Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Егер көршілеріңіз нашар болса

Көршілер әр түрлі болады. Кейбіреулері туғандай болып кетеді, бәзбіреулер өмір бойы күндерді өксітіп өткізеді. Көршілікте кім болатынын алдын ала білуге мүмкіндік бар, ол үшін пәтер сатып алу кезінде дұрыс таңдау керек.

Негізі көршілермен тату-тәтті болған лазым. Қиындық басқа түскенде, қол ұшы берілсе, жәрдемдессе, нұр үстіне нұр. Мысалы, өрт орын алғанда немесе пәтерде тұрмыстық проблема туындаса, кейде балаларға қарап қалуға болады. Бірақ, біздің көпшілігіміз немесе таныстарымыз адам тәрізді күн кешуді мұң ететін жағдайлармен кездесіп жүр. Біреу өрт қауіпсіздігінің талаптарын, санитарлық-гигиеналық немесе экологиялық нормаларды сақтамайды. Басқалары музыканы немесе теледидардың бар дауысын шығарып қояды, музыкалық аспапта ойнайды, бұл кезде сіз қайда жасырынарыңызды білмейсіз. Үшінші біреулер сағат 21.00.-ден кейін тыныштықты кәдімгідей бұзып, түннің ортасында жөндеу жасайды. Алайда, кейбір пәтерлерде маскүнемдер жиналған отырыспалар таңға дейін созылады немесе наркомандар бас қосады. Мұндай жағдайда барлық подъезде сабыр таусылады, ол ластанады, бұндай көршілерден қауіп әркез төнеді.

Өкінішке орай, көршілер арасындағы дау-дамай әрдайым бейбіт аяқтала бермейді. Үстіміздегі жылы 17 мамырда  Алматыда бір еркек саналы түрде көршілермен келіспеушіліктен кейін олармен төбелеске барған. ЖКО-ның нәтижесінде 46 жастағы еркек оқиға орнында қаза тапты, ал, оның 45 жасар әйелі көптеген сынықтармен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Ал, жүргізушінің өзі оқиға орнынан таса болды. Дау-жанжалдың себебі көршілер арасындағы кемшілік болып есептелмейді. 

Тағы бір жағдай осыдан үш жыл бұрын Ақмола облысы Щучинскі қаласында көктемде болды. Еркек мас күйінде жұмыстан оралды және өз пәтерінде жанжал шығарды — әйелін сабады. Көршісі таяқ жеген әйелге көмектескісі келеді, бірақ, мас еркек оны пышақ жұмсап жарақаттады.

Insiderman веб-порталының басшысы Валерий Сурганов тек ғана жеке тұлғалар ғана емес, кейде көп пәтерлі үйлер көршілердің арасында дау-дамайлардың толассыз, тынымсыз туындауына себепкер болатынын айтады. Әңгіме дауыстары бір-біріне анық, айқын естіліп тұратын  жұқа бөлме аралық қабырғалары бар тұрғын үй құрылысы туралы болып отыр.

Қазір жанұясымен бірге журналист Астананың теміржол вокзалынан алыс емес жерде тұрады. Қаладағы бұл ауданды жақын маңдағы үйлердің пәтерлерін уақытша жалға алатын кейбір бұзақы, күдікті тұлғалардың қауіптілігінен құралақан деп айту қиын. Бірақ, Валерий Сурганов мұнда өмір сүріп, күн кешу  ленинградтық құрылыстағы үйлердегіден жайлырақ екенін тілге тиек етеді. Бұл Бейбітшілік көшесінде көптеп кездесетін бес қабатты балконсыз құрылыс. Сонда бір бөлмелі пәтерде тұратын журналистің жанұясының тыныштығын бұзатын ең басты проблемасы көршісінің бір мезет тынбай сайрайтын теледидардың дауысы. Сондықтан Сургановтарға асханада ұйықтауға тура келді.

— Көршілер түнімен теледидарын қосып қояды, біздің ұйықтауымызға тіпті де мүмкіндік болмайды. Дауыстың қаттылығы сондай біздің теледидар қосылып тұрғандай. Алғашында сабырлылық танытып, біз белгі бердік, сәл басылды, бәрібір даңғыра естілді. Ұрыстық. Бір-екі рет полиция шақырдық. Олар келгенде, көршілер теледидарың өшіре салды, соңынан ұялмай қайта қосты. Сонда маған учаскелік полицияға арыз жазуға кеңес бергендер болды. Мынадай әкімшілік тәртіп бұзушылық бар екен, «23.00-ден 6.00-ге дейін тыныштықты бұзу». Учаскелік полиция 2 АЕК-і мөлшерінде айыппұл бар екенін айтты. Ол келіп, көршілермен сөйлесті, біздің пәтерімізге еніп, теледидардың қалай даңғырлап тұрғанын естіді. Оның адамға қалай кері әсер ететіне көзі анық жетті, ескерту жасады. Қабырғалар жұқа болғандықтан, дауыс анық естілетінін, көршілермен санасу керектігін айтты, — дейді Валерий.

Оның айтуынша, полициямен әңгімеден кейін көршілер дауыстарын едәуір бәсеңдетіпті, алайда Сургановтар есік жауып, асүйде ұйықтауды жалғастырған. Бұл көрші теледидарың шуынан қорғанатын жалғыз орын еді. Журналист олардың көрген азабы пәтерді ауыстырғаннан соң таусылғанын айтады. 

Ішімдікке тым жақын көп қабатты үйлердің тұрғындары көршілерінің мазасын жиі-жиі алады.

— Менің подъезімде екі жанұя тұрады, олардың мүшелері маскүнемдіктің арбауына түскендер, — деп әңгімелейді астаналық Мария Витковская. — Менің алаңшамда әрдайым өз есігінің алдында көршім мас болып жатады. Оны әйелі үйіне кіргізбейді. Сондықтан біз жинайтын алаңшада бөтелкелер, темекі қалдықтары шашылып жатады. Сосын ол сәл-сәл есін жиғаннан соң, өзінің үйіне кіруге талап қылады. Темір есіктерін даңғырлатқанда, бүкіл подъезд жаңғырып кетеді. Әйелі пәтерінің ішінде неше түрлі боғауыз сөзді шықпыртып жатады, біз көршілері саңырау болмағасын бәрін-бәрін естиміз. Ешқандай айтарлықтай қорытынды болмайтынын білгендіктен, полицияны шақырмаймыз. Төменгі қабатта тағы бір маскүнем бар. Ол да күйеуімен күнде қырылады. Біздің жағдайымызды полиция беске біледі, олар туралы шағымдарды қабылдамайды. Бірақ, анда-санда алып кетеді, тек ұзақ уақытқа емес. Тіпті кейде қарасын көрсетпей, келмей қалады. Бір таңқаларлығы, көрші-араққордың электр энергияға қарызы 50 мың теңгеге жетіпті — оған ештеңе болмайды.

Алайда, юристер мұндай тығырықтан шығуға болатынын айтады. Егер көршілермен тіл табысу мүмкіндігі болмаса, бірден құқық қорғау ұйымына жүгіну қажет. Барлық проблемаларды уақытын белгілеп, орны мен болған оқиғаны тәптіштеп, жазбаша түрде ұсынған абзал. 

Бірақ, бұзақы көршілерді тәубәсіне келтіру үшін әрі қарай тірлік жасау керек. Сотқа жүгініп және одан моральдық залалды өтеуді талап ету қажет. Мұнда талапкердің өз сөздерінің дәлелдемелік базасы мықты болу керектігін юристер ескертеді. Бұл құқық қорғау ұйымдары, СЭС-ке, ПИК-не жүгіну туралы анықтамалар мен арыздар болады. Санитарлық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзғандығы үшін проблемалы көршіге бір емес, бірнеше рет айыппұл салынуы ықтимал.

Юрист Болатбек Блялов көрші-маскүнемге немесе нашақорға бірінші кезекте құқық қорғау ұйымына қысым жасайтынын, яғни, учаскелік полицейлер де қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, қадағалауға міндетті екенін қадап-қадап айтты.

— Кез келген көп пәтерлі үйде подъездер болады — бұл қоғамдық орын, тиісінше, сондықтан мұнда тәртіпсіздіктерге тұсау салынады, олардың жолы кесіледі. Ең алдымен адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ол қайталанса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сөйтіп, басты қатырған көршіден бір жола құтылуға мүмкіндік туындайды, — дейді юрист.

Бұдан басқа, юристің айтуынша, теориялық жағынан азған көршіні ПИК-і үйден шығара алады екен. Бірақ, бұны істеудің қиындығын, Қазақстанда мұндай үйден шығару мәселесін естімегендігін ескертеді ол. 

— ПИК-і — бұл меншікті басқаратын объекті. Мысалы, жарнапұлдарды төлемегені үшін, нақты нормаларды, ПИК-нің Жарғысын бұзғандығы үшін көршіні кооперативтен шығара алады. Қарызды өндіру үшін ПИК-нің сотқа жүгінуге заңды түрде құқы бар. Бұл қатынастарды реттейтін, қалыпқа келтіретін басқа иә, санитарлық, иә, экологиялық нормалар жоқ. Ал, Ресейде болса, көршілер көршілерді үйден шығарарда, сот процестері мен тәжірибелері жеткілікті. Бірақ, бізде, Қазақстанда бұл гипотетикалық жағынан мүмкін, ал, тәжірибеде жоқ, оны нақтылайтын мөлшер жоқ, — дейді көпті көрген юрист.

Қазақстандық заңнамаға, дәлірек айтсақ, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес пәтер иелері «олардың үлестеріне байланысты жалпы мүліктерді ұстау және пайдалануға сай ортақ шығындарға қатысуға міндетті». Егер олар бұлталаққа салып, уақыт өткізіп, бұлай жасамаса және төлемақы төлемесе, онда оларға аямай алдымен үстемеақы ілінеді. Үш ай өткеннен кейін ПИК-нің қарызды мәжбүрлеп өндіру үшін сотқа жүгінуге заңды құқы бар. Мүлікті өндіріп алуға дейін барады ол.

Риэлтор Антон Денисов оптимистік позицияны нақты көбірек ұстанады. Ол көршілер ұзаққа бармай, тіл табысып, бір-бірін түсініссе, онда мұндай тығырықтан шығуға болады деп санайды. Оның айтуынша, проблемалы көршілердің әрекеті сату кезінде пәтердің құнына ешқашан кері әсерін тигізбейді екен.

— Бәрі факті бойынша жасалады. Қаражат барлық түйткілді шешеді. Мысалы, егер 110 мың тұратын екі бөлмелі немесе үш бөлмелі пәтерді қожайын 105 немесе 110 мыңға сата алады. Егер бір нәрсе жетіспесе, жеңілдік қылады. Сатып алушылар міндетті түрде көршілердің кім екенін сұрайды, бірақ, көбі шындыққа барлық кезде көз жеткізе алмайды.  Қожайын көршілерінің нашар екенін білсе де, ол сатып алушыларға олардың тәуір екенін айтып, ақиқатты аяққа таптайды. Кейбір сатып алушыларды кіммен қатар тұратыны қызықтырмайды. Пәтер іздеу кезінде бұл туралы олар айтпайды да және сұрамайды да. Егер адамға нақты тұрғын үй кешені немесе пәтер ұнаса, оның мақсаты сатып алу, қалғаны қобалжытпайды, — дейді Антон Денисов.

Ол онда тұратын адамдар мен үй туралы білуге, басқа көршілермен сөйлесуге кеңес береді. Олардың ақпараттары, дәлірек айтсақ, субъективті болуы мүмкін, бірақ, тұрғындардың арасында проблеманың барын немесе жоқтығын анықтай алады, айтылғандарға сену, сенбеу әркімнің өзінің шаруасы болып табылады. Бірақ, әйгілі мультфильмдегі бәтуалы сөйлемді қайталағым келеді: «Көршілер, тату-тәтті тұрайықшы!».

Госман Жакин, Астана қ. ІІД әкімшілік полициясының басқармасы бастығының орынбасары:

— Қазақстан Республикасының Әкім-шілік құқық бұзушылық Заңдар жинағының 333 бабына сәйкес қараңғы түнгі уақытта әдемі тыныштық бұзылғанда, сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін аралығында тұрғын үйде және оның ішінде өте, орасан қажет болмаса да, тәуір, жақсы, керемет, тамаша демалуға кедергі келтіретін  шулы, мазаны алатын жұмыстар істелетін болса, жеке тұлға және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Ескертілгеннен кейін ештеңе өзгермей, сол тірлік тағы да бір рет қайталанса, олар бұдан да қатаң жазаланады. Егер сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін тәртіп бұзылатын болса, 102 қызметіне дереу хабарласып, оқиға орнына сақадай сай тұрған полиция қызметкерлерін шақырту қажет. Олар келген кезде пәтерде жөндеу жүруде екенін және мазасыз шу шығып жатқанын ұғындырып жан-жақты айтқан абзал. Мүмкіндігінше, түсініктеме жазылу керек, арыз жазылу керек. Бұл факті тіркелімге алынып, шу шығарған кісіге әкімшілік ықпал жасау шараларын қолданады. 

Мұндай кезде бастапқыда арнайы ескерту жасалады, сосын жеке тұлғаларға 2 АЕК-і мөлшерінде, кіші және орташа бизнестің субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлерге 10 АЕК-і мөлшерінде айыппұл салынады.  Ал, ірі кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға 40 АЕК-і мөлшерінде айыппұл салынады. 

kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи