Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Егер көлікті тас жолда бүлдіріп алсаңыз

Көлік тас жолда кенеттен шұңқырды «тапқандықтан», доңғалағы немесе оның астыңғы жағы әжептәуір бүлінді делік. Мұндай жағдайда материалдық зиян келгені үшін өтемақы талап ету керек.

Осындай кезде жүргізуші не істейді? Оның пікірінше, салықтың төленіп жатқанына қарамастан, жолдың жаман күйіне кінәлілерді боқтап ұрысады,  сосын өзінің есебінен бұзылғанды орнына келтіру үшін «қарлығашын» ТҚС-не апарады.  

—   Жүретін соқпақтың жаман күйінің кесірінен зиян шеккен жағдайда қалай қимыл-әрекет жасау керек? — деп әңгімелейді көлікшілермен бірігіп істеу Қоғамының басшысы (қысқартылғаны «КБҚ») Руслан Лазута. Юрист YouTube-ге салынған видеороликтің арқасында бүкіл республикаға танымал, болды. Егер полиция кәсіби іскерсіздігін көрсетсе, жүргізушіге негізсіз талап қойылса, сонда әуесқой көлікші мен құқық қорғаушы жол полициясымен дауласады. 

Юрий Лазута өте сапасыз жолдарға және соның себебінен көліктердің сынған қалдықтарына байланысты талап арыздың айтарлықтай аздығын айтады.

— Кез келген кезде жол үшін жауаптылармен егер мәселе үмітсіз болса да, ымырасыз, тынымсыз күресуге болады! — деп оқытады юрист. — Барлық қызмет көрсетушілермен «шаштасу» қажет. Өкінішке орай, мемлекет осыған итермелейді.

Кез келген тас жолдың өз қожайыны, өз егесі болатынын, демек, оның күйіне жауапты бар екенін аса елеп ескеру керек.

Тас жолдың жағдайы мен ұзындығы, жөндеуі, кепілдік мерзімі және басқа мінездемелері туралы ақпарат көліктік жолдың құжатында жазылады. Жаңа тас жолды салғаннан кейін ойдым-ойдым жерлер пайда болса, ол үшін соны жасаған жеке фирма жауап береді. Сонымен қатар көлік ашық құдыққа абайсызда байқамай кіріп кетуі мүмкін. Ол міндетті түрде бір институттың немесе жеке кәсіпорынның құзырында болатыны бесенеден белгілі жәйт. 

Руслан Лазутаның тәжірибесінде жолда көліктің зақымдануына сәйкес барлығы үш хабарласу болды. Осы үш жағдай тек қана ашық қалған құдыққа байланысты орын алды. Бірінші ЖКО-да машинаның доңғалағы түсіп қалды, екіншісінде доңғалағымен қоса бампері мен оның асты бүлінді. Екі мәселеде де сот ісінде жүргізушілер жеңіп шықты. Үшінші оқиға жақында ғана орын алды, ол бойынша сот ісін қарау енді-енді басталады. 

Судьялар да әуесқой көлікшілер

Аталған жолға жауап беретінді анықтау ісі барысында көбінесе жүргізушіге қиындықтар кездеседі. Ең дұрысы — қалалық әкімдікке, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың, жолаушылар көлігі мен  автокөлік жолдардың бөлімдеріне сұрау салу қажет. Дегенменен, Руслан Лазутаның пікірінше, әкім аппаратында  жауап беруді ұзаққа, 2-3 айға дейін созады. Заң ақпараты бойынша олар жауапты 15 күнде,   болмаса — 30 күнде беруі тиіс.

Екі жүргізушінің дауласуы, олардың көліктері ашық құдыққа тап болғанда, жарты жылдан бір жылға дейін уақытты алған. Қараңғыда қорғанмен қоршалған ашық құдыққа соқтыққан үшінші жүргізушіге юрист ешқандай да жазбаша сұрау салусыз сотқа жүгінуге, яғни, анықталмаған тұлғадан келтірілген залалдың орнын толтыру туралы талап арыз беруге кеңес ұсынады.  

— Мен жүргізушіге былай деп айттым: «Саған жауап беремін дегенше, оны тағы 300 жыл күтесің». Анықталмаған тұлғаның үстінен арыз берсең, сот тең жауап берушілікке керектіні өзі тартады. Әсіресе, сотта тараптар бұл біздің құдығымыз емес, менің трубам емес, бұл біздің баланста емес деп айта бастайды... Соттың істі қарауға екі ай уақыты болады, ол салиқалы жауапкершілік белгілейді. 

Әрине, сот мәжілісінің кезінде тарап-жауапкер жүргізушіге қысым жасайды, оның өзі дұрыс жүрмегенін, ережені сақтамағанын және тағы басқаларды жан-жақты дәлелдеуге тырысады. Алайда, жүретін жолдың бөлігіндегі бүлінушілік дәл уақытысында жойылмағаны факті болып қалады. Руслан Лазута судьялармен сөйлескенін, олардың да жолдың сапасына көңілдері тым толмайтынын айтады. Судьялар да әуесқой көлікшілер және олар материалдық залалды заңды түрде өндіру мүмкіндіктері болса қуанады. 

Қызықты әліппе

Көліктік тас жолдың жай-күйін жол полициясының қызметкерлері де бақылауға тиісті. Осы бақылаудың негізінде жол қадағалаушы пост ауданында қозғалысты ұйымдастыруды аяқтау бойынша өзінің ұсынысын енгізу керек. Сенбейсіздер ме? Өкінішті: ақпарат арнайы құжаттан алынған — жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР ішкі істер органдарының нұсқамасы. Осыны жол қызметінің негізі, әліппесі деп айтуға болады.

Юрист Руслан Лазутаның пікірінше, заңдар керісінше жұмыс істейтін Зазеркальеде біз өмір сүріп жатқандай екенбіз. Азаматтар, шамасы, басқа жағдайға сенеді: асфальтта үлкен қуыс бар, жүргізушілер оны айналып өтеді, сондықтан олар толық бөлінетін жолаққа кезігеді немесе өзге құқыққа қарсы әрекет жасайды. Осыдан жүргізуші тасада жасырынып тұрған полицияның қармағына түспеу үшін тежегішті басады, содан ЖЖЕ-і бұзылады.

Ереженің қалай жүзеге асатынын «Көліктік жолды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» атты техникалық бағыттама бойынша талқылауға болады.

Мына шарт туралы жоғарыда жазылды: шұңқырдың тереңдігі 5 см, ені 60 см, ұзындығы 15 см болуы керек. Сонымен қатар бүлінген жалпы алаңды 1000 шаршы метр деп есептегенде, көктем және қыс мезгілдерінде бір жарым шаршы метрден аспау керектігі нормативте дәл көрсетілген. Бұл жолдардағы толыққанды қозғалыспен (күніне 6000 көліктен артықтау). Ал, жаз бен күзде бүлінген жері 0,3 шаршы метрден көптеу болмауы қажет. Осы жолдарда аз тығыздылықпен (күніне 2000-нан 6000-ға дейін көлік) мынау айтарлықтай айрықша, ерекше бүліну, бұзылу болып табылады: жалпы шамасы қыста-көктемде 3 шаршы метр және жазда-қыста 1 шаршы метр.

Жүретін жол бөлігіндегі суды қаттырақ айдағанда, судың жиналып, белшеден қақ тұрмауы  тиіс. Қозғалыс тығыздығы күніне  2000-нан  6000-ға дейін көлік болғанда, жолдағы қоқыс жалпы алаңның 3%-нан артық орын алмауы керек.

Күннің жарық уақытында жол белгілерінің ең төмен көрінулігі — жүз метр болады. Зақымданған жол белгілерін жою, құрту мерзімі — 3 күннен артық емес, ал, белгілердің басымдығы — бір күн.

Қар аралас борасыннан, бораннан кейін бірінші категориялы жолдар (ең көптеу қозғалыс тығыздығымен, кең жолақты) не бәрі 2 сағат бойында ұқыптылап аршылуы керек, тиіс. Үшінші категориялы жолдар қалалардың ішінде жиірек кездеседі (ешқандай қысымсыз асфальттық жабылмасы бар). 6 сағат бойында ауа райы бұзылғаннан кейін алаң қардан тазаланады. Тазалаудан кейін қозғалыс тығыздығы күніне 500 көліктен аспайтын жолдарда қардың қалыңдауы болмайды.

Ең бастысы — дәлелдемелерді жинау

Егер машина жолдың жаман күйіне байланысты бүлінсе, жүргізуші үшін ең маңыздысы бар күш-қуатын айқай-шуға жұмсамау, керісінше, бұлтартпас дәйектерді ұқыпты жинау болып табылады. Заң тілімен айтсақ, себеп-тергеу байланысын орнату: міне, шұңқыр, кедір, арық — ол ЖКО-ның себепкері болды — көлік механизмін. 

Қимыл-әрекет бағыты:

Оқиға орнына міндетті түрде полиция қызметкерін шақыру.

Полиция өкілі келемін дегенше, апаттық белгі қойылуы тиіс. Сосын ЖКО орнын түрлі-түрлі етіп, әр жағынан суретке немесе камераға түсіруді бастаймыз: үлкен, жалпы жоспарда. Бұл орынның кадрларда анық көрінгені маңызды. Бүлінген тұсты да түсіреміз. Егер суретте немесе видеотүсірілімде уақыт көрсетілу мүмкіндігі болса тіпті керемет, тамаша.  

Куәлармен байланысқа түсеміз: бұлар көлік жабылмадағы жүргізушілер, аялдамадағы адамдар, жүргіншілер және т.б. болуы мүмкін.

Полиция келгеннен кейін олардың қимыл-әрекеттерін тиянақты бақылаймыз: ЖКО-ның схемасын қалай салғанын, онда бәрін дұрыс белгілегенін, қажетті өлшемдердің жүргізілгенін және оның барлығының хаттамада жазылғанын аңдаймыз. Осы кезеңде мәселе туындайды да: соттасу үшін шұңқырдың мөлшерлері жеткілікті ме? Қобалжымаңыз, біздің жолдардағы «тесіктердің» көпшілігі соттасуға тұрады. Қазақстандық стандартқа байланысты шұңқырдың, кедірдің, арықтың және т.б. мөлшерлері ені бойынша 60 см-ден, ұзындығы — 15 см-ден және тереңдігі — 5 см-ден аспауы тиіс. Барлығы осы мөлшерге сай келсе — жолға жауаптылардың кінәларының дәлелдемесі болады.

Орын алған ЖКО-ы туралы үш күн ішінде сақтандыру компаниясын жазбаша түрде хабардар етеміз және де зиянды бағалау үшін маман жіберуді өтінеміз. Осы кезеңде кейбір сақтандырушылар бағалауды өткізу міндеттемесінен аулақ қалуға тырысады. Мысалы, жүргізушіге бағалаушыны өзінің шақыруына ақыл қосады, біз сосын оның қызметіне төлейміз дейді. «Сосын» деген сөзге берілмеңіз, бәрін бірден жасауға талап қойыңыз.

Егер зиянды бағалау жүргізілсе және белгіленсе, көлікті жөндеуді бастай беруге болады. Оған қоса жолға немесе ашық құдыққа жауаптыны анықтау мақсатымен әкімдікке, полицияға мазмұнды хат жолдау керек.

Келтірілген материалдық залалдың орнын өтеу талабымен жауапты мекеме мен кәсіпорынға байланысты сотқа талап арыз беру.

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи