Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Үйдiң пультi

«Ақылды үй» — қымбат ләззат па немесе қазіргі заманғы адамның қажетіне, жарайтын, керемет, тамаша өмірі ме?

Ақылды үй» — бұл үйлер мен басқармаларды бақылап тиянақты қарау үшін өте жайлы және ыңғайлы жүйе. Біртұтас, бірыңғай әмбебап пульттің көмегімен сіз тұрғын үйде күнделікті болып жатқан жәйларды оп-оңай басқарып отырасыз.

Егер орташа еуропалық үшін «Ақылды үй» жүйесі әдеттегі, күнделікті тіршілігі болса, ал, көптеген қазақстандықтар үшін бұл таныс емес, күрделі және қол жетпейтін биік шың. Бірақ, «Ақылды үйдің» кейбір элементтері, мысалы, жарықпен басқару жүйесі немесе тұтас панелдің дәл көмегімен, жәрдемімен жылы еден немесе пульт көпшілікке танымал, белгілі. Мұндай жүйенің үйге немесе пәтерге берілгені дұрыс, жөн болар еді-ау, майталман мамандардың пәрменді нақты пікірлерінше, әзірге ол Қазақстанның бірде-бір қаласына мүлде келген жоқ.

«Ақылды үй» деген не?

«Ақылды үйді» дәл анықтау ең бірінші рет Вашингтон институтының интеллектуалды ғимаратында сонау жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында қалыптасты және төмендегідей үлгімен көрсетілді: «Ақылды үй» — бұл жұмыстық кеңістікті өнімді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін зор ғимарат. Осынау жүйе тек адам өмірін жеңілдетіп қоймайды, сонымен қатар оны барынша көп жайлы етеді».

Қожайын өзінің тұрғын үйін біртұтас әмбебап құрылымның көмегімен, жәрдемімен басқара алады. Ақылды жүйе сіздің ертеңгілік сергек тыңайып тұруыңызға немесе жұмыстан шаршамай оралуыңызға пәтерді толығымен дайындап қояды. Үйдің қожайыны тиісті нүктені дәл басып, тек қана бұйрық береді.

Сонымен қатар жүйе қауіпсіздікті, нық сенімділікті және тұрақтылықты жан-жақты қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік дегенге тек осы күзет дабылына жатпайды, және оған бақылау, видеобақылау да кіреді. Жарық энергиясының үзілмеуіне көмектеседі және тағы басқа апатты жағдайларды болдырмайды, қысқасы, қожайынның жүйкесін тоздырмауға қол ұшын береді.

— «Ақылды үй» деген түсінік не нәрсені білдіреді? Бұл, шыныменде,  «интеллектуалды» зор ғимарат, — дейді Home Automation қараған-дылық компанияның директоры Максим Лепехов. — Кез келген ғимаратта мейлі, офисте, пәтерде, қаладан тыс үйлерде мұндай жылы еден, салқындатқыш, видеобақылау, өрт сөндіру дабылына және домофон тәрізді жүйелер кездеседі. Бұның бәрі қилы-қилы қайнар көздерден басқарылады. Пульттің көмегімен, жәрдемімен біз басқаратын теледидар сияқты. Сонымен қатар жарықты басқару — бұл кәдімгі тесіктемелер, суырмалар, ауыспалы пульттер. Бірақ, мұның бәрінің «Ақылды үй» деген түсінікке ешқандай да қатысы жоқ. Осындай барлық жүйені бір ғана құрылыммен басқарған кезде оны «Ақылды үй» деп атауға болады. Тіпті мен егер шетелде жүрсем де,  смартфонның немесе планшеттің арқасында өз үйіммен байланысамын, және айналманы, жылы еденді, салқындатқышты мен қоса аламын.

— Қазіргі заманғы сәулетті зәулім үйлерде көптеген түрлі инженерлік жүйелер бар, — деп жан-жақты тиянақтап түсіндіреді MiMi Smart Қазақстан астаналық компанияның директоры Таир Қожахметов. — Мысалға ұғынықты болу үшін жарық беруді алсақ. Үлкен үйлерде негізінен жарық беру ісіне баса көңіл бөлінеді — бұлар аспашамдар, жарық асты — споттар, қабырға шамы, биікше тіреуге орнатылған шам, сәндік жарық астылар — түрлі түсті керемет ленталар, неондық жарық астылар, ландшафттық жарық беру. Бұған қалған инженерлік жүйелерді жинақтап дәл қосыңыз: жылу беру және салқындатқыштық — фанкойлдар, радиаторлар, жылы еден, салқындатқыштар, жарықтың желісі, сумен қамтамасыз ету, суару саласы,  видеобақылау, домофон, салқындатқыш. Осы барлық жүйенің жұмыстарын қадағалау керек. Қадағалап қана қоймай, оны ауа райына сәйкес ретке келтіріп отыру да қажет, мысалы, ыстық болса, салқындатқышты қосасыз, суықта жылу беріледі. Осының бәрін бақылауға қожайынның қанша уақыты кететінін шамалаңыз!

Сізде өзіңізге керемет те, тамаша да, жайлы температураға қоюға мол мүмкіндіктер бар, әрбір бөлмені түрлі-түрлі температураға әбден ыңғайлауға болады, жүйенің өзі автоматты түрде тапсырылған температураны мықтап ұстайды, жылуды және салқындатқышты өшіру немесе қосу; қозғалыстар кезінде жарық автоматты түрде қосылады; ғимараттағы көмірқышқыл газдың дәрежесін бағдарлай, бағамдай отырып, жүйе түрлі қызметті желдеткішті іске қосады; тамшылар аққан кезде сумен қамтамасыз ету теміршелерін жабады; тапсырылған кесте бойынша суғару жүйесін іске қосады және тағы басқалар. Адамның өзіне қарағанда осынау жүйе тапсырмаларды тиімді орындайды. Қысқасы, «Ақылды үй» ғимараттарда кездесуі ықтимал барлық мәселелерді жедел, тез шешеді, тұрмыстық проблеманы алыстады және «Мультирум» жүйесінің көмегімен — мереке күндерінде жарық, дыбыс әрін келтіреді, мысалы, адамға романтикалық жағдай жасайды. Бұл жүйенің бекерден-бекер  инновациондық деп аталмайтынын ұмытпаған абзал, оның Қазақстандағы көптеген компаниялардың көрсететін қызметтерінен айырмашылығы өте зор. Мысалға, «Ақылды домофон» егер де сіз үйде болмасаңыз да, қонақтарды жылдам қарсы алуға мүмкіндік береді. Домофон жүйесімен қамтамасыз етілген видеокамераның көмегімен смартфон арқылы келушілермен емін-еркін сөйлесе аласыз, осы смартфонды пайдаланып, қажет болса, есікті де ашасыз.

Қазақстанның түрлі қалаларында «Ақылды үй» инновация жүйесін дамытумен шұғылданатын компаниялар әзірше көп емес. Астанада аталған бағыттарда үш  компания белсенді жұмыс істеп жатыр — MiMi Smart Қазақстан, Teletask және Domintell. Сонымен қатар өзгешелеу, басқашалау қызметтермен айналысатын шап-шағын компаниялар да бар, — қилы-қилы құрал-жабдықтарды жеткізеді және сатады, тәртіп бойынша жарық құрал-жабдығы, «Ақылды үй» жүйесінің бағытын қатар дамытады, көркейтеді. Мұндай компанияларға хабарласа отырып, пәтердегі жарықпен және жылы еденмен дәл қамтамасыз ету модернизацияның жүйесі бойынша қызметтерді алады. Алайда, сондай-ақ жаһандық жұмысқа, яғни, толық автоматтандыру жүйесіне енуге, тапсырысты жасауға міндетті құрал-жабдықтардың қымбат екенін сылтауратып, мұндай компаниялар тәуекел етіп бара бермейді. Бірақ, жергілікті нарықтарда жүйені дамытудың болашағы, ертеңі бар екен, кейбір кәсіпкерлер, расында, күш-қуаттары мен қаражаттарын осы бағытқа сенімді салып жатыр.

— Жылжымайтын мүлік нарығы қарқынды даму, өсу үстінде, әсіресе, Астанада, Алматыда және Атырауда, — дейді Таир Қожахметов. — Соңғы бірнеше жылда бөлінген аймағымен және инфрақұрылым объектілерімен коттедждік сәнді қалашықтар аян, әйгілі болып жатыр. Коттедждермен қатар көптеген тұрғын үй кешендері салынуда, мұнда пәтерлердің алаңы да ұшан-теңіз болады. Осындай үйге немесе пәтерге еге бола отырып, қожайындар өздерінің әсем баспаналарында заманауи технологиялық басқару болғанын қалайды. Сіз білесіз бе, қазірде адамдардың қолы босамайды, қандай да бір тұрмыстық заттарды алуға олардың уақыттары да қалмайды. Сондықтан да соңғы кезде «Ақылды үй» жүйесіне қызығушылардың қатары күннен-күнге өсе түсуде. Әрине, бұл қадамдар оның дамуына өзіндік үлестерін қосады — сұраныс ұсынысты туғызады. Ірі-ірі құрылыс салушылар жүзеге асыратын кейбір тұрғын үй кешендерінде «Ақылды үйдің» элементтері бар, мысалға, жаңа көп қабатты үйлердің кіреберістеріндегі жарық датчик қозғалысына байланыстырылады және қозғалыс арқылы жарық автоматты түрде беріледі. Осының арқасында жарықты пайдалану айтарлықтай үнемделеді. Үлкен-үлкен коттедждерде бұл жүйе өте қажет.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Жүйе жұмысының жалпы желісі мынадай: орталық микроконтроллер немесе компьютер бұйрықты беретін құрылғыдан дабылдарды қабылдайды, сосын осынау дабылдарды үйдегі атқарушы модулдерге және жүйелерге жібереді. Атқарушы  модулдер және жүйелер жарық желісі арқылы бұйрық алады да, тиісті құрылғыны өшіреді немесе жағады: жарық беруді, күзет жүйесін, салқындатқыш ауаны, жылуды, суды жібереді.

Осының барлығын әлемнің кез келген бұрышынан Интернет арқылы, болмаса, ықшам желілер арқылы ойдағыдай оңай басқаруға да болады, әр бір контролерде IP-мекен-жай бар. Смартфонда, айфонда немесе планшетті пайдаланушының жеке парақшасы дәл ашылады. Өзінің үйінің аймағындағы көріністі байқау үшін осы парақшаға кірсе жетіп жатыр. Сонымен қатар осы парақшадан сол нүктені басып, жүйеге билік жасауға болады. Үйде отырып,  пәтерде фирманың мамандары орнатқан пультпен, айфонмен, компьютермен немесе арнайы сенсорлық панелмен жүйе басқарылады. Панель жүйенің бар мүмкіндігін экраннан көруге көмектеседі және тапсырылған параметрлерді өзгертуге қол жеткізеді. Сіздің үйіңіздің бөлмесі және әр бір аймақ көрнекті түрлі-түсті болып көрінеді.

Сенсорлық панелдер ауыспалы немесе қабырғаға жабыспалы болады. Кішкентай тиіп кетсеңіз, жүйе дереу іске қосылады. Олардың жадтары, естері мықты, бірнеше жүздеген қарапайым бұйрықтарды сақтайды, қабілеттері орасан зор деуге келеді.  

Жүйе «ықпалдың болуы» деген керемет қызметті ұстанады. Тіпті егер сіз шетелде жүрсеңіз де, сырттан қараған адамға үй бос емес сияқты көрінеді  — түрлі бөлмелерде уақытымен жарық жанады және өшеді, әуен шырқалады. Ынта-талап болса, көшелерді жарықтандыруға әсер етуге болады — күңгірт датчик орнатылады, қараңғыланып күн ұясына батқанда, жарық автоматты түрде қосылады. Егер қақпаңыз, көгалды суғару немесе бассейнді тазалау және жылыту автоматты болғанын жаныңызбен қаласаңыз, мархабат. Қысқасы — кез келген қалауыңыз сіздің ақшаңызбен бітеді!

Басқа да техника тәрізді «Ақылды үй» жүйесі де істен шығуы мүмкін, бірақ, мұндай үзілістің зиян келтірмейтініне сараптамашылар сендіреді.

— «Ақылды үй жүйесін кез келген үйге орнатуға болады, — дейді Таир Қожахметов. — Ең бастысы, кабелдің жүйесін салу және сол қондырғыны орнату мүмкіндіктері болса жетіп жатыр. Жүйедегі кабелдер компьютерлік желілер үшін де пайдаланылады. Жүйеден ешқандай да зияндық болмайды. Жүйенің құрылғылары қарапайым компьютерді немесе ұялы телефонды да жинастыруға ұқсастау материалдардан жасалады. Кез келген техникадағыдай бұзылады, істен шығады да. Мұнда жүйенің құрылысының архитектурасына, құрылғының қорғаныстық механизіміне, компанияның кепілдігіне баса назар аударған маңызды, пайдалы, қажетті.

— «Ақылды үй» техникасының сынуы немесе сынбауы деген — күрделі мәселе емес, — дейді Наталья Леонова. — Мәселе басқада — сервисті қалай ұйымдастыру керек! Кір жуғыш машина немесе тоңазытқыш бұзылған кезде анау айтқандай айқай-шу, қобалжу болмайды. Ал, Қазақстандағы «Ақылды үйдің» қызмет ету және пайдалану бойынша сервисі тым жоғары дәрежеге жеткенде — қазірдегідей тұрмыстық техникамен осылай болады: барлығы сатып алады, көпшілігі несиеге жүгінеді. «Ақылды үйдің»  сервисі мен қызмет ету жүйесін сатып алушының үйіне құрылғы монтажын, жобасын жасаған компания қамтамасыз етеді. Қалай ұйымдастырса — солай болады.

Қымбат қанағаттану

Эргономикалық жүйені Қазақстан нарығында қолдануды қарастырғанда, ол туралы келелі әңгіме қылудың да қажеті шамалы. Қазіргі бағалар мен коммуналдық қызмет құнын есепке алғанда, бірнеше жылда жүйені орнату шығынының орны толады дегенге сенбеу керек. Алайда, суға, жылуға және жарық энергиясына тарифтер көтерілуде, мүмкін, келешекте «Ақылды үй» эргономикалық жүйесінің пайдасына мәселе өзгеретін шығар.

Коммуналдық қызметтің тым жоғары бағасы үйлік автоматтандырылған жүйесін Еуропада әйгілі етіп жасайды да. Бірақ, қазақстандықтардікімен салыстырғанда алыс еуропалықтардың айлық жалақысы бірнеше есе көп. Сондықтан Еуропада жүйе бас-аяғы үш-төрт жылда өз-өзін өтеп қана қоймай, алғашқы күннен бастап, өзінің эргономикасын толықтай көрсетеді. Сонымен  қатар бұл жүйеге қатысты көптеген мемлекеттерде жеңілдік несие мықты дамыған — банктер азғантай пайызбен несиелер береді. Бұған қоса Еуропада жаңа үйлердің құрылысын салар алдында автоматтандыру жүйесін сметаға енгізеді. Қорытындысында пәтерлер мен жеке үйлер басқалардан 20-40%  әжептәуір қымбат тұрады. Егер осынау еуропалық тұщымды тәжірибе іске асырылатын болса, онда қосымша шығарылған шығындар жылдам, жедел түрде өтеледі.

— Қазақстанда бүгінгі таңда үйдің автоматтандыру жүйесінің бағасы өте жоғары, — деп түсіндіреді Максим Лепехов. — Егер де алаңшасы 200-250 шаршы метр болатын бес бөлмелі пәтерге «Ақылды үйдің» толық пакеті орнатылатын болса, оның бағасы қожайынның қалтасын 50-60 мың евроға ортайтады. Бұл орнықпалар және құрылғылар Еуропа елдерінен сатып алынады. Біз құрал-жабдықтарды сапалы жасап шығараты Legrand (Франция) және Gira (Германия) сияқты белгілі, әйгілі компаниялармен жұмыс істейміз. Сондықтан бағалар евромен өлшенеді. Әрине, осындай қомақты сомаға сіз жүйеге кіретіннің барлығын да аласыз, демек, сіздің пәтеріңіз толығымен автоматтандырылады. Бізге Астана және Алматы тұрғындары хабарласады, тапсырыстар бар, бірақ, біздің компанияның өмірлік тәжірибелерін ескеріп, әзірге оның бүкіл мүмкіндіктерін пайдаланып, жүйені ешкім орнатқан жоқ. Расында, олар тек қазіргі қажеттілерін ғана таңдайды. Біз хабарласқандардың нақты статистикасын жүргіземіз. Сонымен, 2007 жылы бізге аталған жүйеге байланысты екі-ақ адам хабарласты, олар тек сұрастырды, келер жылдары да сол әрекеттер қайталанды. 2011 жылдан бастап, адамдар басқаша тиянақты болды, бірақ, тағы да ештеңе сатып алмады. 2012-2013 жылдардың соңында — тоқсанына бір рет кішкентай «Ақылды үй» сатып алынады, яғни, тапсырыскер азғантай пакетті таңдайды. Қандай жағдай болса да, үйлік автоматтандырылған бағытын біз ұстаймыз, дамытамыз. Әр бір әлеуетті тапсырыскермен жұмыс істейміз — коммерциялық ұсыныс дайындаймыз, мекен-жайға барамыз, — өйткені, бұл бағыттың болашағының барына өте сенімдіміз. Соңғы жылдары бізге интерерлердің дизайнерлері жиі-жиі хабарласады. Тәртіп бойынша, олар дизайн-жобаны әзірлеу кезінде оны қазіргі заманға сай қылу үшін, барынша толық жайлы ету үшін оған «Ақылды үй» жүйесінің элементтерін қосады.

— Әзірге жүйенің құны орташа класс үшін айтарлықтай жоғары болып тұр, бірақ, мен бұрын тілге тиек еткенімдей, егер тек қана бірнеше функцияға тапсырыс берілген жағдайларда оны орташа бюджет көтереді. «Ақылды үй» жүйесінің алғашқы бағасы 8 мың евродан басталады, бұған жарық беруді, жылуды, жылы еденді, видеобақылауды және түрлі-түрлі датчиктер жүйесін — қозғалыс датчиктерін, жарық беру датчиктерін, есік пен терезені ашып-жабу датчиктерін емін-еркін қосуға болады.

Егер сіз өзіңізге керекті функцияларды қосуды ойланып шешсеңіз, онда мүмкіндігіңізді дәл салмақтаңыз, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан белгілі фирмаға құрылғы мен орнықпа үшін тапсырыс беріңіз. Бұл фирма еуропалық брендасымен құрылғыны шығаратындармен тікелей жұмыс істегені дұрыс.

— Астанада өткен жылдың қорытындылары бойынша «Ақылды үйдің» жүйесіне құрылғы үшін орташа чек 21-23 мың евроны құрапты, — деп қадап айтады Наталья Локтеонова. — Әрине, қымбаттау жобалар бар, алайда, олар жеке болып табылатындықтан, статистикаға кірмейді. Тәуір беталыс бар — орташа чек төмендеуде. Бір қарағанда «Ақылды үйдің» қызметтері үшін бұл жаман көрінеді. Дегенменен, расында — бұл керемет көрсеткіш, өйткені, күн сайын тапсырыс берушілер өсіп көбеюде.

Ануар Сейтбеков, «ақылды үйдің» иесі:

— Мен құрылыста және жөндеу ісінде маман емеспін, сондықтан жұмыс біту соңында, яғни, мәселе әрлеу жұмыстарына келіп тірелгенде, дизайнерді жалдадым, — деп тәжірибесін бөліседі Әнуар Сейітбеков. — Сол дизайнер бұл жүйе туралы айтып берді. Мен осынау қызық жөнінде түк те білмеппін, естігенде отша жандым. Сосын, расында, аздап басылуға тура келді! Басында нені болса да, автоматтандыруды қаладым. Бірақ, смета сол кезде мен үшін тым қолайсыз болды. Шығын бұнсыз да менде шашетектен еді. Тағы да майталман өзімнің дизайнерімнің ақыл-кеңесін тыңдадым да, өмірде болып жатқан жаңалықтардан қалмауға тырыстым. Үйім екі дәрежелі және екінші қабаттағы төрт бөлмеде жылы еден. Әр бір бөлмеде нақты қосқыштар бар — температураны реттегіштер, бірінші қабаттағы холлда негізгі деген панель орнатылған, ол жақтан мен барлық бөлмелерді көріп отырамын және жылы еденді қоса аламын, температураны реттеймін де ажыратамын. Бұл орасан қолайлы, ыңғайлы, менің балаларым тым кішкентай, олар ұйықтап жатқанда, бөлмелерін аралап жүрмеймін. Сонымен қатар менде жарық беру жүйесі де автоматтандырылған. Үйім зәулім, заңғар, биік, егер бұл жүйе болмағанда, маған барлығын тексеру қиын, ауыр болатын-ды, бір жаққа баратын болсам, жарықты қосып кете алмайтын едім. Мен негізгі панелді пайдаланып, кез келген бөлмедегі жарықты сөндіре аламын. Шынын айтқанда, ұзаққа дейін осынау жүйені басқару ретінде ұялы телефонды пайдалануға тәуекел етпедім. Модель бәрін істейді, бірақ, артық қылам деп тыртық қылармын деп қорықтым, мысалы, тіпті керек емес уақытта жылы еденді қосып қоярмын деп жүрексіндім. Қазір үйрендім, мен күткендегідей емес, бәрі оп-оңай екен. Әсіресе, жарықты басқару үшін смартфон қолайлы. Бірінші қабаттағы жатын бөлмеде диванда жатып, сабақ оқып отырғанын біліп, ұлымның бөлмесіне жарық беремін. Алғашында жиі-жиі пайдаланбаймыз ғой деп осы жүйеге салқындатқышты қосуды қаламағанмын. Дизайнер ұсынған толық пакетті сатып алмағаныма қазірде ешқашан өкінбеймін, мысалы, мен үй жанындағы аймақта модернизацияға қатыстылардың бәрінен түбегейлі бас тарттым. Жайлылық — бұл, әрине, жақсы, керемет, тамаша, бірақ, осындай қомақты қаржыға емес.

«Ақылды үй» жүйесінің құны

«Ақылды үй» жүйесінің нақтыланған құны тұрғын үйдің алаңына, сонымен қатар ондағы пайдаланылған істерге байланысты болады. Өйткені, «ақылды үй» инновациялық жүйесіне тапсырыскерлердің талаптары әр түрлі және үйлер де әр түрлі. Бірақ, кейбір әдеттегі тапсырыстарға шамамен бағаны, «ақылды үй» жүйесінің құнын емін-еркін ұсынуға әбден болады:

Үш бөлмелі пәтер: 4500 евродан, бұған қоса орташа баға 9000 евродай болады.

Екі қабатты коттедж: 8000 евродан, бұған қоса орташа баға 12000 евродай болады.

Нақтыланған баға қожайынмен бірігіп жасалатын Техникалық тапсырмаға байланысты болады. Қажет болған жағдайда кейбір элементтер  алып тасталынады және жалпы құн төмендетіледі, болмаса, керісінше, кейбір элементтер қосылады.

MiMi Smart-тің мәліметі бойынша

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи