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз: 

Жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ақша беруді қауіпсіз тәсілдері

Бөліп-бөліп төлеудегі тұрғын үй: тәуекелділік және қолайлылық

Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер

kn.kz
>
Статьи