Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Тәуліктік пәтерлер: Астаналық нарықтың ерекшеліктері

Бүгінгі таңда Астанада қанша пәтер тәулікке берілетінін ешкім дөп басып айта алмайды, өкімет бұл бизнесті көлеңкеден алып шығуға тырысуда, бірақ, нәтиже жоқ. 

Жаңадан келген кісіге пәтер таңдауда астанадағы тәуліктік жалға алу нарығы картаның ойынындай көрінеді: ненің қай жақтан құлайтыны белгісіз. Бұл қызметтер бірнеше жылдан бері өз-өзімен дамуда. Бірақ, сұраныс пен бәсекелестік өз ережелері мен стандарттарын қалыптастырды

Астанада тұрғын үйді тек қана тәулікке жалға беруге байланысты маман дайындайтын фирмалар бар. Біз олардың  басшыларынан сырттан келген адам пәтер таңдауда қандай бағыт ұстанатыны және сапасыз сервиске кез болмауы туралы әңгімелеуді өтінгенбіз. Өйткені, тәжірибесіз клиент шаш етектен көп хабарландырулар мен уәделерден шатасып қалуы әбден ықтимал ғой.

Шенеуніктер мен депутаттар барлық жалға берушілердің арнайы есепке міндетті тұру керектігін баса айтады. Бірақ, әзірге жалға берілетін пәтердің саны туралы тек қана жанама мәліметке сүйенуге тура келеді. Егер мамандандырылған сайтты пайдаланып, өзіңе пәтерді бір күнге жалдауға тапсырыс берсеңіз, 250-ден астам хабарландыруды оқуға болады.  Әрине, тұрғын үйдің бүкіл иелері түгел Интернетті пайдаланбайды. Көпшілігі клиенттерді вокзалда «аулағанды» дұрыс көреді. Кейбіреулері тіпті басылымға хабарландыру бермейді және «сарафандық радио» құралымен жұмыс жасайды.

— Бәсекелестік өте үлкен, — деп әңгімелейді «TMK company» басқарушы компаниясы директорының  орынбасары Тимур Муслимов. — Қазірде, шамамен мыңнан аса адам пәтерлерін жалға береді. Сондықтан біздің  компания «Северное сияние» ТК-нің бір өзінде 40 апартаментке қызмет етеді.

Әрдайым да келетін шетелдіктер, бизнесмендер мен қарапайым демалушы қазақстандықтар жалдың астаналық нарығына оң ықпал жасап отыр: кейбір мамандардың пікірлерінше, Қазақстанның басқа қалаларындағыға қарағанда Астанада қызмет ету дәрежесі бүтіндей жоғары. Мысалы, 8 мың теңгеге жалға алынған тұрғын үй Алматыдағыдан тәуір.

Оның үстіне бір күндік пәтерлер қонақүйлер үшін айтарлықтай бәсекелестік жасайды. — Мысалы, шетелдіктер, — дейді Тимур Муслимов, — ұзақ мерзімді уақыттағы іссапарда пәтерлерді пайдалануды мықтап қалайды.

— Сол жағалаудағы қонақүйлерге төлеу оларға қымбатқа түседі. Онда нөмір 18 мың теңге және де одан жоғары тұрады. Олар үнемдеуге тырысады, 15-16 мың теңгенің шамасында пәтерді жалға алады. Егер онда ұзақ мерзімге тоқтаса, оларға қолайлы, ыңғайлы, жейтін бір нәрсе дайындауға мүмкіндіктері болады.  Іссапар қысқа мерзімді болса — онда олар қонақүйге емін-еркін, көтеріңкі көңіл-күймен қоныстанады, өйткені, бағаға таңғы ас қосылады.

Kn.kz аналитикалық қызметтің мәліметіне сәйкес 2013 жылдың қарашасында Астанада күндік пәтердің орташа құны 8141 теңгені құрайды. Қонақүйдің және шаршы метрдің қожайындары дәл осындай ақшаға не ұсынатынын салыстыруға болады (1 кесте).

Ашық түрдегі ақпарат көздерінен алынған мәліметтен хабарландырулар кездейсоқ мағынада таңдалынды. Кестеде   гигиена құралдары, таза төсектік заттары сияқты қызмет түрлері көрсетілмеген. Бірақ, барлық хабарландыруларда бұл туралы бөлек қатармен анық жазылған. Салыстыру үшін сонымен қатар қонақүйдің немесе пәтердің қайда орналасқаны туралы мәлімет жоқ. Бұның маңызы түсінікті. Бірінші кезекте мұндайда қонақүйлік нөмірлер ұтылады.

Күндікке жалға алудың жақсы бір тұсы үй жағдайында өмір сүруге мүмкіндік болады: киімдерді жуу, үтіктеу, таңғы немесе түскі ас дайындау. Мысалы, мамандардың айтуынша, тіпті бір тәулікке 30 шаршы метрлік қонақүйлік нөмір 25 мың теңге тұрады екен. Осындай ақшаға 100 «шаршылық» немесе одан да жоғары пәтерді жалға алуға мүмкіндік бар.

1 кесте. Астанада тәуліктік жалға берудің салыстырма кестесі

Қонақүйлер бойынша

8000 тг/ тәулік 8000 тг/ тәлуік 7000 тг/ тәулік
Бір орынды нөмір

Ғашықтар үшін екі
орынды нөмір

Екі орынды
жартылай люкс
Wi-Fi, кабелдік ТВ, салқындатқыш,
тұрақты телефон, тоңазытқыш, душ.
Wi-Fi, кабелдік ТВ, телефон.
Қосымша қызмет — екі жатындық
электрлік кереует.
Кабелдік ТВ,
аяқ киім, тоңазытқыш, халат, сүлгі, телефон.
Сұраумен таңғы ас.

Пәтер бойынша

8000 тг/ тәулік 8000 тг/ тәулік 8000 тг/ тәулік
Бір бөлмелік Бір бөлмелік Екі бөлмелік
Wi-Fi, домофон, түбіртек, есептеу үшін құжаттар,
кір жуғыш машинка-автомат, телефон,
ТВ, тоңазытқыш.
Қосымша жатын орын бар.
Тоңазытқыш, ыдыс-аяқ пен асханалық құралдар,
ашылып-жабылатын диван,
кабелдік ТВ, үтік, үтіктегіш тақта, кір жуғыш  машина.
Кештер мен отырыспа қызметтері (алдын ала келісім бойынша).
Wi-Fi, домофон, жабылма, түбіртек, есептеу үшін құжаттар,
барлық тұрмыстық  техника, ыдыс-аяқ, төсектік зат және т.б. 
Кештер мен отырыспа қызметтері.

Не, қайда, қанша?

Сонымен, «тәуір» пәтер шамамен қанша тұрады? Яғни, сізге тап-тұйнақтай жиналған бөлме, тап-таза төсек және ванна мен асхана үшін қарапайым құралдары бар тұрғын үй.

Негізі өркениетті ғимараттың қанша тұратынын есептеу анау айтқандай оңай шаруа емес екен. Баспананы күндік жалға берумен тоқтаусыз, үздіксіз шұғылданатын компания субарендатор болып табылады. Демек, олар шаршы метрдің қожайындарымен бір айлық жал бойынша заңды түрде келісімшарт жасасады. Үй иесінің қанша қаражат сұрағанына байланысты клиенттерге жалға беру құны шығады.

— Мысалы, бірдей ТК-де, бірдей подъезде орналасқан екі пәтердің жалдық бағасы әр түрлі, әр қилы болуы мүмкін, — деп жан-жақты, тиянақты түсіндіреді «Астана RENT» компаниясының директоры Денис Лесников. — Тиісінше сұранысқа ие болу үшін бәсекелестерге қарағанда пәтерді арзанырақ жалға беру тиімді. Бір ТК-дегі ұқсас пәтерлердің өзгешілігі, айырмашылығы ең кем дегенде 20%-ға жетеді.

«TMK company» компаниясының білікті басшыларының бірі Тимур Муслимов астанадағы эконом-класты пәтерлерді жалға беруді шартты түрде былай бөледі: (бір күнге 7 мың теңгеге дейін), орташа дәреже (8-ден 12 мың теңгеге дейін) және VIP-дәреже (бір бөлмелік 12 мың теңгеге дейін).

Эконом-класс. Дұрысында пәтер жаңа құрылыста орналаспайды. Тым қымбат емес жабдық, фен тәрізді тұрмыстық техникада ешқандай артықшылық болмайды. Қарапайым төсектік және ванналық керек-жарақтар. Бірақ, бұл сегментте сауатты жалға берушілер жайлы, керемет тұруды қамтамасыз етуге әбден тырысады: сол Wi-Fi, кабелдік ТВ немесе кір жуғыш машинка норма болып саналады.

Орташа деңгей. Пәтерді сол жағалаудан жалға алуға болады. Мұндай тұрғын үйге әрдайым келетіндер пәтердің жағдайына мықты талап қояды, ал, жалға берушілер бұны жақсы біледі. Сапалы жинау міндетті. Тәуір жағдаймен қоса тұрмыстық құрал-жабдықтар ұсынылады, мысалы, салқындатқыш, фен, жақсы ыдыс-аяқтардың толық жинағы. Дәреже ұсақ нәрседен көрінеді, мысалы, кәдімгі ванналық керек-жарақтарға тіс щеткалары, сұйық сабын, жұмсақ ысқыш қосылады.

VIP- деңгей. «Нұрсая» немесе «Северное сияние» сияқты әйгілі, белгілі ТК-нің жоғары қабаттарындағы пәтер тәуір мекен-жай болып есептеледі. Қымбат тұратын дизайнерлік жөндеу, жаңа жасау-жабдық және тұрмыс заттары. Мұндай пәтерге әрдайым келетіндер техниканың, жиһаздың, ыдыс-аяқтың сапасына қарайды. Мамандардың айтуынша, тіпті асханалық құралдардың өзі қарапайым шаруашылық дүкендерінен сатып алынбауы керек, брендтік болса дұрыс. Тұрмыстық техникаға мынадай заттар, мысалы, ыдыс-аяқ жуатын машина және кептіретін барабан үстеледі.

Егер бағалық бағыттаманың қорытындысын шығарар болсақ, онда қала орталығындағы таза, қолайлы бір бөлмелік тәулігіне 8 мың теңгеден жоғары болады. Денис Лесников, «Астана RENT» директоры, тұрғын үйді таңдаумен қоса өзі іссапарларда жиі-жиі болады. Сондықтан мұндай ақшаға қандай бір бөлмелік пәтер сәйкес келетініне кәсіби көзқараспен тиянақтылық, жинақылық тұрғыда қарайды.

— Барлық, бүкіл керекті тұрмыстық техникалардың болуы тиіс: шағын толқынды пеш, электрлік шайнек, сол фен, диспенсер болса тіпті жақсы. Кір жуғыш машина, тоңазытқыш — бұл міндетті. Бүгінгі таңда сұранысқа ие қажеттілік — Wi-Fi Интернетінің болуы. Бүтіндей түрлі жиһаздардың жағдайы, розеткалар, ағытпалар. Сонымен қатар менің де өз стандартым бар: егер де аспалы шамда, мысалы, 6 қуыс болса, онда міндетті 6 лампа болып және бәрі жанып тұруы тиіс. Ал, тікелей тұру мәселесіне келсек, өзін сыйлайтын компания қандай да бір жоспардан тыс қызметтер ұсынуы керек деп санаймын: төсектік заттарды ауыстыру, ванна үшін құралдарды беру, жинау.

Розеткалар мен ағытпалар туралы директор жоқтан бар жасап, кездейсоқ айтқан жоқ. Егер олар құлап, қирап жатса, соңына дейін аямай пәтерден «сығып алынады».

— Егер бұл бір бөлмелі пәтер дейік, онда 6-8 розетка және сонша ағытпалар болады, — дейді Денис Лесников. — Олар бір-екі сағатта істеледі және оған 5-6 мың теңге төленеді. Егер бұлар болмаса, жинау сапасы туралы дауласуға тұрады. Жалпы, мұнда шешімін табар мәселелер көптеп саналады.

Астананың орталығы мен Ескі қала — қаланың аталған бөлігіндегі дәрежесі бойынша бірдей пәтерлердің бағасында айтарлықтай айырмашылық жоқ деп санайды маман. Сол жағалауда да сонымен қатар көптеген бизнес-орталықтар, сауда павильондары мен жұмыстарымен адамдар келетін басқа да орындар орналасқан. Сол жағалаудың қаншама дара ерекшеліктері болса да, бұл аудан да сұранысқа ие. Мәртебелі аудандардың өзгешелігі 20%-дан аса қоймайды.

Қосымша қызметтер:

  • Қазақстан аймағындағы шетелдік азаматтарды тіркеу.
  • Жергілікті байланыспен SIM-­картты жүзеге асыру болмаса уақытша пайдалануға ұялы телефонды ұсыну.
  • Трансферттік қызметтер.
  • Көліктің сағаттық төлемі.
  • Ұсақ тапсырмаларды, кір жуу қызметтерді, сантехниканы орындау.
  •  Компьютерлерге ұсақ техникалық қызмет жасау.

2 кесте. Пәтерді тәуліктік жалға беру құны

Астананың аудандары бойынша

Аудан Баға, USD Баға, KZT Баға 1 ш. м., KZT
Алматы 48 7274 163
Есіл 66 10071 156
Сарыарқа 48 7351 157
Астана 53 8141 160

Пәтердің форматы бойынша

Бөлме саны Баға, USD Баға, KZT Баға 1 ш.м. KZT
1 42 6429 169
2 62 9454 148
3 91 13954 147
4 92 14000 156

Вокзал маңайынан жалға алу

Мұнда күндік 4 тіпті 3 мың теңгеге пәтер табуға болады. Егер тоқтаусыз насихатқа құлақ түрсеңіз, үгіттеушілер сізді қармаққа түсіруге тырысады, мұның соңы қиындыққа апаруы мүмкін. Сіздің қисық-мисық жиһазы бар түтінге қақталған пәтерге барғыңыз келмейді ғой. Кейбір салауатты жалға берушілер жұмыстарын вокзалдан-ақ бастаған. Алайда, сосын клиенттерді бұлай іздеу тәсілінен кетіп отырады. Вокзалда жаман пәтерді ұсынбайды, бірақ, жайлы, сервиске үміт арту артық. Мысалы, аэропортта шақырушылар жұмыс істемейді, мұнда клиенттердің дәрежесі басқашалау.

Әрине, адамдар ығы-жығы көп жүретін жерлерде алаяқтардың да арбайтынын әрдайым ұмытпаған абзал. Алдаудың ең көп тараған түрі, егер адамға пәтердің кілтін ұсынып, сосын ақша мен құжатты алып қойып, клиенттің өзі аталған мекен-жайға баруы болып табылады. Қорытындысында айтқан жерде тұрғын үй болмай шығады. Болмаса, бұл пәтерге басқа жалға алушылар келеді.

— Сізге пәтер беретін адаммен бірге барып, барлығын тиянақты-жан-жақты қарап, оның құжаттарын тексеру қажет: ол қожайын ба, басқа ма, ненің негізінде пәтерді жалға беріп жатыр? Тұрғын үйді бір күнге беріп, сосын бірден біреуге оны аптаға жалға ұсынатын оқиға кездеседі. Кейін бұл жалгерді таба алмай қаласыз, — деп ескертеді Тимур Муслимов. — Керісінше, жалға алушы ақыны алдын ала төлеп, пәтерді аптаға жалға алып, сосын оны айлық жалға беруді бастайды.

— Қожайынның аты-жөні жазылған түбіртекке баса назар аударыңыз, — дейді тиянақтап Денис Лесников. — Болмаса қиын жағдайға душар болуыңыз ықтимал. Кез келген қаланың вокзалы — бұл жартылай қылмыс іс орны. Өкінішке орай, «қармаққа ілуді аңсайтын» адамдар бар, бола береді. Басында пәтерді арзан бағаға ұсынады, адамның іссапарға кететін айта салады. Қарапайым сақтық жасап, ұқыпты болмасаңыз, алдау мен арбауға түсуіңіз әбден мүмкін.

Қысқасы, жария жұмыс істейтін көптеген жеке кәсіпкерлер өкіметтің барлық жалға берілетін пәтерлерді есепке алуына тіпті де қарсы емес. Олардың бір сұрайтыны, тұтынушылардың жағдайын ғана емес, жалға берушілерді де заң қорғаса екен дейді.

Пәтерді жалға алу туралы кеңестер

Тәуліктік пәтерді жалға берумен жеке тұлғалармен қатар жеке кәсіпкерлер немесе басқармасында бірнеше ондаған пәтерлері бар компаниялар жан-жақты шұғылдана алады. Соңғы категорияның мәселесі түсінікті сияқты. Брондалған пәтерлерге байланысты және барлық құжаттарды: чектерді, есептеу-фактурларды ұсынуға тиісті көп қобалжудың қажеті жоқ. «Астана RENT» және «TMK company» серіктестіктерінің басшылары жалға беруде әрбір клиентпен жеке-жеке шарт жасасатындарын айтады.

— Көптеген серіктестік кепілге жеке куәлікті алады, — деп түсіндіреді Денис Лесников, — бұл, заңды емес. Кейбіреу жеке куәлікті суретке түсіреді. Мен бұл маңызды ештеңе бермейді деп санаймын. Егер бәрі қол қойған, төлем фактісі белгіленген, мерзімі көрсетілген, паспорттық мәліметтер көшіріліп жазылған компанияның мөрімен келісімшарт болса — бұл пәтерді жалға алған адамға нақты жауапкершілік жүктейді.

«TMK company» да егер де пәтерде клиенттің кінәсінен, кемшілігінен бір нәрсе сынатын немесе бұзылатын болса, ақшалай кепіл алады. Егер де тұру уақытында ешқандай ТЖ орын алмаса — жалға алушыға кепіл қайтарылады.

 1.Тұрғын үйді алдын ала брондаңыз 

 — Бізде жалға алушылардың көпшілігі егер де телефонмен хабарласса және брондауды сұраса, онда бұл бронға кепілдік берілген деп санайды, — деп түсінік береді Тимур Муслимов. — Егер де жалға алушының алдын ала төлемді төлеуге мүмкіндігі болса, ақы алынғандығы туралы құжатты тапсырса, ол сонда ғана кепілдік берілген деп есептеледі.

Интернет бойынша іздеуді пайдаланыңыз

Тимур Муслимов ертерек, алдын ала пәтерді немесе нөмірді брондау үшін Booking.com сияқты белгілі, әйгілі сайтты пайдалануға кеңес береді.

Қазақстандық сайттардың барлығы тұрақты сенімді емес. Тұрғын үй Интернеттегі көрсетілгенмен және фотографиямен жүз пайыз сәйкес келмейтін кездер болады. Денис Лесников ол туралы ұсыныс жасалғанмен, бәрібір пәтер туралы түсініктеме құрылғаны әбден дұрыс:

— Ниет-тілектерді нақтылап оқыңыз. Бірақ, олар дөрекілеу айтқанда, шылғи өтірік болуы мүмкін, бірақ, ықылас пен фотографияның сапасына мықтап зер салғанда, бәріне көз жеткіуге болады. Көрсетілген байланыстар бойынша телефон шалу. Әңгіме барысында бүкілін аңғару қиын емес.  Онлайн-­брондау да өте маңызды функция. Егер ол болса, меніңше, сайтта ұсынылған ақпарат үшін компанияға жауапкершілік жүктеледі.

 2.Тексерілген жалға берушілермен бірлесіп жұмыс істеңіз

 Егер де хабарландыру жеке кәсіпкер немесе жеке тұлға арқылы жарияланса, онда таныстардың тәжірибелеріне арқа сүйеуге кеңес беріледі:

— Тексерілгендерге тоқтаған дұрыс, — дейді Тимур Муслимов. — Біз де қандай да бір порталдарға орналасқан жоқпыз, бірден сайтқа қол жеткізілмеді. Алғашында бір-екі пәтер болған уақытта бастадық. Дегенменен, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болсаңыз, жұлдызыңыз жарқырай түседі, сізді барлығы таниды.  Адамдар телефондарды бірі-біріне береді, осылайша абыройыңыз асқақтайды.

 3. Кірер алдында пәтерді жақсылап қараңыз

 Егер бір нәрсе ұнамай қалса, басқа нұсқаны іздеуге әлі уақыт бар. Қысқасы, пәтерде жиналмаған жер болса немесе қандай да бір бөгде кемшіліктер орын алса, қожайындардың оларды жасамайтынын мамандар баса көрсетеді. Барын қабылдаңыз, болмаса «Сау болыңыз!» деңіз. Егер сіз пәтерге түнде барсаңыз, ол сіздің көңіліңізден шықпаса, басқасын жалға алуға тырысыңыз. Астанада кешке дейін немесе күні-түні жұмыс істейтін компаниялар жетеді.

4. Жеңілдік туралы ертерек келісу керек

 Ұзақ мерзімге жалға алудың құны төмен болатынын кейбір компаниялар сайттарында жүйелі түрде көрсетеді. Егер клиент үйді аптаға немесе одан сәл көп уақытқа жалға алатын болса, жалгерлердің жеңілдікті талқылауға ниеттерінің бар екендігі туралы тіпті ақпарат жоқ. Астанаға іссапарға жиі шығатын қызметкерлері бар компаниялар өз бағаларын құпия ұстайды, басқалардан төмен болады, жеңілдіктері 30%-ға дейін барады.

5. Астанада үлкен іс-шараларды өткізу барысында пәтерді апта бұрын брондау керек

Ерекше жағдай — мереке күндерін немесе қандай да үлкен іс-шараларды, мысалы, халықаралық көрмелерді өткізу үшін бір күндік жалға алу. Бір ақылға сыймайтыны — дәл оқиға болатын күні жақсы бағаға тәуір баспананы табуға тырысу. Ірі-ірі компаниялардың көпшілігі алдын ала брондау бойынша үздіксіз жұмыс істейді.

— Егер де бүгін, мысалы, 31 желтоқсан дейік, мен пәтер іздеуді бастадым, бұл бағаның стандарттан 2­2,5 есе жоғары болатыны белгілі, — дейді нақтылап Денис Лесников. — Егер адам қазір жаңажылдық мерекеге байланысты бронь жасаса, онда баға 50 пайыздан төмендемейді. Көптеген компаниялар жалға алудың аз мерзімінің шарттарын қояды, ұсынады. Ол әр түрлі, әр қилы болады, дегенменен, нақты 3 күннен асады.

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи