Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Қайта жобалау, қайта құру және тұрғын үй қорынан пәтерді шығару

Қандай да бір қаланың орталығындағы бірінші қабаттағы пәтер — ұйым үшін өз бизнесін ұйымдастырудың ең тәуір нұсқасы екені ешкімге де құпия сыр емес.

Бүгінгі таңда офистерге, дүкендерге, сән салонына және басқа да кәсіпкерлік қызмет объектілеріне ыңғайлап, қолайлап, тұрғын пәтерлерді қайта құру және қайта жобалау кең тараған құбылыс болып тұр.

Құжаттарды ресімдеу кезеңдері

Сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарласу

Ғимаратты қайта жабдықтау (реконструкциялау) кезінде «Объектілердің құрылысы үшін бастапқы материалдарды (мәліметтерді) және рұқсатнама құжаттарды берудің және ресімдеудің оңайлатылған тәртібі бойынша кейбір шаралар туралы» 2008 жылғы 6 мамырдағы №425-ші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы басты заңнамалық акті болып табылады.

Аталған қаулыға байланысты қайта жабдықтауда мүдде, мақсат тұтқан  пәтердің қожайыны алғашқы қадамын объектінің орналасқан орны бойынша сәулет және қала құрылысы органдарына арыз жазып, хабарласудан бастаса, ешқашан артық болмайды.

Сәулеттік-құрылыс ғимаратын беру

Осыдан кейін сәулет және қала құрылысы жергілікті органдары үш жұмыс күні бойында арызды жан-жақты, тиянақтылап қарастырады, сосын барып сәулеттік-құрылыс ғимаратын (СҚҒ) беру немесе оны беруден дәлелді түрде бас тарту туралы айқын, анық шешім қабылдайды. Дәлелді түрдегі бас тарту арызгердің құжаттары сәйкес келмейтін нақты нормативтік актілерді және нормативті-техникалық құжаттарды көрсету арқылы жазбаша арызгерге заң аясында беріледі.

Мысалы, жер сілкінісі болатын аудандарда нақтылы шектеу болады, тұрғындық қордан пәтерді шығаруға және панелді үйлерде оларды қайта жабдықтауға біржола тыйым салынады. Бұл құрылыстың төмендеу қаупіне және үйдің мүмкін күтпеген жерден құлауына негізделген. Оның үстіне қазіргі таңда кірпішті, монолитті үйлерде тұрғындық қордан пәтерді шығаруға дәл рұқсат етілген және бекітілген заңның тәртібімен іске, жүзеге асырылады.

СҚҒ-н беру жобаны тыңғылықты әзірлеуге рұқсатнаманы білдіреді. Егер қайта жобалау кондоминиумның шектес қожайындарының мүдделерін нақты көрсетсе, аталған өзгертуге нотариалды куәландырылған келісім қажет.

Жобаны бейінді қызметтермен келісу

Жоспарланған өзгертулердің күрделілік дәрежесіне, қайта жабдықтау және қайта жоспарлау барысында олардың қауіпсіздігіне байланысты, сонымен қатар әрі қарай сәулет және қала құрылысы жергілікті органдарының пайдалануға беруі кезінде мынадай органдармен: өртке қарсы қызметпен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен және экологиялық қызметпен қажетті жобаны қажетті келісуді өткізеді.

Ғимаратты нақтылап қайта жобалау бойынша жұмыстың басталуына рұқсатнама беру немесе одан бас тартуды беру мерзімі бес жұмыс күнінен ешқашан аспауы тиіс, қажет. Осындай рұқсатнаманы алғаннан кейін бірден әзірленген жоспарға сәйкес ғимаратты қайта жабдықтауға кірісуге болады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 18 бабына байланысты тұрғындық қордан пәтерді шығармай-ақ, тұрғын емес бағытпен (мысалы, офиске) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін қайта жабдықтаусыз және қайта жоспарлаусыз пайдаланады. Бұл үшін мемлекеттік органдардан рұқсатнама талап етілмейді. Осы құқықты құрылыс, санитарлық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен ережелер сақталғанда, меншік иесі жүзеге асырады.

Заңсыз қайта жобалауға қандай қауіп бар?

Егер де пәтердің қожайыны қайта жобалауға заңды түрде ешқандай рұқсатнама алмаса, сәулеттік-құрылыстық жобасыз, сонымен бірге сәулет және қала құрылысы бойынша уәкілетті органның еш рұқсатынсыз өз бетінше объектіні қайта жабдықтаудан өткізсе, онда осындай тәртіп бұзушылық «Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы» Кодекстің 238 бабымен реттелетінін нақты білу қажет. Сәулеттік-құрылыстық жобасыз, сәулет және қала құрылысы бойынша уәкілетті органның рұқсатынсыз тұрғын үйдегі тұрғын және тұрғын емес ғимарат заңсыз қайта жабдықталғанда және қайта жоспарланған жағдайда жеке тұлғаға 5-10 айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшерімен, кіші және орта кәсіпкерліктің немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері болып табылатын, есептелетін лауазымды, заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге 20-50 АЕК-тің мөлшерімен, ірі кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын, есептелетін заңды тұлғаларға, — 50-11 АЕК-тің мөлшерімен бұлтартпас, орасан қомақты айыппұл салынады. 

Мынадай іс-әрекеттер, ғимараттың толықтай беріктігі және орнықтылығы, тұрақтылығы (бұзылуы) жоғалғанда, жеке тұлғаларға 20-25 АЕК-тің мөлшерімен, кіші және орта кәсіпкерліктің немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері болып табылатын, есептелетін лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерге, заңды тұлғаларға, — 50-100 АЕК-тің мөлшерімен, ірі кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын, есептелетін заңды тұлғаларға, — 100-200 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерімен бүгінде айыппұл салынады және келешекте нақтыланып салына бермек.

Сонымен қатар «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 39 бабына сай мынадай жауапкершілік қарастырылған, егер қайта жабдықталған  ғимараттың меншік иесі ортақ мүліктің кез келген бөлігіне немесе кез келген басқа да ғимаратқа залал келтірсе, ол өзінің есебінен оны жоюға міндетті, болмаса оны жою үшін шығындарды өтеу қажет. Осындай тәртіп бұзушылық сот дауласуына итермелейді, сосын сот қайта жабдықталған ғимаратты бастапқы қалпына келтіруге, сонымен бірге көршілерге тигізген залалды өтеуге және сот шығындарын төлеуге сізді міндеттейді.

Kn.kz Ақпарат қызметі


Тағы оқитындарыңыз: 

Жеке үйдегі бизнес

Пәтерден пәтерiге көшу

kn.kz
>
Статьи