Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Бизнес ретінде ғимаратқа күтім жасау

Бір қарағанда күрделі көрінбегенмен, бизнес-орталығын немесе сауда үйін ашу мен оны һәм ұстау оңай шаруа емес. Бутиктер мен офистерді жалға берумен қатар ғимаратты ұстап тұру үшін орасан жұмыс жасау керек: инженерлік жүйені, атап айтар болсақ, құбырға, сымға, лифтіге, эскалаторға қарау, күзет объектісімен, видеобақылаумен, өрт қауіпсіздігімен шұғылдану.

Бұдан басқа ішкі және қатысты аймақтарды жинау керек, жалға алушыға жан-жақты көмек көрсетіледі, жасыл бақтар күтіледі, қысқасы, объектінің тіршілігіне күнделікті бақылау жасалады. Бірақ, бұл қамқорлық пен аялаудың барлығы емес. Алдыңғы қатарлы бизнес-қала ретінде түрлі кластағы ғимараттарды ұстау маңызы бойынша қызметтердің ассортиментіне қарай Алматыда мамандандырылған компанияларды тарту Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда жоғары.

Сантехниктің жұмысына әрбір күні еш сұраныстың жоқтығынан бизнес-орталық қожайынының оны өз штатына шақырудың, мысалы, не мағынасы, не мәні бар? Тәуірі мұндай арнайы фирманы жалдап және су құбырын қарағаны үшін нарыққа сәйкес оған ақыны төлейді. Расында, негізінен күн сәулелі оңтүстік астанада дәл осындай жүйе түсіністікпен қарқынды дамуда. Басқа қалаларда, Астананы қоспағанда, мұндай бизнес түрі батпақтап өрістемей отыр. Өкінішті, бірақ, қазір аздап даму болашағы бар.

Техникалық қолдау

Барлық ғимарат осыдан басталады. Алаңдарды жалға берместен бұрын оларды тұтынушыларға қолайлы етіп дайындау керек. Техникалық қамсыздандыру қызметін ұсынатын компания жарық беруден бастап, интернетті қалыптастыруға дейін, яғни барлық инженерлік желілерге жауап береді. Бұған су өткізу-канализациялық желілер, жарық беру, қосалқы жарықпен қамсыздандыру жүйелері, (дизель-генераторлар), өртке қарсы қауіпсіздендіру базасы, лифтілік және эскалаторлық құрал-жабдықтар, желдеткіштер кіруі мүмкін.

Алматыда тіпті техникалық қолдаулардың мұндай тым кеңейтілген тізімдері басқа бағыттағы сервистермен сай үйлесуі ықтимал. Мысалы, техникалық қамсыздандыру қызметін ұсынатын «Metrolux Property Management» компаниясында тағы жалға беру, маркетинг және әкімшілік бөлімдері, қауіпсіздендіру қызметтері бар. Яғни, компания сауда залындағы тәртіпке қарауға, ғимаратты жалға беруге, қауіпсіздікке, тауардың жария түрде шығару-әкелінуіне, жарнамалық акцияларды өткізуге және сауда үйін рәсімдеуге жауап береді. Бірақ, бұл Алматыдағы жұрт аузына қараған жалғыз компания емес.

— Бәсекелестер көп, — деп кеңінен әңгімелейді «Metrolux Property Management» компаниясының инженері Дәурен Базылов, — ғимаратқа қызмет жасау бойынша тендерді ұту оңай шаруа емес. Біз меншік иесі-компаниямен келісімшартты бір жылға жасаймыз. Қорытындысында құжат жарамсыз болады немесе оның іс мерзімі бітеді. Біздің қызметіміздің бағасын дәлме-дәл айта алмаймын, шамамен айына 8 миллион теңге, бұған және қызметкерлердің жалақысы және компанияның сыйақысы кіреді. Басқарманың қызметін ұсынатын жұмысшылардың саны жобамен 35 (орташа жалақы 80 000 теңге). Бұған клинингті қосыңыз, орташа жалақылары 30 мың теңгені құрайтын 40 қызметкер бар.

Дәурен Базыловтың айтуынша, алматылық СО-ның қожайындары бір техникалық қолдаудың барлық жүйелеріне қомақты ақша салады екен. Көбінесе мамандардың сантехникалық, жарықпен және сумен қамсыздандыру жағынан ағымдағы жөндеуді жасауларына тура келеді. Тағы бір таусылмайтын жұмыс түрі желдеткішті жөндеу болып саналады. Ағаш өңдеушіге де тапсырыс көп.

Өрт және күзет жүйесі

Бұлардың ғимараттың техникалық қолдауына қатысы бар. Өрт сөндіру жүйесін ең негізгі деуге болады, себебі, онсыз мемлекеттік мекеме объектінің ашылуына «даңғыл жолды» ашпайды. Астана мен Алматыда мақсатқа жетуде сізге кешенде сервистің басқа түрімен ұсыныс жасайды. Базары бар, ғимаратты қамсыздандыру жағынан дамымаған қалаларда күзет және өрт жүйелерін орнататын фирмалар жеке жұмыс істейді. Бірақ, қарағандылық мамандар қос астанадағы қызметтің кең жолы олардың орындалуының сапасына кепіл болмайтынын растайды.

Мысалы, «Гартекс» қарағандылық фирманың директоры Александр Буров Астанадан алған күтпеген өзінің әсерлерін әңгімелейді. Оның компаниясы күзет және өрт қауіпсіздігі жүйесін жүзеге асыру және орнатумен шұғылданады. Астанада мамандар Президент ісі Басқармасының бақылауындағы объектілерге және көптеген басқа «маңызды» ғимараттарға қызмет жасайды.

— Салынып жатқан ғимарат оны жүзеге асыруға талап еткен фирманың балансында болады (көбінесе бұлар түріктік фирмалар). Сосын ол тиісті министрлікке беріледі. Министрлік оны өзінің қандай да бір тізімге жазады. Бұл енді үшінші қол болып табылады. Осы аралықта орнатылған күзет және өрт жүйесінің желісімен құжаттар жоғалады. Бір нәрсені жөндеу кезінде бізге: «Құжаттар жоқ», — дейді. Қалай жоқ? Мұнда объектілер 20-100 мың шаршы метрді алып жатады, біз қалай кемшілігі бар жерді іздейміз? Және сымдар қабырғаға жасырылған, ештеңе көрінбейді. Жетімсіздік тізім жасауға тура келеді, онда біз: «Сынған орынды табу үшін тағы осынша ақша керек», — деп амалсыздан нұсқау көрсетеміз.

Бұл қажетті фирмалар сатуға және орнатуға ұсынатын аппаратуралардың барлық техникалық ерекшеліктерін жеткілікті білмейтіндіктен, бүтіндей мемлекеттік, жеке құрылымдар қиындық, азап көреді. Александр Буровтың айтуынша, сол көңіл көтеру орталығы түрлі мінездемелері бар камералар мен регистраторды (камерадағы көріністі қатты дискіге жазатын құрал-жабдық) жөндеуге шамасы бар, бірақ, ешқандай нәтиже болмайды, тек ғимараттың қожайынына бұл қымбатқа түседі.

— Бізде компаниялардың көпшілігі құралдардың техникалық мінездемелерін, тәртібі мен мөлшерлерін біле бермейді, — деп түсінік айтады директор. — Өндірушілердің әрқилы таңбалары бар, құрал-жабдықтардың барлық ерекшеліктерін аңғарып отыруға үлгермейді. Ғимарат қожайындары үнемдеуге тырысады, өйткені, оларға қайта төлеудің не екенін ешкім де түсіндірмейді. Сізге міндетті түрде осындай тауардың қымбаттылығы оның сапасына байланыстылығын айтады. Сапа мағынасы неде — ешкім ұғындырмайды. Міне, зауыт-дайындаушы сыртқы бақылау камераларына түрлі бағалар көрсетеді, сатушылар құрал-жабдықтардың барлық параметрлерін білмейді.

Ең арзан видеобақылау камерасының құны қазіргі таңда 6 мың теңге тұрады. Оны орнатуға 1000 теңге төленеді, оған қоса кабел жалғау (метрі 150 теңге). Бірақ, оның көрсету сапасы анау айтқандай жоғары емес, керісінше, өте төмен.

Ең қымбат тұратын құрылғы — тұлғаның түрін және көліктің нөмірін тану жүйесі. Мұндай құрылғы бар жерде рұқсат қағазының қажеті жоқ. Жүйенің бағасы оның есте сақтау көлеміне байланысты: көліктердің 100 нөмірі, мысалы, — шамасы миллион теңге. Қарағандыда кәсіпкерлердің бірде-бірі мұндай шығынға қадам баспады. Осындай жүйелер Астана мен Алматыда бар.

Өртті қауіпсіздендіруге байланысты жағдай бүгінде тіпті күрделі әрі қиындау. Себебі — өртке қарсы жүйені орнатуға лицензияны жою болып табылады.

— Біз сізбен келісуге және жөндеуге бірге бара аламыз, — дейді сенімді түрде Александр Буров. — Қазірде фирмаларда монтажник болып істегендер көбейіп кетті.

Ғимаратта өртке қарсы құрал-жабдықтарды мамандар тиянақты орнатқаннан кейін үш жақты акті құрылады. Оған тапсырыс беруші, объектіде жұмыс істейтін фирма-орындаушы мен мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің өкілі заңды түрде қол қояды. Қол қойылар алдында барлық іс мөлшерге сәйкес жасалғандығын куәландыратын өрт қызметінің қызметкері шақырылады.

Өздерінің жұмыстары үшін ақыны басқа бәсекелестеріне қарағанда арзан алатын фирмалар бар. Дегенменен, кәсіпкер осындай фирмалар өрттік жүйені дұрыс емес орнатқанда, қайтарып ештеңе істей алмайтынына дайын болуы тиіс. Беделді ұйымдар ғимараттың қожайынымен міндетті түрде келісімшарт жасасады және өз істеріне байланысты барлық кемшілікті қалпына келтіреді.

— Өртке қарсы дабылды қандай параметрде орнату керектігін жан-жақты білмейтіндер көптеп кездеседі, — деп жалғастырады Александр Буров. — Оны тәртіп бұзушылықпен жасайды. Бұны кейін өртке қарсы қызметтің қызметкерлері байқауы мүмкін, бірақ, монтаждың барлық қателерін аңғара алмайды, өйткені, оларды тексеруге тапсырыс беруші барлығы жасалғасын және сымдар қабырғаға сыланған соң шақырады. Ал, егер объекті үлкен болса, өрт қызметкері әрбір датчикті, кабелдің әрбір метрін тексере алмайды. Тек тиісті мөлшер мен ережеге сәйкес жүйені бүтін түрде қарайды. 

Соңғы қазіргі заманғы өртке қарсы жаңа құрылғыны маман жарақат қауіпсіздігіне сай әйнекпен орындалған және арнайы сұйықтықпен толтырылған герметикалық әйнекті ампула деп атайды. Мәселен, оларды офисте төбенің астына іледі. Егер ғайыптан өрт бола қалған жағдайда жоғары температурадан ампула сынып кетеді, қысыммен сұйықтық газдық фазаға жартылай көшіп, өлшеулі алаңға төгіледі де, салқындатылған әсер жасайды. Сөндірілген жоғарылықта жіңішке қабат пайда болады.

Күзет қызметтері

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 3 мыңнан аса күзет құрылымдары бар екен, шамамен оларда 15 мың қызметкер елеулі еңбек ететін көрінеді. Күзет агенттіктеріне бизнестің басқа түрлерімен шұғылдануға немесе бір тұлғаның атынан бірнеше фирма ашуға тыйым салынған. Осыдан пайда қомақты емес екендігі байқалады, ол жылына 10-15 пайызға анық бағаланады. Осыдан бүгінде бес жыл бұрынғыдай емес, күзет агенттіктерін ашуға талапкерлердің нақты саны айтарлықтай көп, мол емес. Фирмаларда мамандардың тапшылығы күтілген құбылыс.

— Қызметкерлер қай жақта жалақы жоғары төленетін болса, сонда көбірек барады. Кез келген жағдайда қарағандылық секьюриттер айлықты екі күндік жұмыс кестесі бойынша 40 мың теңгеден басқалай көтермейді. Кейбір күзет ұйымдары өз қызметін аз мөлшері сомаға жүзеге асыру үшін тапсырыскерді өзіне тарту мақсатында келісімшарт жасасады, — деп түсіндіреді Диана Ибраева, «Альфа» қарағандылық күзет қызметі кадрлар бөлімінің маманы. — Фирма басшысы келесі жылы, құдай қаласа, осы тапсырыскерлермен жоғары жалақыға келісімшартқа қол қоятынына сенеді.

— «Альфаның» жан-жақты сапалы қызметтері сағатына 300 теңге тұрады, — деп дәл мысал келтіреді іскер Диана Ибраева. – Алматыда баға 350 теңгені құрайды. Яғни, күні-түні күзетумен бір күзетке сәулетті оңтүстік астанада айына 250 мың теңге жұмсалады. Егер аймақ үлкен болмаса, оның күзетіне бір күзет жетіп артылады.

— Қарағандыда білікті, білекті, саналы күзетшілерді жалдауға көптеген кәсіпкерлер соншалықты талап қылмайды, — деп түсінік береді Диана Ибраева. — Олар түнгі қарауылдарды жалдағанды дұрыс санайды. Күзет агенттіктерінің арасында бәсекелестік өте мықты, сондықтан біз директорлардың бабын табуға тырысамыз: олардың көп шарттарына келісеміз.

Үстіміздегі жылы қызмет жұмыстарында тағы бір талай өзгерістер орын алды. Күзет қызметімен айналысуға лицензиясы бар фирмалардың барлық қызметкерлері заңға сәйкес полицияның ерікті көмекшілері болып табылады. Бұл кәсіби куәлігі бар күзетші қаралатын объектіде әрі қарай оларды полицияға өткізу үшін шабуыл жасаушыны, ұрыларды және күдікті тұлғаларды ұстауға құқы бар дегенді білдіреді. Күзетші бірінші болып, шабуыл жасауға құқы жоқ, бірақ, қауіпті кезде ескерту оғын аспанға атады және әрі қарай жағдайға сай сауатты қимылдауға тиіс.

«Клининг» демек, жинау

Клинингтің қызметтеріне «clean» ағылшын сөзінің мағынасына жататынның барлығы кіреді: ғимаратты жинақтау, күл-қоқысты тасымалдау, киім тазалау, кір жуу жұмыстары, баспананың қасбетін жақсарту, қарды күреу, шошайманы құлату. Қысқасы, тәртіпке келтіретіннің күллісін атауға болады.

Құлазыған 90-шы жылдардың өзінде жинаудың болашағын көрдік. Қазақстанда бірінші, тұңғыш мұндай мақсаттағы ұйым «Sun Trade» 1995 жылы пайда болды, ол батыстық компаниялардың тапсырысымен Алматыда жұмыстарын бастады.

— Шетелдіктер клинингтік компанияларды іздеуде, табуда олар көп қиындық көрді. Біздің кәсіпкерлер басында, алғашында жинаумен мамандандырылған фирмалар айналысатынына кәдімгідей жағаларын ұстап, таңқалыс білдірді. Сосын бірінші рет осындай мақсаттағы компания пайда болып, жеке тұлғаларға қызмет ете бастады, — деп еске алады клинингтік компанияның Орталық-Азиялық ассоциясының президенті Карина Емельянова.

Қазірде елімізде қанша клинингтік компания (КК) жұмыс істеп жатқандығы туралы ешкімде дәл статистикалық мәлімет жоқ. ККОАА-ның ақпараты бойынша тек бір Алматыда 90-нан аса мұндай ұйымдар бар көрінеді, ал, Қазақстан төңірегінде 80-дейі қызмет етуде екен.

— Бұл бизнестің орталығы Алматы мен Астанада, — дейді Карина Емельянова. — Олар ең ақшалы және ең активті қалалар. Мұнда барлық елшіліктер, шетелдік компаниялар, қонақүйлер топтастырылған. Клинингтік фирмада екіден мыңға дейін адам жұмыс істей алады. Бұлар соңғы кездегі беделді құрылымдар.

Дегенменен, республикамыздың басқа қалаларында да жинаудағы бизнес ақырындап өркендеу үстінде деп санайды маман. Қызметтердің мұндай түріне сұраныс тек өсе береді деп болжайды ККОАА-да. Аула сыпырушылар мен еден жуушылардың өз дербестігін сақтау қымбатқа түседі. Штаттағы қызметкерлер үшін салық төлеу керек, зейнеттік және әлеуметтіік жарнапұлдар аудару қажет. Клинингтік фирмалардың жұмыс төлемі салық алынбайтын ұйымның шығыны болып есептеледі.

— Ірі банкілердің бірі жинау үшін 40 кәсіби шаңсорғыш сатып алды, — деп еске түсіреді Карина Емельянова. — Бәрін өз күшімізбен жасауды қаладық. Бір айдан соң, олар клинингтік компанияны жалдады, өйткені, аталған шаңсорғыштарды дұрыс пайдалана алмады және мұнда олармен жұмыс істей алатын ешкім болмады.

Кәсіпкерлерге жинау үшін құрал-жабдықтарды сатып алу қолайсыз, тиімсіз болады, өйткені, олар пішілген белгілі бір уақытта шекпен ғана пайдаланылады. Ал, клинингтік фирмаларда мұндайлар әрдайым қолданылады. Қызмет құны қалаға және жұмыстың күрделілігіне байланысты. Офистер мен сауда орындарының жиналғаны үшін бір шаршы метріне 150 теңгеден, өндірістік ғимараттарда метріне 95 теңгеден алынады.

— Клинингтік фирмалардың арасында мамандандыру бар, алайда, олардың көпшілігі жеке тұлғалармен де, заңды тұлғалармен де жұмыс істеуден бас тартпайды. КК үшін нағыз ырыс көзі сауда-көңілдендеру орталықтары, — деп тиянақтайды ККОАА-ның президенті. — Пәрменді фирмалар осындай объектілер үшін бітіспес күрес жүргізеді.

— Олар өз өкілдерін түрлі семинарлар мен оқытатын курстарға жіберіп отырады. Кейбір компанияларда тек ғана жаңа ғимараттарды іздеумен шұғыл шұғылданатын қызметкерлер болады. Олар сауда-көңілдендіру орталықтарының құрылыс жоспарын алу үшін сәулет басқармаларына, қалалық әкімдіктерге шығатын жолды табады.

Мұндай объектілерге орташа қызмет жасайтын 40 адам жетіп жатыр. ККОАА қызметкерлерінің есінде қалған ең экзотикалық тапсырыс ротвейлерді жууға өтініш болып табылады. Нағыз орасан тапсырма — стадионды тазалау. Бір күні Алматыдан Астанаға клинерлерді іссапарға аттандыруға тура келді. Астанада әуежайды 2005 жылғы кең көлемдегі қайта құрудан кейін жан-жақты тәртіпке келтіру керек болды, бұған мыңдаған адам жұмылдырылды. Бұл жұмысқа астаналық фирмалардың бірде-бірі тәуекел етпеді.

Кез келген ерікті клинингтік компания тапсырыс берушімен келісімшартқа отырады, кейіннен жұмысты қабылдау актісіне қол қояды. Карина Емельянованың айтуынша, келісімшарт талаптары орындалмайтын болса, клиенттер емес, ең әуелі КК қиындыққа тап кезігеді. Тазалаушыларға, жинаушыларға өз жалақыларын жиі-жиі кешіктіреді немесе ақшаны бермей қояды, оларды мүліктің бұзылғандығына сай міндеттемелерді орындамады деп негізсіз кінәлайды. Кейде көп істі компаниялардың өздері атқара алмай қалады. Мұндай жағдай атқарушы бағаны өзі айтып, сосын тапсырыскерді пайдаланған соң, оның талаптарын тиімді орындай алмайтын күйге түседі.

«Клинингтік» альпинизм

Клинингтің бұл түрі туралы ерекше бөле-жара айтуға болады. Бүгінде ғимараттың қабырғаларын жылтыратып немесе әйнектеп сәнді жасауға болады, ол арнайы қарауды талап етеді. Фасадтарды жуу үшін кәсіби альпинистер қажет.

— Әрбір өнеркәсіптік альпинисте «корочка» болуы тиіс, ол курстан өтіп және іске рұқсатнама алады, — деп нақты, дәл түсіндіреді «Спецстальмонтаж-9» қарағандылық фирманың директоры Фадлан Нұрғожин. — Комиссия одан тиісті, міндетті емтихандарды қабылдайды. Фирмада мәнді биіктіктегі жұмыстарды өткізуге лицензия жоқ. Заңды тұлғаны лицензиялау дұрыс емес деп ойлаймын мен. Гастарбайтерлерді жинап, оларды биіктікке шығару үшін біздің осындай құжатты алуға мүмкіндігіміз бар. Фирмада жұмыс істейтін әрбір адамның рұқсатнамасы болса жақсы, тәуір.

Қарағандылықтың ой пікіріне сүйенсек, тек қана сол кеншілер қаласында емес, барлық облыстарда қасбеттерді жууды қаламайды екен. Мұндай тапсырыстардың көлемі амалсыз күлкі шақырады. Фадлан Нұргожинның фирмасы негізінен антендік-мачтолық ғимараттарды сырлаумен айналысады. «Қарағандыда бір нәрсені жуғым келеді дегенді естіген жоқпын», — дейді ол.

Астанада жағдай тәп-тәуір, жап-жақсы, бірақ, ол қабырғаны тазалауға байланысты емес екен. «Альпинист-Пром» астаналық компанияның басшысы Артем Тыринның айтуынша, соңғы бес жылда мәнді қызметтерге сұраныс кәдімгідей өсті. Оған зауыт құрылысы (металлоконструкцияны және монтаждық жұмыстарды өткізу керек), панелдік ғимараттарды жөндеу (панел арасындағы тігіс герметизациясы), қасбеттерді сырлау.

— Көптеген супермаркеттер мен бизнес-орталықтар қасбеттерді сирек жуады, 2-3 жылға 1 реттен, — деп түсінік береді Артем Тырин. — Бұл тұзды және майлы кірлердің көбеюіне әкеліп соғады. Оны болдырмау үшін түрлі қымбат химикаттарды пайдалануға тура келеді, бұдан жұмыс күші құнданады.

Маманның бақылауынша, өз ғимараттарының тиянақты сыртқы түріне мемлекеттік коммуналдық мекемелер қарайды екен. Қасбеттерді жылына 2 рет жууды олар міндеттеріне алатын көрінеді.

Қызметтің құны жұмыстың күрделіліне байланысты. Екі жыл немесе одан да көп уақыт жуылмаған қасбеттер қымбатырақ тұрады (бір шаршы метрге 170 теңге). Құрылыс жұмыстарынан кейінгі тазалау жоғары бағаланады (бір шаршы метрге 200 теңге). Мұндай жұмыстар Қарағандыда арзан емес. Мүмкін, сондықтан қарағандылық кәсіпкерлер бұл қызметке көп жүгіне бермейді.

Жинаудың ең күрделісі ерекше қазіргі заманғы пленканың жоғары жағын тазалау болып саналады. Мұндай «Хан Шатыр» СРО-ның құрылысын салуда пайдаланылды.

— Жамылғы сәл құрғақ болды, — деп түсіндіреді Фадлан Нұрғожин, — оны міндетті түрде екі рет: бірінші — химикаттармен, екінші рет сумен шаю, жуу қажет.

Мұндай кезде пластик пайдалы саналады, өйткені, оған кенет шаң-тозаң және су көп жабыспайды.

Астаналық Артем Тырин бизнестегі табыстарға сыртқы түрдің мықты әсер ететінін кәсіпкерлердің көбі толық түсіне бермейтінін айтады.

Мамандардың түсініктемесі

ЕрланЫсқақов, «МЕТРОКэшэндКерриКазахстан» қоғамменжәнеөкіметбайланысыменжұмысістеубойыншабасдиректордыңорынбасары.

— Біз түбінде өнім берушіні тендер негізіндегі қызметке сай анықтаймыз және басқа қалаларда өкілдігі бар компанияларды таңдаймыз, бұл бақылауды жеңілдетеді, сонымен қатар құжат айналымды оңайлатады. Кішкентай шектеулі компаниялар әрдайым сұратылған сервисті және біздің бөлмелерді жинауға арналған қазіргі заманғы құрал-жабдықтарды жеткізе алмайды.

Макулатураны қысуда және күл-қоқысты тасуда, жалпы, жинау үшін клининговалық компанияның қызмет құны жылына 29-дан 35 млн. теңгеге дейін барады. Сонымен қатар, әсіресе, егер бір компания ғимараттың ішін және аймақтың сыртын қоса тазалаумен бірдей айналысса, баға жыл мезгіліне байланысты. Өкінішке орай, бағалар қызмет сапасына нақты әсер етпейді. Қасбеттерді жинауды біз жылына 2 рет жасаймыз, құны — бір шаршы метрге1500 теңгеден.  Клининговалық қызмет нарығы Қазақстанда бар, бірақ, мысалы,  Германиядағыдай дәрежесі сондай жоғары емес.

Егер біз өз жұмыс орнымызды екінші үйіміз ретінде қабылдасақ, мұндай жағдайда біз бәрін тәртіпке келтіреміз және оны таза ұстауға тырысамыз. Ұғынықсыз және санасы аз кәсіпкерлер үшін, біздің пікірімізше, әкімшілік шаралар қолданылады және қаламыздің сыртқы көрінісін бүлдірмеу мақсатында ғимараттың әйнектік жоғары жағын шаң мен тозаңнан тазартуды міндеттейді.

www.kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи