Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

«ЭКСПО-2017» Астананы бас жоспарын өзгертті

2014 жылы «ЭКСПО­2017» көрмесі үшін кең көлемдегі құрылыс объектілері салына бастайды. Астананың Есіл ауданы кәдімгідей жаңғыртылады, жаңа теміржол вокзалы бой көтереді, жолдар төселеді және жөндеулер жүргізіледі.

Осындай барлық қадамдар елорданың бас жоспарында мықтап әдемі көрініс тапқан.

Жер көрме үшін керек

Астанада өмір шын қайнап жатыр, мұнда арнайы мекемелердің, кәсіпкерлік және басқа да құрылымдардың мыңдаған басшылары және де мамандары ұмтылған үстіне ұмытылады. Бұл таңданатын да құбылыс емес, әрине. Алайда, мұндай жағдайда көпшілігінде баспана мәселелері туындайды. Қалада пәтерді иеленудің мүмкіндігі жоқ болғандықтан, адамдар оған жақын орналасқан елдімекендерден участкелер сатып алады. Кейбіреулерге бұл қадам дұрыс көрінді. Нәтижесінде Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандарының 20 ауылы алғашында кірген астананың айналасындағы тұрғындардың агломерациялық белдеуі пайда болды, ол осы күнге дейін өсу үстінде. Жекелеген ауылдарда тұрғындардың саны көбеюде.

Жеке тұрғын үйлік құрылыс — игілік те керемет қолдайтын жұмыс, іс. Бірақ та, ол бірқатар қарапайым емес өткірлеу мәселелерді де туғызған болатын.  Сонау 2005 жылдан бастап, осы 20 елдімекен бойынша жеке тұрғын үйлік құрылысқа жерлерді сұраулармен 60 мың 900 арыз берілген. 13 мыңдай участкенің бөлінгеніне қарамастан ЖТҚ-қа жер иеленуге талапкер азаматтардың саны азаймай отыр. Алайда, үстіміздегі жылдан жер участкесін бөлу біржолата тоқтатылды.

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникацияның Қызметіндегі баспасөз-мәслихатында Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың хабарлағанындай, бұл «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықпен тікелей байланысты екен. Көрмеге қатысты этноауылдар мен басқа объектілердің қайда орналасатыны нақты анықталғанша, жұмыс жалғаса береді. «ЭКСПО»-ға сай астананың бас жоспары кәдімгідей өзгерістерге түсті. Өкінішке орай, көптеген тұрғындар бұған қуанған жоқ.

Өйткені, көпшілік жақын уақыттарда өздерінің үйлерінен және жер участкелерінен айырылуы ықтимал, кейбіреулер мұндай кедергімен кездесіп те үлгерді. Әкімдіктің өкілдері өз жұмыстарын орындайды — олар бос жатқан жеке аймақты іздейді, оны қожайындарынан тартып алады, мемлекеттік меншікке қайтарады. Участкелердің қашан, қалай жекелікке өтіп кеткенін қазір шеше алмайсыз. Бірақ, ұзақ жылдар бойы мұнда не құрылыс салынбаған, не егін егілмеген. Өкімет әзірге белгісіз және тиімсіз иелерден участкелерін қыруар қаржыға сатуын күткен жоқ, олардан жерді тартып алу керек деп ұйғарды. Бұл туралы бірінші президент тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев (27.11.2013 ж.):

«Астананың айналасындағы шекаралас облыс аудандарында жер мәселесі бойынша, кешіріңіздер, әрине, жүгенсіздік орын алған. Жерді өз беттерінше иелену. Егер де соңына дейін айтсам, бұнымен дәл шұғылданып отырған жоғарыдағы шенеунік. Жәй адам бұны білді ме? Қайдан білсін? Сосын отырады, құрылыстың кездері келгенде, «купонды санайды», мемлекеттік жерден қыруар қаржы табады. Мұндай масқаралыққа нүкте қою керек».

Тек қарапайым есептеме бойынша Астанада және оның айналасында 15 мың гектардай игерілмеген жер участкелері бар екен. Қожайындардан жер аяусыз тартып алынады, бірақ, заң аясында.

Иеленінген учаскелер де тартып алуға жатады

Сандуғаш Серікбаева жуырда Есіл ауданындағы сол жағалауда 100 шаршы метрдің қожайыны болған. Бұл аймақта көп балалы жанұя бір күндері тып-типыл етіп сүретінінен күдіктенбестен үлкен үй салды.

— 2013 жылы 6 қарашада сіздің есепшотыңызда ақша жатыр, 11 қарашада үйіңізді сүреді деген маған хабарлама келді, — деп есіне түсіріп әңгімелейді Сандуғаш Тұрғанбекқызы. — 4 млн 988 тг бөлінген менің есепшотым ұрланды, төлемдік қорытындының негізінде үй сүрілген екен. Бейне бұған келісім бергендеймін. Бірақ, бап бар емес пе, есепті мен өз қолыммен ұсынуым керек. Бұл ақша менің есепшотымда жатыр, бірнеше рет жібергім келген, алайда, мен оған тиіскен жоқпын. Бұл қаржыны қайтара алмайтынымды хабарлады. Біз балаларымызды құшақтап, далада қалдық.

Бұл жер учаскесін жанұя 2006 жылы иеленді, кейінірек коммуналдық қолайлылығы жоқ, әжетханасы сыртта екі отбасына арнап, екі қабатты үлкен үй тұрғызды. Үй екі жартыға бөлінген, әрқайсысында бірнеше бөлме бар. Онда екі жанұя тұрады: Сандуғаш Серікбаева күйеуімен және төрт баласымен, оның туған ағасымен, оның бес баласы бар. Барлығы 13 адам болады.

Бүгінгі таңда жанұя көршілерінде тұрып жатыр, өкінішке орай, тұрғын үйді жалға алуға жалақылары жетпейді, ал, бөлінген ақшаның сомасы жатақханадан бөлме сатып алуға мүмкіндік береді. Өкімет үй саяжайлық массивті аймақта орналасқандықтан, көп ақша төленбейтінін айтады.

Алайда, Астанада кез келген жер учаскесі қымбат тұрады және осы үйдің айналасында Назарбаев Университетінің мәртебелі де қалашығы бой көтерді. Бірақ та, қатаң заңға мойынсұнуға Сандуғаш келіспейді. Жанұя сотта әділдікке жетуді жалғастырып жатыр.

Бас жоспардағы өзгерістер

— Біздер астананың Бас жоспарын ішінара өзгеріске түсірдік және де алдыңғы барлық қателіктерді болдырмауға тырыстық, — деп хабарлайды «НИПИ «Астанагенплан» ЖШС-тің бас жоспары шеберханасының басшысы Ерлан Жақыпбеков. — Қазіргі таңда біз «ЭКСПО»-ға байланысты өзгерістерді әзірлеп жатырмыз. Бірінші кезекте көрменің аймағының өзі де ауыстырылды. «ЭКСПО»-қалашығының құрылысы Есіл ауданындағы көшелердің шаршысына және Қабанбай батыр, Хусейн бен Талал, Орынбор және Рысқұлов даңғылдарына жоспарланған.

Үстіміздегі жылы алдынала жобалық және жобалық құжаттамаларды нақты әзірлеу бойынша жұмыстар басталады. Құрылыс жұмыстарын бастау 2014 жылдың II тоқсанына жоспарланып отыр.

Көліктік инфрақұрылым

Жаңа жылдың алдында ҚР Үкіметі 2020 жылға дейін көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша бағдарламаны қолдады. Осы уақытқа дейін 30 мың щақырымдық автожолдарды, 8 202 шақырымдық теміржол бағыттарын жөндеу, барлық теміржол вокзалдарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Аталған бағдарламада республиканың көліктік инфрақұрылымын, әсіресе, автокөліктік жолдардың желілерін дамытуға бағытталған басқа да іс-шаралар нақтылы, тиянақты қарастырылған.

2020 жылы керемет, тамаша және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық нысандағы автожолдар саны 89%-ды құрайды.

— Мыңжылдық Аллеяда тәулігіне 35 мың жолаушы болатын жаңа теміржол вокзалы орналасады, — деп хабарлайды Ерлан Жақыпбеков. — Алайда, қоғамдық көлікке баса назар аударылады. Жаңа автобустық бағыт пайда болады — BRT (арнайы бөлінген жолақ бойынша жүрдек автобустық қатынас), олар үшін өздерінің аялдамасы және өздерінің өтпелі жолдары белгіленеді. Бас жоспар 2030 жылға дейінгі мерзімді есепке алып, жүзеге асырылады. Біздің болжам бойынша 2017 жылы тұрғындардың саны 900 мың адамға, ал, 2030 — 1 млн 220 мың адамды құрайды. Бірақ, біз барлығын 2017 жылға дейін аяқтауды, бітіруді жоспарлап отырмыз, бұл кезде тұрғындар жаңа инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

1 кесте. «ЭКСПО» көрмесіне бөлінген аймақ

«ЭКСПО» көрмесінің жалпы алаңы 173,4 га
Көрмелік кешеннің алаңы 25 га
Түрлі нысандардың, парктердің, гүлзарлардың құрылыс
ғимараттарының объектілері
148 га
Көрмелік павильондардың жобаланған алаңы  118 620 ш.м
Қызмет ету аймағы 95 400 ш.м
Тұрғын үй 586 465 ш.м

2 кесте. 2020 жылы пайда болатын көліктік инфрақұрылымның объектілері

Жол жанындағы сервистік объектілер 260
Автовокзалдар 9
Автостанциялар 45
Жолаушыларға қызмет ету нысандары 155
Таксилердің тұрақтары 1048

Астананың қала жанындағы аймағы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Целиноград ауданындағы атақты Ақмол ауылына 2010 жылы 5 тамызда келуі қала жанындағы аймақты дамыту бойынша жұмысқа үлкен құлшыныс пен серпіліс әкелді. Президенттің жеке тапсырмасымен 2010 жылы 10 қарашада Үкімет 2011-2014 жылға Астана қаласына іргелес жатқан елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын бекітті.

Дамыту бойынша аталған жоспардың аясында үстіміздегі жылы тұрғындары қарқынмен өсуі байқалатын Қоянды, 96 Разъезд, Ақмол, Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Тайтөбе, Жібек, Бозайғыр тәрізді елдімекендерін мәнді де қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешіледі.

Индустриалды жобалар

665 млрд. теңгеге сай индустриализация картасына енген 46 жобаның 33 жобасы 100 млрд теңге қажетті жерге жұмсалып, тиянақты жүзеге асырылды, соның арқасында 5 мың жаңа жұмыс орны пайда болды.

Жаңадан тұрғызылған объектілер:

• «Алтынтау Кокшетау» ЖШС алтын шығаратын фабрика;

• ENKI ЖШС кірпіш зауыты;

• Степногорлық құбыр зауыты;

• Қорғалжындық ет өндіретін кешен;

• Ерейментау ауданындағы жел электр станциясы және жел паркі.

Жаңа бағыттар пайда болды:

• «Вектор» ЖШС-дегі комбайндарды жинау өндірісі;

• бірлескен қазақстан-жапон Sareco мекемесінің сирек жер металдарының концентраттарының өндірісі ;

• «СП СКЗ — Казатомпром» ЖШС-дегі күкірт қышқылдардың өндірісі.

Ауыз су

Ауыл тұрғындарының үлесі жыл соңына дейін 54-тен 57%-ға, қаланікі — 68-ден 70%-ға өседі, көтеріледі. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының саласында Аршалын ауданындағы Жібек жолы ауылын газбен қамтамасыз ету бойынша жоба жүзеге асырылады, Ақмол мен Макинск ауылында екі ірі қазандық салынады. Көлік жолдарын жөндеуге 9 млрд теңге бөлінді.

Әлеуметтік сала

«Балапан» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы 10 балабақшаны, үш мыңдай орны бар 22 мини-орталықты іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен бірге мектепке дейінгі балаларға білім беруді қамту 54-тен 58%-ға өседі.

Төрт мың орындық екі жаңа мектеп салынып жатыр, осы жылы алтауы пайдалануға беріледі. Денсаулық сақтау саласында дәргелік ұйымдардың жабдықталуы және бүтіндей дәргелік-демографиялық көрсеткіштер де жақсарды.

Үстіміздегі жылы оннан аса дәргелік мекемелер ашылды. Облысқа жүзден көбірек дәрігерлер келді, олардың жартысындайы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар аудан орталықтарында бассейні бар сауықтыру кешендері және түрлі спорттық алаңшалар салынуда. Бурабай курорттық аймағын дамытуға 1 млрд теңге бөлінді. Бүгінде экологиялық мәселелер түпкілікті шешілу үстінде, оған қоса автожолдар мен инженерлік коммуникацияны жөндеу және қайта құру бойынша іс қолға алынды.

Қала маңы аймағының шекарасы

Қала маңындағы аймақтың шекара негізін, іргетасын қалау туралы айтсақ, олар Ақмола облысының үш ауданының — Аршалынның, Шортандының және Целиноградтың аймағын қамтиды. Қала маңындағы аймақтың ішкі шекарасының арақашықтығы қаланың шекарасына дейін 60-80 шақырымды құрайды, Астанаға дейін көліктік қолжетімді нысан болып табылады.

— Қала маңындағы аймақтың шекарасын және де ерекше қала құрылысының аймағын реттеу 16.01.2012 жылғы ҚР Үкіметінің №71-ші Қаулысымен бекітілді, — деп хабарлайды «Недвижимость» газетіне берген тұщымды сұқбатында «Астанагенплан» ғылыми-зерттеу жобалық институты бас жоспарлар шеберханасы басшысының орынбасары Жанат Әбілов. — Астананың қала маңындағы аймағының алаңы 11 726 шаршы шақырымды (1 172 667 га) құрайды, оның құрамына Ақмола облысының үш ауданынан 27 ауылдық округтері кіреді. Елдімекендердің жалпылай саны — 81 бірлік. Астананың қала құрылысын реттеу аймағы 7484 шаршы шақырымды (748 497 га) құрайды және оның құрамына 14 ауылдық аймақтар кіреді. Елдімекендердің жалпылай саны — 43 бірлік.

Астананың ықпал ететін, әсер ететін де жеріндегі ауылдық аймақта келешекте астананың тұрғындарын сапалы азық-түлікпен жан-жақты қамтамасыз етеді, оларды жеткізудің көлемін ұлғайтады. Қала маңындағы аймақтағы ауылдық тұрғындар ауылшаруашылық өндірісіне жаппай ынтамен тартылады. Бірінші кезекте өндірісте жем, картоп және жеміс-жидек, сонымен қатар фермерлік шаруашылығының сапалы мал өнімдері бар.

Өнеркәсіпті өндірісте тағамдық және құрылыс материалдары мен бұйымдарына мықтап арқа сүйеліп, үкіленген үміт артуылы тиіс. Өндіріс бойынша қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру керек, ауылшаруашылық шикізатты өңдеп және сақтау қажет, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіпті және халықтық кәсіп бұйымдарының мекемесін дүниеге әкелген дұрыс, артық болмайды.

Жанат Әбілов сенімді хабарлағандай, 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында «Астанагенплан» ҒЗЖИ-ы «Қала маңындағы аймақта қала құрылысын жоспарлаудың кешенді желісі» жобасын нақты әзірледі. Ойға алынған шекараға Ақмола облысының 17 әкімшілік аудандарының және Қарағанды облысының 4 ауданының барлық аймағы енгізілді.

Бас жоспар туралы қызықты фактілер

  1. Целиноградқа астана ауысамын дегенше, оның бірінші бас жоспары әзірленді.
  2. Бас жоспардың ең үздік жобасына қатысты өткен республикалық сайыста 17 шығармашылық ұжымның ішінен Алматы мен Целиноградтан келген мамандар жеңіске жетті. Бірақ, ұсынылған нұсқаны президент қолдамады, оның пікірінше, ХХІ ғасырдың соңғы стандартының талабына ол сай келмейді екен.
  3. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық конкурс жариялау керек деп батыл түрде шешті. Оған 47 шығармашылық ұжым қатысты. Барлығына тапсырма берілді. Біреулер осында келді, кейбіреулер Интернет бойынша сұрау салды. Субъективті бағаны шетелдік әділқазылар берді.
  4. Курокаваның дәл есептемесі бойынша 2030 жылы Астананың тұрғындары 700 мыңға жетеді делінген, бірақ, бұл асуды астаналықтар бірнеше жыл бұрын алып қойды. 2010 жылы тұрғындар 400 мыңдай болады деп жорамалдады, біз 2002 жылы 500 мың болдық. Қазіргі жорамал тұрақты, сенімді: 2030 жылы Астанада 1 млн 220 мың адам тұрады.
  5. Көмбеге дейін үш жоба жетті. Біріншісі бар әлемге белгілі жапон сәулетшісі — Кисё Курокаваның, екіншісі — қазақстандық сәулетшілердің, үшіншісі — ресейлік мамандардың нобайлары болды. Кисё Курокава жеңімпаз атанды.
  6. Ол бас жоспармен аянбай, талмай екі жыл жұмыс істеді, 2001 жылы 15 тамызда үкімет құжатты бекітті.
  7. Әйгілі, атақты, дүниеге мәлім Шебердің есептемелерін түзетуге және өзгертуге тура келді. Бұл жобада отандық сәулет мықтап орын тепті, енді бір ұлы идея қалды — XXI ғасырдың иделды қаласын салу.
  8. 1999 жылы ЮНЕСКО қазақстандық астанаға «Әлем қаласы» деген атақ берді.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Астанада жолдың жөнделуі қалай жүріп жатыр

Астана қаласындағы жаңа құрылыстың инфрақұрылымы

kn.kz
>
Статьи