Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Жөндеу кезінде қалай ұтылмауға болады?

Жөндеудің өртпен теңдігі бекер айтылмаған. Қазақстанда бұл нарықтың қызмет жұмысы әлі ешқашан ретке келтірілмеген. Жауапсыз құрылысшылардың әрекетінен қиындыққа адам ұрынса, өзі мәселені кінәлілермен шешуге тура келеді.

Жөндеудің өртпен теңдігі бекер айтылмаған. Қазақстанда бұл нарықтың қызмет жұмысы әлі ешқашан ретке келтірілмеген. Жауапсыз құрылысшылардың әрекетінен қиындыққа адам ұрынса, өзі мәселені кінәлілермен шешуге тура келеді.

«Жөндеу» деген кезде төбелерді әктеу, тұсқағаздарды ауыстыру және едендерді әсем сырлау ұғымының мерзімі әлдеқашан өткен. Кеңес уақытында бөлменің ішіндегі заттарды өзгерту тым ерекшеленбеді, жанұя онымен өз бетінше шұғылданды. Қазіргі таңда материалдарды және  дизайн тәсілдерін таңдаудың орасан көптігінен тұрғын үй қожайыны кәсіби мамандарсыз ештеңе бітіре алмайды. 

Бүгінде тіпті қарапайым жөндеу жасау үшін нақты еп, дәл шеберлік керек. Мысалы, төбені қалай тегістеу қажеттігін білген абзал.  Мүмкіндіктері тым, орасан жоғары қожайын барлығын баяғы қалпында қалдырмайды. Жөндеудің қиындығының екі түрлі себебі бар: жұмысқа біркүндік-фирманы жалдауға тәуекел жасауы және иегердің бәрін шамадан тыс үнемдеуге тырысуы.   

«Біркүндіктерді» мамандар «амалдап тірлік етсек» деген принциппен жұмыс істейтін бригадалар деп атайды. Оларды атақ қызықтырмайды, кез келген шаруаны, істі қолға алады, оны сапалы атқармайтыны басынан-ақ тіпті түсінікті болады. Мысалы, егер жөндеу жұмысына ең азы екі ай керек болса, қожайын оны бір ай мерзімде бітіруді қолқалайды, талап етеді. Расында, бригада кеткеннен кейін тұсқағаз сыпырылып түсуі мүмкін, ал, қабырғада жарықшақ пайда болады.

Alian-Paint аймақтық сату компаниясының басшысы Виталий Цецориннің айтуына сенсек, бүгінгі таңда қазақстандық нарықта жылжымайтын мүлікті жөндеу бойынша адал да сенімді фирмалар қызыл кітапқа енген жануарлар секілді. Ар-намысқа бетке ұстап істейтіндер жалпы санның 20%-ын ғана құрайды.

— Кез келген құрылысшылар, жұмысшылар неден ақша табуды талмай, аянбай іздейді: мәселен, сол сырдан, материалдарды сатып алудан, — дейді ол. — Бұны бәрі осылай істейді, бізде бәрі осы қалыпта құрылған. Сондықтан тапсырыс беруші ақпаратқа ие болуы тиіс және әрдайым бәрін бақылау керек. Ол нені талап етуді білуі қажет. 

Түрлі мамандардың бағалауынша, жөндеу кезіндегі алдаудан үйдің иесі жанұя бюджетін 10-нан 40-ға пайызға дейін жоғалтады.

Құрылысшы Антон Бугров, керісінше, тым сапасыз жөндеуге көбінесе тапсырыс беруші кінәлі екендігіне сенімді:

— Адамдардың екі түрі болады: нағыз сараң, пәтерді ол «жеңілдікке», яғни, тек сатуға ғана істейді. Бізде құрылысшылар мұндай тапсырыстарды «жәй босқа» деп атайды: келдің, тез істедің, ақшаны алдың және кеттің. Мұндай жағдайда қожайындар өздерін өздері алдайды, өйткені, мөлшерді тіпті сақтамайды. Мәселен, грунтты алып келдің, бұның нұсқауы бар, енді қашан тегістеу жүргізу керек? Екінші қабат тегістеу жүргізу үшін белгілі уақыт өтуі тиіс. Сосын тұсқағазды қабырғаға жапсырмастан бұрын тағы да оны тегістеу қажет. Адамдар барлық кезеңде үнемдеуге әзір. Біз кінәлі емеспіз, жөндеу жасағандар себепші болып шығады. Клиентімнің есік мәселесін айтайын. Тәуір есікті ол сатып алады, оны орнатуға базардан біреуді шақырады. Олардың құрал-сайманы болмаған. Көктен түскендей топ ете қалған: пышақ, балға және балта. Ақырында есікті бүлдірген, қожайын жаңасын сатып алады. Бірақ, ол басында үнемдегісі келді, арзан біреуді жұмысқа жалдады.

ТӘУІР ЖӨНДЕУДІ ҚАЛАЙ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

Ол қолайлы құрылысшыларды тынбай іздеуден басталады. Бірнеше фирмаларға үздіксіз қатарынан телефон шалуға ақыл беріледі. Әңгіменің басында-ақ алғашқы әсер алынады.

— Ұсақ-түйек сұрақтар қойылуы тиіс: жөндеумен қашаннан бері шұғылданады, ол қандай тәртіппен жасалады? — деп кеңес береді құрылысшы Антон Бугров. — Егер адам өз ісін жетік білетін болса, жан-жақты, ұғынықты жауап қатады, бұл оның біліктілігін көрсетеді. Оның шеберлігін, ебін қалай аңғаруға болады? Интернеттен жөндеу тақырыбындағы бірнеше мақаланы қызыға оқу керек немесе «Жөндеу мектебі» атты бағдарламаны қарау қажет. Интернетке сұрақ тастауға болады: бұл жөндеуді кім жасады, ақыл қосыңыз. Қазір бұл өте қарапайым. Тағы бір маңыздысы, тапсырыс берушіде қажетті сома және тіпті аздап «артығымен» болуы тиіс.  Мысалы, 500 мың теңге, қосымша 200 мың теңге кедергі келтірмейді. Күтпеген шығын болуы мүмкін. 

— Кез келген нүктеден өте көп алдын ала ақпарат жинаған дұрыс: интернет, газет, көршілердің ұсыныстары. Қысқасы мол білу керек, — деп растайды аймақтық сату басшысы Виталий Цецорин. — Егер бір нәрсені ұқпай қалсаңыз, басынан оны зерделеуге тырысыңыз. Сосын таңдау жасап, шешім қабылдау қажет. 

Егер фирма тапсырысты бірден қабылдауға дайын болса, бұл да жақсы емес деп санайды Антон Бугров. Ол өзі, мысалы, әрқашан жөндеуден бос уақыт таба алмайды. Өйткені, бұл нарықта ол бірінші жыл емес, тәжірибелі, жақсы аты шыққан клиенттер Антонды қолдан-қолға түсірмейді. Сондықтан егер құрылысшының алғашында уақыты болмаса, ұсынысы төмен, сенімсіз адамды жалдағанша, дұрысы кезекке тұрған дұрыс. 

Сметаларды құру

Бұл міндетті шарт. Тіпті егер сіз атқарушымен келісімшартқа қол қоймасаңыз, алайда, жәй қарапайым онымен қағаз жүзінде есеп жүргізіңіз, ол сізде болуы тиіс. Мұндай жағдайда атқарушы өз сөздерінен тайып кетпейді. 

— Тәуір фирмалар әрдайым бәрін алдын ала сізге есептеуге келіседі, ешқашан шарт жасасудан қашпайды, яғни, өздеріне сенеді,  істеріне кепілдік береді, — дейді «Сенің үйің — сенің стилің» компаниясының басшысы Павел Калмыков. — Маған, фирма басшысы ретінде келісімшарт кепілдікке тұрады, клиенттің қабылдау-беру актісінен кейін ақша төлейтініне сенімді боламын. Кейбір шартта жөндеуге кепілдік 2 жылға, шамамен бір жылға беріледі. 

Сондықтан тапсырыс берушіге ЖШС-пен немесе ЖК-мен келісімшарт жасасақан қолайлы, бірақ, жеке тұлғалардың қызметтеріне қарағанда мұндай фирмалардың қызметтері қымбатырақ тұрады. Қысқасы, сметаны құруды бірінші кезеңмен біріктіру қажет (ыңғайлы атқарушыны іздеумен). Сіз жұмыс көлемін бағдарлау үшін пәтеріңізге бірнеше фирманы шақырасыз, олардың қызмет құнын және жөндеуді қай уақытта бітіретін мерзімін білесіз. Сметаны құру тегін болады. 

Сауатты атқарушы әрқашан, әркез тапсырыс берушіні қымбат материал алуға үгіттейді, оны көндіреді, керек болса, барлық қажетті  технологияны сақтауды үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, оны ешқашан сараңдық танытпауға итермелейді. Кәсіби құрылысшының кейін істегендері «шашылып», абыройсыздыққа қалмауы үшін жұмыстан бас тартқаны дұрыс. 

Әрқилы жұмыстардың түрінің құнын (сылау, сырлау, есіктерді орнату, едендерді төсеу және тағы басқалар) сметаны құрған кезде біле аласыз. Содан кейін бірнеше фирмалар өздері келеді, сіз бағаларды жан-жақты бағдарлай бастайсыз. Толыққанды көптеген ақпараттарды интернеттен табуға болады.

Сонымен қатар құрылыс материалдарының санын есептеу де маңызды шаруа. Дүкендерден барлық қажетті заттарды сатып аларда асықпай салыстырған дұрыс. 

— Егер адам аздап миын қозғап, терең ойланып толғанса, ақылға салса, шығынды өз бетінше шамалай алады, — деп түсінік береді Павел Калмыков. — Қараңыз, сыр банкісінде оның қанша «шаршыға» жететіні анық жазылған.

— Кафелді айтайық, — деп жалғастырады құрылысшы Антон Бугров, — мамандандырылған дүкендерден сатып аларда оны санаудың тіпті қажеті жоқ. Менеджерлер қаланың түрлі аудандарында пәтерлердің көлемін шамамен біледі. Мен әркезде ғимарат жоспарының көшірмесін тапсырыс берушіден аламын. Жарты шаршыға немесе бір шаршыға зат артық сатып алынса, шығын көп шықпайды. Қабырғамен де осылай. Тіпті егер бұл стандартсыз үй болса да, техпаспорт көшірмесін дүкенге алып келесіз. Немесе ұзындықты өлшеушімен өлшейсіз. 

Жөндеуден хабары барлар материал шығындарын жұмыс орындалғаннан кейін де нақты тексеруге болатынына ақыл-кеңес береді.

Расында, кейбір заттарды есептеу күрделі болады. Мысалы, грунт жабуды: түрлі қабырғалар түрліше сіңіреді. Кей жерлерде үлкен көлем керек етіледі. Мұндай күтілмеген ауырлау жағдайларда қосымша шығын қарастырылады (шамамен, материалдарға жұмсалған соманың 10 пайызы).  Бұған тапсырыс берушінің кемшілігінен, кінәсінен пәтердегі қайта істеу әрекеті кірмейді: мәселен, розетканы бірінші бір жерге, сосын оны екінші жерге ауыстыру.

Жұмыс мерзімі

Олар да алдын ала басынан келісіледі. Жұмысшылар тобының ішімдікке жақындығынан, келісімге көлеңке түсіруін болжау мүмкін емес. Міндеттемелерді уақытында орындауға тек келісті фирмалар ғана кепілдік бере алады. Жөндеу басталғасын бір аптадан соң, жұмысшылардың қаншалықты іске жауаптылығы мен атқарушылығын аңғаруға болады. 

Алдын ала төлем

Оны міндетті тәртіппен жеке құрылысшылар және фирма өкілдері «30-дан 50 пайызға дейін бірден алуға құқылы. Жұмысшыларға жалақы, айлық уақытысында төленеді, қауіпсіздік, сенімсіздік болмайды», — дейді «Сенің үйің — сенің стилің»  компаниясының директоры. Құрылысшы нақты соманы атайды — азы 10 мың теңге.

Фирманың қол қоюымен және басылған мөрімен сізде келісімшарт болса нұр үстіне нұр болады. Құжатта барлық жұмыстың сапалы біткені туралы көрсетілуі тиіс. Мұнда алдын ала төлемнің көлемі және оның шарттары келісіледі.  

Жөндеу сапасы

Оны болжау өте күрделі, тым қиын. — Барлық кемшіліктер, қателіктер кейін анықталуы мүмкін, қосылыс, грунтсыз сырлау, мұның бәрі уақыт өте «бетіне шығады». Егер арзан колоранттар пайдаланылса, жарықшақтар пайда болады, сыр сыпырылып түседі, — деп бөліп-бөліп ұғындырады Павел Калмыков.

Арнайы келісімшарт бар барлық деректемелері көрсетілген фирманы тауып және одан жіберген кемшіліктерін орнына келтіруді талап етуге болады. Салиқалы компаниялар өз жұмыстарына бір жылға және одан көп уақытқа кепілдік береді. Маман жаңа құрылыста, егер тек косметикалық болмаса, бірден басқа жөндеу жасамауға кеңес айтады. Жаңа үй төмен түсуі мүмкін, сондықтан бөлменің ішкі көрінісінің өзгерісі босқа кетеді. Құрылысшы кінәлі болса да, үйдің төмен түсуінен жауапкершілік одан алынады.

— Жөндеу кезіндегі тапсырыс берушіге ақыл-кеңес: талапшыл болыңыз және істі бақылаңыз, — дейді Павел Калмыков. — Және тапсырмаларды бірден белгілеңіз: «Мына жерде қуыс болмағанын қалаймын. Бәрін жасағасын ақы төленеді». 

Жұмыстың әрқилылығына байланысты түрлі хас мамандарды жалдағанның дұрыстығы туралы пәрменді пікір бар: біреуін есікті орнату үшін, басқасын — линолеум төсеу үшін.

— Бұл үлкен кемшілік, — дейді Alian-Paint компаниясының өкілі Виталий Цецорин. — Құрылысшылар бір-бірін сөзбен қажай бастайды: «Олар есік қойып жатып, маған кедергі келтіреді, тұсқағаз жапсырдым, олар оны жыртып кетеді». Немесе ол сылайды, мен сырлап жатырмын, айтамын: «Ол тегістеуді бітеуді нашар жасады, қазір жарықшақ пайда болады». Олар бір-біріне күн көрсетпейді, сеніңіз, менде тәжірибе жеткілікті.  

— Егер атқарушы жұмысқа жауапкершілігі мол болса, ол бәрін ұқыпты жасайды, — деп қосымшалайды Павел Калмыков. — Сізде тұсқағаз жапсырылған, жұмысшы сантехникамен айналысады, кір қолымен қабырғаны бүлдіреді. Ол біреудің еңбегін бағаламайды. 

Тағы бір маңызды сәт: құрылысшылар басқаның жұмысын жасағанды қаламайды. Мысалы, бір бригада келіп, сіздегі жөндеудің көп бөлігін істейді, алайда, сосын белгілі бір себептермен сіз олармен қош айтыстыңыз, жаңадан құрылысшылар табу қиын болады. Біреулердің бітірмеген жұмыс көлемі аз, кішкене болуы мүмкін, уақыт жұмсағанмен, оған бәрібір көп ақы төленбейді. Қысқасы, қыруар күшпен келетін шамалы ақша ешкімді өзіне тарта алмайды.   

ТЫМ ӘДЕТТЕГІДЕЙ ТАРИХ

Жоғарыда айтылған салауатты, сауатты ақылдар, мүмкін, кейде елеусіз, қарабайыр көрінеді. Онда біз неге кері қарай жасаймыз? Мысалы, қалыпты жанұяларда әлі жөндеу жалғасуда ғой.

Ескі үйін жаңартып, жақсарту үшін Мария Тарасенконың жанұясы несие алады. Құрылысшыларды жеке хабарландыру бойынша табады. Алдын ала талқылаудан кейін, ақырында жөндеу құны 10 мың долларды құрайтыны анықталды (бригадир осылай сендірді). Нәтижесінде тұрғын үйді жақсарту жас отбасына 12 мың теңгеге «салмақ салды», оның үстіне бір бөлме жөнделмеді (қазір онда қойма), ал, үйдің басқа бөлмелеріндегі бітпеген істер көптеп, молдап саналды. Сонымен, жөндеу барысындағы құрылыс жұмысының құны аспандап кетті, бұл қожайын үшін күтпеген жағдай болды.

— Бригадир бөлменің біріндегі терезені қайта істеуді ұсынды, ол «тиын» тұратынын, 5 мың теңге екенін айтты, — деп мысал келтіреді Мария Тарасенко. — Бәрі біткеннен соң, жұмыс сомасы 15 мың теңге деп қарап тұр ол. Қабырғаның күрделілігін, және тағы-тағыларды айта бастады. Асханадағы ошақты өзіміз бұзып, жаңартқымыз келген. Бірақ, құрылысшылар кірпіштен емес, металдан болғандықтан, оны алып тастауға — кептіргіш зат арзан тұратынын айтып бізді сендірді. Ақырында осы жұмыс үшін бізден 23 мың теңге алды. Қарапайым ошақты ауыстыруға мұндай көп ақшаны алуды олар түтін жүретін жолды бұзудың қиындығымен түсіндірді.

Жөндеу ретінде қожайын тегін түседі деп ойлаған ұсақ-түйектің бәрі олай болмады. Мысалы, қабырғадан титанды түсіру. Қорытындысында мұндай майда-шүйде жұмыстар 1000-1500 теңгені құрады.

Марияның қатесі барлығын басында шешіп алмағандығы. Жөндеу барысында құрылысшылардың құрық бойламайтын қулықтарын үйрене бастады және сосын жұмыстың әрбір түрінің құнын бірден келісе бастады. Содан кейін «айналдыру» жоғалды. 

Бірнеше рет Мария Тарасенко төлем бойынша қармаққа «түсіп қалды». Бригада алдын ала төлемақыны алғаннан кейін бірталай уақытқа жоғалып кетті (ақыны атап өту үшін). Осыдан соң, қожайын қаталырақ болды, тек жасалған жұмысқа ғана ақша төледі.  Құрылысшылар негізгі аумақты бітіріп, бірақ, барлық жұмыстың құнын сұрады. Ұсақ-түйектерді тілге тиек ететінді шығарды, мысалы, желдеткішті көшеге шығаруға уәде берді. Бірақ, ол екі айлап тұратын болды. 

— Олар тек «қымбат» жұмыстарды қолға алды, — деп әңгімелейді Мария. — Мысалы, қабырғаны гипсокартонмен қаптау, ал, лампышаларды салу, сырлау — бұл ұзаққа қалады, ол арзан тұрады. Олар бұл жұмысты тастайды да, басқа бөлмеге кірісіп кетеді. Мен құрылысшылардан бас тартпадым, өйткені, олар жөндеу жасап кеткен пәтер қожайындарына телефон шалғанмын. Пікірлер өте тәуір болды. Тек мерзімге байланысты проблема болатынын, оларға әрдайым тыныштық бермеу керектігін маған қатаң ескертті. Алайда, олар барлығын ұқыпты жасайды, істің сапалылығы үшін жауапсыздыққа көнуіме тура келді.

«Қолайлысын табу үшін қанша фирмаға телефон шалып хабарластыңыз?» — деген сұрағымызға Мария тыраштанып, тырысып, ешкімнің соңына түсіп іздемегендігін айтты. Тек ұсыныстарын естігендеріммен бірінші жұмысты бастадым.

Жылжымайтын мүліктің көптеген қожайындары сауатты, жауапты құрылыс ұйымын табу, қиын екендігіне сенімді. Бірақ, уақытыңызды, бөлсеңіз, іскер, майталман мамандарды табуға болады.

АЛДАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ

Егер жұмыс барысын қатаң бақылауда ұстамаса, ұсағы және ірісі, олар үйдің немесе пәтердің қожайындарының басқан қадамында кездеседі.

  1. Барлығы әуелден сметаны көтеруден басталады. Оған жөндеу үшін қажет материалдардың санын есептеу, жұмыс көлемі және осы жұмыстардың құны кіреді (мысалы, гипсокартонмен өңдеу қабырғаларды сырлаудан көп қымбат тұрады). Төлемді алдын ала есептеп «сыпырып» алады, болмаса, жөндеу барысы кезінде қыршиды. «Алғашқыдағыдан гөрі күтпеген жерден жұмыс күрделеніп, қиындап кетті және құрылысшының екі есе тер төгіп, еңбектенуіне тура келді», — деп айта бастауы мүмкін.  Антон Бугров зейнеткердің басынан өткен оқиғаны айтты. Әжей ванна мен әжетхананы әрлеу үшін сырлы кірпіш жапсырушыны жалдапты, ол оған 40 шаршы плитканы сатып алуға кеңес берген.— 17-18 шаршылық стандартты ванна, қосу әжетхана 10 шаршы шамасында. Ол әжені нақты екі есеге отырғызған. Кафелщик төлемақыны 40 шаршы метрге лайықтап сыдырған. Яғни, дәлме-дәл еңбекке емес, дүкеннен әкелінген жәшікке сай алдын ала есептеген. Егер, шынымды айтсам, мұндаймен бірінші рет кездестім. Тіпті бұлай болатынын білмеппін! — деп ашуланды Антон Бугров.Қысқасы, зейнеткер сатып алған артық сырлы кірпішті құрылысшы кейін пайдасына жаратады. Мәселен, оны сатып алған дүкеніне қайта өткізуге болады. Осындай тірлік басқа құрылыс материалдарымен жасалуы мүмкін. Яғни, тапсырыс беруші жөндеу кезінде пәтерінде қадалып отырмайды ғой, материалды алып кетеді, сосын айтады: «Бәрін жараттық!» — деп. 
  2. Адал тапсырыс беруші егер материалдарды сатып алуға өз бетінше немесе құрылысшылармен бармаса, ол құрылыс дүкендері өткізетін акциялар мен жеңілдіктерден бригаданың пайда табатынын білмеуі ықтимал.  
  3. Бригаданың алдын ала төлемақыны алғаннан соң, келесі күні зым-зия жұмысқа келмейтініне қожайындар көптеп шағымданады. Жұмысшылардың ұялы телефондарына тыраштанып қоңырау шалу ешқандай нәтиже бермейді.
  4. Жөндеу мерзімін сақтамау. Алдын ала келісімдерде жұмыстың бір ұзақтылық уақыты орнатылады да, әрі қарай жөндеудің біту кезеңі әрдайым сағызша созыла береді. Оның себептері әркезде әртүрлі болады, ең бастысы – құрылысшылардың ішімдікке салынуы. Жұмыстың жартысына төленген ақыдан соң, олар жаппай қыдыруға кетеді. 

Фото: stroikairemont.com, investrussia-2012.com, novy-potolok.ru, sv-remont58.ru

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи