Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Астанада жолдың жөнделуі қалай жүріп жатыр | kn.kz

Қазақстандық жол тақырыбы соңғы уақытта ең жоғары дәрежеде әйгілі бола бастады. Біресе мәжілісмендер жөндеуге жұмсалатын шығынды қайта қарау туралы өтінішпен премьерге хабарласады, біресе президент жол мәселесі жөнінде министрден есеп алады. Ал, расында, Астанада — еліміздің бас қаласында жағдай қалай?

Үстіміздегі жылы астанада 24 шақырым жол жөндеуден өткізілді. Барлық көшелер, — дейді жолаушылар көлігі  және қаланың и автокөліктік жол Басқармасында, — 5 жыл бойында бірде-бір жөндеу көрмеген. Бұдан басқа Сарыарқа даңғ. — Бөгенбай батыр даңғ. бөліктерінде, Затаевич к. — Потанин к., Желтоқсан к. 12-де, Талапкер к., 6, 8, 5-де және тағы басқа да кірме жолды жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Астанадағы көлік саласының күйін, жағдайын талдау негізінде Басқармада көшелік-жолдық желілерін дамыту тұжырымдамасын әзірледі. Соған сай көліктің көп кептелісте болуы байқалған күрделі бөліктер анықталды, барлығы 16.

Кіші оралым екі жағалауды қосты

Жүру қиындықтарын Кіші оралым жолы шешуі тиіс. Бүгінгі таңда осынау жобаның аясында 20,5 шақырым жол салынды. Биыл Ардагерлер және Ақан Сері көшелері арқылы Тілендиев даңғылына шығатын Қорғалжын тас жолынан Сейфуллин көшесіне дейін көптен күткен АКЖ бөлігі жұмысын тұрғындар талабымен қарқынмен бастады.

— Бәрін түсірдік, керемет болды, — деп жаңа жолға өзінің бағасын береді ҚР көлік мүлкінің жүргізушілер Одағы төрағасының кеңесшісі Сәрсен Уваев. — Барлық жүк көлігі қазірде Сарыарқа көшесіне дейін қалаға кірмейді, оңға, яғни, Бейсекова көшесі арқылы  Қорғалжын тас жолына барады, айналма айтарлықтай, қуанарлықтай сәтті шықты.

Жолаушылар көлігі Басқармасының мәліметіне сүйенсек, Есіл өзені арқылы қозғалысты ашу Тұран және Сарыарқа даңғылдары бойынша көліктік салмақты 40%-ға төмендетті. Қазіргі уақытта өтпелі көпір арқылы орташа күніне 70 мыңдай машина өтеді екен.

Төсеу немесе төсемеу

Өткен жылы астана тұрғындары кейбір көшелерге жаңа асфальттың төселінуінің мақсаттылығына байланысты мәселе көтерген болатын. Сонымен қатар «Халықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті» қоғамдық қоры  астаналық әкімдік орналасқан Абай көшесінің жөнделуі бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді. Соңғы жөндеудің жасалғанына екі жыл болмаса да, аталған көшеге жаңадан жөндеу басталғанына қоғамшылдар риза еместіктерін білдірді. Сонда шенеуніктер өздерінің іс-әрекеттерін жүретін жол бөліктеріне кірме жол мен жабылма жасалуымен деп жан ұшыра түсіндіруге тырысты.

Қордың президенті Мұсағали Дуамбековтің пікірінше, жолға байланысты осындай оқиға биыл да орын алыпты:

— Министрліктер Үйінің алдындағы Орынбор көшесі. Керемет, тамаша, сәнді көше, асфальтпен толықтай сапалы жабылған. Аспалы көпірмен бірге. Ол су жаңа! Өткен жылы Орынбор көшесі бойынша арка пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылы тағы қайтадан жасады. Немесе Уәлиханов көшесі, түсінемін, «Әсем» базарының жанында жарықша пайда болды. Жоқ, олар асфальтты толықтай қиып тастады.

Шалғай, алыс көшелерде тіпті жөндеу жүргізілмейтіні туралы немесе шұңқырлар пайда болып жатқаны туралы, жаңа  асфальт жасалғанымен, оның ұзаққа шыдамайтыны туралы астаналықтардың шағымы еліміздің президентіне жеткен сияқты. Үстіміздегі жылдың көктемінде астанадағы жолдардың сапасын ол қатаң сынға алған еді: «Әсіресе, мен жүретін, сосын басшылық жүретін орталықта жағдай жақсы. Сіз көңіл аударыңызшы, негізгі тұрғындары бар жерде әрбір жылы көктемде барлық жолдарда неге шұңқырлар пайда болады? Өйткені, сапасы мынадай: кейбіреу қулыққа басты, біреулер бұдан жеңіл ақша тапты, сондықтан асфальт та, құрылыс сапасыз болып шықты».

Жан-жақтан қадағалау, болса да, жолға байланысты «алаяқтық» доғарылмай отыр. Мамыр айында айқай-шу, жанжал басталды: 150 миллион теңгеге үкіметтік тас жол жөнделді, бір айдан кейін асфальтта ойықтар көбейді. Осы айда Астананың элиталық аудандарының бірінде 600 метр жолға сабаудай 700 миллион теңге жұмсалатыны жөнінде республикалық каналдан сюжет көрсетілді.

Астанадағы шақырымды жөндеуге орташа қанша жұмсалатыны туралы редакцияның сұрау салуына жолаушылар көлігі Басқармасындағылар қанағаттанарлық тұщымды жауап бермеді.

— Сонымен, тек асфальттың құны есептелмейді, аталған бөліктегі желілер де, жол тегістігінің қабаты да есте ұсталады және т.б.

Тағы айналдыру үшін айналдырады

Жолдарды жасаған жақсы және оны ұзақ мерзімге төсеген қолайсыз деген қоғамда пәрменді пікір бар. Олардың тез, жеделдетіп ескіргені біреуге тәуір, бюджеттен жөндеуге кезекті қаражат бөлінеді. Оның үстіне қомақты ақша беріледі. Көлік Басқармасында, қысқасы, үстіміздегі жылы астаналық көшелерге құйылған цифрлар айтылмады. Әлі күнге дейін қорытындылар шығарылған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сәуірдегі жасаған мәмілесінде үш жыл ішінде Астанадағы құрылысқа және жолдарды жөндеуге 100 миллиард теңгедей жұмсалғанын тілге тиек етті. Мұсағали Дуамбековтың мәлімдеуінше, 2013 жылы жолдарға 50 миллиард тенгедей жоспарланған.

— Бұдан кейін көп нәрсе өзгере қойған жоқ есептеймін, — дейді республика басшысының сөзі туралы қоғамдық қордың президенті. — Сол жағалаудағы орталық көшелерде, мынадай аспалы көпірлерде жұмыс істелді, істеле бермек.  Әлемде ең бай саналатын Техас штатындағы барлық жарықшақтар қара маймен бітеледі екен. Олар егер көшеде жарық пайда болса, оны толықтай, бүтіндей ауыстырудың қажеті жоқ дейді. Класына байланысты жолдар 10 немесе 20 жыл қызмет етуі тиіс. Асфальт төселді — болды, 10 жыл бұл асфальтқа жолама, оны қозғауға құқыңыз жоқ. Шұңқырға жөндеу жаса — бұл дүниеде бар әрекет. Астанада бәрін қайтадан қопарған қолайлы сияқты.

Мұсағали Дуамбековтің тегістіктің қызметін 10 жыл деуі қателік. Бізде тіпті басқаша, өзгеше стандарттар. Жедел түрде қопару сөз болғанда, тез континенталды климатқа, трассаның орасан ауырлығына, астанадағы құм-саздың тұрақсыздығына сілтеме жасалады. Жолаушылар көлігі Басқармасының жауабына сәйкес, жолдың құрылысын салу кезіндегі мердігердің ұсынған кепілдік мерзімі 3 жылды құрайды.  Ал, жөндеуге — екі жыл ғана. Егер осынау уақыт аралығында ешқандай жамау-жасқау орын алмаса, онда шарттардың сақталғаны. Сонда 2 жылдан кейін жөндеу жасай беруге бола ма? Стандарттардың түсініксіздігі, қоғамдық бақылаудың жоқтығы, жөнделетін жолды таңдау кезіндегі ұғынықсыз жүйе мемлекеттік мекемелердің сынына ұшыратады.

2011-­2012 жылдары жөнделген жолдар әзірге кепілдік шартына сәйкес келетінін шенеуніктер атап, қадап көрсетеді. Төсеніштегі кемшіліктер 5 жылдан кейін ғана байқала бастайтын көрінеді.

Астананың күрделі жерлері

Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаладағы салынған тарамдар кептелістің мәселесін шеше алмайды деген қорытындыға келді. Оның пікірінше, Астанадан шығар жолда оларды салған дұрыс, жөн. Мысалы, Бараев көшесімен қиылысатын Республика даңғылы бойынша тарамда көліктер жан-жаққа жылдам, жедел «ұшып жатыр», ал, бірнеше метрден кейін тағы да кептелістер басталады.

— Машиналар Иманов көшесіне зуылдап келіп, әрі қарай тіреледі, — дейді ҚР көлік мүлкінің жүргізушілер Одағы төрағасының кеңесшісі Сәрсен Уваев. — Өйткені, әрі қарай тарамдар жоқ. Яғни, Алматыдағы Әл­Фарабидегідей барлық жерде жол өткелді, тарамды түрлі дәрежеде жасау керек. Алайда, қозғалысты жауып, оны салуға қомақты қаражат кетеді. Бұл болмайтын сияқты. Әзірге қарбаласта инспекторлардың қол көмегімен реттеу тығырықтан шығарады.

Республика даңғылы жалпы барлық уақытта ауырлықта болады. Жүруге тым күрделі болып Уәлиханов және Кенесары көшелері саналады. Бірақ, бірінші кезекте, Сәрсен Уваевтың пікірінше, Уәлиханов — Бөгембай батыр қиылыстарына салмақ түсіру керек екен.

— Анда бізде, «Шапағат» сауда үйінің маңайында әрдайым қым-қиғаш, қым-қуыт. Онда иін тірескен кептелістер, Бөгембай батыр көшесінен тікелей жаңа орталық базарға тоқтаусыз, кедергісіз шығу үшін Уәлиханов көшесіне жер астымен өтетін жол жасау қажет. Жалпы, бұл жол өткеліне келгенде, көпірдің үстінде тығыз кептелістер, іркілістер өзінен-өзі пайда болады.

Маманның пәрменді пайымдауынша, мынадан қисынды резонанс туындауы мүмкін: двигателдердің тынымсыз жұмыс істеуі қауіпті, қатерлі көпір тербелісіне ұшыратады.

— Бұл өте қауіпті, — деп қорытындылайды Сәрсен Уваев, — жалпы, көпірде ереже бойынша тұруға болмайды.

Орталыққа жатпайтын еркіне жіберілген көшелер — Өндіріс, Байтұрсынова және Көктал қыстағы деп санайды жүргізушілер одағы төрағасының кеңесшісі.

Жабылма сапасына байланысты оны орасан, өте биік, жоғары дәрежеде деп есептейді Сәрсен Уваев. Мұсағали Дуамбеков, керісінше, асфальтқа қоспалар тым қымбат, жолдар сынақты әрдайым көтере бермейді дейді нақтылап:

— Бұл асфальт қалалық режимге сәйкес келмейді, ол анау айтқандай тұрпайы. Елдімекендерден шалғайда, алыста орналасқан трассаларға төселуі тиіс. Бұрында асфальт болды: төменнен тұрпайы қабат, жоғарыдан ұсағы салынады. Тұрпайы қабаттың жоғарыда төселетіні түсінікті жәйт, онда жарықшалар аз болады. Машиналар өткен уақытта үлкен айқай-шу көтеріледі.

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи