Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Керемет көрші

Соңғы уақытта «Әсер еткіш көрші» деген белгімен хабарландыруларды жиі-жиі кездестіруге болады. Біз оның сыры неде екенін жан-жақты ашуға тырысамыз.

Пәтерді сатып алу немесе оны жалға беру — адам өміріндегі ең маңызды, жауапкершілігі зор оқиғалар. Сондықтан келешекте ие болатын тұрғын үйдің барлық ерекшеліктеріне аса, баса назар аударылады: орналасқан аймағы, мекені, орны. Белгілі, атақты тұлғалармен көрші тұру кім үшін де мәртебе. Ал, егер сіз өзіңіздің табынатын кумиріңізбен танысып, қатар тұрсаңыз, онда сіздің бағыңыздың мықтап жанғаны. Бірақ, қандай жағдайда да мұндай көршіліктің жақсылығымен қатар кемшін тұстары да бар. Қолда бар мәліметтерге талдау жасай отырып, көршілерді 3 топқа бөлдік: олардың жанға жайлы жақсы жақтары және түрпідей тиетін жаман жақтары.

Жақсы жақтары

Спортшы

+ Мұндай адамдар өз кезегінде салауатты өмір салтын жүргізеді, ішімдік ішпейді және темекі тартпайды, сізде осындай позицияға жақынырақ болсаңыз, подъездегі түтінге немесе тым «көңілдірек» серіктіктің мазаны алатын даң-дұңына шағым айтпайсыз. Жарысқа дайындалу барысында олар қатаң күн тәртібін сақтайды, уақытысымен ұйықтайды, көршілеріне келеңсіздік келтірмейді. Сонымен қатар олар жиындарда көп болады, сондықтан көршілерінің мазасын жиі алмайды. Кейбір спортшылар үй жанындағы спорт алаңшаларында уақыт өткізеді, бұның көршіге пайдасы болмаса, зияны жоқ. Егер сіздің көршіңіз күш сынасар спорт түрімен шұғылданса, оның беделі үйіңіздің қауіпсіздігіне оң әсер етеді.

- Егер сіз футболистпен немесе хоккеистпен қабырғалас тұрсаңыз, оның теріс жақтары бар. Мұндай спортшылар дос-әріптестерімен бірге теледидардан ойындарды жиі көреді, айқайөшу дауыстары естіледі.

Сазгер

+ Егер сіз меломан және қандай да бір сазгердің табынушысы болсаңыз, музыкантпен көршілікте тұрып, оның өнерінен қабырға арқылы ләззаттануға мүмкіндік аласыз. Сонымен қатар сіз, мысалы, баспалдақта кездейсоқ жолығып қалсаңыз, сазгердің танымал қонақтарына қолтаңба қойдырасыз.

- Теріс жақтары — ол былай: белгілі бір уақыт өткен кезде әрдайым айтылатын ән-әуен сізді жалықтырып, шаршатып жіберуі мүмкін.

Музыкалық продюсер

+ Мамандықтың бұл өкілдері әрқашан өздерін өте маңызды ұстайды, сондықтан тәртіп жағынан бір мезетте қобалжудың қажеті жоқ. Сазгермен болғандағыдай, олардың әйгілі қонақтарымен подъездегі сатыда кездесіп, қалып, емін-еркін қолтаңба аласыз.

-          Подъездың алдында жергілікті және сырттан келген жасөспірімдер өздерінің дискілерін продюсерлерге тыңдату үшін, музыкалық карьерлерін биікке көтеру үшін, қолтаңба алу үшін кезекшілікте тұруы мүмкін.

КВНщик

+ Мұндай көрші төңірегіндегілерді қызықтарға жиі-жиі батырып жүреді. Сонымен қатар, мысалы, таныстықпен сіздерге ең тәуір ойындарға билеттер алып береді, олар өз әзілдерімен көңіл-күйді көкке тым көтереді.

- Мұндай көршілік даңғыра отырыспалардағы шуды және өз нөмірлеріне ұзақ дайындықтарын тыңдауға итермелейді. Сонымен қатар өзіңізге түк те ұнамайтын қандай да бір тосынсыйдың құрбаны болуыңыз ықтимал.

Саны жағынан тең

Саясатшы /бизнесмен

+ Мұндай адамдар көбіне тазалыққа, тәртіпке көңіл бөліп, назар аударады және үйдің айналасындағы жинақылыққа қарайды, мысалы, аулаға кіретін жерде шлагбаум орнату, бөгде көліктердің тобырын тоқтату, подъезд алдындағы күзетті күшейту.

-          Мұндай көршілердің жабылма орындарда жанында әрдайым жүретін оққағарлары сізге ыңғайсыздық танытуы мүмкін. Сонымен қатар танымал көршіге тосыннан шабуыл жасалуы ықтимал, бұл басқаларға қорқыныш, үрей тудырады.

Жазушы /ақын/ғалым

+ Бұл мамандықтың өкілдері өте нәзік және тым қарапайым адамдар, сонымен қатар аса әсерлі әңгімешілдер. Бұған қоса олар төбелес тудырмайды және түні бойы шуламайды, мазаны алмайды.

-  Кезекті игі істі ойлап табуда немесе диссертациямен жұмыс жасауда мұндай адамдар тірлігіне бітім-болмысымен беріліп, үтікті, электроплитаны ажыратуды ұмытып, ваннадғы суды ағызып кетуі мүмкін.

Топ-модель

+ Егер сізде осындай көршімен тәуір қарым-қатынас қалыптасса, онда ол сізге сәндік көрсетілімдерге шақыру билетін алып береді және фэшн-индустрия оқиғаларынан сізді уақытында хабардар етеді. Үйдің еркектері де онымен тілдесуге және модельдік бизнес бойынша әріптестерімен тілдесуге қарсы болмайды.

- Шулы отырыспалар мен көптеген қонақтар жайсыз жақтар болып табылады. Одан басқа тұрмыстағы әйелдерге қиындық тууы әбден мүмкін, әсем тұлғалы, көрікті адамдар еркектерге әсер етпей қоймайды. Осыдан барып жанұяда тоқтаусыз ұрыс-керіс жиілеуі ықтимал. Сонымен қатар сыртқы пішіні келіскен қутыңдаған қыздар түр-әлпеті ұсқынсыздау бейшаралау әйелдерге міндетті түрде кері ықпал жасайды.

Жағымсыз жақтар

Әнші/рок-музыкант/актёр

+ Бұлар да КВНщиктер, модель және сазгер тәрізді: олар да сізге концертке немесе спектакльге билет алуға көмектеседі, жәрдемдеседі, олардан да автограф аласыз және қабырғадан «үй концертін» тамашалайсыз.

- Сауық кештері, сауық кештері және тағы да сауық кештері. Дауысы зор музыка және қонақтар тобы да мезі қылады. Сонымен қатар түннің ортасында шығармашылық адамдарға «муза келуі» мүмкін, және олар бар дауыстарымен айқайлайды... немесе өзінің музыкалық аспабын барынша жан-жақты тәуір-ақ пайдаланады. Және бұған бас иіп табынушылар қосылады, подъездің алдында шулайды-улайды, оларды кірпік ілмей күзетеді. Тек қана гастрольдің кезінде тыныштық пен тәртіп орнайтынына сенім білдіріңіз.

Суретші

+Бұл мамандықтың өкілдері тек ғана өз пәтерінің сыртқы пішініне көңіл аударып қоймайды, сонымен қатар қабаттарға да және подъездге де қомақты қамқорлық жасап, аялап, мәпелейді. Мысалы, Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесі, 6, №10 подъездегі суреттер галареясына экскурсияға баруға болады. Атақты суретші Валерий Букиннің табиғи мұқалмас талантының арқасында үйдің тұрғындары мен қонақтары африкалық джунглилерде, жалтыраған мұз айдындарында, Бурабай өзенінде бола алады.

-          Енді шығармашылық ұмытшақтық арқалы ақындар тәрізді, қаламдары қарымды жазушылар тәрізді электр жабдықтарын ағытуға кері әсерін тигізеді, бұған қосымша — әрдайым талмай, шаршамай шабыт іздеу түрлі-түрлі әйелдердің келуіне мүмкіндік туғызады, жағдай жасайды, олардың арасында адамдарды алдап соғатын алаяқтардың да кездесуі ықтимал. Сонымен қатар белгілі суретшінің зәулім сәулетті, әсем баспанасын қымбат тұратын картиналары үшін үптеп, түк қалдырмай тонап кетеді.

«Біздің бақылаулар — диагноз емес, тек ойлануға ақпарат ғана. Сонымен қатар жұлдызбен көршілік факторы әрқашан үйдегі пәтердің құнына кәдімгідей ықпал етеді. Орташа баға 10-15%-ға көтеріледі», — дейді риэлторлар. Сондықтан тұрғын үйді сатарда немесе жалға беру кезінде жылжымайтын мүлікті сатушылар өздерінің жарнамалық хабарландыруларында подъезде немесе үйде танымал көршілер тұратынын ескертеді, кездескенде олардың есімдерін атайды. Сонымен қатар егер қазіргі заманның ұлы адамымен көршілік сіздің мазаңызды алып, сізге ыңғайсыздық тудырса, жағдайды қалыптастыруға бейбіт келісімдер көмектеспейді, учаскелік полицияға шағыммен жүгініңіз. Қоғамдық тыныштықтың заңдары мен тәртіптері барлығы үшін бірдей екенін ұмытпаңыз!

Фото: foto.rambler.ru

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи