Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Тіркелімнің қиындықтарын жеңілдету

Мекен-жайы бойынша тіркелудің, түсініктірек айтқанда, тіркелімнің заңға мойынсұнатын біздің еліміздің азаматтарының тыныс-тіршілігінің бүкіл саласына қатысы бар. Онсыз арнайы жұмысқа тұруға, медициналық қызметті және банктен несие алуға, баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыруға болмайды. Тіркелімге сай қандай құқық пен міндеттеме бар және оны қалай алуға болады?

Ең алдыменен нақты айтуға болатыны, республиканың азаматы, сонымен қатар шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстанда әрдайым тұратын немесе босқын мәртебесін алғандар ретінде — әркім тіркелімде тұруы керек.

Бұнымен қатар ҚР Азаматтық Заңдар жинағының 16 бабына сәйкес азаматтың тұрғылықты орны және заңдық мекен-жайы туралы түсінік бірдей, ұқсас болып табылмайды. Жоғарыда көрсетілген баптың бірінші бөлігіне сәйкес азамат әрдайым, әрқашан немесе көптен бері тұратын елдімекен тұрғылықты мекен-жай деп танылады. Жеке пәтер немесе үй тіркелім орнына жан-жақты да, тиянақты да пайдаланылуы міндетті емес. Ішкі көшіп қонушылары Ережесінің 4 бөлігіне сәйкес тұрғын үй мен пәтерлерде, саяжай құрылысының бау-бақша серіктестігінде және де кооперативтерде, жатақханалар мен қонақүйлерде, сонымен бірге сәнді санаторияларда, профилакторияларда, интернат-үйлерде, қарттар үйінде, пансионаттарда, ал, кейбір жағдайларда қызметтік ғимараттарда заңды түрде тіркеле алады.

Тіркелімнің түсінігіне байланысты барлық рәсімдер «Халықтың көшіп-қонуы туралы» ҚР-ның Заңымен, Азаматтық Заңдар жинағының, ішкі көшіп-қонушылардың тіркелімінің Ережесін және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістерді енгізуді бекіту туралы 2011 жылғы 1 желтоқсаннан №1427-ші ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітіліп белгіленген.

Тіркелімді алай алуа болады?

Азаматтарды тіркелімге тіркеумен және оларды шығарумен ішкі істер органдары көші-қон полициясының бөлімшесі нақты шұғылданады, құжаттарды қабылдауды және беруді тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары жан-жақты жүзеге асырады.

Жаңа мекен-жайға тіркелімге тұру үшін сіз ТҚО-на төмендегі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. Тұрғын үй меншік иесінің келісімімен тіркелім туралы арыз.
  2. Жеке тұлғаны растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі.
  3. Бекітілген арнайы заңды тәртіппен тұрғын үйге меншікті иеленуді растайтын немесе ҚР заңнамасында жан-жақты, тиянақты қарастырылған басқа негіздер бойынша баспанаға қоныстану құқын білдіретін құжат.
  4. Азаматтар тіркелген кітапша немесе мекен-жайлық анықтама (ҚР-ның аймағында біртіндеп қоныстанған).
  5. Құжат үшін баж салығын төлеу туралы түбіртек (болмаса баж салығын төлеуден босатылуды растайтын құжат).
  6. Бұрынғы тұрғылықты жерден кетудің мекен-жайлық парақшасы.
  7. Нотариалды куәландырылған сенімхат — егер де тараптың біреуі болмаған жағдайда.

Егер де 16 жасқа толмаған балалар тіркелсе, онда ЖСН-мен тууы туралы куәлікті алып, ата-аналардың біреуі келуі керек. Мұндай жағдайда егер ЖСН-і куәлікте нақтыланып көрсетілмесе, онда баланың паспортын ұсынғаны абзал.

Құжаттар қарастырылғаннан кейін болмаса жазба жасалады және азаматтардың тіркеу кітапшасына мөр қойылады, болмаса тіркеудің және тұрғындарды құжаттандырудың ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізіледі немесе электронды тасушысымен жеке куәлігі бар азаматтың заңдық мекен-жайына қайта жазбалар жүргізіледі. Бұдан да басқа egov.kz. сайтындағы тіркеу онлайнының орны бойынша тіркеу қызметін пайдалануға мүмкіндік туады. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу Ережесіне сәйкес бұрынғы тіркеу мекен-жайы бойынша есептен шыққан сәттен бастап, 10 күннің ішінде тіркеу тиянақты жүргізілуі тиіс. Босқындарға қатысты айтарымыз, олардың жағдайында тіркелу 5 күннің ішінде болуы қажет.

Тіркелімні болмааны шін жаза

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Заңдар жинағының 377 бабына сәйкес тұрғылықты мекен-жайы бойынша ҚР азаматының тіркелімсіз тұруы «Тұрғындардың көші-қон туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғаннан басқа жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып жазаланады, болмаса, егер әкімшілік құқық бұзушылық бірінші рет орын алса, ескертумен шектеледі.

Тіркелім тәртібін бұзушылық алғашқы айыппұл салынғаннан кейін бір жылдың ішінде екінші рет қайталанса, тәртіп бұзушыға енді 10 АЕК мөлшерінде тағы бір әкімшілік өндіру ретінде жазалау болады.

Тіркелім болмаған жағдайда кімдер жазаға тартылады?

1. Тіркелімге тұрмаған азаматтар немесе шетелдіктер мен босқындар

Бұл мәселенің Қазақстан аймағында әрдайым тұратын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға, тұруға ықтиярхатсыз немесе куәліксіз азаматтығы жоқ тұлғаға, заңды тұруға ықтиярхатсыздық бойынша 10 календарлық күннен көп мерзімде куәландырылған азаматтығы жоқ тұлғаға қатысы бар. Мұндай тәртіп бұзушылықта 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Осындай өндіртіп алу паспорттың, тұруға ықтиярхаттың болмаса азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің жоғалғаны туралы уақытысында ішкі істер ұйымдарына хабарлама берілмегенде қолданылады. Бұндай әрекетте бір жыл ішінде тәртіп бұзушылық тағы қайталанса, айыппұл 50 АЕК-ке дейін көтеріледі.

2. Ғимараттың қожайындары

Олардың жауапкершіліктері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Заңдар жинағының 378 бабында көрсетілген. Сөйтіп, тұрғын үй меншік иесі немесе басқа тұлға өзінің қарастығындағы баспанаға, ғимаратқа және (немесе) бөлмеге біреуді жіберсе, меншік иесіне қарасты баспанаға, ғимаратқа және (немесе) бөлмеге онда тұрмайтын жеке тұлғаны, бірақ, тіркелімге алса, оларға заңды түрде, дәлірек айтсақ, жеке тұлғаға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу нақты, тиянақты, дәл қарастырылған.

Негізі кіші және орта кәсіпкерліктің немесе саудалық емес ұйымдардың субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар кенеттен заңды бұзса, айыппұл мөлшері 15 АЕК-ке дейін шарықтап көтеріледі, ал, ірі кәсіпкерліктің заңды тұлғалары бола тұрып, заңды бұзса — айыппұл 20 АЕК-ке дейін емін-еркін барады.

Меншік иелеріне нақтыланып дәл қарайтын немесе басқа тұлғалардың қарастығындағы баспаналарда, ғимараттарда және (немесе) құрылғыларда тіркелген, бірақ, мұнда тұрмайтын жеке тұлғаны тіркеуден шығару бойынша қарамағында тұрғын үйі, ғимараты және (немесе) құрылғысы бар басқа тұлғалар мен тұрғын үйдің меншік иелері уақытысында, дер кезінде іс-шараларды қолданбаған жағдайда айыппұлдар мол етіп салынады. Мұндай тәртіп бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға салынатын айыппұлдар  10 АЕК-ті, ал, кіші және орта кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар үшін — 20 АЕК-ті, ірі кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар үшін — 40 АЕК-ті айқын, анық құрайды.

Егер де жыл бойында тәртіп бұзушылық қайталанса, тағы да бір айыппұл тиісінше 20, 40 және 80 АЕК мөлшерінде салынатынын есте мықтап ұстаған дұрыс.

Оз йіізде бгде біреулер тіркелімде болса, андай ауіп болады?

Егер де тіркелім мәселесі тым өткір болып тұрса, көптеген азаматтардың  тіркелу туралы өтінішпен туысқандарына,  достарына және жақын-таныстарына хабарласқаннан басқа амалдары қалмайды. Кейбір адамдар бөгде біреуді меншікті баспанасына тіркеуден қауіптеніп, бұл тірлікке өте сақтықпен қарайды. Азаматтарды тіркеу қожайындарға қандай  залал әкелуі ықтимал?

Алдыменен басты нәрсені ұмытпаған жөн: тіркелім меншік құқына ие болуға мүмкіндік бермейді. Тіркелімге тұрған азамат сіздің жылжымайтын мүлкіңіздің үлесіне таласа алмайды. Оны сатуға, жалға беруге, кепілге қалдыруға немесе басқалай әрекеттерге баруға оның құқы жоқ.

Сонымен қатар тұрғын үйдің қожайыны оның пәтерінде тіркелімде тұрған азаматты тәптіштеп ешқандай да арыз жазбастан оның құжатынсыз, жеке куәлігінсіз тіркеуден кез келген уақытта шығара алады. Сондай-ақ, сатып алу кезінде пәтерде тіркелімде тұрған тұлғалар да тіркелімнен дәл осы жолмен, бағытпен шығарылады. Бұл операция ТҚО-да жүзеге асырылады, тіркелімнен шығарылатындардан да арыз талап етілмейді.

Бұнымен қоса есептен бір жақты шығаруға басқа тұрғылықты мекен-жайға ауысқандар, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айырылып сотталғандар (егер тек олар жылжымайтын мүліктің меншік иелері болмаса), өлгендер және жылжымайтын мүлікті пайдалану құқын жоғалтқанын сот арқылы танығандар жатады.

Бүтіндей жалпылай алғанда, пәтерде тіркелімде тұрған адамдар саны кейбір жағдайларда бөлінген коммуналдық қызметтің сомасына қомақты кері әсер етеді. Тағы қосарымыз, егер сіздің баспанаңызда тіркелімде тұрған азамат кенет қылмыс жасап қойса, құқық қорғау мекемелері бірінші кезекте сізге хабарласады.Үйде немесе пәтерде тіркелімде тұрған адамның басқалай залалы жоқ.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Пәтерден пәтерiге көшу

kn.kz
>
Статьи