Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Пәтерден пәтерiге көшу

Жаңа тұрғылықты мекенге көшуде барлық адам мұндағы өмірдің бұрынғыдан өзгеше болатынына сенеді. Бұл оқиғалар олардың жүйкесін тоздырмай, қуанғанын қалаймыз.

Алайда, көп жағдайда бір жерден екінші жерге көшу қолайсыздау болып жатады, шексіз қуат-күш пен алтын уақыт жұмсалады. Егер осынау игілікті іске ақылмен, санамен кіріссе, яғни, көшуге ертерек дайындалса, тіршіліктегі керемет күнде айқай-шуды туындатпауға әбден болады.

Көшуге дайындаламыз

Көшу уақыты жақындаған кезде кейбір мәселелерді ертерек шешіп қою керек. Мысалы, егер пәтерді жалға алып жатсаңыз, онда дер кезінде қожайынға ескертіп, жалға беру шартын бұзып, тұрғын үй алаңын босатудың дәлме-дәл мерзімін көрсету керек. Егер сіз тұрғын үйдің меншік иесі болсаңыз, ескі пәтерден тіркеуден шығып, жаңасына көшемін дегенше тіркеуге тұрған абзал.

Тұрғылықты мекен-жайды ауыстыратыныңыз туралы уақытысында поштаны, сіздің банкіңізді және телефондық компанияны, барлық тұрғын үй­-коммуналдық қызметтерді құлақтандырыңыз. Көшудің дәлме-дәл мерзімін анықтаңыз және жүктерді таситын көлікті белгілеңіз. Орын ауыстыру кезінде шағын еңбек демалысын алыңыз, сонда қарбалас кезде қырыққа бөлінбейсіз. Егер сіздің кішкентай балаларыңыз болса, қолыңыз босамай тұрғанда, оларды қалдыратын адамды табыңыз.

Аздаған түгендеу жұмыстарын жүргізіңіз және қажет емес заттардан құтылыңыз — бұл әрекет жүк тасуда уақытты, артық нәрселерді тасымалдауда ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Заттарды буып-түйеміз

Сізге буып-түйетін қапшық, жапсырғыш керек болады және ескі газеттермен қораптағы бос кеңістікті толтырасыз. Ауыр заттарды жәшікшенің түп жағына және тығындаңыз, ал жеңілдерін жоғарысына салсаңыз жетеді. Сонда олар салмағы анау айтқандай ауыр тартпайды. Жәшікшедегі қабаттар сүлгілермен, жамылғыштармен бөлінеді, бұл тасымалдау кезінде қаттылау заттардың бетіне сызат түспеуіне көмектеседі, әжептәуір себепші болады.

Бүкіл жәшікшелерге, қалталарға және тағы басқа қораптарға маркермен немесе стикермен белгі соғыңыз.  Ішінде не жатқанын көрсетіңіз. сонымен қатар жәшікшелерді жай, қарапайым нөмірлеп қойыңыз, сосын бөлек қойын кітапшаға буып-түйілген заттардың тізімін жазыңыз. Жаңа орында жәшікшелерді бөлмеден бөлмеге тасып жүрмеу үшін асүйдің заттары бар қорапты, мысалы, жасыл түспен, ал жәшікшедегі жатын бөлменің мүліктерін көк түспен белгілеңіз, түсірген кезде заттарды бірден керекті бөлмеге апарыңыз.

Айнаны немесе әйнекті сөрелерді картонға жапсырғышпен орап, матап ұқыптылап салу керек. Ең соңғы кезекте асүйлік жиһаздар буып-түйіледі. Соғылуы мүмкін алдын ала қағазбен оралған әйнектік заттар бөлек жәшікшелерге салынады. Тәрелкелер және басқа да тегіс, жайпақ ыдыстар жәшікшеге тігінен орналастырылады.

Жиһаздарды бұзып-шашып, барлық, бүкіл тұтқаларды, гайкілерді, шуруптарды және т.б. ұсақ-түйектерді бөлек қалталарға салыңыз, жинағанда жеңіл болуы үшін бәрін айқындап жазу керек. Бұзуға тіпті келмейтін шкафтардың сөрелерінен және жиһаздың басқа заттарынан қозғалмалы бұрандалары бөлек алынып, ал, есікшелері жапсырғышпен немесе жіппен байланады. Жұмсақ жиһаздар үшін, ең тәуір буып-түю екі еселік полиэтилендік пленка болып саналады.

Көшіп келгеннен кейін бірден керек заттарды бөлектеп-бөлектеп буған дұрыс, бұны соңғы сәтте жасау керек. Құжаттарды және бағалы заттарды әрқашан да, әрдайым да қолда ұстаған абзал.

Көшетін күні

Егер жиһаздар мен заттарды тасуда және тасымалдауда сіз біреуді жалдайтын болсаңыз, тасу мен түсірудің барлық процесін міндетті түрде өзіңіз жеке бақылаңыз.

Тасымалдау үшін көлікті жалдағанда, жүк көтерімі 2,5 тоннадай, яғни, шамадан тыс орасан үлкен автокөліктерге жоламағаныңыз дұрыс, өйткені, ауыр машиналар көшеде ұзақтан-ұзақ айналып жүреді, сосын мұндай көліктердің ауланың аймағына кірулері азаптың азабы. Өтетін жолды жауып тастамауы үшін ең алдымен түкпірдегі бөлмелерде тұратын заттарды тасымалдаған абзал деп ойлаймыз.

 Егер сізге ірі габаритті жинақталмаған жиһазды тасымалдау керек болса, сонда шағын көліктер жарамай қалады. «ГАЗель» автокөлігінің бір сағат жұмысы орташа шамамен 2000­-2500 теңге тұрады. Кейде баға шақырымға байланысты болып келеді, мұндай жағдайда 100 тг/ш. құрайды.  Еңбекқор жүк түсірушілердің бір сағаттық жұмыстары 1000 теңгеге бағаланады. Тәртіп бойынша ірі габаритті жүктерді жеткізу бөлек-бөлек әрбір қабатқа сәйкес төленеді.

Ең бастысы көшу кезінде — бостан-босқа қобалжымау керек және жүйкені тоздырмау керек, сонда ғана бұл оқиға сіздің көңіл-күйіңізді түсірмейді.

Марина Данилова, Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи