Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Депозит пен пәтердi жалға беру – ақшаны қайда салған қолайлы?

Маңдай ақы, табан тер өз қаражатын тек сақтап қана қоймай, оны көбейту үшін адамдар түрлі тәсілдерді іздейді. Өзгелерден гөрі көбірек басқа мынадай екі ой келеді: депозитті ашу немесе ақшаны жылжымайтын мүлікке салу.

Жылжымайтын мүлікке ақшаны салып, жаңадан келгендер пәтерлерді қайта сатудан қолайлы қаржы табуға сирек барады. Пәтерді жалға беру арқылы шығынның орнын толтырып, ақшаға кенелуге бұлардың көбісі үміт, сенім артады. Алайда, осынау процесс бір қарағандағыдай сондай қарапайым емес. Жалға берушіге жөндеу жұмысы үшін және пәтерді көріктендіру үшін ақша жинауына, салықтарды төлеуіне, адамдарды іздеуіне, оларды бақылауға және т.б.  тура келеді.

Басқа жағынан қарағанда, пәтерді сатып алып, оны жалға беруден гөрі депозитке ақша салу сондай аз күш жұмсалатын  процесс. Сіз тек қана ыңғайлы шарттарға сәйкес банкпен келісімшарт жасайсыз және ешқандай қосымша шығындар мен қобалжулар болмайды, жемістерді жинайтын уақыты келгенше, ақшаны ұмытасыз. Алайда, мұнда да қатты кірпіштер де бар. Негізгі кемшілік — бүтіндей әлемдік және қазақстандық көбінесе қаржылық нарықтарды болжай алмау. Депозиттік салымдар валютаның шайқалуына әсер етуі мүмкін, банктің күйреу нәтижесінен, мысалға, кезекті қаржылық дағдарыстан олар қиындыққа ұрынуы ықтимал. Сонымен, қайтеміз? Астана нарықтық жағдайында $100 000 сомамен не істеу керектігін біз қарастырамыз.

Депозитке салым

Депозит мәселесін көрейік. Шілдеде депозит бойынша жылдық орташа ставка 8,3%-ды құрады. Сыйақы ставкасы әр түрлі Kn.kz аналитикалық қызмет порталының зерттеуі арқылы мынадай 10 Қазақстанның тұрақты банктерінің мәліметтерімен анықталды: ҚАЗКОМ, Қазақстан Халықтық банкі, ТӘБ Банкі, Банк Центр Кредит, Сбербанк, АТФ Банк, Цеснабанк, Kaspi Bank, Альянс Банк және Евразиялық Банк.

Ең жоғары жылдық тиімді ставканы  — 9,4%-ға дейін Альянс, Kaspi Bank және Евразиялық банктері сенімді ұсынады. Сараптамашылар салымдарды ұлттық валюта түрінде салуға ақыл- кеңес береді. Бұның неше түрлі себептері де, салдарлары да бар. Расында, депозит бойынша теңгелей ставканың евро және доллардан депозитке салым салудан жоғары, биік болғаны маңызды, қажетті, пайдалы. Сонымен қатар, Альянс Банкте доллармен депозитті аша отырып, сіз жылдық 5,2%-ға ғана нақты есеп жүргізе аласыз. Бұдан басқа ашық айтарымыз, ұлттық валюта тым, өте тұрақты. Түрлі-түрлі валюта түрінде бірнеше депозит ашу да ұтымды даңғыл жол. Бұл варианттың қолайлылығы, бірнеше депозиттерге бөлінген ірі сомаларды сақтауға әбден болады.

Тәжірибелі сараптамашылар соңғы уақытта салымшылар жоғары сыйақы ставкасына емес, кепілдік салымшылар жүйесін қолдайтын, оны дұрыс көретін сенімді, абыройлы банкті қалайды.

Депозиттердің түрлері

Депозиттен қаражатты алуға да, есепшотты толтыруға да және шектеусіз кез келген іс-әрекетті орындауға да болғанда, бұл талап етуге дейінгі салымдар болып саналады. Бірақ, мұндай салымда пайыздық ставка төмен болады.

Жедел депозиттер банк салымдарды ертерек нақты, дәлме-дәл мерзімде қабылдағанда жүзеге асады. Көбінесе 1, 3, 6, 12 және 24 айлардағы депозиттер адамдарға ұсынылады. Өзінің кезегінде жедел депозиттер бірнеше түрге бөлінеді:

  • жедел салым, депозиттің мерзімі түбегейлі біткенге дейін ақшаға байланысты кез келген операцияға тыйым салынғанда. Салым сомасы және бөлінген пайыздар бір уақытта төленеді; 
  • пайыздары міндетті түрде төленетін жедел депозит, нақты, анық, дәлме-дәл, айқындалған мерзімде салымшыға бөлінген пайыздар аударылған жағдайда, дегенменен, сома депозиттің мерзімі біткенше өзгермеуі тиіс;
  • жедел толтырылатын депозит, кезеңнің, мезеттің, мерзімнің барлық, бүкіл өне бойында депозитке ақша салуға әбден болады, дәл осы уақыттағы есепшоттағы сомаға үздіксіз, толассыз пайыздар заңды түрде құйылады.

Депозиттің мерзімі біткенше, қаражатты алуға тыйым салынады.
Енді біз өзіміз сақтағымыз келген және көбейткіміз келген $100 000-ға оралайық. Пәтерді жалға берген уақытта сіз ай сайын ақша алып тұрасыз. Сондықтан жағдай бірдей болуы үшін (әрине, мүмкіндікке байланысты), мысалға, ай сайынғы төлемақымен 12 айға жедел депозитке салымды жан-жақты қарастыруға тырысамыз.

Сонымен, мысалы, Альянс Банк бөліп-бөліп алатын депозитті ұсынады, сондықтан кез келген уақытта салым сомасын толтырып тұруға болады, сыйақының аударылымы ай сайын өткізіледі. Теңгелей сақталғанда, бұл депозиттің жылдық тиімді ставкасы 9,4%-ды құрайды. Аталған депозит мультивалютты болып табылады және бір уақытта бірнеше валюта түрінде салым ашуға салымшыларға толыққанды мүмкіндік беріледі: доллармен, евромен, ресейлік рубльмен. Алайда,  басқа валюталар бойынша ставка айтарлықтай төмен болады. Мұндай депозитке 15 200 000 теңге ($100 000) сомасында 12 айға салым жасап, сіз жылдық табыс, 1 428 800 теңге, немесе $9400-ды аласыз. Айлық сыйақының мөлшері шамамен 114 000 теңге болады.

«Казкоммерцбанк» салымшыларға «Бостандық» депозитін ұсынады, оның жылдық тиімді  ставкасы 7,2%-ды құрайды, бірақ, бұған қоса салым сомасын толтыратын мүмкіндік бар және қалдықтың төмендетілмеген мөлшерін сақтау жағдайында ақшаны бөліп-бөліп алуға болады.

Қазақстандағы банктер салымшылардың түрлі мақсаттағы оң ұстанымдарына сәйкес келетін шарттарымен депозиттердің мықты жолдарын ұсынады. Алайда, депозиттерден түсетін табысты құнсыздану жеп қою мүмкіндігін ескеру керек.  Бұған қоса сараптамашылар пәтердің құны, тәртіп бойынша, құнсызданумен бірге өсетінін, пәтер бағасының өсуімен жалға беру ставка да көтеріледі. Сондықтан жылжымайтын мүлікке салынған капитал уақыт өте бара жоғарылайды, ал, депозитке енгізген $100 000 өзінің сатып алушылық қабілетін жоғалтуы ықтимал.

Пәтерді жалға беру

Үстіміздегі жылы жаздың басында Астананың қайталама тұрғын үй нарығындағы тұрғын үй алаңының бір шаршы метр үшін орташа баға 303 400 тг, немесе 2004 ш.б. құрады. Сонымен, аудандар бойынша жағдай төмендегідей болды:

  • Алматы ауданы — 1951 ш.б./ш.м
  • Есіл ауданы — 2515 ш.б./ ш.м
  • Сарыарқа ауданы — 1843 ш.б./ш.м.

Осыдан барып, тек алаңы 55 шаршы метрден аспайтын, артық емес, бір-екі бөлмелі пәтерлерді немесе үш бөлмеліні есепке алатынымызды ерекше, айрықша атап өтеміз. Есіл ауданындағы бір бөлмелі пәтер $88 000 тұрады. Қаланың аудандарына байланысты қала бойынша жалдың орташа ставкасы 2240 тг/ш.метрді құрады, 2013 жылғы шілдедегі мәселе, жағдай төмендегідей болды:

  • Алматы ауданы бойынша жалдың орташа ставкасы 2117 тг/ш.м. құрады.
  • Есіл ауданы — 2430 тг/ш.м.
  • Сарыарқа ауданы — 2279 тг/ш.м.

Осыған қарай Есіл ауданындағы бір бөлмелі пәтерді жалға берудің жылдық табысы $6700-ды болды.

Алматы ауданында мұндай пәтер (алаңы 35 ш.м) шамамен  $68 200 тұрады, ал, одан жылдық табыс $5840-ды құрады. Осы аталған аудандағы бағасы, құны $87 700 тұратын екі бөлмелі пәтер жылына $7520 түсіреді. Осылайша бұл пәтер өз-өзін 12 жылда ғана өтейді, ақтайды.

Сарыарқа ауданында $100 000 қомақты сома бір бөлмелі немесе екі бөлмелі пәтерді алуға әбден жетіп артылады. Алаңы 35 ш.м. пәтердің жылдық табысы $6300-ды, алаңы 45 ш.м. екі бөлмелі — $6500-ды құрайды екен.

Дәл қазіргі кезеңде жағдай мынадай болып қалыптасып отыр, түгел дерлік кез келген тұрғын үй алаңы өз-өзін он жылда ғана ақтай алады. Сондықтан тұрғын үйді жалға берудің бағасының төмен түсіп кетуін де ұмытпаған абзал. Баспананы жалға беру оны өте арзанға сатып алғанға, немесе, мысалы, мұра бойынша қалғанға қолайлы.

Пәтерді күнбе-күнге жалға беру бар. Мұндай кезеңде айлық табыс айлық жалға берудің құнын әжептәуір, кәдімгідей көтереді. Дегенменен, осындай тірлік жасауда бірнеше «бірақ» барын жадта ұстаған абзал.

Біріншіден, клиенттерді әрдайым тынбай іздеу керек болады. Ешкім ешқашан сұраныстың толыққанды болатынына кепілдік бере алмайды, күнде табыс әкелмей, пәтер тұрып қалуы мүмкін.

Екіншіден, мұндай пәтер әрқашан бақылауды талап етеді. Оны мынадай тәртіпте ұстап тұру қажет: жинау, киімдерді ауыстырып тұру және т.б.

 Оңтайлы шешім

Қорытындысында депозит немесе пәтерді жалға беру арасындағы таңдау бірінші кезекте сіздің алдыңызға қойған мақсатыңызға байланысты екенін айтуға болады. Егер сіз ақшаны ұзақ мерзімге сақтауды қаласаңыз, онда оны сенімді жылжымайтын мүлікке салған абзал. Оның үстіне Kn.kz аналитиктерінің зерттеулері тұрғын үйді жалға беру ставкасы маусымдық құбылмалылыққа қарамастан өсіп жатқанын көрсетеді, әсіресе, баспананы жалға беру варианты алматылықтар үшін қолайлы.

Бірақ, сіздің егер үй жалдаушыларды іздеуге және пәтерді абаттандыруға уақыт жібергіңіз келмесе, немесе, мысалға қаладан ұзақ мерзімге кетуді шешсеңіз, онда мұндай жағдайда сізге қолайлы шартпен депозит пайдасына таңдау жасауыңызға болады.

Жылжымайтын мүлікке қатысты нәрсе, бастапқы және қайталама тұрғын үй нарықтарындағы соңғы тенденцияларды, сонымен қатар Қазақстандағы тұрғын үйді жалға беру нарығындағы қалыптасқан жағдайларды kn.kz порталынан сіздің білуіңізге болады. Аталған сайттың  аналитикалық шолуларынан және келешек кезеңге болжамды бағамдай аласыз: баға өсе ме, әлде, төмендей ме, қандай ауданда бағаның көтерілуі күтіледі және т.б.

 Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи