Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Ажырасу кезінді пәтерді қалай бөлуге болады

Қазақстанда, өкінішке орай, әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады — статистика бойынша Агенттіктің көңілге қонымсыз, жағымсыз зерттеулері осыны айқын көрсетеді. Осы мәліметтерге сүйеніп, адамдардың жиі қандай масштабта мүлікті бөлетінін білуге болады.  Көбіне пәтерлерді бөлуді, әрине, ол бұрынғы жұбайларда болса.

Интернетте тіпті неке бұзылу процесіне арналған бөлек жоба бар. Сайт brakorazvod.kz деп аталады. Мұнда мәнді тақырыптық мақалалар мен қазақстандықтардың сұрақтарына сауатты жауаптарды орналастырумен  «ALPHALegal» алматылық заң бюросының мамандары шұғылданады. Бюроның юрисі Роман Серенконың айтуынша, мүліктерді (үйлер, пәтерлер, саяжайлар) үлгі бойынша бөлумен қатар адамдар бүгінде соттарда жарғылық капиталға заңды тұлғаның қатысуымен акцияны, пайды, үлесті жиі бөліседі. 

— Кейбіреулер үйдегі түкке тұрғысыз нәрселерді, тіпті түймені, инені, түпкілікті бөлгенді қалайды, — дейді юрист. — Бұл жерде алып бара жатқан сараңдық жоқ, бар мәселе бұрынғы жұбайды жек көру және осымен ренішін, өкпесін, назын  басу бар сияқты. Мұндай жағдайда біз керек емес лапылдаған сезімді тастауға және күш-қуатты, жігерді келешек өмірді жақсарту үшін жұмсауға, өткеннен кек алмауға пайдалы әрі тегін кеңес береміз.

Неке кезіндегі және ажырасу кезіндегі жылжымайтын мүлікті сол қалпында бөлу ерікті түрде болуы мүмкін. Қандайда бір келісім болса да, жұбайлар үлес салмағына байланысты пәтерді немесе үйді тең дәрежеде көңілдегідей бөле алмаулары әбден ықтимал. Мысалы, біреуіне бүтін пәтер болмаса оның көп бөлігі тиесілі болуы да мүмкін. Егер бұрынғы жұбайлар жөнді, оңды келісімге келе алмаса, солардың бірі немесе екеуі де бір уақытта сотқа жүгінеді.  «Бәрі адамдардың өздеріне байланысты, — дейді тәжірибелі қарағандылық юрист Алмагүл Омарова. — Мүлікті бөлу тұсындағы айқай-жанжалдан қашып құтыла алмайсыз. Сот дауларының болмауына тіпті неке шартының да кедергі жасауына айтарлықтай қауқары жоқ. 

Екеуге бөлінбейтін нәрселер

«Неке және жанұя туралы» (7 тарау, 35 бап) Қазақстан Республикасының заңында некеге дейінгі жұбайлардың біріне қарасты жылжымайтын мүлік соның меншігі болып табылатыны айтылады. Қысқасы, мүлікті кім алса сонікі. Басқаша айтқанда, үйленгенше немесе тұрмысқа шыққанша сіз не иеленсеңіз де, тіпті пәтерде басқа жанұя мүшелері тіркелсе де, бәрі-бәрі сіздің меншігіңіз болып табылады. 

Егер пәтер неке кезінде жұбайлардың біріне сыйланса немесе оған мұрагерлік бойынша өтсе, ол мұндай жағдайда ешқашан бөлінбейді. Егер неке шартында басқалай мәселелер айтылмаса, мәселенки, мұрагерлікке алынған мүлік екеуіне бірдей тиісті ортақ саналса.  

Некеге дейінгі тұрғын үйді сыйлау немесе сатып алу ерекшеліктері туралы жастардың ата-аналары жан-жақты білулері керек. Мысалға, егер пәтерді той сыйлығы ретінде беру ұйғарылса. Егер неке тіркелімі, айталық, 15-і күнге белгіленсе, ал, шаршы метрлер бес күн бұрын алынса, онда пәтер бірлескен болып есептелмейді. Ажырасу болған жағдайда мұндай пәтер егер жалпы ортақ ақшаға сатып алынса да, бөлініске жатпайды, оның қожайыны сатып алу-сату келісімшартына аты-жөні рәсімделген жұбай болады.  

Жеке жалғыз иеленуді қарастыратын ереженің өзіндік өзгеше ерекшеліктері бар:

— «Неке және жанұя туралы» Заңының 36 бабына сәйкес, — деп әрі қарай жан-жақты түсінік береді Алмагүл Мусина, — кей кезде жұбайлардың бірінің мүлкі жалпы меншік болып танылуы мүмкін, егер бірге тұрып жатқан уақытта осы мүлікті керемет жақсартуға қол жеткізілсе, оның бағасы, бастапқы құны көкке көтерілді делік. Мұндай жақсартуларға қайта жобалау,  қайта құру, қайта жабдықтау, капиталды жөндеулер жатады. Мысалы, үйге (ИЖС) бір қабат қосылады, гараж салынады және тағы басқалар. Ағымдағы жөндеу аталған баптың шартына келе бермейді.  Пластикалық терезелерді ауыстырудың өзі пәтерді бірлескен меншік ретінде тану үшін нақты, айқын негіз бола алмайды. Сотта мүліктің жалпы бағасының тым аспанға көтерілгенін, бірлескен жанұялық бюджеттен даулы, шулы пәтерге қыруар, орасан мол қаржы құйылғанын сенімді дәлелдеу керек болады. 

Осыған қарамастан некеге дейін алынған жылжымайтын мүлік бірлескен мүлік болып есептелмейді, заңнама бірінші кезекте балалардың мүддесін қорғайды. Мысалы, қарағандылық аудандық сотта бір ерекшелеу іс қаралды. Неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбай экс-әйелін өз үйінен шығаруға ұйғарды (пәтерді ол некеге дейін сатып алған). Сот арқылы әйел бұрынғы күйеуі оны екі баласымен көшеде қалдырғысы келетінін дәлелдеуге қол жеткізді. Басқа жылжымайтын мүлік онда жоқ, ал, заң ата-аналарды өздерінің балаларына тең дәрежеде қамқорлық жасауға, қорғауға және тәрбиелеуге міндеттейді. Сот ананың уәжін дұрыс деп таныды.  

Еркек шешті: әке ретінде ол ешкімді үйден шығара алмайтын болса, онда оны басқа біреу жасайды. Өз пәтерін жұмыстас әріптесіне сатты. Жаңа қожайын сатып алынған үйде кәмелетке толмаған балалар анасымен тұратынын білді. Бірақ, жылжымайтын мүлікті қалай болса да ол иеленді және барлық жанұяны үйден шығару хақында кезекті талап арыз жазды. Бұрынғы жұбайға шаршы метрлер тиесілі болып қалды. Мәміленің  ата-аналық міндеттемеден жалтару мақсатында жасалғандығы дәлелденгендіктен сот сатып алу-сату келісімшартын шартын жарамсыз деп таныды. Жалпы, жанұя далада қалмады, баспанадан қуылмады, алайда, әйел пәтерді ортақ мүлік ретінде тануға қол жеткізе алмады. Жылжымайтын мүліктің қожайыны бұрынғы күйеуі болып қала берді.

Елу де елу

Неке кезіндегі алынған жылжымайтын мүлік ажырасқан уақытта тең бөлінеді («Неке (жұбайлық) және жанұя туралы» Заңның 7 тарауы, 1 бөлігі).

Жылжымайтын мүліктің көп бөлігі балалармен бірге тұрып қалатын жұбайға тиесілі болатын жағдайға нақты түсінік береді юристер.

Қарағанды №2 аудандық сотының төрешісі Ақмарал Дәненова азаматтық-құқықтық мәміленің мұндай түрін (тұрғын үйді бірлесе иелену) қарастырған кезде балалардың мүдделері ойға алына бермейтінін айтады. 

— Жоғарғы Соттың нормативті қаулысы, «Неке (жұбайлық) және жанұя туралы» Заң, Азаматтық Заңдар жинағы жұбайлар арасындағы үлестердің теңдігін нақты анықтайды. Сонымен қатар еркегі «ішті және қыдырды», —  дегендей күйге түссе де, бұл жылжымайтын мүлікті бөлуге әсер етпейді. Сот адамның жаман немесе жақсы екеніне, біткен араққор, наркоман екеніне қарамайды. Заң алдында бәрі бірдей, барлығында бірдей құқық пен міндеттеме бар. Сондықтан бөлуге бұл мәселелердің қатысы жоқ.

Бірақ, майталман Ақмарал Дәненова көбінде жағдай мен дәлелге, дәйек пен айғаққа байланысты әрбір тарап ұсынатын әрбір азаматтық істің дербес екенін қадап тілге иек етеді.

Мүлікті заңды бөлу туралы сот актісі құқық белгілейтін құжат болып табылады.  Онымен  бұрынғы жұбайлар ТҚО-на еркін бара алады және онда өздерінің меншік құқықтарын тіркейді. Төреші бұны шешім шыққаннан кейін бірден жасауға ақыл береді. Өйткені, бұлай жасалмаса, пәтердің бұрынғы қожайыны болған жұбай жылжымайтын мүлікті бөлу туралы сот шешімін айналып, оны сатуы әбден мүмкін.

Егер пәтер кепілде (ипотека) болса, ал, жұбайлар некені бұзу туралы шешімді, шынында, қабылдаса, банктік заем мүлікті бөлуге еш кедергі болмайды.  Бірақ, бұған сай бөлуге ипотекалық келісімшарт бойынша жалпы міндеттемелер жатады.

Балалар үлесі

Кәмелетке толған бала некеге тұрғанда алынған пәтерді ата-аналар арасында бөлу кезінде егер сатып алу-сату келісімшартына енгізілсе, оның үлес алуға құқығы бар.

Сонымен қатар заңда қарастырылған бір жағдай, егер бала жылжымайтын мүлік бөлігінің қожайыны болып табылса, онда ол кәмелетке толмағандарға қатысты болады. «Егер жекешелендірілген пәтер келісімшарты бар болса, — дейді төреші Ақмарал Дәненова. – Некеге тұратын  жұбайлар тұрғын үй алаңын жекешелендіретін оқиға болады. Ажырасу кезінде тиісті ұйымдарға және ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың меншік құқын (үлесін) тіркеуді біз міндеттейміз. Егер, әрине, жекешелендіру уақытында балалар жанұяда болса».     

Неке кезінде де, сонымен қатар оның бұзылу кезінде де жылжымайтын мүлік балаларға рәсімделеді.

— Ата-ананың екеуінің келісімімен пәтер кәмелетке толмағандарға рәсімделеді, — деп түсіндіреді юрист Алмагүл Омарова. — Ажырасу уақытында бұл мүлік бөлініске жатпайды және ол балада қалады. Жұбайлардың бірі, мысалы, анасының бұл пәтерде кәмелетке толмағандармен бірге тұруға құқы бар. Бірақ, ол екінші жұбайдың, болмаса, басқа жағдайда — бала мүддесін қорғаушы болып танылған қорғаншы және қамқоршы ұйымның келісімінсіз мүлікке билік жасай алмайды.

Неке шарты

Бұл бізге жаңалық емес, бірақ, өмірімізге тереңдеп кірмей жатыр. 1998 жылғы 17 желтоқсанда ол «Неке және жанұя туралы» Заңмен күшіне енді. Некеге тұрған тұлғалардың, немесе некедегі болмаса ажырасқан кездегі жұбайлардың мүліктік құқығы мен міндеттемелерін анықтайтын олардың келісімдері неке шарты болып танылады.   

«ALPHALegal» алматылық заң бюросының қызметкерлері мұндай шарттардың төңіректе орасан тарағандығын растайды. Оны жасасуға адамдар, әсіресе, некеге қайталап тұратын азаматтар көбіне жеткілікті биік дәрежемен жүгіріп келеді. Роман Серенко неке шартының ажырасудың орын алуына емес, керісінше, оны болдырмауға септігін тигізетініне сенімді. 

— Қазақстанда неке шарты шетелдегідей кеңнен қолданылмайды, – деп санайды «Заң одағының» директоры Сәуле Беркамалова.

— Бұның көп себептері, көп салдарлары бар, бірақ, аталатын ең бастысы екеу. Біріншіден, «Неке (жұбайлық) және жанұя туралы» біздің заңдар жинағында некедегі жұбайлардың арақатынастары жөнінде толыққанды тәптіштеп, жан-жақты әрі түсінікті жазылған. Екіншіден, біздің еліміздің салт-дәстүрі ескеріліп, неке шартын құрастыру тәжірибеде жиі қолданылмаған. Бұған қарамастан, шарттар шарықтап тарап, өсіп жатыр. Егер құжат осындай үлгімен жасалынса, тараптың ешқайсысы ажырасуға апаратын жағдайға бармайды, оған аса, тым қызықпайды. Жұбайлар жанұяны сақтауға және ауызбіршілікке не себеп, не керек екенін терең ойланады. Егер іс насырға шауып, неке бұзылатын болса, ол сабырлы күйде өтеді.

Қарағандылық юрист Алмагүл Омарова сонымен қатар неке шартын жасау үшін қос ғашыққа ақыл береді. Онда келешекте алынатын әзірге жоқ жылжымайтын мүлікке құқықты қарастырады. Заңның 41 бабында бүгінде бар, сонымен қатар болашақта болатын жұбайлардың мүліктеріне қатысты  неке шарты жасалатынын, құрылатынын нақты көрсетеді. Мысалы, егер пәтер сыйлыққа немесе мұрагерлікпен алынса. 

— Шахтерлік астанада, —  дейді Алмагүл Омарова, —  неке шарттары сирек жасалады. Көпшілікті мәселенің адамгершілік жағы толғандырады:  тіркелім алдында әңгіме махаббат туралы өрбиді ғой, мүлікті бөлісуді ойлауға бола ма бұл кезде?

Неке шарты жасалынғаннан кейін ол әділет ұйымдарында міндетті түрде тіркелуі тиіс. Егер оған өзгерістер енгізілсе — олар да тіркелімге жатады. Шартта көптеген мәселелерді ретке, жөнге келтіруге болады: өзара түсіністік жағдайында жұбайлардың өз құқы мен міндеттемелерін, бір-бірінің табысына қатысу тәсілдерін анықтау, неке бұзылған жағдайда әрбір жұбайға тиісті өтетін мүлікті зерделеу, сонымен қатар неке шартына балалардың мүліктік жағдайларына қатысты басқа да бөлімдерді кіргізу, қосу мүмкіндігі бар. Бірақ, бұл құжатты сотта даулауға болады.   

Ажырасқан кездегі ақылдар

Қазірде қызық уақыт болып тұр: адамдарға қалай ажырасу туралы ақыл беріледі.

Бірақ, жылжымайтын мүлікке бағаның, құнның өсуі, оны иеленудегі материалдық қиындық өз дегенін істеп жатыр. Бұл тенденцияны алматылық юрист те растайды. Роман Серенко меркантилді мүдделер бүгінде көбейе түсуде екенін, олар дәстүрлі жанұялық ерек артықшылықты екінші кезекке ысырып жатқанын айтады. Азаматтар арасында құқықтық сауаттылық дәрежесі кәдімгідей өсті: шешімді өз пайдасына икемдеу үшін әрбір адам сот дауларында сәл мүмкіндікті пайдаланады.

Роман Серенко заңды некеде тұрғандарға немесе оған тұруға талап қылатындарға ажырасу мүмкіндіктері туралы ертерек ойлану үшін ақыл-кеңес береді. Дегенменен, алматылық маман тәжірибеде бұлай істің алдын алу тіршілікте сирек кездесетінін, тіпті, болмайтынын айтады. Сонда да кейбір өткір мәселелерге ол көңіл аударуды ұсынады.

  1. Некеде тұрған кезде ешқашан жұбайдың туысқандарына бірлесе алынған мүлікті рәсімдемеу керек. Егер де белгілі себептермен екінші жартыңызбен сіздің қатынасыңыз дұрыс болмаса, ата-аналар әрқашан өз балаларының жағына шығып, соның сөзін сөйлейді. Мұндай жағдайда сіздердің күштеріңізбен және жанұяларыңыздың керегі үшін алынған мүлікті дәлелдеу, көз жеткізу өте қиын болады. Ерлі-зайыптылардың біріне ұсынылған сыйлық мәмілесінен іргені барынша аулақ салу керек, өйткені, мұндай кезде мүлік міндетті түрде рәсімделген тұлғаның жеке меншігі болып табылады.
  2. Несиені рәсімдеген уақытта оны алу үшін міндетті түрде екінші жұбайдың келісімі керек, болмаса, сотта несие жаұяның қажетіне жаратылмағаны дәлелденсе, ол несие атына жазылған жұбайдың жеке қарызы болып танылу мүмкін. 
  3. Егер қалайда іс сот тәртібімен мүлік бөлісуге дейін барса, дұрысы сараңданбай, қысылмай, жанұялық құқық саласындағы маманның қызметін керегінше пайдалану керек, өйткені, сотта істі қараған кезде күтпеген тосын шытырман оқиғалар кезігуі ықтимал, егер екінші тарап заң жағынан күшті, мықты қолдауға ие болса, сізге білікті, білімді заң маманының жәрдемі, көмегі нақты қажет.
  4. Мүлікті бөлу туралы дау-дамайларда екінші тарап сауаттылықпен төмендегі амал-айлаларды жіті пайдалануы мүмкін:  жалпы мүліктің, расында, болуы туралы екінші жұбайда дәлелдеме, айғақтама болмағандықтан, оны теріске шығару. Мүліктің бағасын барынша төмендету, керісінше, оны аспандата көтеру.  
  5. Жұбайлардың бірі «тесік табақта», —  деп екіншісіне сес, қоқ көрсетіп, психологиялық қысым жасауы, үркітуі мүмкін. Мұндай қорқытудан іркіліп, тоқтап қалудың қажеті жоқ, адам өз құқықтарын нақты, дәл білгені абзал. Мықты сабырлылық керек, өйткені, мүлік бөлінісіне сай сот ісінің жүргізілу тәртібі, негізі, ұзақ болады, тіпті, бірнеше айларға созылады. Бұл дегеніңіз бұлтартпас дәлелдемелерді, айғақтарды жинауға, сот сараптамасын өткізуге және сот шешіміне шағымдануға тікелей байланысты.

Даулы сәттер

Жылжымайтын мүлікті бөлу кезінде туындайтын барлық жағдайлар, бір қарағанда, заңда түсінікті жазылғандай. Бірақ... Юристің санына қарай  сонша пікір. Көбінесе заңдар жинағының интерпретациясында мәселелер мол болады.

— Проблема заңнамадағы жетіспеушілікте ғана емес, оны төрешілердің тәжірибеде қалай қолдануында жатыр, — деп түсіндіреді Роман Серенко. — Мысалы, бірде жұбайлар арасындағы неке шартының барын төреші елемеген оқиға да орын алды. Осы кезде пәтерді бөлуде ешқандай тарап бір-біріне өтем, төлеп төлей алмады, төреші амалсыздықтан оларды ортақ, бірлесе пайдалану тәртібін анықтауға, зерделеуге ғана арқа сүйеді.

Роман айтады: пәтерді бөлу туралы заңды сот шешімі шыққаннан кейін де жұбайлар бір-бірінен бірден зым-зия кете алмайды. Өйткені, тұрғын үйді екі жаққа көңілдегідей қылдай етіп «аралау» тіпті мүмкін емес ғой. Демек, тараптың бірі екінші тарапқа оның үлесінің құнын төлеген соң, пәтердің меншік иесі атанады. Егер ақша табылмаса, сот пәтерді бұқаралық саудаға қоюға шешім шығарып, түскен қаржы бұрынғы жұбайларға тең бөлінеді. Бірақ, тәжірибеде көбінесе төреші әрқайсысының тұруына қарай олардың өз бөлмелерін анықтайды.

— Бөлуді бұқаралық саудада қою арқылы жүзеге асыруға олардың онша құлқы болмайды. Бірақ, мұндай жағдайда бұл нағыз қолайлы вариант. Себеп, жұбайлардың мақсаты — бөлек тұру ғой.

ОЙ-ПІКІР

Елена Малыгина, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаушы халықаралық Қорының вице-президенті:

Қазіргі заманда некелік шарт жасасу — бұл саналы ұсыным. Мен тұрмысқа шыққан кезімде әдепсіздік, сыйламаушылық, арамдық болды. Ол уақытта бәрі басқаша еді, адамдар махаббатпен де үйленді, есеп бойынша да үйленді, бірақ, бұлар жан-жақты талқыланып жатты. Қазір көптеген шаңырақ құлап жатқанда, неке шарты, мүмкіндігінше, оларды қорғауға ұмтылады. Мәселен, жұбайлардың бірі басында бай болады, керісінше, екіншісі жарымайды. Бірақ, бұл жағдайды алдын ала пішіп, келісіп алу керек. Кейін, болар іс болғаннан соң, бояуы сіңгеннен соң, ол туралы әңгіме қозғап, дау туғызудың қажеті шамалы. Бүгінде мүліктен айырылу молайып, көбейіп кетті. Егер бұрын адам пәтер алатын болса немесе ажырасқаннан кейін ата-аналарына оралатын болса, қазірде жағдай тіптен өзгеше, басқаша. Неке шарты — бұл төмендету емес, жауапкершілікті ұлғайту болып табылады. Бұл дегеніңіз қалыпты іс, керемет, тамаша. Өмірде қол жеткізген табыстары қомақты, зауыттары, пароходтары бар адамдар ойланулары қажет. Уақыт тоқтамайды — дәстүрлер де өзгереді».

Вячеслав Абрамов, «Власть» интернет-журналының негізін салушы:

Некелік шарттың жасалуы ешкім қаламайтын пайдасыз, мағынасыз ажырасу болмақ түгілі болашақ, келешек жұбайлардың арасындағы қатынастарды жақсартудың, көркейтудің өркениетті, түрі болып табылады деп топшылаймын, ойлаймын. Некелік шартқа қатысты салғырттық нәрселер біздің елде ғана емес, біз әлі бағындырмаған биіктер баршылық. Мысалы, осындай шарт — бұл кісінің бір-біріне сенімсіздігі. Мұндай салғырттықтардан құтылуға біздер үшін бір қауым уақыт керек. Некелік шарттың жасалуы некеге ересек адамдар тұратынын көрсетеді, олар алдын ала келіседі, шарт егер кенеттен түрлі себептерге байланысты неке бұзылса, олар бір-біріне жанашырлықпен, сыйластықпен қарауға, дау-жанжалдардың туындамауына, барлық мәселелерді сауатты шешуге итермелейді деп есептеймін».

Фото: mamavfartuke.ru

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи