Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Пәтерді таңдау бойынша тәжірибелік кеңестер

Пәтерді қалай таңдау туралы кеңестер негізінен әдетте тұратын ауданды, үйдің түрін (панелді, кірпішті), пәтердің көлемін дәл анықтаудан басталады. Осынау параметрлер әлдеқашан стандартты болады және ол иеленушілердің көпшілігіне белгілі. Бұл мақалада пәтерді таңдаудағы басқа да ерекшеліктер туралы, сонымен қатар қайта тұруға болатын бірсарындылық туралы әңгіме қозғалады. 

Тұрғын үйді өзіне қалай таңдауға болады? Адам басында бірден керемет пәтерлердің суреттері орнығады. Бірақ, оның төңірегінде не болып жатқаны көбінесе мол маңызға ие болады. Мысалы, үйде немесе жақын орналасқан кафе. Әсіресе, жаздық алаңшалар: музыкамен, қым-қиғаш шумен, терезе астындағы ойбайшы компаниялармен сіз қамтамасыз етілесіз. Бұл жағдайда пәтердің қаланың ортасында, жақсы үйде болғаны мәнсіз. Саудалық мақсатқа қайта жабдықталған жертөле туралы да осыны айту керек. Ойын және тренажерлық залдар, сауналар, кафелер — бұндай объектілердің үйде бар-жоғын тексеріңіз.

Пәтерді таңдағанда, көршілерге баса көңіл бөліңіздер. Өкінішке орай, тәуір, жақсы көршілердің басқа жаққа көшіп кетпеуіне кепілдік жоқ. Бірақ, тұрғын үйді алаңғасарлармен қатар алуға тұрмайды. 

Соныменқатарауданныңэкологиясымаңызды: жақынжердеөндірістікмекеменің, ауладакөліктұрағының, сасықгазыбаркөліктеріментасжолдыңболмауы, тазаауағатолыкөгалдыңболуы.

Жаңа құрылыс — әрқашан әсерлі

Әрине, жаңа — әрқашан әсерлі. Бұл және тап-таза кіреберістер және еңселі төбелер, және жұмыс істейтін  лифтілер. Алайда, алғашқы уақытта күрделі жөндеу жүргізудің болмай қалатынына сақадай дайын болған абзал. Үй ағаштың жанында болса, әдемі сылаққа жарықшақ түседі. Сонымен қатар алғашқы жылы мазасыздық орын алады: себебі, бар тұрғындар (біреу ерте, біреу кеш) жөндеу жүргізеді.

Тағы бір қомақты мәселе көптеген жаңа құрылыстарға қатысты: сол қабырғалар тіреуіш бола алмаса, онда гипсокартоннан жасалады. Нәтижелер көрсеткендей — керемет есіту бар. Жаңа құрылысқа түпкілікті қарсылар 80-жылдардағы үйлерден пәтер иелену нұсқаларын нақты қарастырады. Қызмет мерзімі оларда үлкен емес, «хрущевкаларда» жобалау тым қолайлы. Жақсы тұстарға қолданыстағы коммуникацияларды қосуға әбден болады. Жаңа құрылыстағыдан айырмашылығы, кейде тұрғындар құрылыс салушыларды үй-жайлық қызмет балансындағы үйлерді қоюмен шұғылдануға немесе жетпейтін желілерді өздерінің салуына жан-жақты мәжбүрлейді.

Жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық: көп тараған желілер>>>

Соңғы қабаттардың жақсы және жаман тұстары

Бұл пәтер таңдаудағы ескірген және қатып қалған бірсарындылық болып табылады. Қарсылардың ең бірінші сылтауы, — төбеден су ағуы ықтимал. Егер үйді жауапкершілігі жоқ ПИК-і басқарған жағдайда бұл шешілмейтін мәселе. Қысқасы, пәтерді таңдау кезде осынау фактіні есте мықтап, қатты ұстаңыз. Өйткені, тамаша үйдің өзі кәсіби бақылауды қажет етеді, керек етеді. Сондықтан ПИК-нің қызметі — тұрғын үйді таңдауға ықпал жасайтын ақырғы фактор емес.

Сонымен, соңғы қабаттағы пәтерлердің атап өтетін қандай жақсы тұсы бар? Тап-таза сатылық алаңша, бұл жерлерде олай-бұлай өтетіндер тым аз. Соңғы қабаттағы пәтерлердің иелерін төбелерінен ешкім зіркілдерді салып ешқашан да дүрсілдетпейді. Жоғары қабаттағылар терезеден төңіректі анық көреді. Сонымен қатар төмендегі тұрғындар ертең-ақ терезелерінің алдынан біреудің мини-маркет салатынынан сақтандырылмаған. Саудалық объекті сыртты жалпы жауып тастайды, бөлме қараңғы болады. Мұндай мысал қалада жетіп артылады. 

Жоғары қабаттардың жақсы тұсына айқайдың және газдың жетпейтіні жатады. Жазда үйдің төбесі айтарлықтай қызады, сондықтан ондай пәтердің жоғары жағы тымырсық, ыстық болады. Мұндай жағдайда үйді техникалық қабатпен алуға ақыл-кеңестер беріледі. Оны соңғы қабаттағы терезелер мен шатырдың арасындағы қуыстың бар-жоғымен анықтау қажет. 

Жаман тұсына жоғары қабаттарға (әсіресе, тоғыз және одан да көп) судың нашар баратын фактісін жатқызуға болады. Пәтерді қараған уақытта судың күшін байқау керек. Расында, күннің нақтылы бір кезінде кешкі он бірден кейін су болмай қалады. Тағы да көршілер көмекке келеді: олардан судың келуіндегі үзіліс жиі болатынын анықтап білу керек. Сонымен қатар мұндай проблемалар тек қана жоғары қабатқа қатысты емес. Мәселен, бес қабатты бау-бақшаны суғаратұғын жеке сектормен қатар орналасты делік. Жазда күндізгі мезгілде төменгі қабаттарда да су болмай қалады.

Мамандар лифтінің шахтасына жақындау тұрғын үйді алмауға кеңес береді. Болмаса даңғазаға, есіктер мен аяқтардың тарсылына шыдауға тура келеді. Сондықтан бүгінде жаңа құрылыстағы сатуға сай жарнамаларда «шусыз лифтілер» деп көрсетіледі

Екі бөлмелі пәтерді сатып алғанда, бөлменің біреуі көршінікімен аралас болмаса жақсы, керемет. Сізді тіреуішсіз қабырға бөліп тұрмаса, бір бөлмелі пәтер тәуір. Пәтердің дәлме-дәл жоспарында ол ең қалың болып нақтыланып, тиянақтыланып көрсетілген.

Бұрыштағы пәтерді сатып алмаңыз

Терезенің сол жаққа қарауы — бұл мәңгілік қараңғылық, ал, терезенің оң жақта болуы — жазда шақырайған күн түседі, одан жасырына алмайсыз, әрдайым бөлмеде өте тымырсық. Шығыс жақты (күннің бірінші жартысында ғана күн) немесе батысты (күннің екінші жартысында күн) алуға кеңес беріледі. Бірақ, көпшілік бұған еш келіспейді. Өйткені, көп жағдайда түстен кейін қатты қызып кетеді, аптап қайнаған атмосфера терезелері батыс жақтағы пәтерлерде болады. 

Әзірге ешкім дау туғызбайтын мәселе — бұрыштағы пәтерлерді сатып алмау. Тіпті қыста қалың қабырғалардың өзі қатып қалып жатады. Бүгінде құрылыс материалдары үнемделіп жатқанын ескерсек, бұрыштағы бөлменің суық болатынын болжауға болады. 

Сезімталдылыққа құлақ түріңіз

Тұрғын үйді таңдар кезде барлық бұрыштарды тиянақты қарап шығуға қысылмаңыз. Пәтерде барлығының жаңа болуы міндетті емес (сантехника, есіктер, терезелер), үйлесімді болса жеткілікті. Есік сықырламасын, құлып қажалмасын, ал, терезелер тығыз жабылуы тиіс. Құбырларды тексеріңіз: егер оларды тот басып кетсе, жаңа сырлаудан кейін де байқалып тұрады. Сізге оның орналасуы, жобасы ұнауы мүмкін, кей кемшілікке қарамай келісуге дайынсыз. Бірақ, ақаудың үйдің құнын түсіретінін сіз білуіңіз керек.

Жағымсыз иістерге мұрныңызды мықтап нақты тосыңыз (ылғалдылық, канализация). Бұл үйде барлығы орнында емес дегенді білдіреді.

Алайда, психологтар мен риелторлардың беретін ең басты кеңестері — пәтерді таңдау кезінде өзіңіздің жеке сезінуіңізге құлақ түріңіз. Егер де бәрі керемет, жақсы, бірақ, өзіңіздің іштей қарсылығыңызды сезінсеңіз, оғанқолыңыздыбірсілтемеңіз. Пәтер қараудағы кестеңізге қысқа мерзімді үзіліс берсеңіз, ол ойыңызды түйіндеп, дұрыс шешім қабылдауыңызға көмектеседі.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Риелторлық агенттікті қалай таңдауға болады

Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер

kn.kz
>
Статьи