Ипотеканы ресімдеместен бұрын оның берілу шарттарын ғана біліп қою маңызды емес. Сонымен қатар егер де сіз ай сайынғы жарнапұлды кенеттен төлей алмай қалсаңыз, банктің қалай әрекет жасайтынын нақты анықтаған да дұрыс. Сеніңіз, банктің клиентпен тіл табысуы да мәнді, мерзімі өткенге қолайлы айыппұлдың мағынасы қарызды ұсыну пайызынан кем емес.
Егер де сіз ипотека бойынша қарыздар болып қалсаңыз — банктен еш жасырынбаңыз. Бұл тек қаржылық құрылымның қызметкерлері ғана емес, ипотекашыларды қорғайтындардың — түрлі қоғамдық ұйымдардың да қайталай беретін ең басты ақылы.
— Адам өзінің телефон нөмірлерін жиі-жиі өзгертеді, өз проблемаларымен «бұрышқа тығылып жүреді». Сөйтіп, ол жағдайды шиеленістіріп жібереді. 2008 жылы біз бұдан өттік: қорқыныш, таңдану, шаршау. Енді біз сезімге берілмеуге кеңес айтамыз, әңгімелесу керек! — дейді борышкерлерге «Оставим народу жилье» ОҰ басқармасының мүшесі Лариса Бояр.
Әдетте қарыз алушы онда проблемалар туындайтынын алдын ала сезеді. Көбінесе мерзімі өткен ипотека бойынша қарыздар жұмыстан айырылудан басталады, жұмыс беруші бұны ертерек ескертеді. Мұндай жағдайда дұрысы банк-кредитордың менеджеріне уақыт өткізбей, тезірек жүгініп, проблеманы көрсеткен жазбаша арызды ресімдеу керек.
Берешектің мерзімі өтудегі бірінші күндері
Банктің тарапынан әрекет жасау әдістері берешектің мерзімі мен сомасы тым ұлғайғанда күшейе түседі. Клиент қарызды өндірудің қандай кезеңінен өтетінін, нені қолдануға болатынын MOVING компаниясының заңдылық қызметінің басшысы Ерлан Рахимов әңгімелейді. Юристің жұмыс тәжірибесі бойынша банкпен шартқа қол қоятын тұстың кезеңінде адамдар кеңес сұрамайды екен:
— Мұндай жағдайда банк монополист ретінде емін-еркін жұмыс жасайды. Егер шартта бір нәрсе ұнамай қалса — мархабат, басқа банкке барыңыз. Бұл жерде өзіңіздің еркіңізді білдіру ақылға қонымсыз екенін барлығы түсінеді. Тығырыққа тірелгенде, бұл мәселемен бізге жүгінеді: берешектің мерзімі өтуі, пәтер саудаға салынғанда және тағы басқалар.
Білгір юристің көмегінің арқасында аз шығынмен қиындықтарды жеңуге болады: банкке хатты сауатты жазу немесе сотта тәртіптің дұрыс бағытын ұстану. Оның үстіне банктердің өздері де тұрғындарды үйден шығаруға және жағымсыз пікірлерге емес, оңғарылған абыройға мүдделілік танытады. Бірақ, бұл қарыздарды қайтару үшін барлық мүмкін болар әдістерді қаржылық құрылымдардың пайдалануына ешқашан кедергі жасамайды. Юрист Ерлан Рахимовтың айтуынша, жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп сату жиі кездеседі екен — шамамен 100-ден 20 жағдайда.
Банктің қызметкерлері егер кезекті ай сайынғы жарнапұл төлемі бір күнге кешіксе де, клиентке телефон шала бастайды. Осынау кезеңде бұның себебі айтарлықтай емес. Мысалы, жалақы төлемі аздап кеш беріледі. Егер бірінші қоңыраудан кейін бірнеше күн бойында ақша банкке түспесе, борышкермен «проблемашылар» деп аталатындар — проблемалы клиенттермен жұмыс бойынша іскер мамандар білек сыбана жан-жақты шұғылдана бастайды.
Кейде осы тынымсыз қоңыраудың «жалықтырғанын» айтқан шағымдарды адамдардан есітуге болады. Бұл кезеңде банк қызметкерлерінің өжеттігі жөн: кейін қордаланған қарыз проблемасымен айқасқанша, бірден істі шешеді.
Ерлан Рахимов банк соғатын қоңыраулардың аяқталу, біту уақыты мен тазалығына сай мәселе заңнамамен ешқандай нақтылы реттелмегенін айтады. Мәселен, түнгі сағат үште.
— Менің жеке тәжірибемде мынадай оқиға болды: күн сайын неге екені белгісіз, дәл сағат 6.49-да маған банктен телефон шалынады: «Жайдарманды бола ма?». Мен Жайдарман емеспін және енді ешқашан мені мазаламауларын өтініп жауап бердім. Келесі күні басқа жігіт хабарласып тұр: «Жайдарманды бола ма?». Бұл әрбір таңда екі апта жалғасты. Жайдарман деген телефон бере салғанын, оның, өкінішке орай, менікі болғанын нақты түсіндім. Премьер-министрдің блогына шағым жаздым. Бес күн өткеннен кейін Алматыдағы бас офистен хабарласып, кешірім сұрады, мәліметтер қорынан телефонымның біржола тып-типыл алынғанын айтты.
Міндеттемені орындамау туралы хабарлама келгенде
Егер де адам жарнапұлды бір айдың көлемінде төлей алмаса, онда ақша мәселесінде айтарлықтай қиындық туындағанын аңғаруға болады. Клиенттер көбінесе жалақысында күрделілік орын алғанда немесе денсаулығы сыр бергенде уақытылы төлем жасай алмайды. Кейбіреулер жеке қателіктерімен ойын жүзеге асыра алмайды. Басқалардікіндей біздің елімізде де кепілсіз несиелер қолжетімді. Несиелік тәуелділік деген түсінік пайда болды. Бұны психологтар алкоголизм мен құмарлыққа сенімді түрде теңестіреді.
Мұндай тәуелділікті үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен күшіне енген Ұлттық банктің қаулысы аздап шектейді. Енді жергілікті банктер егер де жаңадан ай сайынғы төлем ертеде, бұрын берілген несие клиенттің орташа табысынан 50% артықтау болса, әдеттегідей қарыз беруде әлеуетті қарыз алушылардан түпкілікті бас тартады.
Яғни, егер де клиентте жалақысының жартысын немесе одан да көп бөлігін алатын ипотека болса, онда ол кепілсіз несиені ресімдей алмайды.
«Обеспечьте народ жильем» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сұлубике Жаксылыкованың айтуынша, банктің қарыздарды өндіру рәсімін бастағанына толықтай төрт ай өтуі тиіс екен.
— Банк ең алдыменен міндеттемені орындамау туралы № 1 хабарламаны жолдайды, — деп тиянақты тың әңгіме өрбітеді қоғамшыл, — хабарламаны алғаннан кейін 30 күннің ішінде ерікті түрде қарыз толықтай жабылуы керек. Болмаса банк кепілдегі мүлікті соттан тыс жүзеге асыру құқын сенімді түрде өз қажетіне пайдалана алады.
Алайда, ең маңызды мынадай мәселеге баса ынтамен назар аудару қажет: клиент міндеттемені орындамау туралы хабарламаны алған уақытта ол ТҚО арқылы тіркелуден өтуі тиіс. Болмаса банк тұрғын үйді соттан тыс жүзеге асыру рәсімін ешқашан бастай алмайды. Мұндай рәсімсіз хабарлама ескерту сипаттамасына ие болады, яғни, пәтердің саудаға қойылуымен қорқытылады. Ал, құжаттар тіркеуден өтсе, банктің ниеті-тілегі орындалады: егер 30 күннің ішінде қарыз толық төленбесе, жылжымайтын мүлік құрдымға кетеді.
Кез келген тығырықтан шығудың тура жолы — банкпен тіл табысу екенін ешқашан ұмытпаған абзал. Келіссөздердің процесі қандай қиын болса да, оны осылай міндетті түрде жасау керек. Үлкен ұйыммен қарсыласқанша, әрдайым проблеманы сауатты шешкен пайдалы. Бірақ та қорғанудың өзіндік тәсілдері болады.
«Обеспечьте народ жильем» ОҰ-ның басшысы Сұлубике Жаксылыкова қарыз алушы мүлікті соттан тыс жүзеге асырудан бас тарту туралы арызды заңды түрде ТҚО-на жаза алады. №1-інші хабарламаны (егер де ол ТҚО-да сонымен қатар тіркеуден өтсе) уақытысында алғаннан кейін бірден бұны жасауы қажет. Расында да, «Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы» ҚР Заңында (24 бапта) «соттан тыс тәртіппен кепіл ұстаушының (бұл жағдайда банк) талаптарын кепілдегі мүлікті жан-жақты, тиянақты жүзеге асырудан ипотекалық тұрғындық қарыз бойынша кепіл берушінің (яғни, банктің клиенті) жазбаша бас тартуы болған уақытта қанағаттандыруға ешқашан да жол берілмейді».
— Өзінің тиісті міндеттемелерін орындамағандығы туралы адам банктен хабарлама алған сәтте, пәтердің саудаға қойылуы нақты әңгіме болғанда, ол ашудың үстінде төменгі қатаршаны жетік етіп оқымайды, — деп суреттейді борышкердің әдеттегі тәртібін қоғамшыл Лариса Бояр. — Банктер күндегідей хабарлманы алған уақыттан 25 күннің ішінде соттан тыс жүзеге асырудан борышкердің бас тартуға құқы бар дегенді соңында кішкентай әріптермен тиянақтап жазады.
Бас тартудың жазылуы банктің жеке шешімімен жылжымайтын мүлікті жүзеге асыра алмайтынын білдіреді. Бұл үшін алдымен қарыз алушыны сотқа беріп, сосын онда істі жеңіп шығуы керек.
MOVING заңдылық компаниясының маманы Ерлан Рахимов хабарламаны алғаннан соң, борышкердің өзінің сотқа жүгініп, бір жыл мерзімге дейін бұқаралық саудадан сатуды кейінге қалдыруды талап етуі керектігін айтады (Азаматтық Кодекс, 320 бап):
— Сізде түк ақша жоқ, ал, сіз өзіңіздің пәтеріңіздің жүзеге асырылғанын қалайсыз, балаларыңыз бар, ұзын сөздің қысқасы, барар жер, басар тауыңыз жоқ, жалғыз жол — бір жылға соттан тыс жүзеге асыруды кейінге қалдыру туралы өтінішпен сотқа жүгінесіз. Және кейінге қалдыру борышкердің ашу-ызасынан болған-болмағандығын білу керек. Қарыз өмірдегі қиындықтан орын алған: жұмыстан босатылған немесе жақын ағайын-туысының бірі қатты науқас. Біздерде қазіргі таңда тек қана МРТ (магниттік-резонанстық томография. — Авт.) тексерілуі 30 мың теңге тұрады. Жалпы, бізде форс-мажорлық жағдай қалыптасқан.
Егер де сіз бір жылдан соң, жинаған қарыздарды өтей алатыныңызды сотта дәлелдей алсаңыз жақсы. Талап арызда өтелмеген сома үшін кейінге қалдыру мерзімінде сізге өсімақы ілмеуді көрсетуді ұмытпаңыз.
Заң бойынша соттың араласуынсыз саудаға ипотеканың нысаны болып табылмайтын кепілдік мүлікті қоюға болмайды. Басқаша айтқанда, егер сіз несиеге пәтер алдыңыз, ал, кепілге оны емес, жер участогын немесе өзге мүліктерді қойдыңыз, оларды мәжбүрлі жүзеге асыру текқана сот арқылы болады.
25 жағдайда 100 ден жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп сату жиі кездеседі екен, деп есептейді Ерлан Рахимов
Қулықты жүріс
Хабарламаны алғанда, көңіл аударарлық бір маңызды, қызықты сәт бар. Мамандар егер қарызды өтеу шотына ең болмағанда 500 теңге салынса, банк сауданы өткізу үшін жаңаша құжат дайындауға міндетті екенін айтады. Өйткені, қарыздың сомасы өзгереді, демек, жаңадан хабарлама дайындалып, әзірленіп, ол клиентке жолдануы керек. Теориялық жағынан әрбір уақытта 2-5 мың теңгені толықтай төлеп, үздіксіз осындай іс-әрекетпен өзіңізден мол жағымсыздықты біртіндеп алып тастайсыз.
— Бұл мықты, күшті механизм, — деп түсінік береді Ерлан Рахимов, — бірақ, ол әлі іске аспаған. Оны ешкім жасамаған. Жол қозғалысының тәртібі қанменен, ал, барлық, бүкіл банктік келісімшарттар соттағы кемшіліктермен жазылған. Әрбір ұтылған сот — олар өздерінің келісімшарттарын жүзеге асырады.
Осындай қулық әлі күнге де дейін бар, бірақ, оны ешкім пайдасына жаратқан жоқ.
Егер банк сотқа талап арызды берсе де, бәрі бір азғантай төлемақымен мәселені өзгерте алмайды, сондықтан талаптардың мөлшерін өзгертуге болады.
Егер қарыз алушы үйде заңсыз қайта жабдықтау жасаса, банкте сонымен қатар оны сатуда күрделілік туындайды. Әрине, бұл жұмыс борышкердің проблемасын шешпейді, оны көбейтеді.
Сауданы өткізуден құтылуға болады
Сот ісінде банкті таза жеңу іс жүзінде тым мүмкін емес. Өйткені, клиент ипотекалық займның келісімшартына өзінің еркіменен қол қойды және оны тиянақты оқып шықты. Демек, шарттарды орындауға келісті. Бірақ, банктер басқа амалдары қалмағандықтан, борышкерді сотқа береді. Юрист Ерлан Рахимовтың айтуынша, қаржылық құрылымдар үшін сот екі түрлі себеппен өте тиімсіз: шығын шығады және уақыт кетеді.
Сотқа талап арызды берген кезде банк мемлекеттік бажды — талап арыз сомасынан 3%-ды төлеуі тиіс. Мысал үшін: Астанадағы қайталама нарықта пәтердің орташа құны наурызда 155 223 долларды немесе 28 250 586 теңгені құрады (kn.kz аналитикалық қызметінің мәліметтері бойынша). Демек, баж 847 518 теңгеге тең болады. Егер банк істі жеңіп шықса (бұл 90% жағдайда осылай өтеді), мемлекеттік баждың ауыртпалығы борышкердің мойнына мықтап нақты мінеді. Бірақ, біріншіден, бұл ақшалар банктік айналымнан ұзақ мерзімге алынады, екіншіден, аздап болса да, ұтылыстың көзі шығып тұрады.
Сот ісін қараудағы екінші нашарлау тұс — ол мерзімдер. Бес күн бойында судья талап арызды өндіріске қабылдау туралы ойланады, ал, бір апта ішінде бірінші мәжілістің уақытысына байланысты мәселе шешіледі. Мәжілістің өзі кейінге қалдырылады және де ауыстырылады. Бірінші инстанцияда іс 2 айға дейін қаралатынын атап өтеміз. Осыдан кейін сот шешімі 15 күннің ішінде тапсырылады. Бірақ, тараптың бірі шешімді алудан қашқақтаса, бұл мерзім әрі қарай тым созылуы ықтимал. Сосын соттың қаулысына шағым жасауға болады.
Тұрғын үйді жүзеге асырудағы кез келген нұсқада (соттық, соттан тыс) міндетті түрде тәуелсіз сараптамашыларда жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалау өткізіледі. Бұл тағы банктің әрекетімен дауласудың себебі. Біздің елде үйді немесе пәтерді бағалаудың біртұтас жүйесі жоқ. Борышкер бекітілген нарықтық бағамен келіспеушілігін білдіре алады, бұл тағы сот ісін қараудың мерзімін әрі қарай создырады.
Сонымен қатар клиенттің өзі біраз қаржыларын жоғалтады: сот ісін қарау кезінде өсімақының өсуі де жалғасады, юристің қызметіне, сараптама мен бағалауды өткізуге төлем жасау керек. Бірақ та, бір таңқалатыны, сот ісін қарауды әдейі созатын азамат та болады. Сауаттты юристің көмегімен процесті бір жылдан екі жылға дейін созудың толықтай мүмкіндігі бар екенін айтады тәжірибелі Ерлан Рахимов.
— Неге? Сот процесінің барысында әзірге шешім күшіне енбей тұрғанда, мен банкке жаза аламын, онымен келісемін. Өйткені, бейбіт келісімді ешкім өмірден алып тастаған жоқ қой. Бейбіт келісімді жасасу кезінде өсімақының өсуін тоқтату туралы жазуға бұл құжат мүмкіндік береді. Сіз бұл мәселені жан-жақты түсінесіз бе?
Жалпы, саудаласуда өзіне қолайлы шарттарды ыңғайлау үшін процестің созылуын қалайтындар бар. Оның үстіне банктер бірінші кезекте өздерінің ақшалары мен пайыздарын алуға мүдделі.
Бұрынғы ас ипотекашылар сот шешімі шығарылғаннан кейін де болмаса апелляцияға беруге, болмаса төлем жасауға ақыл-кеңес береді. Яғни, сот шешімінің орындалу шотына нақтыланған дәл соманы енгізу керек. Ипотека бойынша ай сайынғы жарнапұлдар үшін ашылған есепшотты пайдалануға болады. Бірақ, төлемді жасау барысында ақшаның сот шешіміне өтеу үшін баратынын айқындап көрсету қажет.
— Борышкер айдан айға дейін нақтыланған дәл соманы енгізу керектігін тиянақты білуге міндетті, — деп нақ түсінік береді Лариса Бояр. — Ақыр соңында сізге сауда рәсімі туралы хабарласқанда, онымен сот тәртібімен дауласуға болады. Өтініш жазу керек: «Өзімнің мүмкіндігіме қарай соттың шешімін орындап отырғандығыма байланысты бұл сауданы тоқтатуды өтінемін». Әрине, бұл құтқарылудың әлсіз жолы, бірақ, судья үшін сіздің әрекет етіп жатқаныңыз маңызды.
— Өкінішке орай, бізде жалғыз тұрғын үйді қорғау туралы заң жоқ. ҚР Заңы егер қарыз алушыда қорғаншылық бойынша асырауда кәмелетке толмаған балалары болса, тұрғын үйді тартып алуға мүмкіндік бермейді, — деп түсінік береді Сұлубике Жаксылыкова.
Егер банктің әділетсіз шаруа жасап жатқанына азаматтың көзі жетсе, ол тиісті құрылымдарға әбден жүгіне алады. Сонымен қатар аталған қоғамдық ұйымдар, жуырда құрылған қаржылық қызметтерді тұтынушылардың Одағы банктердің проблемалы клиенттерімен нақты жұмыс істейді. Бұған қоса дау-жанжалдарды, келіспеушіліктерді шешу банктік омбудсменнің қызметінің саласына кіреді. Осынау тәуелсіз тұлға өтеусіз негізде азаматтарға қызмет қылады. Өткен жылдың наурызынан Ұлттық банк филиалдарында қаржылық ұйымдардың бақылау және қаржылық қызметте тұтынгушылардың құқық қорғау бөлімдері жұмыс істейді, оларға шағыммен жүгінуге болады.
Өкінішке орай, бізде жалғыз тұрғынүйді қорғау туралы заңжоқ. ҚР Заңы егер қарыз алушыда қорғаншылық бойынша асырауда кәмелетке толмаған балалары болса, тұрғын үйді тартып алуға мүмкіндік бермейді
3% талап арыз сомасынан сотқа берген кезде банк мемлекеттік бажды төлеуі тиіс
Ипотеканың төлемі бойынша проблемалар туындағанда
Банктердің кеңестері
1. Банк басшысының атына арыз жазу
Арызда клиент туындаған жағдайды түсіндірумен және ай сайынғы төлем бойынша кейінге қалдыру туралы өтінішпен өзінің несиелік тарихын жазады. Мұнда проблеманы шешуде өзінің нұсқаларын ұсынуға болады.
2. Негізгі қарыз бойынша кейінге қалдыру
Барлық қарыз алушылар ай сайынғы төлем екі бөлімнен тұратынын біледі — негізгі қарыз және банктің пайыздары.
— Пайыздарды төлеу қажет, оларды банк міндетті түрде қалдырады, — деп те ескертеді MOVING компаниясының ас маманы Ерлан Рахимов. Бір жаманы, төлемге байланысты проблемалар ипотеканың ең бірінші жылдары туындайды, ай сайынғы жарнапұлдардың көптеу бөлігі банктік пайыздарға кетеді. Бұл төлемдер барлығы 10-30%-ға төмендегенін білдіреді. Оның үстіне кейінге қалдыру кезінде төленбеген ақы келесі айларға көшіріледі. Демек, бұл ай сайынғы төлемнің мөлшерлері келешекте, болашақта шарықтап көтеріледі деген сөз.
3. Несиелік каникулдар
Бұл анықтама клиентке нақты мерзім бойында несие төлемеуге мүмкіндік беретін кепілсіз несие бойынша біздерге кеңінен таныс. Бұл үшін жұмыстан айырылдым деп қайғырудың қажеті шамалы. Егер қарыз алушы ақшаларын маңызды, мағыналы басқалай нәрсеге, мәселен, шетелдік сапарға салса, банк оған оған каникул бере алады. Бірақ, мұндай жағдайда несиелік каникул уақытында пайыз кәдімгідей көтеріледі. Мысалы, ипотекалық несиенің бағасы — жылдық 10% дейік. Ал, каникул кезінде бұндай пайыз жылдық 10,4%-ды тиянақты түрде құрайды.
4. Өсімақыны алып тастау
— Заңдылық тәжірибеде мынадай түсінік тараған, өсімақыны өндіру құқық болып табылады, бірақ, тараптардың міндеті емес, — деп түсіндіреді Ерлан Рахимов. — Өсімақыларды нақ алып тастау банктің қарауларымен де анық шешіледі. Өткен айда біздің клиенттердің бірі негізгі қарызды төлеу талабымен наразылық алғандығына сай хабарласты. Банк қарызды төлеген сәтте соңғы тоқсанда өсімақыны алып тастайтындықтарын ескерткен.
Негізінен банктер қандай да бір ерекшелеу жағдайларда айыппұлдарды кешіреді: қарыз алушының қайтыс болуы, жарақат алғандығынан жұмыстан айырылуы немесе өсімақының аударылуында қателіктер жіберілгенде. Төлемақының төленбеуі клиенттің кінәсінен болмағандығын жан-жақты дәлелдеу қажет.
5. Несие мерзімінің ұлғаюы
Мәселен, ипотека 7 жылға ресімделді делік. Егер клиент өзінің күшін бағамдай алмаса, банк қарыздарды төлеу мерзімін, мысалы, 15 жылға ұлғайта алады. Ұзақ ай сайынғы салмақтар, мамандардың айтуынша, екі еседен кем емес уақытқа қысқарады. Бірақ, клиенттің несиелік тарихына әрбір ұзарту кері әсер тигізбейтінін есте ұстаған жөн. Сонымен қатар мамандар ескертеді: ең ұзақ қолайлы мерзім — 15 жыл. Ипотеканы 20-25 жылға дейін ұлғайтудың қажеті шамалы. Бұл жағдайда ай сай ынғы жарнапұл азаймайды, ал, артық жылдарға банкке берілген пайыздар бірнеше еселеп көтеріледі.
6. Біріккен келісім бойынша тұрғын үйді жүзеге асыру
Пәтерді сату тек қана клиенттердің тілектеріне сәйкес өтуі міндетті емес. Борышкер жылжымайтын мүлікті хал-ахуалдары тәуір қожайындарға беру шешімін өзі қабылдауы тиіс. Әсіресе, егер оның құны шарықтап өссе, түскен қаражатқа ипотеканың қалдығын толықтай жауып, сәулеттірек, қымбатырақ тұрғын үйді сатып алу керек.
Әрине, кепілді сатуда банктің келісімін алуы қажет, бұл талапқа ешқандай кедергі болмауы тиіс. Өйткені, банк үшін ең бастысы, несиенің қалай да уақытысында өтелуі. Қаржылық ұйым тіпті сатып алушыны іздестіруде қол ұшын береді.
15 жыл— мамандардың пікір бойынша,ең ұзақ қолайлы ипотеканың мерзімі
Қоғамдық ұйымның өкілдерінің кеңестері
«Оставим народу жилье» ОҰ-ның белсендісі Лариса Бояр банкке жүгінген уақытта барлық өзіңіздің ұсыныстарыңызды, проблемаларыңызды қағазға жақсылап түсіруге, оны кіріс нөміріне тіркеуге, ал, екінші дананы өзіңізде мықтап қалдыруға кеңестерін береді. Өйткені, іс сотқа дейін барған кезде ең басты сұрақ мынау: «Сіз жағдайды түзеу үшін не істедіңіз?» Сонда қарыз алушы өзінің іс-әрекеттеріне құжат арқылы растамасын ұсына алады.
— Егер ипотекашы көмек үшін қоғамдық бірлестікке жүгінуге дер кезінде үлгеріп жатса, онда тұрғын үйді сенімді сақтауға мүмкіндік бар, — дейді «Обеспечьте народ жильем» ОҰ-ның төрайымы Сұлубике Жаксылыкова. — бірақ, борышкерді жалғыз баспанасынан қуып шығару өмірде, тәжірибеде бар.
Kn.kz Ақпарат қызметі
Тағы оқитындарыңыз:
Бөліп-бөліп төлеудегі тұрғын үй: тәуекелділік және қолайлылық