Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Астанада үй салу қанша тұрады

Астанада жеке меншік үйді салу қиын ба, әлде, жеңіл ме? Айтарлықтай күрделі. Алайда, өз қолыңызбен, маңдай теріңізбен «қорғанды» тұрғызуға ондаған жылдар зулап кетеді және ол отбасылық атаумен ұрпақтар үшін ұзақ уақытқа қалады.

Ойдан тыс қалғандар

Қай жерден де баспананы әдемілеп салуға болады және бұған кететін шығындар барлық мекенде бірдей. Тек, құрылыс материалдары ғана. Ал, өз қамалыңызды салатын осынау жер — көбінесе өзінің құнына байланысты жоспарда өте солқылдақтау құбылыс. Бұл сіз өзіңіздің шығындарыңыздың сметасын шұғыл, жылдам бастайтұғын орасан басты мәселе. Іргетасқа немесе цемент ерітіндісін араластыруға емес, сіздің кейін игілігіңізге айналатын кең байтақ учаскенің әлеуетіне және инфрақұрылымдық дамуына зер салып қарап, назар аудару керек.

Сәулеттілігі көздің жауын алатұғын «сарайларды» кез келген сектордан кездестіруге әбден болады. Дегенменен, Оңтүстік-Шығыс пен Ескі Ильинка аудандарында орналасқан коттедждердің арасында үлкен айырмашылық бар. Біріншісінде өркениетті даму бар, екіншісі бәрінен айырылған, ұмыт қалған баладай жүдеу көрінеді.

Бірінші ауданның тұрғындары өз ұл-қыздарын мектеп пен балабақшаға жайбарақат апарады, емханаға да барады, осындай уақытта екінші массивтегі адамдар әлеуметтік қамсыздандыру қатарынан ойып орын алу үшін күресуде. Бұның бас себебі, сөзсіз, аудандық әкімдіктердің тарапынан қаржылық құю және көңіл аудару болып табылады. Алайда, әлгі қалаға жатпайтын бақытсыз  Ескі Ильинка да «өлімсіреген» Целиноград ауданының жан-жақты қарауында болады. Ол барлық жайлы, рақат, дара өмірдің шарттарынан дәл айырылған. Бұл, сөзсіз, астананың қала жанындағы тым арзан жер болып дәл есептеледі. 10 сотық кедендік асыл, байтақ, кең жерге сіз 8000 долларға жылдам ие бола аласыз. Дегенменен, барлық, бар инженерлік желілерді орналастыру сіздің қалтаңыздың түбін көрсетеді, одан «бәрін бір флаконда» сатып алған жөн.

Осындай жағдайлар Астанадан 30 шақырымға орналасқан Малиновка селосына да тығыз байланысты. Онда жерлер тым арзанға зор қуанышпен сатып алынуда бүгінде. Алайда, осынау арақашықтықты күн сайын жүріп өтуге нағыз шыдамдылар ғана төзеді. Сондықтан бірінші кезекте сіз сәулетті, әдемі және сенімді үйге ие бола отырып, жыл сайын қандай қиындықтармен күресетініңізді ойланыңыз.

Инженер-құрылысшы Нұржан Қанапин — барлық жанұясы үшін Ескі Ильинкада осыдан екі жыл бұрын меншікті үйінің құрылысын бастап кеткен жастардың бірі. Оның айтуынша, құрылыс кезінде қиындықтар шаш етектен екен. Оның көпшілігі    коммуникацияның зым-зия жоқтығына тығыз байланысты көрінеді. Жарық, су және кәріз Ильинка тұрғындары үшін тым қол жетпейтін арман, қиял, бұлыңғыр сағым болып тұр.

Тұрақты түрде үш апта сайын, тіпті отбасындағы адам санына қатысты одан бұрын тазартып тұратын кәріздің орнына белгілі, әйгілі септикті сатып алуға тура келеді. Сол аталған септиктің бағасы анау айтқандай қымбат емес.  18 000 теңгенің шамасында, бірақ, оның әр бір сақинасының 6000 теңгедей тұратынын ескеріңіз. Және машина-ассенизатордың көмегімен қоқыстарды айдаушы құралдың құны 2000 теңге.

Алайда, Нұржан растағандай, бұл алыс шеттерде өмірде кездесетін бір ғана шығынды іс емес екен. Жайлылықтан жұрдай ауданда тұрып, өзіңізді жарықпен қамтамасыз ету деген қиынның қиыны. Шартты түрде айтқанда, олардың үйі орналасқан көшеде (не тас жол жоқ, не көшенің атауы жоқ) жергілікті тұрғындар мен жеке тұлға болып есептелетін трансформатордың қожайынының араларында арнаулы емес келісімдері бар. Ол, өз кезегінде, электроэнергияның дәл қайнар көзі болып табылатын, әрине, қаламен нақты келісімдерін көрсете алады. Сондықтан ол тұрғындарды өмірлік маңызы, мағынасы, мәні орасан, зор игі істермен қамтамасыз етеді, дегенменен, бір киловаттқа санаға сыймайтын 30 теңге алып, аямай жоннан таспа тіледі.

Енді соңында айтарымыз, су туралы — ол бар нәрсенің басы. Бұл жерде судың тапшылығынан терең ұңғыма қазудан басқалай жол жоқ. Мұндай аса ауырлықсыздау игі жұмысты кез келген тракторист шамамен 25 000 теңгеге тыңғылықты орындайды. Алайда, ұңғымаға кеткен ақшамен бірге сіз өзіңізге сәттілікті серік, дос етуіңіз керек. Өйткені, тәуір қазылған ұңғыманың өзінен шыққан тұзды суды ішуге пайдаланбақ түгілі, кір жууға жарамай жатады.  Бұның үстіне тағы 40 000 теңгеге сүзгішті сатып алуға әбден тура келеді.

Бұдан шығатын нақты қорытынды, сіз үшін үй салу кезіндегі ең бірінші кезектегі үлкен, зор қателік жер учаскесін дұрыс таңдамау болып табылады. Қалалық өкіметтің қамтамасыз етуімен тұрмыстық әл-ауқат үшін «артық» 20 000 мың долларды төлеудің қажеті, керегі шамалы. Және қаланың бас жоспарының картасына тағы үңілуге жалқауланбаңыз.

Сараптамашылар айтады

Сонымен бірге таңдалған жер участкесінің инженерлік желілерге тікелей тығыз байланысты екендігіне тәуелсіз жобалаушы Рамиль Валиев ешқандай да ешқашан шүбә келтірмейді, ол өзінің ұзақ-сонар қызметінде жеке үйдің құрылысының бүге-шүгесін беске, тайға таңба басқандай біледі. Сіз өзіңіздің жеке коттеджіңізді салар кезде қаланың ең тәуірлеу ауданындағы тұрмысқа тым жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метріне балама келетін құнды енгізуге дайын боласыз, болмаса барлық жағынан тиянақты үнемдеуге тырысасыз.

Егер сіз өзіңізді бірінші дәрежеге жатқызсаңыз, онда әжептуір оңайырақ. Осынау ортаның құрылыс салушыларына ол екі ұдай бағытты айқын көрсете алатын адал шағын фирманы таңдауға сенімді түрде тым қажетті ақыл-кеңес береді: жоба мен құрылыс-монтаждық өндірісті жасау. Мұндай көршілік сол құрылысшыларға да, құрылыс салушыларға да орасан қолайлы, ыңғайлы.

Алайда, өкінішке орай, астанада осындай келелі де келісті қызметтегі фирмалар тіптен аз. Өздерінің құрамында жобалық тобы бар ірі-ірі зор құрылыс компанияларына құрылыс бойынша жеке тұрғындық құрылыс жұмысы тым тиімсіз. Үйдің құны мамандандырылған ұйымдардың қызметтеріне жиі жүгінуге мүмкіндіктері жоқ екінші дәрежедегі адамдарға қарағанда сізге 30-40%-ға қымбатқа түседі, дегенменен, сіз уақытты көбірек үнемдейсіз және жүйкеңізді жұқартпайсыз.

Өзі үшін барынша тиімді әр бір мың теңгені салуға ынтасы бар екінші дәрежедегі құрылыс салушылар үшін кейбір шегіністерге баруына тура келеді. Бірінші – бұл сіздің уақытыңыз: барлық құрылыс жұмысының жүру барысына бақылау жасаған артық болмайды және оған өзіңіз де қатысыңыз. Сонымен қатар, егер бұл сіз істен хабарыңыз болмаса, технология бойынша, құрылыс экономикасы бойынша сауаттанудан өткен дұрыс, абзал.

Барлығын тексеруге болады және осынау іс барысында шығындардың сметасын құру өз алдына бір мәселе. Бұл үшін сметаны құруға ненің керек екенін білу әбден қажет: материалдың құны, жұмысшылардың жалақысы, техниканың және көліктердің заттарын, жүкқұжаттық шығындар деп аталатындарды жалға алу бағасы. Жүкқұжаттық және жанама шығындар сіздің жұмысшылар бригадасын таңдауыңызға, оның біліктілігіне, техникалық жабдықталуына қатысты. Егер бұл еңбек иммигранттары болса, жалақыдан үнемдеуіңіз екіталай, жергілікті бригаданы техникалық жабдықтаумен салыстырғанда, сіздің жүкқұжаттық шығындарыңыз өседі.

Жүкқұжаттық шығындарға сонымен қатар прорабтың жалақысының, шығындық құралдардың қатысы бар (ұңғылау, дискілер, тез ескірмейтін арнайы киімдер және т.б.). Тек қана құрылыстың аяқталу барысында  дәл, нақтылай цифрды анықтауға болады, алдын ала кезеңде сметаны тікелей шығындардың сомасының құнынан 10-15% мөлшерінде есептеу ұсынылады (материалдар, жалақы, техника).

Жобалауға бар мүмкіндігінше жан-жақты, тиянақты назар аудару керек, сіздің таңдауыңыздың үйіңізге қаржылық жұмсауға, құрылыстың мерзіміне, сонымен қатар сәулеттік сұлулыққа мықтылап әсер ететінін есте ұстау артық болмайды. Ішкі қабырғалар және қабырғашалар мен әрлеу жұмыстары, инженерлік коммуникациялар, ендікті һәм толтыру сіздің қаржыңызға және талғамыңызға байланысты, үйдің толық құнынан шамамен 50%-ды құрайды.

Алайда, құрылыстың құнына осындай барлық дәстүрлі шығындармен қоса бұл саладағы басқа жаңа лептер ықпал жасайды. Сәннің түсінігін ешкім жоққа шығара алмайды, ал, егер осы сән пайдалы болса, онда бірінші келуші-жаңашылдардың қатарына алғашқы кірушілердің қатары орасан көбейеді. «Қазақ Елі» инновациялық сәулеттік компаниясы» ЖШС-тің директоры Нұрғали Әубәкіров қаладан тыс үйлердің құрылысына жаңа беталыс соңғы кезде талаптарын жүргізуде дейді. Олар жобалауды, ғимараттың стилін, құрылыс пен әрлеу үшін материалды таңдауды емес, сонымен қатар қаладан тыстағы үйлердің тіршілігін ойластырады.

Батыс елдерінде, сонымен қатар, атап айтсақ, АҚШ-та «экологиялық» немесе «жасыл» коттедждердің құрылысын салу кеңінен қанаттарын жаюда. Мұндай үйлерді салудағы ең басты мақсат – зиянсыз қоршаған ортаны және өмірді табиғатпен байланыстыру. Осындай беталыс та Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінен кейін мықты күшейеді және барлығы өте өзекті болады деп дәл санайды ол. «Жасыл» сәулет үшін келесі материалдарды електен өткізу, табиғи энергияны (күн, жел) пайдалану және де жаңбыр суларын (бұл үшін экоүйлерде оларды нақ жинау мен тазалау жүйелерін қарастыруда) кең түрде қолдану орасан маңызды.

Әрине, жел мен күннің энергиясын түбегейлі қолданатын ғимараттар Қазақстанда саусақпен санарлық ғана. Бүгінгі таңда Астанадағы және де қала сыртындағы экокоттедждердің орташа құны шаршы метріне 1 000 долларды құрайды.

Жалпылай алғанда, экологиялық сәулетте екі ең негізгі беталыс ерекше:  экохайтек және «қарапайым шешім» бағыттамасы. Экохайтек үй үшін күрделі  инженерлік идеяларды жан-жақты дайындайды, адам мен қоршаған ортаның жайлы өміріне жұмыс істей алатын жаңа технологияларды, қазіргі заманғы автоматиканы дамытады және де өркендетеді. «Қарапайым» экоархитектура уақытпен тексерілген дәстүрлі шешім аясында қалады. Бір ғана күдіксізі –дәстүрліге қарағанда экоүйдің құрылысы 20-40%-ға қымбатқа түседі, бірақ, 7-10 жылдан кейін ол өз-өзін өтейді. Сондықтан экоархитектура тек қауіпсіз ғана емес, өте пайдалы болып есептеледі.

Қазіргі заманғы қаладан тыс үй құрылысында табиғи материалдарға аса, ерекше көңіл бөлінеді – ағаш, саз және сабан. Алайда, табиғи ағаш және тас орасан ынталылықпен дара пайдаланылады. Жасандылықтан айырмашылығы табиғи құрылыс материалдары өте зиянды нәрселерді шығармайды да және үйде адамға жайлы және қолайлы атмосфераны қалыптастырады.

Yй құрылысы бойынша есептеу

Құрылыс нарығының кәсібилер Одағынан 8х9 м. мөлшердегі 150 ш.м. алаңымен жертөлесі бар екі қабатты коттедж

Кaspi Bank Қазақстандағы құрылыс нарығының кәсібилер Одағымен бірлесе отырып, үй құрылысының негізгі кезеңінің құнын есептеп шығарды. «Бұл Lego конструкторының сметасы, — деп нақтылап көрсетеді шебер мамандар. — Сіз өзіңіздің қалауыңызбен қабатты жоя аласыз немесе қосасыз және сол кезде құрылысқа қанша ақша кететінін шамамен байқайсыз». Біздің сұрау арқылы құрылысшылар кестеде келтірілген цифрлармен келісімдерін білдіреді.

Жұмыс түрлері Бағасы *
Жер жұмыстары** 391 864 теңге 
Іргетас***  866 870 теңге
Тіреуіш  572 000 теңге
Блоктан және плита жабылмадан жертөле 1 291 703 теңге
Монолитты жертөле 1 697 936 теңге
1 қабаттың бетонды қаңқасы 352 470 теңге
1 қабатты плитамен жабу 458 540 теңге
1 қабатты монолитпен жабу   624 223 теңге
1 қабаттың кірпішті қабырғалары 892 458 теңге
1 қабаттың пеноблокты қабырғалары   761 134 теңге
2 қабаттың бетонды қаңқасы 368 970 теңге
2 қабатты плитамен жабу 523 900 теңге
2 қабатты монолитпен жабу 716 368 теңге
Жеңіл жабу 494 735 теңге
2 қабаттың кірпішті қабырғалары 983 092 теңге
2 қабаттың пеноблокты қабырғалары 881 087 теңге
Темірлі шатыр 735 969 теңге
Жұмсақ (иілгіш) төсенішті шатыр 780 632 теңге
Кіретін бүйірдегі-топ есік 312 000 теңге

Сондықтан 150 ш.м. үш дәрежелі алаңы бар үйдің құрылыс қобдишасының орташа бағасы  7 800 000 теңгені, немесе шаршы метріне $350-ды құрайды.

* Қазақстанның құрылыс нарығындағы кәсібилер Одағының анықтамалық мәліметтері бойынша орташа бағалар.

** Шұңғылды қазу үшін сізге экскаватор және бульдозер, сонымен қатар құм мен қоқысты тасу үшін самосвал керек.

*** Материалдардың құны жұмыстың құнына қосылған. 1/3 шығын жұмысқа, ал, 2/3 — материалдардың құнына кетеді.

Инженер-құрылысшы Нұржан Қанапиннің 150 ш.м. алаңы бар үй құрылысының есебі

Құрылыс кезеңдері Материалдардың құны Жұмыстың құны Мерзімдері
Безендіру
және жобалау
  25 000-100 000 теңге 3-10 күн
Іргетас
  1. Бетондық плиталар — 200 000  теңге +
    машина-бақылаушы аспаптардың қызметтері
    (30 000 теңге)
  2. Цемент (1 тонна 
    — 30 000  теңге)
  3. Құм (1 самосвал 
    — 20 000 теңге)
350 000 теңге 20-30 күн
Қаңқа

Ағаштан  — 110 000 теңге.
Бетонды — 250 000 теңге.

80 000 теңге 15-20 күн

Қабырғалар

Газблоктар — 800 000 теңге + 
жеткізу — рейс 30 000 т.
Үш  рейс — 90 000 теңге
250 000 теңге 20-30 күн
Қосымша кірпіштік
қаптырма
Кірпіш — 100 тг/1 дн.
барлығы 5000-7000 дана
қорытындысы 700 000 теңге
300 000 теңге 30-45 күн
Металдық-саздық төсеніш 500 000 теңге 150 000 теңге 25 күн
Терезе, есіктер  10 пластиктік терезе — 250 000 теңге.
10 кедрлік есік — 300 000 теңге,
кіретін болатты есік
— 60 000 теңге
170 000 теңге 15 күн
Төбенің жылу изоляциясы Минвата — 1 куб.метр — 10 000 теңге
(барлығы 100 000 теңге)
70 000 теңге 7 күн
Жылыту жүйесі
     
Қатты отындықпен жылыту қазандығы
1.Немістікі — 230 000 теңге
2.Чехтікі — 300 000 теңге
Қазандықты орнату —
100 000 теңге
2 күн
Электрлік қазандық Ресейдікі — 43 000 тенге Қалалық электр желісіне қосуға рұқсатнама — 100 000  теңге,
қазандықты орнату — 50 000 теңге,  үш тарифті есептегіш 
— 15 000 теңге
10-15 күн
Түтін шығаратын мұржа 5 метрі — 12 000 теңге Мұржаны, насосты жинақтау, қазандықты
 реттеу — 70 000 теңге
1 күн
Жылыту батареясы  1 секция — 1300 теңге, секцияаралық құбыр
— 80 000 теңге
60 000 теңге 10 күн

Ортақ тұрмыстық жабдықтау мен әлеуметтік маңызды объектілердің жақын орналасуы, инфрақұрылымның желісі болуы – 10 сотық жердің құны 40 000-80 000 доллар.

Барлық жайлылықтан тым алыс 10 сотық жердің құны — 8000 доллар.

Үйдің құрылысы — орташа 40 000-60 000 доллар.

Ешқандай есептеменің барлығы әр уақытта барынша дәлме-дәл шығуы мүмкін емес екенін түсіну қажет. Құрылыс материалының құнының  өзгеруі, үйді пайдалануға беру кезінде қандай да бір ерекшеліктер туындауы ықтимал.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Астана қаласындағы жаңа құрылыстың инфрақұрылымы

«ЭКСПО-2017» кезінде астананың түр-тұлғасы қалай өзгереді

kn.kz
>
Статьи